Тақырыбы: Ақан сері

Автор: Журутпаева Бейбетгуль Марксовна, бастауыш сынып мұғалімі Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 14 негізгі орта мектебі» КММ

 

Мақсаты: Ү дыбысы мен әрпі туралы алған білімдерін толықтырып, Ақан сері мәтінімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Топпен ынтымақтаса  жұмыс  жасап, Ақан сері  мәтіннің  мағанасын  ашады.

2 . «Болжау» әдісі арқылы мақсат қойып үйренеді.

3 . Слайд,видео  көру арқылы  мәтін туралы кеңірек мағұлмат алады

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, дидактикалық материал, шарлар, ребус.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс- тәсілдер: СТО, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтық.

Сабақтың барысы

Психологиялық ахуал туғызу

Суретпен топқа бөлу. Топ ережесімен таныстыру .

1 . Тәртіпке бағыну.

2 .Өзара сыйластық.

3. Әркімнің пікірі құнды.

4. Тыңдай білу.

5. Сын «мәдениетіне» үйрену.

6. Уақытты үнемдеу

- Қай топтағы төлдер көп?  Құлын.

- Қалай ойлайсыңдар бүгін біз не туралы оқимыз?

- Құлын.

- Ол ненің төлі ?

- Жылқының.

Құлын   бірден өсеме?.....

Сендер бірден оқушы болдыңдар ма?

Жоқ. Сендерді ата-аналарың  аялап өсірді....

Құлынды да баптау керек?

Осы құлынды баптап біз қандай арғымақ қыламыз. Ол сендердің қолдарыңда. (Біз біліммен жаратамыз).

Жылқы малымен қандай ұлттық ойындар ойналады?

Қыз қуу, бәйге,аударыспақ,теңге алу,...

Біз бүгінгі құлынды бәйгеге қосуға баптаймыз

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Ой толғау.

- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?   Айтылуы жағынан қандай дыбыс?

- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

- Кім маған Гдыбысын жазып көрсетеді.

- Мысал келтірейік.

Ойын; «Гүл жинау». Әр гүлдің түсіне сай тапсырма жазылған.

1-гүл: Мен гүл  тердім.

2-г. Үкі, сүлгі, егін, сегіз.

3-г. Т (қандай дыбыс, мысал келтір) ытты үнемдеу.

4-г.  Гүлжан гүл суарды.Ол жақсы қыз....

Жаңа сабақтың  мақсатын ашу

Видео көрсету.

- Бұл видеодан не туралы  көрдік? (Бәйге).

- Атты  кім баптайды? (Атбегі).

- Аттың иесі кім? (Ақан).

- Сондай атбегі, сері Ақан туралы оқып, білеміз.

- -Ақан. (суретін көрсету)

Сергіту сәті: Қимылды жаттығу.

Дидактикалық материалмен  жұмыс.

Мәтінді бөліп беру. 3-топқа.

(іштей оқимыз) аралап тексеру. Көмектесу.

- 1 оқушыға әр топтан мәнерлеп оқыту.

1 оқушы мәнерлеп оқиды.

Ақан қандай адам? (видеоны елестету арқылы жазу)

Ассоциация құру.

Интерактивті тақтадан шығарып тұру.

 

әері                                 ақын

 

әнші                             атбегі

 

бүркітші

- Кім айтар екен неге мәтінді  «Ақан сері» деп атаған?

Өнерді сүйген,жүрегі кең (жылқыны,бүрітті баптап,жақсы көрген..)

Дәптермен жұмыс.(ережені еске салу).

Сөздік жұмыс:

Сері –көрікті,таза,....

- Ережені еске салу.

- Қ...лын, Ақ...н,Құла ...ер.

(аралап тексеру)

Тақтадағы оқушыларды тексеру.

- Неге сөздер бас әріппен жазылған ?

- Қандай сөздер жаздық  ?

Оқыту. Буынға бөлу.

94-бет. Оқу.Жылқы туралы ата-аналарыңмен сурет салу,альбом жасау. Қандай кино көрдіңдер естеріңе түсіріп келіңдер.(Көргендерің болса.Қандай кинода)

- Бүгін сендер не туралы білдіңдер ?

- Құлагер ненің есімі ?

- Ол кімнің аты ?

- Сабақта  ұнады ма ?

1- топ.Шарға жағымсыз қасиетті жазу ( қызғаныш,алдау,өтірік,...).

2-топ: жағымды қасиеттерді жазады: ақылды,еңбекшіл,шыдамды..)

Біздің де құлынымыз бапталды болашақта бәйгеге қосуға даяр деп ойлаймын.Сендер өте жақсы қатыстыңдар.

Жинақтап бағалау.

- Мадақтап. Құлынның суреттері бар дипломдар  тарату.

«Қаражорға» биімен сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика