Тақырыбы: Үй құстары: Тауық, әтеш, балапан.

Тақырыбы: Үй құстары: Тауық, әтеш, балапан.

Ұйымдастырылған    оқу іс- әрекетінің    технологиялық   картасы.

«Құлпынай» 1 сәбилер  тобы

Тәрбиеші: Орамалова Гүлбаршын Қалиқызы. Өскемен қаласы әкімдігінің  № 18 «Еркетай» балабақша – бөбекжайы КМКҚ

Фотоотчет

Білім  беру  саласы:  Таным

Оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Үй құстары: Тауық, әтеш, балапан.

Мақсаты:

1. Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.               2. Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.                                                                       3. Құстардың табиғатқа, адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу, үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері тауық, әтеш, балапан және жұмыртқаның суреті.                                                                                                        Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу,  ойын.

Үштілдік компонент: үй құстары – домашние птицы – domestic birds

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар,  шеңбер  болып  тұрайық.

Шаттық шеңбері.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық тілейміз.

 

- Балалар, бір-бірімізбен  тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де – сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

 

-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Автобусқа отырып, құс фермасына барамыз. Кім айтады, үйде қандай құстар тіршілік етеді?

Құс фермасында құстар қалай тіршілік ететінін көріп қайтамыз. Құс фермасында бізді Құралай апай күтіп отыр.

Көлікке отырған кезде абай болуымыз керек. (Қауіпсіздік шараларын түсіндіру.)

 

Сәлеметсіңдерме, балалар ? Қалай жеттіңдер? Шаршаған жоқсыңдарма?

Мынау тауық. Ол денесі жағынан кішілеу, үсті толы мамықты қауырсын болады. Бас бөлігінде екі көзі, тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар. Бірақ, тым биікке ұша алмайды. Мынау екі аяғы. Тауық  қыт - қыттайды.

Мынау әтеш. Оның  дене бітімі тауықпен бірдей болып келеді. Әтеш  ку - ка - ре - ку деп дауыстайды.

Мынау балапан.  Балапан сап-сары, жұмсақ  мамықты болады.

Тауық-ең көп тараған құстардың бірі.

 

Үштілді компонент:  үй құстары – домашние птицы – domestic birds. Балалар үй құстарының адамдарға тигізер пайдасы өте көп. Олар бізге жұмыртқа береді. Жұмыртқадан түрлі дәмді тағамдар пісіруге болады. Қане, кім айтады, Аналарың үйде жұмыртқадан  қандай тамақ пісіріп береді, жұмыртқаны тағы да неүшін пайдалануға болады?

Үй құстарын сыртқы бейнелеріне қарап ажыратып айтуға болады.

Үй құстарына адамдар қамқорлық жасап, баптап өсіреді. Оларға жем, су береді, қонақтайтын қорасын тазалайды. Құстардың мамық жүндерінен  жастық/көпшік/ жасайды.

1. Үнтаспа тыңдату.

Үнтаспадан үй құстарының дауысын тыңдату.

-Балалар, сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?

-Иә, балалар, үй құстарының даусы екен?

-Дұрыс, тауық, әтеш,  балапан. Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды?

-Тауықтың баласын қалай деп атайды екенбіз?

-Балапанның түсі қандай?

Тауықтар бидайды жақсы көреді.

Тауық балапандарын қанатының астына алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді. Жарайды балалар, біз үй құстары жайлы көп білдік, енді бақшамызға қайтатын уақыт та болды. Құралай апайымызға көп рахмет айтып, қайтайық. Үй құстары туралы көріп-білгеніміз балалар үшін өте қызықты болды, рахмет сізге. Сау болыңыз!

(Автобусқа отыру.) Балалар, біз құс фермасынан кандай құстармен таныстық? Дұрыс айтасындар. Олардың қалай жем жеп,су ішкендерін көрдік. Енді солар сияқты билеп көрелік.

Сергіту сәті.

«Шөжелерім»  биі орындалады.

Дид. ойын:  «Үй құстарын тауып, ата»

Шарты: үстел үстінде дала құстары және үй құстары тұр. Солардың ішінен үй құстарын ажыратып, атап беру керек.

Шеңберге тұрып, тәрбиешімен  қосылып,  қайталап  айтады.

Балалар құстардың атын атап, қайталайды.

-Үйде күтіп-баптап өсіретін құстарды үй құстары деп атайды.

-Балапан.

-Сары (суретке қарап айту).

Балалар қайталап айтады.

Жасыл.

Үй құстарының дауысын салады.

-Қыт-қыт.

-Ку-ка-ре-ку.

Балалар қимыл-қозғалыспен айтады.

Балалар тәрбиешінің көмегімен бірге орындайды.

Қандай үй құстарын білесіңдер?

Әтеш қалай дауыстайды?

Үй құстарының сыртқы құрлысын ата?

Үй құстары немен қоректенеді?

Үй құстарының адамдарға қандай пайдасы бар?

Құстардың мамық жүнінен не жасайды?

Жұмыртқадан не пісіруге болады?

Бүгінгі оқу іс – әрекетіне барлығың жақсы қатыстыңдар, рахмет.

(Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып үйренгендерін пысықтайды.)

Балалар жауап береді.

-Мен құстарды жақсы көремін, мен жем, су беремін т.б.

Күтілетін  нәтиже: үй құстары мен дала құстарын, олардың аттарын, түстерін ажырата біледі; тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті игереді;  үй құстары және олардың пайдасы туралы танымдары кеңейеді.

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика