Тақырыбы: Үй жануарлары
Тақырыбы: Үй жануарлары
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Тәрбиеші: Какенова Камия Қалымқызы. Өскемен қаласы әкімдігінің № 18 «Еркетай» балабақша – бөбекжайы КМКҚ
Фотоотчет
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: а)Білімділік: Үй жануарларын ажыратып айта білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ауызекі сөйлеу шеберліктерін дамыту.
б)Тәрбиелік: Үй жануарларына деген қамқорлық, аяушылық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: жайлаудың макеті, үй жануарларынің суреті.
Сөздік жұмыс: Жайлау.
Үштілдік компонент: : үй жануарлары-домашние животные-pets .
Ұйымдастырушылық ізденістік.
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызамын.
Кәне, балалар шеңберге тұра қалайық.
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне мен!
Доспын енді сенімен.
Енді балалар, осы тату достығымызбен орындарымызға барып отырайық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста не жауады?
Қардың түсі қандай?
Қыста қардан не жасаймыз?
-Дұрыс айтасыңдар. Қазір қыс мезгілі. Қыс мезгілінде ауа –райы суық болады. Қар жауады. Жел соғып, боран болады.
-Балалар, сендер жылы жаққа, жайлауға барғыларың келе ме?
-Балалар, таңертең балабақшаға келе жатсам жолдың үстінде мына бір сыйқырлы таяқ жатыр екен. Біреу жоғалтып алған болар деп алдыма, артыма және жан-жағыма қарадым. Бірақ жоғалтқан затын іздеп жүрген ешкімді байқамадым. Біреу түсіріп алған болар деп жерден көтеріп ала беріп едім, таяқша сөйлеп қоя берді. Тіпті «мені жерге тастамашы, мен саған көмектесем» - деп жылағандай да болды. Еріксіз таяқшаны тастамай сендерге алып келдім.
Ендеше, осы сыйқырлы таяқшаның көмегімен жылы жаққа, жайлауға барып қайтсақ қайтеді, балалар?
Сыйқырлы таяқшаның шарты: Әуен ойналған кезде көзімізді жұмамыз, музыка әуені өшкен кезде көзімізді ашуымыз керек.
Кәне, барлығымыз музыка ырғағымен көзімізді жұмамыз, музыка тоқтаған кезде көзімізді ашамыз (үнтаспадан музыка ырғағы естіледі).
Музыка ырғағы тоқтайды.
Жайлау көрінісі бейнеленген макет тұрады.
Енді көздерімізді ашамыз.
Міне, сыйқырлы таяқшаның көмегімен жайлауға келдік.
Сөздік жұмыс: Жайлау-
Жайлау - биік таулары, шырша, қарағай ағаштары және ағып жатқан үлкен өзені бар. Шөбі қалың, мал жайылатын жер. Мынау киіз үй. Мұнда мал бағатын адамдар тұрады.
Жайлауда малдар жайылып жүр.
Мынау - сиыр. Сиыр мөңірейді.
Кәне, сиырдың мөңірегенін тыңдап көрейік.
-Балалар, сиырдың мөңірегенін қайталап көрейік.
Мынау - жылқы. Жылқы кісінейді.
Енді жылқының кісінегенін үнтаспадан тыңдап көрейік.
Мынау - түйе. Түйе боздайды.
Енді түйенін боздағанын үнтаспадан тыңдап көрейік.
Мынау-қой. Қой маңырайды.
Енді қойдың маңырағанын тыңдап көрейік.
Мынау ешкі. Ешкі маңырайды.
Ешкінің қандай дыбыс шығаратынын тыңдап көрейік.
Бұлар үй жануарлары. Себебі оларды адамдар бағып, күтеді.
Үштілдік компонент: : үй жануарлары-домашние животные-pets.
-Балалар, сиқырлы таяқшаның көмегімен енді балабақшамызға қайтайық.
Сиқырлы таяқшаның шарты: Музыка әуені ойналған кезде көзімізді жұмамыз, музыка әуені өшкен кезде көзімізді ашуымыз керек.
Кәне, барлығымыз музыка ырғағымен көзімізді жұмамыз, музыка тоқтаған кезде көзімізді ашамыз (үнтаспадан музыка ырғағы естіледі).
Музыка ырғағы тоқтайды. Топқа қайтып келеді.
Сергіту сәті:
«Шымыршық»
Әй, шымыршық, шымыршық,
Апа қалай жүреді?
Апа былай, апа былай, дәл осылай жүреді.
Әй, шымыршық, шымыршық,
Ата қалай жүреді?
Ата былай, ата былай, дәл осылай жүреді.
Әй, шымыршық, шымыршық,
Сиыр қалай жүреді?
Сиыр былай, сиыр былай, дәл осылай жүреді.
Әй, шымыршық, шымыршық,
Жылқы қалай жүреді?
Жылқы былай, жылқы былай, дәл осылай жүреді.
Әй, шымыршық, шымыршық,
Аю қалай жүреді?
Аю былай, аю былай, дәл осылай жүреді.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?» (Музыка ырғағымен үй жануарларының дыбыстарын айтады)
Сиыр мөңірейді; «Мө-мө-мө»
Жылқы кісінейді; «ио-ио-ио»
Түйе боздайды; «бө-бө-бө»
Қой мен ешкі маңырайды; «мә-мә-мә»Дидактикалық ойын: « Артық жануарды тап »
Ойын шарты: Үстел үстіндегі үй жануарларының суретін атап көрсетіп,
артық жануарды атап отырып алып тастау керек.
Суреттің ішінен жабайы жануарды алып тастайды. (суреттегі үй жануарларын атау.)
Үнтаспаны пайдалана отырып «Қошақаным» өлеңін айту.
-Балалар, сыйқырлы таяқшаның көмегімен қайда бардық?
Қандай үй жануарларымен таныстық?
-Балалар, біреудің затын рұқсатсыз алуға бола ма? (Болмайды)
Бүгін сыйқырлы таяқшаның иесін тауып, өзіне қайтарайын. Қане, сыйқырлы таяқшаға «рахмет» айтайық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларын танып, біледі.
Игерді: Үй жануарларын бір-бірінен ажырата білуді үйренеді.
Меңгереді: Үй жануарлары туралы жалпы түсінік алады.