Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер класы. Тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері.
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер класы. Тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері.
Мақала авторы: «№14 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ, Химия, биология пәні мұғалімі: КОШКЕЛЬДИНОВА АЛИЯ КАДЫЛБЕКОВНА
Сынып: 7 «а»
Пән: Биология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүтқоректілердің маңызы туралы түсінік беру. Сүтқоректілердің бейімделу ортасы, көптүрлілігі жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылығы:Сүтқоректілер класы өкілдерінің ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы ойын дамыту, жаңа технологияның әдіс тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру, сүтқоректілердің көптүрлілігін білуге жағдай жасай отырып білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сүтқоректілер класының өкілдерін қорғауға тәрбиелеу. Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ өту әдістері : Сұрақ жауап, СТО-ның әдіс тәсілдері, топпен, жұптық
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі : Суреттер, интерактивті тақта, карта
Пәнаралық байланыс: География, Биология, әдебиет
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назар аудару
2. Үй тапсырмасын қайталау: «Толғаныс»
1. Түнде ұшатын құс (үкі)
2. Қай құстар ұша алмайды (пингвин, түйеқұс)
3. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі рет қанығу процесі қалай аталады?(қосарлы тынысалу)
4. Құстардың дене температурасы (+41 С, +43 С)
6. Құстың алдыңғы аяғы неге айналған? (қанатқа)
7. Құстарда тістің қызметін не атқарады? (етті қарын)
8. Ең кішкене құс (колибри)
9. Құстардың миы қанша бөлімнен тұрады (5)
10. Құс өңешінің кеңейген бөлігі (жемсау)
2-топ.
1. Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
2. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар. (жыл құстары)
3. Ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі. (қаламша)
4. Әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген балапан (қызылшақа)
5. Ең кішкентай құстың салмағы (1,5 грамм)
6. Ең ірі құс және оның салмағы (түйеқұс, 90кг)
7. Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады? (4)
8. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
9. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты неше топқа бөледі? (3)
10. Құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайтын, әрі салмағын жеңілдететін тыныс алу мүшесі (ауа қапшықтары).
1. Қызығушылықты арттыру:
Ал, бүгінгі сабақта біз сендермен жаңа сабақпен танысамыз. Сабақтың тақырыбын айтпас бұрын мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын.
Жұмбақтар:
1.Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)
2.Үстінде екі тауы бар, Қызық бір жануар.
(Түйе)
3.Тарғыл – тарғыл таспа, тастан бірақ басқа,
Мекені қамыста, бұл саған таныс па? /Жолбарыс/.
4.Жазда қыдырады, қыста тынығады. /Аю/.
Ал енді осы жануарларға қарап не айтқыларың келеді?
Жаңа сабақтың тақырыбы сүтқоректілер класы. Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады және неліктен солай аталады? Оқушылар өз ойларын айтады.
ББҮ кестесін толтырады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Сабақтың мақсаты, міндеті оқушылармен бірігіп айқындалады.
II. Мағынаны ажырату:
Сынып екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Кластер құру, қорғау.
1-топ Сүтқоректілердің тіршілік ортасы, топтары
2-топ Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма. Алдын ала үй тапсырмасы ретінде Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілер туралы, МҰТП-де қорғалатын сүтқоректілер туралы презентация қорғау.
2 тапсырма.
4 сөйлем тәсілі.
1.Пікір. Мәтін бойынша өзінің туындаған пікірін бір сөзбен жеткізу.
2. Дәлел. Келтірілген өз пікірін бір сөзбенен дәлелдеп шығу керек.
3. Мысал. Өзіндік пікірді тағыда бір негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет. (Мысал өмірден практикадан алынуы мүмкін).
4. Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтірк керек.
3 тапсырма.
Биологиялық диктант.
Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы................... деп аталады. (Маммалогия)
Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын ........... пайда болған. (көкет)
Ауыз қуысында .............. сілекей бездерінің өзектері ашылады. (3-4 жұп)
Сүтқоректілердің .......... өте жақсы дамыған (иіс сезуі)
Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы ......... бөлінген. (дабыл жарғағымен)
III. Ой толғаныс
Қорытынды тесті. Сұраққа жауап беру
1. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым? (Маммалогия)
2. Сүтқоректілердің тері жабыны неше қабаттан тұрады? (2)
3. Жүрегі неше қуысты? (4)
4. Түлендер қайда тіршілік ететін сүтқоректілер?
(суда)
5. Қазіргі кезде сүтқоректілерді неше класс тармағына жіктейді?
(2)
6. Сүтқоректілердің ұрығы қайда дамып жетіледі?
(аналықжатырда)
7. Сүтқоректілерде құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты қандай тістері болады? (сойдақ, күрек, кіші және үлкен азу тістері)
8. Тыныс алу мүшесі? (өкпе)
9. Денесінде қандай қан ағады? (артерия мен вена)
10. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы немен бөлінген? (дабыл жарғағымен)
ББҮ кестесін толтырады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Бағалау: Оқушылар бағалау парағы арқылы өздері, спикер бағалайды, мұғалім бағалайды.
Бағалау парағы
Спикер __________________________
№ Оқушылардың аты -жөні Кластер қорғау Биологиялық диктант Шығар. жұмыс Тест Қорытынды баға
1
2
3
Рефлексия Адам үлкен кемедей теңіз атты өмірден жүзіп барады. Кеме қандай іспен толады екен? Алдарыңда «Эмоционалды аралдар». Сабақтан қандай көңіл-күйлеріңмен қайтып барасыңдар? (Кемелер таратылады)
Үйге тапсырма.
287-бет 58 тақырыпты оқып қайталау, 2 топқа үй жануарларынан интервью алып келу.
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи