Математика. Сабақтың тақырыбы: Есеп. Қанша қымбат?

Математика. Сабақтың тақырыбы: Есеп. Қанша қымбат?

Мақала авторы: Есенгелдинова Айнаш Хамитовна, Жарма ауданы, Шар қаласы, «Абай атындағы мектеп- балабақша кешені»

Сабақтың мақсаты: 1.Бірінші заттың екінші заттан неше теңгеге қымбат екенін табуға үйрету. «Қымбат» ұғымын таныстыру. Ұқтыру.

2. Ұқыптылыққа баулу. 3.Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : Слайд. Кеспе цифрлар. Үлестірмелер. Мультфильм.

Оқыту әдісі: ойын, түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ , (ертегі сабақ.)

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сабақ мақсатын хабарлау.

1. Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

ІІ. Жаңа сабақ:

Ерте,ерте, ертеде Алдаркөсе мен бай болыпты. Бай өте қызғаншақ, үйіне кісі келсе кіргізбейтін сараң болған екен. Ал, Алдаркөсе болса - ақылды, айлакер болыпты. Ол өзінің  қулығы арқылы халыққа көп көмек көрсеткен екен. Алдаркөсе өзінің ақылдылығымен мұратына жетіп отырған. Оның мақсаты - озбыр, сараң, пайдакүнем байлар мен саудагерлерді әжуа ету.

Алдаркөсе бір күні байдың алтын ақшасын алмақ болып байға келеді.  Бірақ бай оған көп тапсырмалар беріпті. Егер сол тапсырмалар мен  кедергілерден өтсе алтын ақшаға ие бола алады. Ал біз өз білімімізбен Алдаркөсеге көмектесе аламыз. Көмектесеміз бе?

- Ендеше, «Кім жылдам?» екендігін  байқап көрелік.

- 1 ден 10 ға  дейін  сана.

- 10 - нан  кері сана.

- Санды немен белгілейміз?

- Кесіндіні немен өлшейміз?

- Қосу амалының  компоненттерін атап шық.

- Жұп сандар.

- Тақ сандар.

ІІІ. Жаңа сабақ .

- Балалар, енді Алдаркөсе мен байдың киімдеріне назар аударыңдаршы.

- Кімнің шапаны әдемі?

- Кімнің шапаны қымбат деп ойлайсыңдар?

- «Қымбат»  деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Мысалдар арқылы түсіндіру.

Мысалы дүкеннен қалам мен қарындаш сатып алдың делік. Қалам 10 теңге, ал қарындаш 3 теңге тұрады.

Қалам қарындаштан қанша қымбат?

Қалам-10 тг              ? қымбат

Қарындаш-3 тг

Байдың тапсырмаларын орындау.

№ 1 Есепті шығарту.

Байдың шапаны-7алтын ақша-? қымбат. Б.шапаны-7алтын ақша.

Алдаркөсенің шапаны-3 алтын ақша А. шапаны-3 алтын ақша

7-3=4 7+3=10

Жауабы:4 алтын ақша.қымбат. Жауабы:10 алтын ақша.

- Ұқсастығы  қандай?

- Айырмашылығы  қандай?

«Балдырғанға  көмек» қатесін  тапқызу.

5+5=9 3+2-1=4

8-4=4 9-7+4=5

2+6=9 4+3-2=4

10-3=7 10-5+3=8

7+2=8 5+4-9=1

 

№ 2 Теңдіктерді бірінші бағанға, теңсіздіктерді екінші бағанға, өрнектерді үшінші бағанға жазу.   5+4 6<8 4=4 9>5 8-3 2=2

4=4 6<8 5+4

2=2 9>5 8-3

 

№ 3 «Жоғалған  сан» ойыны.

Барлық мүмкін тура теңдіктерді жазу.

5 4 1

5=5   5=4+1     4=4 1=1

 

Сергіту сәті. «Сиқырлы қасық» мультфильм көру.

Байдың  4- тапсырмасы:

4-2 10

10-5 8

7-5 5

4+4 2

3+5

6+4

3+2

 

ҮІ. Үйге  тапсырма: № 4  Ұзындығы  1см  кесінді сызып, оны 4 см ұзарту.

Ал, балалар, бүгінгі сабақ  сендерге  ұнады ма?

-Ризасыңдар ма?

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге!

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын,

ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын,

ризамын қазірге!

 

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта нені табуды үйрендік?

Заттың қанша қымбат екендігін үйрендік.

Қымбат деген не екен?

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи

 

 

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика