Сындарлы оқытудың мұғалімнің құзыретілігіне әсері
Сындарлы оқытудың мұғалімнің құзыретілігіне әсері.
Мақала авторы: Өскемен қаласы әкімдігінің №8 орта мектебінің ҚММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ерменова Ләйлә Бодаубайқызы.Сертификатталған мұғалім
« Кім ескіге қарап, жаңаны аша алатындай болса , ол оқытушы болуға лайық » Конфуций (551-479)
Кәсіби қызмет өзіңнің жан – жақтылығыңды көрсетудің, өзіңді дамытудың үлкен мүмкіндігі, ол қарым – қатынастың кең ауқымын береді.
Соңғы жылдары біздің елімізде білім беруді дамытудың ең ауқымды мәселелерінің бірі ол педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру болып табылып отыр. Нарықтың экономиканың шарттарына сәйкес еңбек қызметінің барлық саласының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар артып отырғанын ескерсек бұл қалыпты жағдай. Тек үнемі өзін – өзі дамыту арқылы ғана ол заман және кәсіп талабына сәйкес келе алады, тіпті асып түсуі де мүмкін. Кәсибилік пен біліктілікті дамытудың түрлі жолдары бар.Педагогтің кәсиби құзыреттілігін дамытудың ең тиімді жолдарының бірі 2012 жылы үдеріс алған деңгейлік курстар. Бағдарламаның негізгі түйінді идеясы қазақстандық мұғалімдердің тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған.Мұғалім деңгейлік курста бағдарламаның түйінді идеясын жүзеге асыруда кәсиби шеберлікпен мен адамгершілік сенімдерін қолданып,өз шәкірттерінің дамуына ,сыни тұрғыдан ойланып,дұрыс шешімдер қабылдауына әсер ете алады.Осы үрдіске әріптестерімізді оқушыларды тартуымыз,ата-ананың қолдауын тартуымыз мұғалімнің көсбасшылық қасиетерге ие тұлға екенін көрсетеді.Педагог ретінде тактикалық дағдыларын жетілдіріп, стратегиялық ойлауды үйрене аламыз. Мектептегі іс-тәжірбие кезінде сабақтарымның әр кезеңдерінде жеті модульдың әдіс-тәсілдерін ықпалдастырып отырдым. Оқу үрдісіндегі оң нәтижелер көп тостырмады.Топпен жұмыс кезінде оқушылардың ішінен дараланып шығып, өзі үшін ғана емес,құрбылары үшін жауапкершілік алып, көсбасшылық танытқан оқушылар сабақ үрдісіне өзінің қомақты үлесін қосты. Оқушылар берілген тапсырмаларды аса қызғушылықпен орындап жауапкершілікпен қарап ,нәтижелі жұмыс жасалынды.Осы үрдіске тек жақсы оқитын оқушылар ғана емес ,оқушылардың барлығы дерлік белсенділік танытты. Осындай нәтижеліктің себебі; оқушыларға сенім артылды,қолдау көрсетілді,жас ерекшеліктеріне сай әдіс-тәсілдер қолданылды, балалардың өзін танытуға қолайлы жағдай жасалынды.Өзім сабақ беретін 3 «а»сыныбында балалардың оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қуанышпен қарсы алып,оқуға жауапкершілікпен қарап,көсбасшылық танытулары,балалардың өзгеріске оңай бейімделуіне қарап бағдарлама идеяларының оң нәтиже береді деген ой түйдім.
Іс-тәжірбие кезінде оқушыны бағалау үрдісі маңызды орын алды . Бағалау тек мұғалім құзыретілігінде болса, жаңа оқу жағдайында оқушыларда бағалауға қатысып мұғалім оқушы ата-ана арасында кері байланыс орнатылып,оқушының оқу үрдісінің тең құқылы қатысушы екенін сезінуге мүмкіншілік берді.Бағалаудың «бағдаршам», « басбармақ», « екі жұлдыз бір тілек»деген түрлері табысты жүзеге асырылды.Бағалау термині латын тілінен аударғанда жақын отыру дегенді білдіреді.Сондықтан бағалау дұрыс өткізу оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым қатынасқа оң әсерін тигізері сөзсіз.Постерлер, тұжырымдамалық карта,әр түрлі тапсырмаларды бағалау кезінде шындығында 1-2 сабақтарда достарының көңілін қимай жоғары баға қою байқалды, кейіннен бағалау критерилерін ұсынғанда, бағалау дәлелді болып, дау,өкпелеу тудырмады. Бұл да оқушы құзыретілігінің даму сатысының бір баспалдағы іспеттес.Деңгейлік курстарда оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін оқығанда алған теориялық және іс-тәжірбие сабақтарымда бағалаудың жиынтық түрін қолдануым, менің бағалау жөніндегі көзқарасымды түбегейлі өзгертті.Бағалау қазір мен үшін ашық,жариялы,қиындықтарды анықтайтын үрдіске айналды
Ұстаз тілдің , жеке басының адамгершілік қасиетерінің маңыздылығын жіберіп алмау керек. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады(Фрост,2011) Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына жетелейтін негізгі қабілет болып табылады. Өзгеріс үдерісі әрқашан өз жолында қолайсыздық пен кедергілерге кездесері сөзсіз,сондықтан ұстаз жауапкершілігін сезініп ,өзін « мұғалім-зертеуші» « мұғалім-дамыту жұмысының көшбасшысы» деп танып өз жұмысын осыған негізделе құрған жөн. Өзімнің көшбасшылығым мынада ;біріншіден іс-тәжірбиені жетілдіру жұмыстарын өз қолыма аламын,екіншіден әріптестермен бірігіп бағдарлама идеяларын жүзеге асыру үшін стратегиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді сабақтарда қолдану жайлы үнемі тәжірбие алмасу үрдісінде болу,үшіншіден дамыту жұмысының көшбасшысы ретінде өз тәжірбиемде ата-аналарды. оқушыларды,жаңашыл әріптестерді серіктестікке тартамын,төртіншіден жұмысыма үнемі рефлексия жасап,оқу үдерісінің алға жылжуын мониторинг жасап қадағалап отырамын.Бұл мақсаттар қағаз жүзінде емес іске асқанда;нәтижесінде сындарлы оқытудың артықшылықтарына көз жеткен әріптестерімді қызықтыра аламын ,онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау табары айдан анық.Бұл үрдіс бағдарлама идеяларын тарату ғана емес,осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады.
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс- деген қазақ халқының ұлы педагогі ағартушысы Ы Алтынсариннің сөздерінің мағынасы қазіргі заманда тіптен ойландыратын ,реакция тудыратын түрткі ой сияқты.Ең үлкен кедергіміз өзіміздің кертартпа ойымыз .Ұстанымы мықты ұстаздың замануи оқу үрдісіне көзқарасын өзгертуі,дұрыс шешім қабылдауы, ары қарайғы іс-әрекетіне күшті ықпал ететіні сөзсіз.Көппен көрген ұлы той дегендей; жаңашыл идеялардан ешқашан қорықпай зерттеп, жинақтап,әріптестермен тәжірбие алмасып,қолданып, талдап , нәтижесін көруіміз керек. Бұл нағыз инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс; сондықтан тіл мұғалім үшін тек қана қажетті ақпаратты хабарлау және қойылатын талаптарды айту құралы ғана емес, ол сондай – ақ , өзіндік бейнесін қалыптастыру жолында оқушыларды,әріптестерді, ата-аналарды өзіне тартушы болып та табылады. Олардың мұғалімді жақсы көруі және сыйлауы, олар үшін маңызды сұрақтардың шешімін табушы ретінде қарауы керек. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыруда мұғалімнің жарқын жүзі,қолдауы,байқағыштығы,интуциялық сезімталдығы үлкен роль атқарары сөзсіз.Сыныпқа кіргенде мұғалім оқушылардың көңіл күйін ескеріп,қуанышымен бөлісіп, кей жағдайда сенімді досы бола білсе,өзінің де оқушылар тарапынан да қолдау табуына жол ашылады..Ынтымақтастық атмосфера жақсарып, инлюзивті ортаны қамту жүзеге асады.Тіпті өзіміз кей кезде селқос қарайтын сергіту сәті жас ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ-ны пайдаланып дұрыс ұйымдастырылса, сыныптағы ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына, балаларды көңіл күйінің көтеріліп,сабақта шаршамауына ,зейінінің шашыраңқы болмауына көмегін тигізеді.Белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану мұғалім мен оқушының уақытқа, тиімді жұмыс істеуге реттелуін талап етеді.Белсенді жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, бағдарлама идеяларын жүзеге асыру мұғалімнің оқытуға, оқушының оқуға деген көзқарасын өзгертеді.Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден баланы деп Абай атамыз айтқандай біздің жұмысымызда ешқандай елемейтін нәрсе жоқ;себебі ұстаз қолында еліміздің келешегі балалар сондықтан жалығу,енжарлық бізге жат дүние әріптестер.
Өзінің іс — әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым – қатынас орнықтыра білу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мүғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата – аналарына сыйлы болатына даусыз. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибелерді шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мүғалімнің құзыретгілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұнлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет деген ой туындайды. Әрине оптимистік көзқарас,оптимизмге ынталаныру –мұғалім көсбашылығының міндетті қыры болып табылады. Мұғалім жұмысы жаңа қырынан танылады. Нәтижесінде оқушыға бүкіл өміріне жеткілікті білім беріледі,шәкіртіміз білім алуға деген белсенділігі артады,кәсіби дайындық деңгейі жетілдіреді, жеке және әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Әріптестеріме кез – келген адам өзінше бір жеке тұлға екенін үнемі есте сақтау керек екендігін еске салып, туған елімізді дамыған елдер қатарынан көруіміз болашақ ұрпақ тәрбиесіне байланысты екенін естен шығармайық ағайын сәттілік тілеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. // Білім берудегі инновациялар ─2015№7(22). ─ б.26-27
2. Жұмабаев М. Педагогика. ─ Алматы, 1994
3 Мұғалімге арналған нұсқаулық .Үшінші басылым .-www.cpm.kz
4. Жақсылыкова Г.И.;Каженова А.М. Интербелсенді әдіс-тәсілдер.Әдістемелік құрал.- Өскемен.2014ж.
5. Сабыров Т. С. Оқыту теориясының негіздері. ─ Алматы, 1993. ─ 64-бет.
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи