Тақырыбы: Әріптер әлемі шақырады!

Автор: Журутпаева Беибетгуль Марксовна, бастауыш сынып мұғалімі «№ 14 негізгі орта мектебі»КММ

Тақырыбы: Әріптер әлемі шақырады!

Фотоотчет

Мақсаты: Әліппеден алған білімдірін тиянақтап,өнерлерін ата-аналарға көрсету.

Әсемдікке, ұйымшылдыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Шығармашылық қабілеттерін,сөйлеу тілін дамыту.

Көрнекілік: шарлар,слайд,аквариум,кітап көрмесі, ұқыпты дәптерлер, оқушы шығармашылығы,топтарға әр пәннен тапсырма,кітаптар көрмесі..)

( Сахнаны безендіру.тау,өзен,құстар,кеме)

- Баяу музыка үнімен сахна шымылдығы ашылады.Толқыған теңіз үні,кең жазира дала.

Мұғалім: теңіз жағалауында шал мен кемпір өмір сүріпті.Олардың көп немерелері болыпты.Олар өте тату, өнерлі балалар екен. Ата-әжелеріне үнемі келіп, қуаныштарымен бөліседі ...

Шал.Кемпір мен барып теңізден балық аулап келейін.

Шалдың ауына алтын балық түседі.

Балық:- Ата мені жіберіңізші.Сіздің бар тілегіңізді орындаймын.

Шал:Жарайды. Сен де тіршілік иесісің ғой. Кемпіріміз екеуіміз немерелерімізді сағындық. Бір көрсек  дейміз.

Балық: Үйіңізге бара беріңіз.

Сол кезде музыка үнімен балалар келіп ата-әжелерімен құшақтасып,амандасады.(орындықтарға отырады)

Әжей: Қандай әдемі киініп алғансыңдар ? Тойдан келдіңдер ме ?

Байжасар:Жоқ әже.Біз  қазір өзіміз жазып,оқи аламыз.

Әліппемен қоштасу тойын осында өткізгелі келдік

Шал: сендердің қуаныштарыңды бірге тойлауға қарсы емеспіз.

Кемпір: Шал теңізден балық аулап кел.Той дастарханымен айналысайын.

Нұрдана : Әже атам келгенше 1 ән салып берейін. «Ерке қыз».

Әжей: Ой бәрекелді.(біз тұрғанда сендерді ешкім ренжітпейді)

Шал :   Оу... алтын балық. ( балықты шақырады) Менің немерелеріме көп балық  қажет.

Дильнур:Алтын балық: Ата .Немерелеріңіз менің шарттарымды орындаса болды.Тілегіңізді орындаймын. Менің де теңіздегі туыстарым үйренсе деймін.Үйіңізге бара беріңіз  Аквариуммен балық береді .

Шал: Уа теңіз ханзадасы! Сіз де біздің немерелердің өнерін тамашалаңыз.(Сахнаға таққа отырғызу)

Шал  балықты аквариумға салып  қояды.(балалар мына балықтардағы тапсырманы орындап көмектесіңдер.Енді маған қолғанат сендер)

1. балық тапсырмасы: Әліппе,мектеп,ұстаз туралы өлеңдерін тыңдағым келеді.

2 о: Айша.    Армысыздар ардақты әкелер мен ару аналар.

3о:  Мерерт.  Осы біздер қандаймыз?

4 о.  Айдана.  Мың бұралған бишіміз.

5 о:  Мұрат:  Біз қызықпыз-қызықпыз.

Сәл еркелеу бұзықпыз.

6о   Заңғар: .Біз шеберміз,ақылдымыз.

7 о.   Диас:  Үлкенгше ізеттіміз,

Кішіге қамқоршымыз.

8о .Батырхан   :Көп оқимыз.

9о. Сабина: Өнерліміз

Жанып тұрған шырақпыз.

Толқынды су бұлақпыз.

10 о. Диас. Елімізді өркендететін,

Қазақ тілі көркемдететін.

11 о Нұр дана: Бабаларға тағзым ететін,

Аналарға бас иетін.

12 о. Қ.Нұржан.      Елтаңбасымен еңселі,

Туымен тұғырлы

Гимнімен  айбатты

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

Нұрдана: Бүгін біз қуаныштымыз,өйткені алғаш хат танытып,сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік!

Заңғар: Мен енді өзім оқып,жаза аламын.

Батырхан: Ендеше барлық ілім-білімнің басы Әліппені ортаға шақырайық.

Әлхамжан ( 4 сынып)

Армысыздар жас достар,

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға...

Асхатұлы Н.

Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

Сабина:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2 балық. Мұғалім туралы ән айтсын.

Хор.Мұғалім ол біздің. (баянның сүйемелдеуімен )

3- балық: Әріптер әлемі жайлы өлең тыңдағымыз келеді.

Айым:

Ал сөздерді құрайтын,

Меңгергенше өздерің.

Қалауыңша  бұрайтын.

Өздеріңсің әріптер

Сөздер сырын ашайық

Ал сонымен әріптер,

Шежірені бастайық

Әріптер жайлы өлеңдерін айтады.....

Т.     Диас

Әубәкіров ағаның

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин

Салған жолды жалғаған

.В.       Айдана.

В әрпіне жұмсар күш,

Вагон орыс сөзі еді.

Ваза деген-  гүл салғыш

Волга- Еділ өзені.

Х.    Заңғар.

Көтерілген төменнен,

Екі семсер айқасты.

Қолын соққан көрермен,

«Х» әрпін байқасты.

Ф.        Айхан.

Футбол деген ойынға,

Барлық бала құмар –ақ,

Бірақ жолдың бойында,

Доп теппеңдер қуалап.

Ү .   Мұрат

Қырандардың аспанда,

Қанаттары талады.

Қонып келе жатқанда,

«Ү» - ге ұқсап қалады.

Ң.        Нұрдана.

«Н» әрпінен «Ң» әрпінің

Айырмасы бар қандай?

Оң аяқтың басына ол

Тұзақ іліп ал,алғандай.

Ю. Айша.Көрген адам бір күні

Ұмыта алмай жүр мұны.

Ақ аюлар ақ тонды-

Арктика тұрғыны.

Э. Айым.Жарықсың ғой электр,

Алыпсың ғой электр!

Сен үйіме келмесең,

Мультфильмде көрмес ем.

Щ.  Сабина.Щётка деген ғажап ақ

Щётканы әжем мақтайды.

Щеткамен тіс тазалап,

Щеткамен үй ақтайды...

Санамақтар айту.

Ханзада (Дильнур): Ризамын.Өздері сондай ақыды балалар екен

4- балық.  Сүйікті кітаптары туралы ән тыңдағым келеді.

Хор:Әліппе.( Әліппе, әліппе,...)

Мұрат: Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Айым: Бұл мереке сенің арқаң анашым,

Бір мен үшін керектіні табасың.

«Балаң жақсы» деген сөзді естісең

Күлімсіреп ,қуанып бір қаласың.

Диас: Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқащан

Аналардың жүрегі.

Айым: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің сүйікті ӘліппемІ

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргені

Әлхамжан : (әліппе)

Айналайын балғындар

Менен білім алдыңдар.

Әр сөзімді жатттаған,

Риза болып атттанам...

Әліппе:  менің досым  ана тілін  шақырайын .

Ана тілі :  Алтынай

Бүгін ниет қосқан күн

Аянбаймын сырымды

Баяндаймын ғаламды...

5- балық.(әліппенің өнерін көрсем) .Әлхамжан: Той болған соң мен де бір шашуым бар.(музыкалық тарту..)

6- балық:Тағы қандай  өнерлері бар көрсем деймін .

Алтынай: Әліппе ағатай сізге көп рахмет. Менде баларға қамқоршы боламын. «Мен бақытты баламын» әнін  тарту  етемін..

Мұғалім: қымбатты әліппе, ана тілі біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Ханзада.(Дильнур)

Тағы қандай өнерлерің бар тамашалайын.Су астында жүріп талай қызықтан құр қалыппын.

Көрініс:  Жай ғана әжей.

6- балық .(ән тыңдасам ..) «Қазақы дастарханым» әнін Шаймарданов З тарту етеді.

7- балық: Бұл балалар қандай мамандық таңдап жүргенін білгім келеді.

Батырхан: Оқытатын пәндерді ,

Ұстаз болғым келеді....

Нұрдана: Шырқап айтар әндерді,

Әнші болғым келеді....( әр оқушы өзі таңдаған мамандығы жайлы айтады)

8- балық ( би билесе) Баршаңызға қыздар тобы «Қарлығаш» биін тарту етеді.

9- балық тілегі . ( Осы жерге жаңа қала салуға көмектессе...)

Мұғалім: Бұл жерге сендерге қала салуға көмектеспекші. Адамдардың мейірімділігін,өнерін,еңбекшіл,білімділігіне риза болды.Енді өздеріңмен дос болуды армандайды. Ата- аналармен бірге мына мақалдарды аяқтап болашақтың қаласын салайық (Білімді озар , білімсіз .....  .Ақылды қария   .....   ...... )

Атасы: Немерелеріме арнап  «Немерем» әнін салып берейін.(бүгін бір жасарып қалдым)

Кері байланыс: ата-аналар тілек арнап аквариумға жапсырады .

Ата-аналар атынан :Батуова Жанар домбырада бір ән тарту етеді.

Мұғалім: Сендерге ризамын.Барлығымыз өте жақсы қатыстық

Шар тарату.Ата мен әже біз сіздерге ризамыз .Қаншама қонақтар алдында мерейімізді өсірдіңіздер .

Мұғалім:-  Алтын балық бізге сыйлық әкелді .Алтын балық өздеріңе алтыннан да бағалы  кітапшалар ұсынада.Кітаптан асқан қымбат сыйлық жоқ).

Белсене араласқан ата-аналар мен оқушыларға мақтау қағазы табыс етілді.

Ханзада:Той болған соң мен де үнсіз кеткенім жөн болмас  .Тіл көзден сақтасын деп «Тфай-тфай» әнін тарту етемін.(бірге билейік).

Сау болыңыздар.(теңіз толқыны дыбысы естіліп,балық теңізге кетеді) ...

Мұғалім  Болашақтың қаласың қаласын не арқылы орнаттық ? (білім арқылы) .

Жақсы оқып, қалаған маман иесі болуларыңа тілектеспін...

Бірінші санатты мұғалім,еңбек өтілі 27 жыл.Кемшіліктер болса түзетуге болады.Болашақта жас мамандарға  пайдасы болар деп ойлаймын.

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика