Интеллектуалды сайыс. Тақырыбы: «Ойна да ойла»

Автор: Кайсенова Аяулым Нурмолдиновна, бастауыш сынып мұғалімі, «№14 негізгі орта мектебі» КММ Өскемен қаласы

Тақырыбы: «Ойна да ойла»

Фотоотчет

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, сандар.

Түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі.

Қызығушылығын ояту кезеңі: Білім ханшайымы білімді, ақылды,тапқыр, шапшаң ойлайтын зерек балаларды «Білім еліне» қонаққа шақырыпты.

Жұмбақ жасыру: Өзі көліктің бір түрі, керуендері  тізілген, аузынан түтіні бұрқ-бұрқ шығады,аяғы анда санда қозғалады. Бұл не?

Білім еліне немен барамыз?

1. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

2. Топтың атын, ұранын құрып таныстыру.

Ойынның шартын түсіндіру. Саяхатқа екі поездбен барамыз. Білім еліне жету үшін 4 аялдамаға тоқтаймыз. Білім ханшайымы сендерге әр аялдамада қызықты тапсырмалар дайындап қойыпты. Ол тапсырмаларды қай топ дұрыс, тез орындайды келесі аялдамаға өтеді және қызыл түсті жалау беріледі.. Егер тапсырмалар дұрыс орындалмаса көк түсті жалау, тәртібі, жаман болса жасыл түсті жалау беріледі. Мәреге жеткен кезде қай топта 4  қызыл жалау болады, сол топ жеңімпаз атанады.

3. Мұғалім:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен өнер жұптаспай,

Тәлім, тәрбие алар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі.

Кім жүйрік болса сол алда

Ендеше қолымызға картамызды алып жолға шығайық.

1. Аялдама  «Ұшқыр ой»

Асықпаймыз, саспаймыз,

Ұшқыр ойға бастаймыз.

Тақтадағы сұраққа

Жауаптарды айтамыз

1топ:

1. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

2. Мәтіннің неше , қандай түрі бар?

3. «Батыл» сөзіне мәндес сөздер тап.

4. Құрмалас сөйлем  кемінде неше жай сөйлемнен құралады?

5. «Тез» сөзіне қарама-қарсы сөзді тап.

6. Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылатын қандай мүше?

7. Жер – су аттары әр қашан қалай жазылады?

8. «Тайға таңба басқандай» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?

9. Ойдың кімнен, қайдан шыққанын білдіретін қыстырма сөздер

10. «Жауды» дара мүшені күрделі мүшеге айналдыр.

2 топ:

1. Сөйлем мағынасы қарай неше, қандай түрлері болады?

2. Жай сөйлем нешеге бөлінеді?

3. Біріңғай сөздердің арасына қандай тыныс белгілері қойылады?

4. «Әдемі» сөзіне мәндес сөздерді ата.

5. Ойды санамалап, дәлелдеу үшін жұмсалатын қыстырма сөздерді ата.

6. «Түс» сөзінің мағынасы жайлы не айтасың?

7. –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қандай жалғаулар?

8. «Қас пен көздің арасындай» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?

9. Мәтіннің неше, қандай бөлімнен түрады?

2.  Аялдама  «Тапқыр болсаң, талас жоқ»  топтар бірін- бірі тексереді.

Конверттен тапсырманы аламыз. Алдарыңда қандай геометриялық пішін  жатыр? Үшбұрыштың үш ұшында 3 тапсырманы орындап жапсырасыңдар.

1 тапсырма: Бір өркешті түйе 2 сағатта 90 км жүгірді. Осындай жылдамдықпен ол 5 сағатта неше километр жүгіреді?

2-тапсырма: Тік төрбұрыштың қабырғасы 5см, 3см. Тіктөрбұрыштың периметрін тап.

3-тапсырма: Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі  қалады?

3. Аялдама. «Табиғатым-махаббатым»  тақтаға шығып қорғайды

«Сиқырлы қобдишадан» құпия заттарды анықтау.

1топ: Қазақстан картасы.

2 топ: Су

Тапсырма: ватманға әр топ постер қорғайды.

4. Аялдама. «Тіл өнері»

Мақалды жалғастыр:    (тақтадан тексереді)

1. Еріншектің ............. бітпес. (ертеңі)

2. Еңбектің наны тәтті, ...жаны тәтті (жалқаудың)

3. Денсаулық – зор ...(байлық)

4. Кітап – білім бұлағы, ...– өмір шырағы (білім)

5. Анадан артық...бар ма? (дос )

Мәреге де  жеттік!  Нәтижелерімізді көрейік.

Білім ханшайымы балаларға мадақтау қағазы мен  дайындаған базарлығын береді.

Бүгінгі ойынымызды С.Мұқановтың  мына сөздерімен аяқтайық.

Адамдадың әлемінде,

Туыстығын тілеймін.

Шын достықтың әр елінде

Тым ыстығын тілеймін

Бақыт, еңбек, береке,

Ырыс күнін тілеймін,

Күнде думан мереке,

Тыныштығын тілеймін.

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика