Тақырыбы: «Көңілді спорттық ойындар»
Тақырыбы: «Көңілді спорттық ойындар»
Автор: Серьянов Ерик Нургожинович "Үміт" балалар үйі» КММ-нің дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Спорт –көркі өмірдің,
Спорт – досың серігің,
Жаттықсаң шымыр боларсың
Шынығып өсіп, толарсың.
Жүргізуші:
Талғат: Құрметті тәрбиешілер және балалар, бүгінгі «Көңілді спорттық ойындар» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайысқа «Қыран» және «Мұрагер» топтарының балалары қатысады.
Сайысқа қатысушы командаларды ортаға шақырайық.
Көңілді сайсымыз 2 командадан тұрады.
1-ші команда «Сұңқар» тобы
2-ші команда «Мұрагер» тобы
Ойынды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып алайық
Қуанышева Назгүл Дәкенқызы педагог психолог
Жумабеков Жаслан Жомартбекұлы тәрбиеші
Калкинова Гулия Токтасынқызы бейнелеу өнерінің маманы
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тартып кім бірінші болып шығатынын анықтап алайық.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
1 кезең: Таныстыру
Шарты: әр команда өз ұрандарымен таныстырады.
«Сұңқар» тобы – «Отпен судан құтқарамыз, құтқарушы жас сұңқармыз.
«Мұрагер » тобы – «Тәуелсіздік ұраным, Аспанда қыраным
Елімізді қорғайтын, Біз мұрагер ұланы.
2 кезең : «Көңілді секіртпелер»
Шарты: топ мүшелері секіртпемен белгілі межеге дейін жетіп, жалаушаны алып кері жүгіріп келіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.
3кезең: «Кім жылдам?»
Шарты: допты екі аяқ ортасына ұстап, кеглилер арасынан жылан тәрізді айналып өтіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.
Әсерлі сәт: 11 топ қыздары ортаға шығып балалармен флэш-моп билейді. Балаларды музыкалық – ырғақты би билеуге шақырады.
4 кезең: «Кім епті?»
Мына ыдыстағы суды қалақпен келесі ыдысқа төкпей-шашпай жеткізу керексіздер
Ал енді балалар, келген қонақтар әділ-қызылар қорытынды шығарғанша Сіздердің назарларыңызға Лоскутов Владтың орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар!
Сонымен жеңіске «Мұрагер» тобы жетті. Назарларыңызға рахмет. Келесі кездескенше күн жақсы.
Администрация сайта не несет ответственности за содержание материала