Тақырыбы: «Ең ыстық лебіз»

Тақырыбы: «Ең ыстық лебіз»

Автор: Нургалиева Асем Кажмукановна, «Үміт» балалар үйі» КММ–нің тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларды мейірімді, инабатты, қайырымды болуға, ананы сүюге, сыйлауаға тәрбиелеу.

Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларын түсіндіре отырып балаларды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.

Барысы:

І. Шаттық шеңбері

Қайырлы күн құрметті балалар! Шеңбер бойымен жүрекшені бір-бірімізге бере отырып, көршілерімізбен амандасып, тілек айтуларыңызды сұраймын. Тілектерініңзге көп рахмет, жүрегіміз қуанышқа толды.

ІІ.Темирлан:

Махаббатсыз бояу солғын болмағандай,

Ертегіде жарық өшіп қалғандай

Әрқашанда махаббат жансақ болмайды.

Сара апамыз бақыт болды жеріме

Қасиетіміз тие берсін еліме

Жан жылуын үлестіріп жандарға,

Жүресіз сіз, шашу шашып тандарға.

 

Арман: бүгін аса қадірлі, аяулы, жүрек жылуын тек қана балаға арнаған, жүрегі махаббат пен мейірімге толы, Қазақстанның ханымы Сара Алпысқызының туған күні.

 

Темирлан: Сара Алпысқызы Назарбаева өз өмірінде көптеген сыннан өтіп, талай қиындықтарды басынан өткерді. Сондықтан да, оның ойынша бүкіл әлемнің барлық жағдайдағы ең дәл өлшеуіш-безбені махаббат, сүйіспеншілік болғаны жөн. Біздің барлық өміріміздің тірегі махаббат дейді ол, махаббаттан дүниеге келеміз, махаббатпен туамыз және махаббат үшін өмір сүреміз, құрылымымыз да, тұрмысымызда, іс-әрекет, жасампаздығымыз да Құдайдың берген сүйіспеншілігі үшін болмақ.

 

Арман: Сара Назарбаева «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына еңгізген. Ол-балажан адам. Қазақстанның бірінші ханымының  бастамасымен елімізде «Жетім балаларды қоғау» туралы заң қабылданды. Осының нәтижесінде барлық өңірде отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт» жасөскіндер үйлері ашылды.

 

Темирлан: Сара Алпысқызының «Бөбек» балалар қорын құрудағы бар мақсаты – панасыз өскен, Ананың аялы алақанынан айырылған, жанұя жылылығын көрмеге, балаларға көмек қолын созу еді. Өйткені оның ойынша, әр бала күнге бой созатын гүл сияқты, бақытқа талпынуға хақылы, сүйіспеншілікке бөленіп, өзінің қамкөңілділігін түсінетін адамдардың көмегіне зәру.

 

Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ізгі тілегі: «Қымбатты балалар, мен – Апамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойында сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, ақ жолын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осында ізгі тілек тілеймін».

 

ІІІ. Жүректен-жүрекке

1. «Ана туралы толғау» (Гүлсім Сейілжанова) Оқитын Азамбаев Берік

Жайсаң ана, жан ана,

Мейірімі күндей балаға.

Өзіңсің өмір өрісі,

Өзіңнен жаным садаға

 

Бақытқа өзің панасың,

Жүректе әрбір жанасын.

Сәулесін шашқан жарқырап,

Аспандай ашық анасың.

 

Жаралаған көңілің тұнықтан,

Біздердей сені кім ұққан.

Өсірген ерді, батырды

Ақ сүтің, анам бір ұттам

 

Талайды көрген қайратым,

Өмірді өзің жайнаттың.

Бақытымды өзің әпердің,

Көңілімді өзің сайраттың.

 

“Ана” (Сара Алпысқызына арнау)   Г.Сейілжанова  Оқитын : Сергей

Алла саған алақанын төсеген,

Қандай нәзік жүрегің сенің, көрген.

Мың – мыңдаған жетімдерді аялап,

Бөбектерді қуанышқа бөлеген.

Сауабын алдың науқстанған жетімнің,

Қиындығын көтердің сен елімнің.

Дүниеге тәй – тәй басқан сәбидің,

Жібіттің сен шөлдегенде ерінін.

Панасыздың маңдайыңнан сипадың,

Қыруар сыйлық, дәрісін де сыйладың.

Үміті сөнген науқастарды көтеріп,

Сол балалардың қамын ойлап тынбадың.

Тастап кеткен мәңгүрт ана баласын,

Жүрегінің жаздың бөбек жарасын.

Ажарыңнан төгілген шуақтай күн,

Жеңіп келеді өмірдің өп таласын.

Сәбилердің қамын ойлап жүгірдің,

Жетімдерге анасындаи өріндің.

 

Сара апаға арнау  Оқитын: Кирилл

Күн нұрыңдай шұғыласың,

Шашқан бізге Сара апа.

Беріп бізге ақ батасын,

Тірек болған Сара апа.

Бар баланың қамын ойлап әрқашан,

Қамқор болған, құшақ жайған Сара апа.

Ыстық – суық аязға да тигізбей

Пана болған, ана болған Сара апа

Бар өмірін бала үшін арнаған,

Құшағына алып әрқашанда  жайнаған.

Әр баланың қылығына қуанған,

Мейірімді Анамыз, ол-Сара апа.

Жамандықтан көрсетпей,

Қанат  берген Сара апа

Жасындағы білдіртпей,

Күште берген Сара апа.

Бүкіл бала жанына

Үміт берген Сара апа

Заманның дара, данасы,

Көп  баланың анасы.

Өзіңіз барда Сара апа

Жасымас елдің баласы.

 

Намыс (Қ.Усенов) Оқитын:  Евгений

Намысыңды кірлетпе,

Дақ түспесін арыңа.

Үлгі боп жүр көпке,

Жігеріңді жаныда.

Намыс оты бар ұрпақ,

Арқалайды  нар жүгін.

Жүре алмайды жабырқап,

Жүзі жарқын жарқының.

Намыс қанда бұрқанса,

Орындалар нұрлы арман

Қамал бұзған ұл қанша,

Тау көтеріп шыңдалған.

Намысы жоқ  ынжаққа,-

Көлеңкесі үрейлі,

Мойынсұнып құлдыққа,

Иіні түсіп жүдейді.

 

Ән: «Наш дом»

Орындайтын: Арман, Темирлан

 

Администрация сайта за содержание материала ответственности не несет

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика