Сапарғалиева Нұрдана Бақытжанқызы

«Уа, туған, жер топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың».
Әбу Сәрсенбаев

Сапарғалиева Нұрдана Бақытжанқызы, ШҚО, Өскемен қаласында, 2000 жылы 3 маусымда дүниеге келді.  Қазір, О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінде, 6 «М» сыныбында оқиды. Нұрдананың сүйікті пәндері: музыка, математика, әдебиет, ағылшын, орыс, қытай тілдері.
Ол көп балалы отбасында тәрбиеленуде. Жанұяда әкесі, анасы және оның артынан ерген 3 бауыры бар. Екі бауыры №44 мектеп-лицейінде 3-інші және 1-інші сынып оқушылары. «Қалалық №1 музыка мектебінде» үлкен бауыры – Бексұлтан мен Нұрдана домбыра сыныбына бірге барады. Ол домбыраның 1-інші сыныбында, ал Нұрдана 3-інші сыныпта оқиды. Ортаңғы бауыры -Бахтияр домбырадан дайындық сыныбында оқиды және акробатикаға қатысады. Ең кіші бауыры - Елжан 1,5 жаста. Нұрдана Елжанды өте  жақсы көреді.
Ол өзі ән айтуды, би билейуді, домбырамен күй шертуді, бос кезінде саз сырнай ойнауды ұнатады. «Қалалық №1 музыка мектебінде» вокалға қатысып жүр. Саз сырнай аспабын үйренуге ұсыныс жасаған домбырадан сабақ беретін ұстазы еді. Өйткені домбыра оркестріне басқа ұлттық аспаптарды қосу керек болды. Сол үшін ұстазы қазақ ұлттық аспаптарынан саз сырнайды таңдап, Нұрдананы Алматыға жіберді. Аспапты үйрену үшін арнайы Алматыға барып, Құрманғазы атындағы консерватория мұғалімі Т.К.Мұқышевтан 1 ай сабақ алды. Саз сырнай аспабымен үйренгендері: «Қошақаным қайда екен», «Бипыл», «Илигай», «Құттықтаймын мама туған күніңмен», «Кішкентай», «Кербез қыз» және т.б. Домбырамен шертетін күйлері: «Кең жайлау», «Светит месяц», «Би», «Қосалқа», «Шалқыма», «Той бастар». Орындап жүрген әндері: «Қазақ елі», «Туған жер», «Дәстүрлерім-ай», «Анаға сәлем», «Асыл ана» т.б.
Анасының айтуынша «Нұрдана нағашы атасына тартқан». Өйткені, «Құмарғали атасы көпшілік арасында тойларда екі жас жұбайға арнап өзі өлең шығарып, ақ батасын беретін адам болған. Халық әндерін де тамаша орындайтын». Оның ата-анасы да домбырамен ән орындайды. Нұрдана концерттерге жиі қатысып жүреді.
Нұрдананың арманы «Айгөлек» республикалық байқауына қатысу. Қазіргі таңда қалалық, облыстық конкурстарға дайындық үстінде.
Сөз соңында Нұрдананың пікірін келтіре кеткенді жөн көрдік: «Мен №9 балалар кітапханасына былтырдан бастап бауырларыммен бірге жазылдым. Басқаларын білмеймін, бірақ өзіме осы кітапхана өте қатты ұнайды, өйткені осы жерден керекті мәліметтерді аламын, оқу залында кітап, журнал оқуды ұнатамын. Бос уақыттарымда осы кітапханаға жиі келіп тұрамын.
Осындай кең-байтақ жері бар, Тәуелсіз Қазақстан елінде өмір сүріп жатқаныма, бойымдағы өз талантымды ашып дамытуға мүмкіншілік болғанына қуанамын! Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа да сол үшін алғысым шексіз!».

  Разное - Читатели, которые нас удивили


Яндекс.Метрика