8 наурызға арналған құттықтаулар

Қадiрлi аналар, әйелдер, әпкелер мен құрбы-құрдастар!!!
Сіздерді алдағы келе жатқан көктемнің алғашқы гүл мерекесі
8 наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймыз! Көктеріңізден күн кетпесін, құшақтарыңыздан гүл кетпесін, өмірлеріңізден күлкі кетпесін. Құт болып әрбір үйден табылып, шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіздер.

Сүйікті жарым!
Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің көктемдей жайнасын.


Қызым!
Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Құрметті апа!
Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.
Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

  Разное - Это интересно


Яндекс.Метрика