1. ЦБС сегодня
  2. Конкурсы, проекты
  3. Өлкетанушы жаңа өлеңдерін ұсынды // Дидар газеті, -2016.-3 ақпан

Өлкетанушы жаңа өлеңдерін ұсынды // Дидар газеті, -2016.-3 ақпан

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Өскемендегі орталық қалалық кітапханада өлкетанушы, мұрағатшы Алдияр Әубәкіровтің «Мои четверостишия» атты кітабының тұсаукесері өтті.


Бұл кітаптың бұған дейін жарық көрген  «Жазира»,  «Ағрипа»,«Сағыныш», «Абай және  Сальери»,«Рапиық», «Ер Сәтбек»,«Жарлығап батыр»,     «Соңғы монолог», «Бәйтерек» сияқты прозалык, және поэзиялық  кітаптарынан ерекшелігі орыс және қазақ тілдерінде жазылған өлеңдер жинағы болуында.

Кеш барысында автор өлеңдерін жұртқа таныстырды. Кітапта бүгінгі заман мен замандастар келбеті, қоғамдық жағдай мен отбасы тақырыптары 
кеңінен қамтылған. Өскеменнің көрікті жерлері де өлең тілімен өрнектеліп берілген.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тарих мамандығының РһD докторанты Айнұр Қазбекова:
- Алдияр Ақылбекұлының шығармашылығымен бұрыннан таныспын, қызмет жолында атқарған істерін де білемін. Бүгінгі кеші де көңілімнен шықты. Кешті ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін, - деп әсерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Алдияр Ақылбекұлы картиналар жинаумен әуестенеді екен. Аталған картиналар болашақта жұрт назарына ұсынылмақ. «Кетбұға», «Жарылғап батыр туралы», «Терістаңбалы Кетбұға ұрпақтары» шежірелерімен оқырман ықыласына бөленген қаламгердің ғылыми ұмтылыстары да жоқ емес. Мәселен, алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевты зерттеп, Магаданға дейін барғанынын, өзі бір әңгіме.


Әсел Асқарқызы
Дидар газеті -2016.-3 ақпан

  ЦБС сегодня - Публикации в прессе


Яндекс.Метрика