1. Новости
  2. «Қош бол, балғын балалық»

«Қош бол, балғын балалық»

фото

Орталық балалар кітапханасы қимас сәттің куәсі болды. 17.05.14 жылы (М.Горький,54) кітапханамыздағы «Айгөлек» клубының мүшелері, № 3 Көпбейінді мектеп-гимназиясының 4 б сынып оқушылары бір жағы «Қош бол, балғын балалық» деп қызығы мен шыжығы мол мектеп қабырғасында өткен бастауышпен және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаздарымен қощтасса, бір жағы кітапханамызда өткен «Айгөлек» клубының есеп берумен қатар келді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей Елемесова Айгүл Оралханқызы шәкірттерін әр мерекеде, кітапханадағы мәдени шаралардан қалдырмай, білсің , үйренсің, көрсің деп жетелеп, бағыт-бағдар беріп келеді. Шәкірттері де білімді, өнерлі тіпті жан-жақты деуге болады. Кітапхана шаңырағында олар мектептен тыс бос уақыттарын тиімді өткізіп, мән-мағынаға толы отырыстарда өздерін емін еркін ұстап, ойларын, пікірлерін жеткізіп үйренді. Оқыған кітаптарымен бөлісті.Отбасыларымен бірге аналарын ,ата-әжелерін, ұстаздарың, ұлдар мен қыздарды құттықтап, оларға ән шашу, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Ата-аналары балаларының өнерлерін тамашалап, тосын сыйларына таңырқап, ұйымшылдықтарына таңдай қағысты. Осының бәрі ұстаздың арқасы екенің айтты. Қонақтардың саны (60қа жуық).Біз достарымызға үлкен өмір жолына сәт сапар тілейміз, қанаттары талмай, биікке, білім шыңына жете берсің демекпіз! Ал Ұстазға білімді, талантты шәкірттеріңіз көп болып, сенімінізді ақтап, сізге абырой әкелсін!

 

 

  Новости - Новости


Яндекс.Метрика