Мұхтар Бақтыгереев

МҰХТАР БАҚТЫГЕРЕЕВ (1933)

1984-жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болған Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрының бір топ артистері арасыңда есімі кеңінен таныс Мұхтар Бақтыгереевтің өнердегі орны өзіндік деңгейге көтерілген айшықты да жетекші тұлға екендігіңде ешкімнің дауы болмаса керек. Кеудесі  керік, ойы ұшқыр, шығармашылық қиялға бай, адуын да алымды  өнерпаздың  өмір жолы, өнер соқпағы өзінен кейінгілерге үлкен сабақ.
1933-жылы Атырау қаласында дүниеге келген жас нәрестенің ғұмырлық жұлдызы өнер аспанында жарқырап тұрар шағын алдын-ала кезіне елестетіп, осынау қара домалақ ауыл баласының ұлттық сара өнерімізде азаматтық үлкен тегеурін танытарлығына кім куәгерлік ете қойды дейсіз? Әншейінде өзіміз айта беретін "өнерге аңсай келіп еді, шелдей келіп еді" деп тоғыта салатын таптаурын сөзді Мұхтар сынды сонау алыс ортадан, терең түкпірден тырысып, тырмысып, назарға ілінген табиғи талант иелеріне кездейсоқ телу орынсыз секілді. Шынайы өнерпаз тасты тіліп, топтан озып кезге түсер болар, көңілді еріксіз бұрғызар болар. Көңіліңді, көкейіңді баурағаны сол емес пе, бұл күнде қазақ сахна, кино өнеріндегі Мұхтар Бақтыгереев жолы кімді болса да сүлесоқ қалдырмайды. Оның ойынын көрген жан әр жолы қиял-ғажайыпқа кенелгендей керемет хал кешеді. Демек, өнер адамы турасындағы аз ғана сәттік толғау өткен күндерге еріксіз жетелегендей болады. Небәрі он бес жасында Гурьев облыс аралық музыкалық драма театрының сахна жұмыскерлігіне жараған жасөспірім қайсар жеткіншек екі жылдық еңбек нәтижесінде сол ұжымдағы ең сүйкімді жанға айналып үлгерді. Ол осы театр сахнасында "Миллионерде" Баймағамбет, "Қозы Көрпеш — Баян сұлуда" Қодар, "Асауға — тұсауда" Петруччио, М. Ақынжанов пен Қ, Қуанышбаевтың "Майрасында" Аңдамас рольдерін ойнады. Оның өнерге, оның шебер орындаушыларына деген іңкәр таза пейілі күннен-күнге маздай түскен еді. Сол өзіне біткен өжеттігі, тіл алғыш қағылездігі, ойлы ұғынықтылығы, тындырымдылығы бәрі-бәрі "бас қоса" келіп оны лезде осылайша актерлік кұрам сапынан бірақ шығарғантын. Алғаш рет сахна, өнер, артист, театр деген бұрындары бейнетаныстау мехнаттармен біржола бетпе-бет келген жас дарынның жан дүниесі сан өзгеріп, балауса балбыраған уыз арманын алыстан, аулақтан іздеуге итермеледі. Бірлі-жарым ақыл берген ағайынды-туыс, аға біткен оның аста-наға, Алматыға жол тартуын жөн керген. Сонымен актерлік әліппенің түңғыш тілашарлық сауатын аталмыш облыстық театрда сезініп байқаған Мұхтар 1953 пен 1956 жылдар аралығын Алматы театр училищесінің шәкірттері қатарында өткізді. Үздік шәкірт атанған қабілетті жас сол 1956 жылдан бастап Балалар мен жасөспірімдер театрында тынымсыз да, қиындығы да жетерлік актер еңбегін бастан кешіріп, өнер көшімізді алға сүйреушілердің бірі болып келеді. Қырық жылға тақап қалған шығармашылық тұрақты қызмет орны — оның өмірден таңдап тапқан баға жетпес асылы, мұраты. Мақсат, мұратсыз ғұмыр — бос өткен бір белгісіз күндердің мағынасыз тізбегі де. Киноэкран мен театр сахнасында өзі кескіндеген 125-тен астам кісі характерлері жан-жүрек, жүйке тамырларына салмақ салғанда, бір жақсысы, әйтеуір туа бітті өз мінез-құлқынан көз жазып қалмай келе жатқанына куанатыны да бар. Кейде Мұхтар қиялға кеткенде осыны да ойлайды. Оңашада ой құшағына сүңгиді. Өткеніне есеп беріп, езі сомдаған кейіпкерлерімен тіл қатысқандай ерекше бір күйге енетін тұстары болады. Әсіресе, қолы қалт етіп, көзін жұмды-ақ, әлдеқайдағы бір елестерге ерік тиді дей беріңіз. "Қаракөз, қарыңдасымдағы" Ақынның әнін айтсаңызшы, шіркін! Неткен поэтикаға жомарт, лирикалық табиғат еді?! "Шұғадағы" қатыгез Қарасай болыс, "Ақан сері — Ақтоқтыдағы" қараулықтан да кенде емес, діндәрлікті уағыздаған Науан Хазірет, "Қар қызындағы"— сиыршы шал, "Ақбөпедегі" Қүдияр, "Аягез арудағы" Шатшәлекей, "Жас Абайдағы" Құнанбай, "Гамлеттегі" Клавдий, "Қашқар қызындағы" Уәли, "Ай тұтылған түндегі" Дәруіш, "Тау қызындағы" Осман, "Бай мен батырақтағы" Ғафур, "Қызыл жебедегі" Кушекин, "Арманым-Әселімдегі" — Ілияс, әсіресе оны мемлекеттік лауреаттық атаққа көтерген "Алуа" қойылымындағы Доғал бейнелері актер шеберлігінің ауқымдылығын білдіретін сан алуан мінездің адамдары. Қазақстанның халық артисі Мұхтар Бақтыгереев шеберлігін айтқанда, оның ғажап бір қою тембрлі баритон үнін айрықша бағаламай болмайды. Айқын дикциясы, табиғатынан мол пішілген келісті кескін-келбеті, сахнада өзіне ғана жараса кететін өткір де, етімді іс-әрекеттері актердің мол ізденісін, кеп еңбектенгендігін байқатады. Өнер адамы, оның ішінде актер мамандығын иемденген әрбір жан езінің бар қажыр-қайратын дәл сол калпында, жұрт алдына шыққан сәтте бар тұлғасымен жарқ ете калмаса, күн еткен сайын еңбексіз қалған артистік тұлға текке рәсуа болмақ. Қарайып қалу деп соны айтады. Актер адамның өзге өнер иелерінен бір айырмашылығы, олар өз дене түлғасын үнемі жаттықтыру режимінен ауытқытпауы тиіс. Мәселен, қобызшы қобызын күйге келтірсе, суретші бояуына сенеді, әнші даусын баптайды. Ал актердің бар сенері — өзі, өзінің жан дүниесі, жүйкесі, жүрегі. Демек, актер Мұхтар Бақтыгереев өнерін сөз еткенде, оның өнбойынан тек өжеттілік, оттылық, қайсарлық мінез ғана керіп қоймай, оның жүрек жылуының әсерлілігін, жанының жұмсақтығын, жас баладай сәл нәрсеге құлай сенгіштік ғажап қасиетін аңғару парыз. Сол себепті ол әр қырынан көрініп, кез-келген жанрда сан жүректерге жол тауып жататын хас шебер. Көбінесе, үр да жық, дөрекі жағымсыз жандардың кейпін шебер орындайтын актерді, енді бірде контрастық планда, ақынжанды, жүрегі жырлап, жаны "жылаған" лирикалық қаһармандардың пішінінде тамашалап бір байқаңызшы? Әсіресе, жүзінен атой салған жүмсақтың лебі және де Мұхтардың өзіне тән сүйкімді жылы жымиысы керермен көңілін дел-сал сезімге жетелей жөнелсін! Күңіренуі мен күлкісі қатар жүретін драмалық, трагедиялық, комедиялык рольдердің майталманы деуге түрарлық Мұхтарды бүгінгі ұлт сахнамыздың тамаша шеберлерінің бірі десек, ол тұжырымымызға ешкім де қарсы тұра қоймас. Мұхтар Бақтыгереев Қазақстан мен Орта Азияның кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Ол ұзын-ырғасы алпыстан астам көркем фильмдерге түсті. Телефильм, радио-пьеса саласында сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Киноға түсіп қана . коймай, оны орыс тілінен аударып, оқып жеткізіп жүрген актерлеріміздің ең танымалы да осы Мұхтар. Теледидардың құлағын бұрадың-ақ, өзіңе етене таныс актердің жағымды үні жаныңды ерекіпе бір рахатқа енгізгендей күйге түсіреді. Оның даусын сан дыбыстан айырып алмас адам жоқ. Өйткені ол қазақ радиосы мен ұлттық теледидардан жиі тіл қатады, сыр шертеді, ой толғайды, қиял қозғайды. Жеті жасар сәби мен жетпіс жастағы ақсақалдар ұйып тыңдар мағыналы монологтар мен қызғылықты диалогтардың тұрақты хабаршысы. Көп сериялы фильмдерді қазақ жұртшылығына дәйекті жеткізуде асқан шеберлік көрсетіп жүрген актер үнін республикадағы ең танымал дауыс деп білгеніміз абзал. Үлкен суреткерлік, дарқан шеберлік — шынайы адамгершіліктен, биік азамат-тықтан ғана туады. Аңқылдаған ашық мінезді, кей кездері дүр етіп басыла кояр қызба мінезі бар, кісілік жолын, адалдық жөнін жүрегіне терең ұялатқан Мұхтар Бақтыгереев үлгі-өнегесі Балалар мен жасөспірімдер театры ұжымының да мақтанышы дейміз. Кейде болмаса, көбіне-көп күле сейлеп жүретін Мұхтарды кездестіріп калған тұста ет жақыныңды жолықтырғандай жылы ұшырайтын осынау бір өнер азаматына, сахна шеберіне деген ізет-құрметіңді білдіріп қалудың шын белгісінен туған таза сезім болса керек.
1993 жылы Қазақтың Ғабит Мүсірепов атыңдағы Мемлекеттік жастар мен балалар театрының аға екілі, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұхтар Бақтыгереевтің туғанына алпыс, шығармашылық қызметіне қырық бес жыл толып, оны өнер жұртшылығы кеңінен тойлады. Өнер тойының қашанда қызуы мол.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Жеке тұлғалар


Яндекс.Метрика