1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Мен өлкемді зерттеймін» қалалық байқауы

Фоторепортаж
25 сәуір күні сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Білім беру ісінің ардагері, ұстаз-ақын Төлеген Рақымжанұлының шығармашылығына арналған «Мен өлкемді зерттеймін» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтеді.

Х қалалық «Мен өлкемді зерттеймін» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже
Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ орталық қалалық кітапханасы «Мен өлкемді зерттеймін» атты жас ғалымдар мен өлкетанушылардың шығармашылық  жобаларының дәстүрлі Х қалалық байқауын ұйымдастырады.
Байқау Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Білім беру ісінің ардагері, ұстаз – ақын Төлеген Рақымжанұлының шығармашылығына арналып отыр.

ІІ. Байқаудың мақсаты:
- Т.Рақымжанұлының шығармашылығын насихаттау;
- жастардың интеллектуалдық-шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін дамыту, қызығушылығын  арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға бейімдеу;
- өлке әдебиетін зерттеу.

ІІІ. Байқаудың шарттары:
- зерттеу тақырыбының таңдалуы; (Т.Рақымжанұлының өмірі мен шығармашылығы, ақындық шеберлігі, ұстаздың біз біле бермейтін бейтаныс әлемі, шығармашылығының зерттелуі, ұрпақтары, туған жері, т.б. туралы)
- дереккөздермен жұмыс істей білуі,
- тақырыптың ашылуы.
- байқауға  15-25 жас аралығындағы барлық үміткерлер қатыса алады.

ІV. Байқау екі кезеңнен тұрады:
1 кезең – іріктеу. 2019 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында түскен жобалық жұмыстарды арнайы құрылған қазылар құрамы оқып, талдап, талқылап іріктеу жасайды. Іріктеуден өткен жұмыстар екінші кезеңге жіберіледі. 
2 кезең – финал. Зерттеу жұмыстарын қорғау 2019 жылдың сәуір айында Орталық қалалық кітапханада ұйымдастырылатын ғылыми конференция шеңберінде өткізіледі.

V. Тапсырыстарды қабылдау тәртібі:
1. Жұмыстар Өлкетану бөлімінде қабылданады. Жұмыс мәтіні басылған және электронды түрде Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript   поштасына жіберіледі. (Times New Roman, 14 шрифт, 1 интервал, сол жақтан 3 см жол қалдыру, 7 және 25 бет аралығында) 
Тапсырыс берушінің байланыс телефоны, электронды поштасы міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Мекен-жайымыз:
Өскемен қаласы, Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана
25-03-64, 87056241725.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Задайте Ваш вопрос!

Рухани жаңғыру

Кітап көрмесі

Нас считают

Яндекс.Метрика

Использование материалов

Использование материалов сайта в печатном, электронном или любом другом доступном виде, разрешается только с указанием источника: "Web-сайт www.kitaphana.kz".

Партнерская программа

Приглашаем сайты библиотек и других заинтересованные организации к участию в Партнерской программе для обмена ссылки, рефераты и регистрации в нашем каталоге.

Реклама на сайте

По поводу размещения рекламы на сайте, обращайтесь по телефонам: +7 7232 25-03-64 или по эл. адресу ukcbs@mail.ru