1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


Үй құстары

Шығыс Қазақстан облысы  
Катонқарағай ауданы,
Жамбыл ауылы
«Жамбыл орта мектебі» КММ
жанындағы шағын орталық.
Тәрбиеші: Молдекенова Кульжамал Құмарқанқызы

Үй құстары

Білім саласы: Қатынас.
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Тауықпен таныстыру.
Білімділік: Үй құсы – тауықпен таныстыру, үй құстарын атауға, айыра білуге үйрету.
Мақсаты: Құстарды сүйіп, оларға қамқорлық жасап, қорғай білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту және есте сақтау қабілетін дамыту.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын және мадақтау.
Көрнекіліктер: Үй құстарының суреттері.

Күндей жадырап, айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,                                                                                                    судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.

Сәлемдесу:

Ұл – қыз сәлем береміз,                                                                                              Өнегелі өренбіз.                                                                                                          Сәлем сөздің анасы,                                                                                              Сәлеметсіздер ме қонақтар.

Ұйымдастыру кезеңі: - Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап, «Тілек» шеңберін құрып  бір – біріне жақсы тілек айтайық.

- Аспанымыз ашық болсын!
- Елімізде тыныштық болсын!
- Отбасымыз аман болсын!
- Көк туымыз желбіресін!
- Деніміз сау болсын!
- Тату болайық!
- Тәртіпті бала болайық!
- Бәріміз дос болайық!


- Жарайсыңдар балалар, сендер тату – тәтті дос екендеріңді жақсы тілектеріңмен білдірдіңдер, тілектерің қабыл болсын. Енді  көңіл – күйіміз жақсы болса, көңілді сабағымызды бастайық.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші балалардан жылдың көктем  мезгілі жайында сұрайды.

- Көктем  мезгілінде қанша ай бар?
- Үш ай бар.
- Қане, аттарын атайықшы?
- Наурыз, сәуір, мамыр..
- Көктемде күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
- Үй жануарлары төлдейді.
- Ағаштар бүршік жарады.
- Өте жақсы, бірінші тапсырманы жақсы орындадыңдар.
- Иә, балалар күн жылынып құстар жылы жақтан ұшып келді.

Бірақ бізде үйде ұстайтын құстар бар. Оларды үй құстары деп атайды. Қане балалар үй құстарының атын білесіңдер ме?  Үй құстарына тауық, қаз, үйрек, үндік  жатады. Сондықтан үй құстары деп аталады. Үй құстарының пайдасы көп: Жұмыртқасын, етін тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп жем- су беріп асырайды. 
Тәрбиеші  үй құстарының суретін іліп, мазмұны бойынша әңгімелеседі.

- Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Үй құстарына тауық, қаз, үйрек, үндік жатады.
- Үй қстарының атауларын атаңдар?
- Тауық, қаз, үйрек, үндік.
- Неге үй құстары деп атаймыз?
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
Сергіту сәті:

Әй, шымыршық, шымыршық
Әтеш қалай жүреді,
Міне былай, міне былай жүреді.
Әй, шымыршық, шымыршық
Тауық қалай жүреді
Тауық былай, тауық былай жүреді.
Әй, шымыршық, шымыршық,
Тауық қалай жем жейді
Міне былай, міне былай жем жейді.
Әй, шымыршық, шымыршық
Тауық қалай су ішед,
Тауық былай, тауық былай су ішеді.

Ал балалар  кім үй құстары туралы тақпақ өлеңдер біледі? Кім айтады?
Ернұр:

Үйрегім- ау, үйрегім
Келіп жүр ме билегің,
Үйге кірмек боласың,
Бар дегендей үйде кім.
Кінәлап та не керек,
Жүзгіштігің керемет,
Суда жарыс болса егер,
Бас бәйгені берер ек.

Айару:

Қазым, қазым қаңқылда
Көлде жүзіп салқында
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсіңбе?

Ерхан:

Жоқ, жоқ кәмпит тәтті болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш.
Еркеназ:
Қаздар қанат қағады,
Қаңқ, қаңқ деп дауыстап
Ұшып ұшып алады
Жем шоқиды тоқылдап.

Ғажайып сәт:
Тәрбиеші балалардың назарын топтың шетінде тұрған кішкене тауық күркеге аударып: Балалар, қараңдаршы, тауық күркенің есігі жабық тұр ғой. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін тапсаңдар мына тауық қораның есігі ашылады.
Бұрап қойған сағаттай,                                                                                               Айғайлайды таң атпай                                                                                                                 Ол  не?  (Әтеш)
Ерте тұрады,                                                                                                                                                    Жар шақырады. (әтеш)
Күн бата қонақтап қалғыған,                                                                                                                  Таң ата жерден жем аңдыған (тауық)  
Ақ сарайын талқандап,                                                                                                       Шықты біреу талтаңдап. (балапан)
Осы кезде тауық қораның есігі ашылып, ішінен әтеш, тауық балапандарымен шығады.
Ерасыл
Әтеш:

Мен – қоразбын, қоразбын,
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып,
Елді оятам жар салып.

Кәусар:
Тауық:

Мен ақ тауық, ақ тауық.
Жүремін мен мақтанып.
Құс болсам да ұшпаймын,
Балапанды қорғаймын.


Дәулет:
Ақ тауық – ау, ақ тауық,                                                                                              Ақ тауық неден қақсауық?                                                                                           Ертемен қыт-қыттайды,                                                                                               Ауламыздан шықпайды.                                                                                            Шеп – шеп десем келмейді,                                                                                         Берген жемді жемейді.
Балапан: Біз сап – сары балапан,
Күні бойы шиқылдап.
Жерден дәнді тереміз,
Анамыздан қалмаймыз.

Үй құстары жарайсыңдар, балалармаен бірге «Ұшты – ұшты» ойынын ойнайық.

Ал, балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Аман – есен болайық.

Біз не білдік: Әтеш, тауық, қаз, үйрек, үндік – бұлар үй құстары.
Игеру керек: Үй құстарының аттарын толығымен атау, үй құстарына қамқор болу.

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Задайте Ваш вопрос!

Нас считают

Яндекс.Метрика

Использование материалов

Использование материалов сайта в печатном, электронном или любом другом доступном виде, разрешается только с указанием источника: "Web-сайт www.kitaphana.kz".

Партнерская программа

Приглашаем сайты библиотек и других заинтересованные организации к участию в Партнерской программе для обмена ссылки, рефераты и регистрации в нашем каталоге.

Реклама на сайте

По поводу размещения рекламы на сайте, обращайтесь по телефонам: +7 7232 25-03-64 или по эл. адресу ukcbs@mail.ru