1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


Садовая көшесі, Пермитин атындағы көше

Садовая көшесі...   Ежелгі қала тұрғындарының бұл көшеде болмағаны кемде-кем шығар. Өйткені осы көшеде   1903 жылдан бастап 60-жылдардың аяғына дейін қалалық аурухана кейінірек емхана жұмыс істеп тұрды. Кейін ол жерде «Анютины глазки» балабақшасы орналасты. 1903 ж. дейін ғимарат құрылысы өз үйінің жанында бақ өсіріп баптаған орманшы Пузыревқа қарасты болған. Кеңес үкіметі жылдары оның бағы пионер саябағы қарамағына көшті. Көшенің «Садовая» аталуы да осы бақтың орналасуынан шықса керек. Садовая көшесінде мұғалім Г.Е. Псарев көп жылдар бойы тұрды. 1923 ж. Өскеменде «Алтай аңшысы» журналы шыға бастады. Г.Е. Псарев осы журналдың үйлестірушісі қызметін атқарды. Өскемен тумасы Ефим Николаевич Пермитин 8 жыл бойы  осы журналдың редакторы болды.            «Менің тырнақалды әдеби туындыларым «Алтай аңшысынан» басталған еді,- деп еске алады Е.Н. Пермитин. Журнал беттерінде болашақ жазушының «Жалын жанында», «Нина Козляткина», «Қоршауда» т.б. алғашқы әңгімелері басылды.  Пермитиннің романдары 30-шы, 50-шы жылдары кенінен танымал болды. Олар бірнеше рет қайта басылып шығарылды. Оның шығармаларынан сыншылар Алтай өлкесінің ауылдық өмірі мен тұрмысы жайлы көп білді. Е.П.Пермитин  «Жизнь Алексея Рокотова» трилогиясында 1905-1935жж. Өскемендегі болған оқиғалар туралы баяндайды.

1975 жылы жазушыны есте мәңгі қалдыру мақсатында Өскемен қаласының Садовая көшесіне Пермитиннің есімі берілді. Қазіргі уақытта бұл көше өзгеріп, түгелдей тоғызқабатты үйлер бой көтерген.Осы жерде ДОСААФ қазіргі заманға сай әкімшілік ғимараты мен облыстық «Рудный Алтай» газетінің редакциясы, «Мода» дүкені мен «Балдырған» балалар кафесі орналасқан.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.