1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


Большая көшесі, Киров атындағы көше

Киров көшесі 1935 ж. дейін Большая деп аталған. Көше шынымен де атына сай ол кездері кең, Өскемендегі ең үлкен көшелердің бірі болды. Қала көшелерінің ішінде бірінші болып тас төселіп, ағаш тротуарлар салынды, халықтық серуендер, жаңа-жылдық ойын-сауықтар өткізілді. Большая көшесінде қаланың әсем, зәулім үйлері шоғырланды. Көптеген ауқатты адамдар тұрды. Олардың қатарында: алтынөндіруші- Меновщиков, Касатин, балықөндіруші Остропольский, ағайынды Подойниковтар, көпестер Семенов, Курочкин, тері илеу зауытының иесі Уфимцев болды.  Көшенің басында Соляной қиылысының бұрышында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Е.П.Михаэлистің үйі орналасты. Оған жақын, сол жақта революцияға дейін дворяндар жиналысы өтетін ағаш үй болды. 20-жылдардың басында кәсіподақтардың уездік бюросы орналасқан, осы жерде бюро төрағасы  П.П. Бахеев  тұрды, 50-60-жылдары балабақша жұмыс істеді. Одан сәл әрі әйелдер училищесі, Покров ғибадатханасы, дүкендер тізіле орналасты. 1908-1911 жж.  О.Ф.Костюрин сатып алған «Эхо» кинотеатры орналасқан үй салынды (қазіргі «Октябрь» кинотеатры). Кейін 1918 ж. Қызыл гвардияның штаб пәтері орналасты, оған қарсы 1900-1907жж. салынған  О.Ф. Костюриннің шеберханасы жұмыс істеп тұрды. Қазіргі орналасқан «Сәуле» дүкені революцияға дейін көпес Семеновтің үйі болған. Ол дүкеннің подвалында Колчак басқыншылығы кезінде саяси тұтқындарды ұстап, осы жерден атуға әкетіп отырған.

1934-35 ж. күз айында С.М. Киров егін жинау науқанын ұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасау мақсатында Өскемен қаласында болды. Осы сапарында Киров қала орталығында орналасқан базарды алып, орнын баққа айналдыруды ұсынады.Осыдан соң базар дүкендерінің беті көшеге қарай бұрғызылады. Базар орнындағы қайта жаңғыртылған үйлерде облыстық, қалалық атқару комитеттері, ішкі істер комитеттері, облыстық санитарлық қадағалау және қалалық перзентхана үйлері орналасты. Көшеге асфальт төселіп, жаңа үлгідегі зәулім үйлер салына бастады. Осы көшеде қаладағы ең алғашқы мектеп болып саналатын Ушанов атындағы мектеп, қалалық пионерлер үйі салынды.

60-70 жылдардағы екпінді жүргізілген құрылыстың нәтижесінде бұрынғы «Большая» көшесі, 1935 жылдан бастап   Киров атындағы көше қаланың байырғы көшелерінің бірі болып саналғанмен, басты орталық көше болып есептелмейтін болды.

 

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.