1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


Береговая көшесі, Қызыл Қырандар жағалауы

1919 ж. 29 маусымнан 30 маусымға қараған түні Өскемен түрмесінде Г.А. Кудинов, М.А. Беспалов, Ф. Бурягин бастаған Батыс Сібірден ауып келген саяси тұтқындардың көтерілісі болды. Көтерілісшілер күзетшілерді қарусыз қалдырып, қару-жарақ қоймасын басып алды. Бірақ көтеріліс басшыларында алдыға қойған ешқандай жоспар болмады, сондықтан, біреулері кемежайда тұрған пароход арқылы Ертіс бойымен төменге қарай жүзіп өтуді ұсынса, басқалары – қаланы басып алуды ұсынды. Осы уақытта казактар күш жинап, қамалды қоршап алды. Күрес бірнеше сағатқа жалғасты. Белгісіз біреудің бұйрығымен жергілікті топтар көтеріліске қолдау береді деген үмітпен күзеттен босатылды. Бірақ солдаттар олардың үміттерін ақтамады. Ертіс пен Үлбі арқылы жүзіп өтеміз деп өзенге секірді, бірақ тек қана     Н.И. Тимофеев пен С. Гончаренконы құтқарып қалды. М.А. Беспалов басшылықты өзіне алып, Үлбі арқылы кешіп өтуге болатын бөгетті қоршап алуға бұйрық берді. Ешкімнің өтіп кетуге мүмкіндігі болмады. Беспалов сынған бұғанасы мен арқасындағы терең жараға қарамастан Үлбіге жүзіп өтті. Осы жерде оны анасы мен Надежда қарындасы тауып алды. Олар қансыраған Михаилды үйіне жеткізбекші болды, бірақ ақгвардияшылар тобына тап болған Михаилды анасының көзінше атып тастады. Ақгвардияшылар оны  жерлеуге рұқсат бермеді. Қаза тапқандар Ертіс жағалауында шұңқырға көмілді. Тек 1920 жылдың қысында қаза тапқандардың денелері туысқандар зиратына көшірілді.1960 жылы осы көтерілісті еске алу мақсатында Үлбі өзенің жағалауындағы көше Қызыл Қырандар Жағалауы аталды.

Көп жылдан бері көпірге жақын жерде үлкен тас жатыр. Бұл жерде – Кеңес өкіметі үшін қаза тапқандардың құрметіне ескерткіш орнату жоспарланған.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.