1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Сенной қиылысы, Орджоникидзе атындағы көше

19-ғасырдың екінші жартысына дейін Өскемен қаласындағы тұрғын үй құрылыстары Орджоникидзе және Ушанов атындағы көшелер бойында аяқталды. Бұл қаланың шет жағы болды, одан әрі қарай Үлбі жақта құрылыс жүре бастады. 1899 ж. саяси жер аударылғандар А.К.Галимонт,  Е.П.Михаэлис, А.Н. Федоров, О.Ф. Костюриннің бастамасы бойынша бос алаңдарда қалалық бақтарды салу  жұмыстары жүргізілді. Ағаштарды отырғызуға орманшылар қатысты. Бұл жұмыстар 1903 жылға  дейін  жалғасты. Отырғызатын ағаштар – теректер, долана  мен  алма  ағашы қаладан  тыс  жерде  жақсы жемісті бау – бақшасы  бар,  әскери  дәрігер  Вистениустан  алып  отырды.  Вистениус  өзінің  осы  тамаша  бау-бақшасын  кейін  Панкратьевке  сыйға  берді. Бау-бақшаға ешкім қарамағандықтан баяу өсті. Оның аумағында мал бақты, өрт сөндіру топтарының  қызметшілері жылқыларға шөп шауып алып отырды. Қалаға келген бір артист бақты көргеннен кейін, ол Өскеменде бақтың орынында үш бұта мен шөп шөмелесі ғана қалды деп қалжыңдай әңгімеледі. Қалалық баққа қарасты қазіргі Ушанов және Орджоникидзе атындағы көшелердің бұрышында орналасқан базарда шөп, кесілген ағаштар, мал, дәнді-дақылдар, ұн, көмір сату қызу жүзеге асты. Осыдан кейін Сенной қиылысы аталып кетті. Мұнда жыл бойы шөп және отын, керосин мен әктас, құстар мен малдарды таситын арбалар келіп тұрды. Ол қаладағы лас қиылыстардың бірі болды. Бұрыштағы үйдің көшесінде Өскемендік Совдептің болашақ төрайымы Я.В.Ушановтың әкесі В.И.Ушановтың қонақ үйі орналасқан еді. Оның үйінде сауық кеші түрінде большевиктік ұйымдар мүшелерінің жасырын кездесулері өтіп отырды.

1937 ж. Сенной  қиылысы  кеңес өкіметінің көрнекті қайраткері Орджоникидзе  атындағы көше аталды.

Уақыт өте келе көшелер де өзгерді. Қалада ағаш үйлердің орынына көп қабатты тұрғын үйлер бой көтере бастады.

1959 ж. көше бойына трамвай жүруге арналған болаттан жасалған жолдар төселді.  Орджоникидзе атындағы көше бойындағы Үлбі көпірі арқылы жаяу жүргінші мен автокөліктер жүруге жол ашылды. Көшедегі жолдарға асфальт төселді. 1946 ж. Жамбылдың есімі берілген саябақ кеңейтіліп, абаттандырылған, әрі жасарған саябаққа айналды. Базардың орынына «Юбилейный» кең форматты кинотеатры салынды. Көшелер адам танымастай өзгерді: базар алаңдарының орнына саябақтар ашылып, оң жағында қазіргі заманға лайықты көп қабатты тұрғын үйлер салына бастады.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.