1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


Чистяков оқулары

Михаил Иванович Чистяков — XX ғасырдың өлкелік және республикалық әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі.  Оның шығармашылығы Кеңес Одағының, Шығыс Қазақстан Облысының құрылуы мен орнауының тарихымен байланысты.  Оның есімі «Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясына» енген, бай өмірлік тәжірибесі мен әдеби практикасы негізінде әдебиеттік салада  тұрақтаған немесе өз күштерін енді сынап жүрген көптеген авторлар шығармашылығы үшін негіз болды. 
М.И. Чистяков — КСРО жазушылар Одағының, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ҚР өнерінің еңбегі сіңген қайраткері, Қазақстан жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласының ардақты азаматы.  Ол 16 поэзия жинағының авторы, шығармашылығы туған өлкеге арналып жазылған көптеген туындыларды қамтиды.   Оның мұрасы Жазушы кафедрасы жұмысы аясында әдебиетшілерді, тіл мамандарын, өнертанушыларды, мәдениет танушыларды, библиографтарды, тарихшыларды оқытуға лайық. 
«Жазушы кафедрасы» жобасының ұзақмерзімді жобасы – қоғамды Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау мен дамыту, жинақтау, сақтау мәселелері, тілдік, мәдениеттанулық, тарихи және басқа әлеуметтік проблемаларды шешуде күшті біріктіруге мәдени-ағартушылық процеспен тарту.   Жазушы Кафедрасының негізгі қызметі: қоғамның мәдени және тарихи инициативасын дамыту; Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасы бойынша ақпараттық-ағартушылық қызмет; Шығыс Қазақстанның жаңа мәдениеттанулық жетістіктерін іске асыру бойынша делдалдық қызмет пен осы саладағы халықаралық тәжірибені қолдану; білім беру, ғылым, тіл білімі, әдебиет пен бүтіндей мәдениеттану саласында халықаралық байланысты дамыту.  
Соның ішінде Жазушы кафедрасының қызметі бағытталынады: 
1. Ақпараттық-ағартушылық бағдарламалар арқылы өлкенің жергілікті және кең ауқымды проблемаларын шешуге білім алып жүрген колледж мен университеттің студенттері, сондай-ақ қала азаматтарының қызығушылық деңгейін көтеру. 
2. Кеңес беретін  қызмет көрсету.
3. ШҚО мәдениет мұрасын сақтау саласында зерттеу және мәдениеттанулық өңдеу қызметтерін көрсету. 
4.Оқушылардың, әртүрлі ғылым және мәдениеттану ұйымдарының өкілдерінің, әкімшілік органдар мен облыс қоғамдықтарының ақпараттық білім өрісін кеңейту. 
5.Университеттің білім беру, ғылым мен ШҚО мәдени мұрасы саласында халықаралық байланысты дамыту және нығайту. 
6. Жазушы Кафедрасының қызметі өңірдің мәдени мұрасын насихаттау мен дамыту, толтыру, сақтау проблемаларына қоғамның, мемлекеттік, тарихи-мәдени және басқа құрылымдардың мүддесін көтеруге бағытталынған. 
Жоғарыда көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды іске асыру барысында келесі негізгі бағыттар еске алынады: ШҚО авторлары мен мәдени қайраткерлерімен шығармашылық кездесу өткізу; жыл сайынғы өлкелік «Чистяков оқулары» семинарын өткізу арқылы М.Чистяковтың шығармасын зерттеу; өлкелік кітапхананы қалыптастыру; тақырыптық кештер мен көрмелерді ұйымдастыру; халықаралық конференциялар, симозиумдар өткізу; баспа қызметі.  Осы жобаның ұзақ мерзімді іске асуы отандық және шетел кітапханалармен, мұражайлармен, білім беру және мәдени мекемелермен ынтымақтастың барлық мүмкін формаларын кеңейтуге Жазушы кафедрасының қызметінің спектрі, жоба мақсаты ретінде, мүмкіндік береді.  
Өлкелік семинардың идеяларының дамуына сіздің қатысқаныңыз бен қосқан үлесіңіз үшін рахмет айтамыз.

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА  академигі

Е. Мамбетказиев
// Чистяков оқулары.- У-Ка.- ҚАЕУ.- 2007.- Б. 3-4.

ҚАЕУ-де АҚЫН М.И. ЧИСТЯКОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
Мне 6 достичь перевала
До закатного дня,
Чтоб тропинка осталась
На земле от меня,
- деп ақын Михаил Чистяков армандаған.
Кез келген ақын үшін халық аузында тым болмағанда бір жол өлеңімен есте қалса, сол  үлкен құрмет.  Ақын  Чистяков тірі кезінде-ақ құрметке бөленген. Оны өлген соң да ұмыту мүмкін емес. 2007 жылдан бастап Қазақстан-Американ Еркін Университетінде «Чистяков оқулары» өткізіліп тұрады. 
12 сәуірде Тәуелсіздік даңғылында орналасқан ҚАЕУ жаңа ғимаратында адам көп жиналып,  салтанатты безендірілген.  Қазақстан-Американ Еркін Университеті және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен оқытушылары, ҚАЕУ колледжі мен лицейінің, қала мен облыс мектептерінің оқушылары мен оқытушылары, мұражай мен мұрағаттың өкілдері, американдық қонақтар, ақынның достары мен Михаил Чистяков шығармасын сүюшілер ақынды еске алу күніне арналған өлкелік семинарға жиналды.  
«Өлкелік мәдениет — бұл Михаил Чистяковтың, Анатолий Ивановтың, Евгений Курдаковтың, Семен Анисимовтың, Ұлықбек Есдаулетовтің, Қасым Қайсеновтің, Павел Васильевтің, Михаил Иванусьевтің, Георгий Гребенщиковтың, Оралхан Бөкейдің, Владлен Шустерэтоның және тағы да басқалардың  мұрасы.   Бұл - Шығыс Қазақстанның өткені мен бүгінгісі, біздің ескерткішіміз.   Біздің міндетіміз өлкелік мұраны, тарих пен мәдениетке деген қарым-қатынасымыз бен біздің істерімізден үлгі тұтып, үйренуге құштар келер ұрпаққа, біздің балаларымызға мұраны ары қарай тапсыру, жеткізу». Бұл сөздер ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мамбетказиевтің семинарды ашарда сөйлеген сөзі еді.  
Осы сөзді Қазақстанның композиторлар Одағының мүшесі Игорь Кабанов қолдап, жалғастырды.  Авторлық орындауда ертіс өлкесінің ақынының өлеңіне жазылған  әндер орындалды. 
40 шақты қаланың мектептерінен қатысқан көркем сөз оқушылары ерекше назарды аударды.  Әрбір өлең сайысқа қатысушылардың керемет әртістілікке, мәнерлілікке, сезімге толы  шағын спектакль іспеттес орындалды.   Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды  Эрик Тойбазаров (№ 38 мектеп-гимназиясы) пен Станислав Пяк (№9 орта мектеп); екінші орынды Ілиясова Айжан (№3 мектеп-гимназиясы) мен   Үркімбаева Бақытгүл (№44 орта мектеп) бөліссе; үшінші орын  Жанұзақова Альмира (№36 орта мектеп) мен Сафонов Викторға (№26 орта мектеп) берілді. Жүлделі орындар алған қатысушылар грамотамен марапатталынды. Көрермендер көзайымы №34 мектеп-лицейінгің оқушысы Марина Толочкоға ұсынылды. 
Өлкелік семинар бірнеше бағытта жұмыс істеді.   Михаил Иванович Чистяковтың мұрасын зерттеуге арналған бірінші секцияда ақынның достары мен шәкірттерінің естеліктері, оның шығармашылығына талдау бойынша мектеп оқушыларының баяндамалары оқылды. Чистяков отбасысының жақын досы Валентина Федоровна Гусева ақын шығармаларын арнап жазған ақынның достары туралы әңгімелеп берді.  М.И. Чистяковтың оқушысы Наталья Матвееваның әңгімесі басқаларға таныс емес ақынның басқа қырынан ашып көрсетті.   Ақын Николай Герасимовпен жазылған жан тебірентер өлең жолдары ұстазы мен досына арналды.  Баяндамашылардың сөздері терең мазмұнымен қуантып, кейбіреуі презентация түрінде көріністі материалдармен қатар жүргізілді.  
Екінші секция Шығыс Қазақстанның өткен және бүгінгі мәселелеріне арналды.  Жастарды табиғат жайы, мәдени-тарихи аспектілер, өлке тарихы, геноцид, турист қызметінің болашағы сияқты қазіргі заманның өзекті мәселелері ойландырады. 
Үшінші мәселе өлкелік әдебиет мәселелеріне арналды. Е.Курдаковтың, П.Васильевтің, А.Ивановтың, В. Шустердің, Г.Гребенщиковтың шығармаларына жасалған зерттеулер, шығармалары Кенді Алтаймен байланысты басқа авторлардың жұмыстары ұсынылды.  
«Чистяков оқулары» өлкелік мұраға жастардың қаншалықты қызығатынын танытты.
Семинарды ұйымдастыру комитеті қатысушылардың жұмыстарын сертификаттармен атап өтті: мектеп оқушыларын - «Өлкелік семинарға қатысқаны үшін», мұғалімдерге - «Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді дамытуға қосқан үлесі үшін», өлкелік мұраны зерттеген атақты оқымыстылар мен қайраткерлерге  - «Өлкелік мәденеттің дамуына қосқан үлесі үшін». Өлкелік семинарға қатысқан  оқушылар мен оқытушылардың мектебінің директорларына «Чистяков оқулары» семинарына қатысқаны және өлкелік мәдениетті қалыптастыру мен дамыту проблемаларына қосқан идеялары үшін алғыс хаттар жіберілді. 
Ақын Чистяковтың көрінбейтін елесі бүкіл семинар бойы сезіліп тұрды.  Михаил Ивановичтің өсіп келе жатқан ұрпақ үшін қуанып, мақтаныш тұтқаны сөзсіз.   Ақынның арамыздан кеткеніне екі жыл болды, бірақ  адамның жүректерін тебірентпей қоймайтын оның өлеңдерін ешкім де ұмытпайды. 

// Мәдениет жаршысы.- 2008.- № 5.- бет 3-4.


Семинар қорытындысы бойынша жыл сайын «Чистяковские чтения. Материалы регионального семинара» жинағы шығарылады.  Мақалалар  тақырыбы тек қана  Михаил Иванович Чистяковтың мұрасына ғана емес, сонымен қатар Шығыс Қазақстанның бүгінгі және қазіргі проблемаларына, өлкелік әдебиеттің мәселелерін қамтиды. 
Жинақтардың материалдары ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары мен студенттердің профессорлық-оқытушылық құрамына, білім беру мен мәдениет қызметкерлеріне, көпшілік қауымға арналған.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.