Жүнісов Уатхан

1954 жылғы 27 маусымда Зайсан ауданының Жарсу ауылында дүниеге келген.
Өскемен қаласындағы музыкалық училищесінің халық аспаптар бөлімінің домбыра класында оқып, Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында Қазақ КСР-нің халық әртісі Бақыт Қарабалинадан дәріс алған.
Өскемен музыка училищесінде қазақ халық аспаптар бөлімін ашуда көп еңбек етті: домбыра-тенор, шертер, қобыз-прима, қыл қобыз сыныптарын ашып, қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды.
«Ұланым» (2008), «Ұстазға арнау» (2009), «Домбыра аспабында ойнау шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар» (2010) ән-күй жинақтарының авторы.
С.Аманжолов атындағы ЩҚМУ-де оқытушы қызметін атқарады. ҚР Музыка қайраткерлері одағының, ҚР Композиторлар одағының Өңірлік өкілеттігінің мүшесі.
30 шақты әндердің және 5 күйдің авторы.

  Музыкальное искусство - Певцы и композиторы


Яндекс.Метрика