Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!

Фоторепортаж
5-ші жұлдызында сағат 14:00-де Оралхан Бөкей атындағы кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Мүсілім Құмарбекұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Алтайдың ардагері» атты облыстық ақындар мүшайрасы өтеді. Жырсүйер қауымды кітапханамызда күтеміз!

Жыр мүшайрасының мақсаты:

- Жазушы Мүсілім Құмарбекұлының өмірі мен шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау;
- жас ақындарға қолдау көрсету, ынталандыру, шеберліктерін шыңдау;
- өлке әдебиетін дәріптеу.

Мүшәйраның талаптары мен шарттары:

- мүшәйраға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
- шығармалар төмендегідей 2 тақырыпта болуы керек:
1. Мүсілім Құмарбекұлына арнау өлең;
2. Еркін тақырып
- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;
- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
- қазылар алқасының алдын-ала іріктеуінен өткен үміткерлер қорытынды шараға қатысады.

Мүшәйраның кезеңдері

- Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы барлық қабылданған шығармаларды саралап, ақтық сынға шығатын үміткерлерді іріктейді.
- Ақтық кезеңге іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатысып, өз шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу арқылы өнерлерін көрсетеді.
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
- шығарманың идеялық мазмұнына;
- туындының көркемдік сапасына;
- тақырыптың ашылуына.

Мүшәйраға қатысу
Мүшәйраға қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, шығармалары 2019 жылдың 21 ақпанына дейін Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек электронды поштасына жіберілуі керек.

  Новости - Новости


Яндекс.Метрика