1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Кітап - білім бұлағы» облыстық байқау өтті

Фоторепортаж 
Күн сәулесін молынан төккен көктемнің елжіреген тәуір күнінің бірі – 12 сәуірде Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана балалардың әдебиет әдебиет әлеміне айналып, ән-күйге бөленді. Олай дейтініміз, бұл күні аймақтың 17 өңірінен келген дарынды ұл-қыздардың қатысуымен «Кітап - білім бұлағы» атты байқау өтті. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «Тәрбие және білім» атты ішкі бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы ұйымдастырған бұл байқау Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өткізген «Балалар және жасөспірімдер кітабы  апталығының» аяқталуымен тұспа-тұс келіп, осылайша үлкен мерекеге ұласты. Шаралардың  мақсаты - балаларды кітап оқуға тарту  және кітапты насихаттау. 17 ауданнан келген балалар клубтарының ұжымы сынақ барысында өздерін таныстырып (ұрандары, әнұрандары, эмблемалары), авторлық өлеңдерін оқыды. Сонымен бірге, өздері дайындаған  бейнефильмдер мен электрондық кітап көрмелерін көрсетті. Қорытындысында, қазылар алқасы байқау бөлімдері бойынша ерекше дарын қабілеттерін көрсеткен озық дарындарды анықтап, жеңімпаздар арнайы орындармен марапатталды. Сонымен  бірге, барлық қатысушыларға ең бағалы сыйлық – кітаптар тарту етілді.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.