1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Амал келді – жыл келді!»

Фоторепортаж

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз да келіп жетті. Жыл сайын 14-наурызда жергілікті халық сағына күтетін бірден - бір дәстүр - Көрісу мейрамы аталып өтіледі. Осыған орай, 14 наурыз күні сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Амал келді – Жыл келді!» атты наурыз мейрамы өткізіледі. Мейрам меймандарын құрметпен қарсы алып,  көрісу жоралғысымен басталатын шара мерекелік арнаумен ашылады. Осыдан кейін мерекеге келген қауым кітапхана бөлімдеріндегі түрлі көрмелермен және іс-шаралардың өту барысымен танысады. Мәселен, кітапхананың «Өлкетану бөлімінде» ұйымдастырылатын «БиблиоАрбат» атты шарада кәсіби  суретшілер Әділбек Қуаныш, Елена Брагина және Ерлан Манияров  әр адамның суретін қолма-қол салып беру арқылы  дарынын паш етеді. Көңілі қалаған әркім өз суретін салғызып алуына болады. Ал, оқу залындағы «Шеберлер қалашығында»  қуыршақ  жасау, балалар дизайны, ірімшік дайындау, киізден, ағаштан бұйымдар жасау және «Мэнди - қынамен өрнек салу» бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылса, «Бард» жастар ансамблі өз өнер тартуларымен көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кітапхананың Балалар бөлімінде балалар кітабын дайындау және кітапты түрлі-түсті суреттермен көркемдеу бойынша шеберлік сабақтары және үстел ойындары бойынша жарыстар өткізіледі. Кітапхананың қонақжай бөлмесінде ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме өткізіледі. Ал абонемент бөлімінде жұртшылық назарына көздің жауын алар шегіргүлдер (фиалка) көрмесі және «Айка» тамақ өнімдері ұсынылатын болады.  Осындай қызықтарға толы мереке барысында  естелік ретінде сэлфи жасау үшін де арнайы бұрыш ұйымдастырылған. Мейрамның әлқиссасы ұлттық ойын «Жамбы атумен» жалғасады.  «Наурыз жұлдызы» атты жұптасып ән айту байқауынан кейін «Ақсүйек» квест ойыны өткізіледі. Осындай тамашаларға толы  Наурыз мейрамы сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады. Келіңіздер, көріңіздер!

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.