1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112



«Мен өлкемді зерттеймін» қалалық байқауы

Фоторепортаж
25 сәуір күні сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Білім беру ісінің ардагері, ұстаз-ақын Төлеген Рақымжанұлының шығармашылығына арналған «Мен өлкемді зерттеймін» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтеді.

Толығырақ ...



«Рахмет айтамын!» балалар сурет байқауы.

1 наурыз «Алғыс айту» күні. Бұл күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі. (Н. Ә. Назарбаев)Атаулы мерекеге орай «Рахмет айтамын!» атты балалар арасындағы сурет байқауын жариялаймыз. Суреттер 28 ақпанға дейін қабылданады. Байқау қорытындысы наурыз айының бірінші жұлдызында шығарылады.

Толығырақ ...



«Дала бояуы» киізден жасалған бұйымдар көрмсі

Фоторепортаж
1 наурыз күні сағат 11.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Дала бояуы» атты киізден жасалған жұмыстардан тұратын көрменің ашылу салтанаты өтеді.Жанат Дәулетханқызы - Қазақстандағы және шетелдегі жергілікті қолөнершілердің мәртебесін көтеру,

Толығырақ...



Кітап тұсаукесеріне шақырамыз!

Фоторепортаж

1 наурыз күні сағат 15-00-де Орталық қалалық кітапхананың қонақжай бөлмесінде Шәкерхан Әзмұханбетовтің «Я таким вижу мир» кітабының тұсаукесері өтеді. «Рудный Алтай» газетінің 100 жылдығына арналған жинақта журналистің соңғы он жылда жарық көрген мақалалары қамтылған.

Толығырақ...



«Jastar. Play. Party»

Фоторепортаж
Бүгінде үстел ойындары жастардың бос уақытын қамтуда маңызды орын алады! Сондықтан біз сіздерге бас қосуға, бос уақытыңызды тамаша адамдармен өткізуге және қызықты ойындар ойнауға шақырамыз. Қаламыздағы барлық жастарды 22 ақпан күні сағат 18.00-22.00 аралығында  Орталық қалалық кітапханада  өтетін (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Jastar. Play. Party» атты үстел ойындарын ойнауға шақырамыз.



Құрметті өнерсүйер қауым!

Фоторепортаж

20 ақпан күні сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Жастар жылының» аясында Шығыстың дарынды ұлы, көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық және халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, әнші, филология ғылымдарының магистрі, Республикалық «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы Ғылымхал Манайұлымен болатын әдеби-сазды кездесу кешіне шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.