1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112



«Оралхан Бөкейдің рухани әлемі»

Фоторепортаж
Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Оралхан Бөкейдің рухани әлемі» атты ғылыми конференция өтті. Конференция барысында жазушы Асқар Алтай, Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкейқызы, өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушысы, ф. ғ. д, профессор Картаева Айжан Маратбекқызы, жазушы, журналист Әлібек Қаңтарбаев, т. б жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысып, баяндама жасады.



«Даланың сазды әуендері»

Фоторепортаж
Музыка - адамның жандүниесін баурап, тәтті қиялдарға қанат қақтыратын сыйқырлы күш. Сонымен бірге, ұлттың мәдениеті мен өнер тарихынан ақпарат беретін  тарихи қазына. Әр ұлттың өз музыкалық мұрасы бар. Музыканың құдіреті сол - әуенмен әрлеген суреттерге жан бітіп, деректер мен сандар сөйлеп кеткендей болады... Музыка – сан ұлттарды бір-бірімен ынтымақтастыратын достық дәнекері.

Толығырақ...



«Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»

Фоторепортаж
Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана жанынан құрылған «Шабыт» ақындар орталығы  мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің химия кафедрасы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты қалалық ақындар мүшәйрасы мәреге жетті. Жыр сайысында оза шапқан Жаңбаев Естай бірінші орынды иеленді. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Ақбота Аманбекова ІІ орынды, Қазақстан Америка Еркіндік университетінің студенті Тасқынбек құндыз ІІІ орынды жеңіп алды. Сонымен С. Аманжолов атындағы арнаулы жүлдені Данагүл Исағұлұқызы иеленді. Тағыда бір арнаулы жүлдені Амирханова Балаусаның қанжығасына байланды. Өлеңмен өрнектелген өрелі кеш болды.



«Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлеріне виртуалды саяхат»

Фоторепортаж
Әрбір елде тұратын кез келген ұлттың қасиетті орындары, маңызды тарихи немесе мифологиялық нысандары болады. Олар осы мемлекетте тұратын әрбір ұлтты түсіну және олардың тарихын зерделеу үшін өте маңызды. Бұл орындар  адамды жеріне, елінің ежелгі мәдениетіне деген құрметке баулитын  қасиетке ие. 12 желтоқсанда Орталық қалалық кітапханада «Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлеріне виртуалды саяхат» атты шара өтеді.

 

Толығырақ...



«Оралхан Бөкейдің рухани әлемі» атты кешенді шараға шақырамыз

Жүйелі ойды, киелі сөзбен көмкеріп, көңіл астарындағы ақиқатты сөз семсері етіп сермеп, орамды ойын қаламмен өрнектеген Өр Алтайдың асқақ жазушысы Оралхан Бөкейдің 75 жылдық мерейтойы Өскемен қаласында да жыл көлемінде аталып өтті.
Ағымдағы жылы Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің мерейтойына орай кешенді шаралар ұйымдастырылды. 

Толығырақ...



Тәуелсіздік күніне – жаңа деректі фильм!

Фоторепортаж
Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Сіздерді «Real-time»  студиясы дайындаған «Ширек ғасырлық жол» атты киношежірені көруге  шақырады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған деректі фильмде Шығыс Қазақстан аймағының тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық даму жолдары және Елбасының облысымызға әр жылдары келген сапарлары туралы  түсірілген бейнематериалдармен танысатын боласыздар.  

Толығырақ...



Группа «Пульс»

Фоторепортаж
2018 жылдың 5 желтоқсанында Орталық қалалық кітапханада (Е.Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Пульс» мектеп кітапханашылары шығармашылық тобының мүшелері «Звено Алтая» облыстық әдеби бірлестігінің жетекшісі Матвеева Наталья Семеновнамен кездесу өткізді.  Кітапханашы-өлкетанушылар поэзия патшалығына саяхат жасап, өлең тыңдады, ақынның шығармашылық жұмысына қызығушылық танытып, жаңа аймақтық басылымдармен танысты.
Тартымды сұхбатқа толы кездесу қызықты өтті.



День библиотекаря

Фоторепортаж
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» - дейді. Бүгін Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері мерейлі төл мерекесін атап өтті. Жыл сайын өтіп келе жатқан дәстүрлі кәсіби сайыстардың қорытындысы шығарылып, жылдың үздік кітапханашылары мен кітапханалары марапатталды. Рухани қазандықтың құлағын ұстаған кітапханашылар күні құтты болсын!

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.