1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


"Оқырмандар конференциясы"

Кейінгі кезде кітапханада оқырмандармен өткізілетін мәдени шаралар түрі жыл санап молайып келе жатыр. Олай болуы да тиіс. Өйткені қазіргі жаңа технология мумкіншіліктерін пайдалана отырып, өткізер шараны түрлендіруге жағдай жасалған. Дегенмен әлі де болса өз мәнін жоғалтпаған дәстурлі шаралардың негізгісі — оқырман конференциясы кейінгі уақытта қағажау қалып, оның орнын кітап тусаукесерлері, беташарлар, пікіралмасулар басып келеді. Сондықтан да оқырман конференциясы жайлы әріптестеріме ой тастап, жас мамандарға өз жұмыстарында пайдалану ушін әдістеме ретінде ұсынуды жөн көрдім.
Оқырман конференциясы — оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тындау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады.

Подробней...



ҚР рәміздері

 

 

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы

Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

ҚР Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 

ҚР Мемлекеттік Әнұраны

Музыкасы композитора Шамші Қалдаяковтікі, сөзі Жұмекен Нажимеденов пен Нұрсолтан Назарбаевтікі.

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Подстрочный перевод текста Государственного гимна Республики Казахстан:

В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности
Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.



Орталық қалалық кітапхана

Жиенбекова Жанат Маутқызы

8 (7232) 25-03-64; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы 22

Орталық қалалық кітапханада  2019-жылдың 1-31 мамыр аралығында өткізілетін шаралар жоспары

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 03.05.2019 14:00 «Қазақ Гвардиясы – кеше, бүгін, ертең. Казахстанская Гвардия: вчера, сегодня, завтра». Встреча с воинами в/ч Ахмирова.
2 03.05.2019 14:00 «Ту тіккен Рақымжан». Еске алу кеші. (Халық батыры Р. Қошқарбаевтың туғанына 95 жыл).
3 14.05.2019 10:00 «Помним мы – будут помнить нас». Квест.
4 15.05.2019 15:00 «На стройке молодости нашей».  Жастар форумы. (К 55-летию студенческого строительного движения молодежи).
5 17.05.2019 15:00 «PERSONA». Кездесу-диалог. ( молодых предпринимателей, с Бизнес-ментором А. Карнилович).
6 17.05.2019 14:00 «Это знать необходимо!».  Ақпарат сағаты.(С участием специалистов «СПИД центра»).
7 22.05.2019 15:00 «Жастар және экстремизм. Молодежь и экстремизм». Пікір алмасу.  (Со специалистом Департамента по делам религии).
8 30.05.2019 14:00 «Без ощущения вины...». Тарихи есімдер сағаты. (О музейно-мемориальном комплексе «Алжир»).
9 15.05.2019 14:00 «Ғалым жолы». Ақпараттық сағат.  (Лингвисту-тюркологу А. Аманжолову – 80 лет).

Орталық қалалық кітапханада  2019-жылдың 1-31 мамыр аралығында өткізілетін клубтар жоспары

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 02.03.2019 14:00 Заседание Литобъединения «Звено Алтая»


Орталық балалар кітапханасы

Гаврюш Оксана Владимировна
8 (7232) 26-26-43; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
М. Горький көшесі, 54

Орталық қалалық балалар кітапханасы  2019-жылдың 1-31 мамыр аралығында өткізілетін шаралар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 06.05.2019 12:00 «Ерлер – жердің  қорғаны, елдің тұтқасы». Интеллектуалды шоу.
2 06.05.2019 13:00 «Этих дней не смолкнет слава». Поэзия сағаты.
3 08.05.2019 10:00 «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды». Тарихи кеш.
4 15.05.2019 15:00 «Заповедные места Казахстана».  Вирткалды саяхат.
5 22.05.2019 15:00 «На добрый привет – добрый ответ».  Мейірімділік сағаты.


Шараларды өткізу мерзімдері мен уақыттары өзгеруі мүмкін.
Хабарласып, ақпаратты нақтылаңыздар!

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.