1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Кирилл и Мефодий – славянские первоучители»

«Кирилл и Мефодий – славянские первоучители»

24 мамыр күні №1кітапхана бөлімшесінде (Сәтпаева, 14) Славян жазуы мен мәдениетінің күніне орай  оқырмандар үшін «Кирилл и Мефодий – славянские первоучители», атты виртуалды көрме ұйымдастырдық. Көрмеде тарихи құжаттар, фото суреттер, кітапхана қорындағы бар әдебиеттер орын алды. Бауырлар алғашқы славян әліппесін жасады және діни мінәжаттық кітаптарды славян тіліне аударды. Осылайша славян жазуы мәдениетінің негізі қаланды.



«Теңіз мысығы» және «Жылқы жылы»

Игровой турнир

№9 кітапхана-бөлімшесіне (Сатпаева 16/2) кішкентай  және орта топ  мектеп жасындағы баларға арналған заманауи ойындар сатып алынды. Жаңа ойындардың көмегімен кітапхана ЖМК мөлтекауданының балаларымен ойын-турнирлерін жүргізді. Жарысқа қатысушылар 6-12 жас аралығындағы балалар. Турнир балаларды кітапханаға кітап оқуға  шақыру мақсатын көздеді. Ойындар жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілді.

Подробней...



«Лесные полянки»

«Лесные полянки»

Мамыр күні  № 9 кітапханада (Сатпаев 16/2) В. Бианканың 120  жылдығына арналған «Лесные полянки» атты сайыс іс-шарасы өткізілді. Іс-шара танымдық-ойын түрінде жүргізілді. Кітапхана қонақтары №24 орта мектептің 2 «б»  сынып оқушылары, оларды Түлкі мен Қоян қарсы алды.  Оқушылар жазушының өмірбаянымен танысып, кітаптарына шолу жасалынды.

Подробней...



«Орыс сөздерінің жұмбақтары»

«Загадки русских слов»

2014 жылыдың 22 мамырында №13 орта мектебінің 7-ші сынып оқушыларына №6 кітапхана-филиалында (Островски, 8) №13 орта мектебінің қатысушыларына Славян жазуы мен мәдениет күніне «Орыс сөздерінің жұмбақтары» атты библио-ойын  ұйымдастырылды. Іс-шараның басында қатысушылар, жазудың пайда болыуымен қасиетті Кирилл және Мефодия ағартушылары жайлы мағұлмат алды.

Подробней...



«В стране естественных наук»

«В стране естественных наук»

21.05.14 ж.  № 10 кітапхана-бөлімшесінде (Меновное ауылы, М. Горький көшесі, 11) Меновное орта мектебінің 6-7 сынып оқушыларына кітап қорын насихаттау мини-конкурсы бойынша «В стране естественных наук» атты ойын саяхат өтті. Бұл іс-шараның мақсаты оқырмандарды ескерілмей қалған кітаптармен таныстыру.

Подробней...



«Сначала Аз да Буки, а потом и науки»

«Сначала Аз да Буки, а потом и науки»

2014 жылдың 22 мамыр күні №2 кітапхана-бөлімшесінде (Гагарин бульвары, 24) №7 орта мектептің 4 сынып оқушылары үшін «Сначала Аз да Буки, а потом и науки» слайдты сабақ өткізілді. Балалар славян жазуымен, әліппесімен, Кирилл мен Мефодий ағартушыларымен танысты. Олар славян тілінде сөйлемдер оқып, мақалдар құрастырды.  «Письмена из далеких времен»  ашық көрсетілімінен кітаптар қарады.



«Сіз оқыған кітап жалғасын тапсын!»

«Прочитал книгу - отпусти ее на волю!»

Буккросинг - бұл оқырмандарды әсіресе жастарды кітапханға тартудағы заманауи әдіс.  Буккросинг - бұл халықаралық кітап айналымы, кітап бостандығы. Кітапты иесінен босатып, кітапқа бостандық беру. Осы мақсатта № 1 кітапхана-бөлімшесінде  «Сіз оқыған кітап жалғасын тапсын!» - атты көрме ұйымдастырылды.

Подробней...



«Кітап оқыған қандай керемет»

«Как хорошо уметь читать»

2014 жылдың 21 мамыр күні №2 кітапхана-бөлімшесінде  №7 орта мектептің даярлық сыныбының балалары үшін «Кітап оқыған қандай керемет» тақырыбына мереке өткізілді. Балаларға ертегілер бойынша викториналар, «Ертегіні тап» ребусы, «Ертегі» сөзжұмбағы ұсынылды.   Балалар ертегі кейіпкерлердің пазлдарын құрастырды және театрландырылған ойындарға қатысты. Олар мерекеден соң «Лукошко сказок» кітап көрмесінен ертегілерді оқыды.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.