1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!



Құрметті пайдаланушылар!

Ұлыстың Ұлы күні  құтты болсын!
Мемлекетіміз – тұғырлы, Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!
Әз-Наурыз әр қайсыңыздың шаңырағыңызға құт-береке әкелсін!
21, 22, 23 наурыз – мерекелік демалыс күндері кітапхана жұмыс істемейді
24, 25 наурыз – күнделікті жұмыс кестесі




«Инновационная деятельность в дошкольном образовательном учреждении»

19 қараша күні  №11 кітапхана-бөлімшесінде  (Косарева көшесі 34)  «Инновационная деятельность в дошкольном образовательном учреждении» атты ақапараттық семинар өтті. Семинарға  Өскемен қаласы әкімдігінің №2  балабақша және шағын орталықтын ұстаздары келіп қатысты. Ұстаздарды кітапханамыздың  электрондық ресурстарымызбен таныстырдық.

Подробней...



«Дүние әйелдер көзімен»

16 қараша күні № 1 кітапхана-бөлімшесінде (Сатпаев даңғ.,14)«Аружан» зиялы әйелдер клубының кезекті отырысы өтті. Өткізіліп жүрген «Дүние әйелдер көзімен» атты әңгімелер циклінің бірі Франция мемлекетіне арналды. Клуб мүшесі Е. Волобоева жұмыс бабымен Францияның Париж, Лион қалаларында болып, сапардан алған әсерлерімен әйелдерді таныстырды. Әңгіме слайд-шоу суреттермен көркемделді.



«Қазақстан Республикасының валюта күніне»

2014  жылдың  15 қараша күні № 8 кітапхана бөлімшесінде (Егорова - 12)  №23 орта мектептің  4 «Д» сынып  оқушыларының қатысуымен «Қазақстан  Республикасының валюта күніне» орай «Ақша – уақыт тынысы» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар  видеоролик көріп, сұрақтарға жауап бере отырып, ұпай жинады. Ойын соңында оқушылардың жинаған ұпайлары саналып жеңімпаз топ анықталды.



Ертегілер елінде

Күзгі каникул күндері 2014 жылдың 8 қарашасы күні №3 кітапхана бөлімшесінде (Промбаза, Геологическая, 24)  «Ертегілер елінде» тақырыбына электронды викторина өткізілді. Балалар  слайдты презентациялардан  қазақ және орыс ертегілерінің кейіпкерлері туралы викторинаны шешті. Сонымен қатар, олар   берілген сөзжұмбақтар мен ребустардың жауабын «Ерте, ерте, ертеде...» кітап көрмесінен ықыласпен таба алды. Шара соңында балаларға «Біздің сүйікті мультфильмдер» атты мультфильмдер топтамасын тамашалау ұсынылды.



«15 ноября - День тенге Республики Казахстан»

2014 жылдың 14 қарашасында №7 кітапхана – бөлімшесінде (Бажова, 343/3) 15 қарашаа Қазақстан Республикасының ұлттық теңге  күніне орай ақпараттық сағат болып өтті. Теңгенің пайда болуы, теңгеге дейнгі ақшалар туралы ақпараттар айтылды. Соңында электронды викторина болды.  Екі топқа бөлініп жарыса викториналық сұраққа жауап берді. Соңында ұлдар командасы жеңді.



«Алтын теңге»

2014 жылы  14-қарашада №6 кітапхана-филииалында (Островский,8)  №13 орта мектептің жоғары сынып  оқушыларына арналған  «Алтын теңге» атты ұлттық валюта күніне арналған шара өткізілді.  Оқушыларға теңгенің шығу тарихы, қолданысқа енуі туралы презентация көрсетілді. Соңында викториналық сұрақтарға жауап берді. Екі топқа бөлініп ақша туралы мақал-мәтелдер мен әр түрлі сұрақтарға жарыса жауап берді және де кім көп тиын жинайды ойыныны көздерін жабу арқылы ойнады.  Сонымен қатар «Теңге – дербестік тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.