1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!



Құрметті пайдаланушылар!

Ұлыстың Ұлы күні  құтты болсын!
Мемлекетіміз – тұғырлы, Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!
Әз-Наурыз әр қайсыңыздың шаңырағыңызға құт-береке әкелсін!
21, 22, 23 наурыз – мерекелік демалыс күндері кітапхана жұмыс істемейді
24, 25 наурыз – күнделікті жұмыс кестесі




«Jastar. Play. Party»

Фоторепортаж
Бүгінде үстел ойындары жастардың бос уақытын қамтуда маңызды орын алады! Сондықтан біз сіздерге бас қосуға, бос уақытыңызды тамаша адамдармен өткізуге және қызықты ойындар ойнауға шақырамыз. Қаламыздағы барлық жастарды 22 ақпан күні сағат 18.00-22.00 аралығында  Орталық қалалық кітапханада  өтетін (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Jastar. Play. Party» атты үстел ойындарын ойнауға шақырамыз.



Құрметті өнерсүйер қауым!

Фоторепортаж

20 ақпан күні сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Жастар жылының» аясында Шығыстың дарынды ұлы, көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық және халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, әнші, филология ғылымдарының магистрі, Республикалық «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы Ғылымхал Манайұлымен болатын әдеби-сазды кездесу кешіне шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер.



«Чтобы помнили…»

Фоторепортаж
2019 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, 20 ақпанда, сағат 12:00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.П Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Чтобы помнили…» тақырыбында ауған соғысына арналған әндер фестивалі өтеді.

Толығырақ ...



Новости Усть-Каменогорского Бард-Рок Клуба

Фоторепортаж
Вот и февральский концерт приближается! И парусник нашего клуба продолжает движение в Океане Бардов. И это замечательно - так уж сложилось, что, к примеру, в СНГ-рок-культуре первоосновы - всегда бардовские. Ждем всех желающих 16 февраля в 14.00 в библиотеке-филиале №2 (Бульвар Гагарина, 24) на концерте, в котором примут участие: Андрей Жданов, Алексей Порядин,

Толығырақ...



Акция «Махаббатпен кітап сыйла!»

Фоторепортаж
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні! Бұл күнтізбекке жаңадан қосылған тамаша мерекелердің  бірі. Бұл күні адамдар балаларына, жақын жандарына  кітап тарту етіп, қуанту арқылы рухани байлық сыйлайды. Біздің кітапхана дәл осы мереке кезінде Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу-тәрбие орталығына көмектесу үшін Сіздерді акцияға қатысуға шақырады! 

Толығырақ ...



Otbasy. Play. Paty.

Фоторепортаж
Бүгінгі күнде отбасылық қарым-қатынастың жеткіліксіздігі көп жағдайда сезіліп жатады, соның ішінде балалар мен ата-аналар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты ойын арқылы дамытудың маңызы зор. 10 ақпан күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Оралхан Бөкей атындағы кітапхана жас отбасыларды балаларымен, көңілді Отбасылық ойын орталығына қатысып, «Jenga», «3D ручки», «Magformers», «Монополия» және басқа да ойындарды ойнай отырып, тамаша көңіл-күйге бөленуге шақырады.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.