1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Акция «Махаббатпен кітап сыйла!»

Фоторепортаж
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні! Бұл күнтізбекке жаңадан қосылған тамаша мерекелердің  бірі. Бұл күні адамдар балаларына, жақын жандарына  кітап тарту етіп, қуанту арқылы рухани байлық сыйлайды. Біздің кітапхана дәл осы мереке кезінде Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу-тәрбие орталығына көмектесу үшін Сіздерді акцияға қатысуға шақырады! 

Толығырақ ...



Otbasy. Play. Paty.

Фоторепортаж
Бүгінгі күнде отбасылық қарым-қатынастың жеткіліксіздігі көп жағдайда сезіліп жатады, соның ішінде балалар мен ата-аналар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты ойын арқылы дамытудың маңызы зор. 10 ақпан күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Оралхан Бөкей атындағы кітапхана жас отбасыларды балаларымен, көңілді Отбасылық ойын орталығына қатысып, «Jenga», «3D ручки», «Magformers», «Монополия» және басқа да ойындарды ойнай отырып, тамаша көңіл-күйге бөленуге шақырады.

Толығырақ...



ІV қалалық «Ғабдуллин оқуы»

Фоторепортаж
2019 жылдың 8 ақпаны күні, сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада  (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының құрметті азаматы Серік Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған ІV қалалық «Ғабдуллин оқуы» өтеді. Байқауға қатысуға өтініштер мен шығармашылық жұмыстар 2019 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады (e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек немесе Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек ) Анықтама телефоны: 25-03-64 (Өлкетану бөлімі)

Толығырақ ...



«Экстремистер тұзағына түсіп қалудан сақтану»

Фоторепортаж
Бүгінгі күні экстремизм мен терроризм қазіргі әлемдегі аса қауіпті қатерлердің бірі. Осыған байланысты 2019 жылдың 7 ақпанында О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.Славский атындағыЕртіс Жағалауы, 22) «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Экстремистер тұзағына түсіп қалудан сақтану» тақырыбында Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж студенттерінің Шығыс Қазақстан облысы

Толығырақ ...



Мейірімділік жолымен жүрейік

Фоторепортаж
Осындай ұранмен 2019 жылы 6 ақпанда сағат 10.40-та біздің кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) өзін-өзі тану бойынша №17 орта мектептің 3 сынып оқушылары қатысатын «Мейірімділік жолымен жүрейік» атты сайыс өтеді. Ең лайықты жан жеңіске жететін біздің сайысқа барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!



Кітапханадағы е-gov қызметі

Фоторепортаж
Бүгінде заманауи технологиялар арқасында құжаттың бүкіл ағымы электронды түрге ауысып жатқаны баршаға аян. Және бұл өте ыңғайлы! Мысалы, бүгінде дәстүрлі қолтаңбаның баламасы ретінде ЭСҚ (электрондық сандық қолтаңба) пайдаланылады.

Толығырақ ...



«Ұлы даланың жеті қыры»

2019 жылдың 31 қаңтарында Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері үшін Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында әңгіме сағаты жүргізіледі. Шараға «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты М.Ш.Екібасова  қатысады.



«Шагаю по Москве»

26 қаңтарда сағат 14.00-де Елена Курбатованың әдеби-музыкалық шарасында ақын және режиссер Геннадий Шпаликов өнер көрсетеді. Өлеңмен өрнектеліп,  әнмен әрленетін кездесу кешіне сіздерді шақырамыз!
Орталық қалалық кітапхана (Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22).

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.