1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Праздник весны

Фоторепортаж
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы баршамызға құшақ жая келді. Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі. Жылжып жеткен жаңару мерекесі, көктем мерекесі Өскемен қаласында да кеңінен аталып өтілді. Осыған орай қаланың орталық алаңында өткен мерекеде Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана жыршылар байқауын өткізді.

Толығырақ...



«Амал келді – жыл келді!»

Фоторепортаж

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз да келіп жетті. Жыл сайын 14-наурызда жергілікті халық сағына күтетін бірден - бір дәстүр - Көрісу мейрамы аталып өтіледі. Осыған орай, 14 наурыз күні сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Амал келді – Жыл келді!»

Толығырақ...



Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!

Фоторепортаж
Наурыздың 5-ші жұлдызында сағат 14:00-де Оралхан Бөкей атындағы кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Мүсілім Құмарбекұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Алтайдың ардагері» атты облыстық ақындар мүшайрасы өтеді. Жырсүйер қауымды кітапханамызда күтеміз!

Толығырақ...



«Дала бояуы» киізден жасалған бұйымдар көрмсі

Фоторепортаж
1 наурыз күні сағат 11.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Дала бояуы» атты киізден жасалған жұмыстардан тұратын көрменің ашылу салтанаты өтеді.Жанат Дәулетханқызы - Қазақстандағы және шетелдегі жергілікті қолөнершілердің мәртебесін көтеру,

Толығырақ...



Кітап тұсаукесеріне шақырамыз!

Фоторепортаж

1 наурыз күні сағат 15-00-де Орталық қалалық кітапхананың қонақжай бөлмесінде Шәкерхан Әзмұханбетовтің «Я таким вижу мир» кітабының тұсаукесері өтеді. «Рудный Алтай» газетінің 100 жылдығына арналған жинақта журналистің соңғы он жылда жарық көрген мақалалары қамтылған.

Толығырақ...



«Рахмет айтамын!» балалар сурет байқауы.

1 наурыз «Алғыс айту» күні. Бұл күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі. (Н. Ә. Назарбаев)Атаулы мерекеге орай «Рахмет айтамын!» атты балалар арасындағы сурет байқауын жариялаймыз. Суреттер 28 ақпанға дейін қабылданады. Байқау қорытындысы наурыз айының бірінші жұлдызында шығарылады.

Толығырақ ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Кітап көрмесі

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.