Бибігүл Төлегенова

Әнші, Қазақстанның (1958) және КСРО (1967) халық артисі, Социалистік Еңбек Ері (1991).
1929 жылдың 16 желтоқсанында Семей қаласында дүниеге келген.
1954 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, Н.Н. Самышинаның ән класы бойынша) бітірген. Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. Өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі тұңғыш дәріс берген орыс жазушысы Г.И. Серебрякова (сол кезде Семей қаласында тұрған) болды.
1951 - 53 ж, Қазақрадионың, 1954 - 56 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрының, 1956 - 71 ж. Қазақ филармониясының әнші-солисі. Ал 1971 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында еңбек етеді.
1979 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен (профессор) шұғылданады. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері («Гауһар тас», "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Л.Д.Хамидидің "Бұлбұл", Е.Г.Брусиловскийдің "Қос қарлығаш", М.Төлебаевтың "Еске алу", С.Мұқамеджановтың "Көктем вальсі", Н.Тілендиевтің "Кел, еркем Алатауыма"), сондай-ақ П.И.Чайковский мен С.Б.Рахманиновтың романстары, Н.И.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыс Еуропа композиторларының (Т.Доннцетти, Э.Григ, Ф.Шуберт) вокалдық шығармалары бар.
Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді: опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Таңдаулы партиялары Жібек (Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде», Гүлбаршын (Е.Рахмадиевтің "Алпамысында"), Еңлік (Ғ.Жұбанованың "Еңлік - Кебегінде"), Джильда, Виолетта (Дж.Вердидің "Риголеттосы" мен «Травиатасында»), Церлина (В.А. Моцарттың "Дон-Жуанында"), Розина (Дж. Россинидің «Севиль шаштаразысында"), т.б. Ол «Дала қызы», "Біздің сүйікті дәрігер», "Бұл Шұғылада болған еді", «Тақиялы періште», т.б. фильмдерінде өз замандастарының   образын жасады. Гастрольдік сапармен Польша, Чехия, Үндістан, Алжир

  Музыкальное искусство - Певцы и композиторы


Яндекс.Метрика