1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


Персоналии

Әлібек Асқаров
Әлібек Асқаров 1951 жылы 24 қаңтарда Катонқарағай ауданындағы Екіаша қыстағында дүниеге келген.
Алматы көркемсурет училищесін, ҚазМУ-нің журналистика факультетін бітірген. 1975-1986 жж. «Білім және еңбек»  журналының көркемдеуші редакторы, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болды.
1986-1991 жж. «Өнер» баспасының Бас редакторы, 1991-1993 жж. ҚР Президенті мен Министрлер кабинеті аппараты Ішкі саясат бөлімінің аға референті, 1993 ж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары болып істеді.
1998 жылдан ҚР Ақпарат министрлігінің Баспа және полиграфия департаментінің директоры болып қызмет істеді. Қазір Президент ақпаратының жауапты қызметкері.
«Құтмекен» (1979), «Тайга толғауы» (1981), «Жасыл әлемге саяхат» (1985), «Ерте түскен бозқырау» (1989), «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» (1999), «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» (2003), «Көккөлге саяхат» кітаптарының авторы.
Әңгіме, повестері «Родники рождаются в горах» деген атпен орыс тілінде жарық көрді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Төлеухан Бияров
Төлеухан Бияров 1949 жылы Катонқарағай ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. Шыңғыстайдағы қазіргі Әбдікерім мектебінің түлегі. Ауылда жүрген кезінде Төлеуханның есімі ақын ретінде аудан мен облысқа жақсы танымал болды. Кейін ғылым жолын қуып, Алматыда тұрақтап қалды.
Төлеухан Бияров – физика-математика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан-Британ техникалық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің деканы болып, ғылымда өз ізін қалдырған танымал, белгілі ғалым болып еді.
1999 жылы «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген атпен жыр жинағы жарық көрген. Сол жылы жарыққа шыққан «Ағажай, Алтайдай жер қайда» атты өлеңдер жинағына өлеңдері енді. 2009 жылы «Төлеухан Бияров» атты өлеңдер, мақалалар, естеліктер жинағы шықты.
Профессор Төлеухан Бияров 2008 жылы бақилық болды.

Әлібек Қаңтарбаев
Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы - 1947 жылы 23 желтоқсанда Катонқарағай ауданындағы Топқайың ауылында дүниеге келген.
1970 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген соң ұзақ жылдар өз ауданындағы білім беру саласында қызмет еткен. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі».
1997 жылдан бастап ШҚ облыстық «Дидар» газетінде қызметте.
Әлібек Қалиұлы көркем әдебиеттің бар жанрында жазып жүрген қаламгер. Оның өлең топтамалары «Ағажай, Алтайдай жер қайда» (1999 ж.) жинағына енген. «Қыран ғұмыр» атты дастаны жеке кітап болып шыққан. 2001 жылы әңгіме, эссе, повесть, публицистикасының басын топтастырған «Сол бір кез есімде», 2005 жылы «Армандастар», 2007 жылы «Алаш азаматы», 2008 жылы «Досыма хат» кітаптары жарық көрген. 2005 жылы  «Армандастар» атты драмасы ШҚ облыстық Жамбыл атындағы театрында қойылды. 
Ақтан Нұрбаев
«Ел айтады Алтайдағы Ақтан ақын,
Мен емес белгілі ақын мақтанатын» - деп марқұм өзі айтқандай, ашаршылық, жоқшылық уақытта Катонқарағай ауданының Берел деген ауылында, кедей отбасында туып өскен. Әкесі Мұқтархан балалы-шағалы, арабша едәуір оқыған, қолынан молдалық та келген адам, Қаратай мен Семей руларының ішінде өте беделді болған.
Оқуға өте зерек Ақтан соғыс алдында Шыңғыстайдағы қазақ орта мектебінің 6 сыныбын бітіргеннен кейін, ата-анасына, өзінен кейінгі бауырларын асырауға болыспақ болып, қаршадай күнінен Көккөл деген кен орнына барып жұмыс істеген. Сол Көккөлде ол оншақты жыл жұмыс істеп, әкесі үш жарым жыл соғысқа қатысқан кезде өзінен кейінгі Зейнолла, Қадылбек, Амангелді, Долдаш сияқты інілерін оқытуға шешесіне болысады.
Шығыс Қазақстан облысының облыстық, аудандық газеттеріне Ақтан 30-40 жыл бойы үнемі өлең жазып, жариялатып өтті. Қаратай елін, төр Алтайын жанындай сүйіп, жырлап өтті. Ауыл ақыны Ақтанның өлеңдері, әрине, қара өлеңдер. Осы шумақтарда еліне, жеріне деген үлкен сүйіспеншіліктің өзі-ақ тебірентеді.
Ақтанның артында қалған 7-8 тәрбиелі, білімді балалары әкелерінң өлеңдерін жинап, баспаға өткізді. Ол өлеңдері «Сырымды айтам», «Айтып өткен ақында арман бар ма...» деген кітаптар болып басылып шықты. Өмірінің соңғы жылдарын Ақтан ақын Өскемен қаласының маңында өткізді. Ұзақ, ауыр науқастан қайтыс болар алдында, балалары мен бауырларына 500 шақырым жердегі Ақбұлақ өзенінің бойындағы Қарашоқы атанған атақты төбенің түбіндегі әкесінің жанына апарып жерлеуді тапсырыпты. Алтайдың ақ қар, көк мұзында Ақтан өзі көксеген, шыр етіп жерге түсіп, кіндік қаны тамған, өмір бойы өзі жырлап өткен атамекеніне 63 жасында апарып қойылды.

Төлеген Рақымжанұлы
Төлеген Рақымжанұлы 1938 жылы Катонқарағай ауданының Еңбек ауылында туған. 1956 жылы Шыңғыстай орта мектебін бітіріп, ҚазМУ-нің филология факультетіне оқуға түседі. Оны 1961 жылы аяқтап шығады. Жоғары оқу орнын бітірерде оның диплом жұмысының жетекшісі – академик Зейнолла Қабдолов, реценценті – ұлы Мұхтар Әуезовтің өзі болған екен.
1961 жылдан бері туып өскен ауылындағы мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарды. Ұстаздық жұмысының 38 жылдық еңбегінде алдынан шәкірт болып ауыл балаларының бірнеше буыны өтті.
Өлең жазумен мектеп жасынан айналысқан. Өлеңдері «Ағажай, Алтайдай жер қайда» атты жыр жинағына енген. Кейіннен «Буырқанған Бұқтырма», «Асылдарым» атты кітаптары болып басылып шыққан.
Төлеген Рақымжанұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы еді.
Төлеген Рақымжанұлы 2010 жылы о дүниелік болды.

Қайырды Назырбаев
Қайырды Назырбаев 1947 жылы Катонқарағай ауданының Таңба (Еңбек) ауылында дүниеге келген. Шыңғыстай орта мектебін бітірген. Кейіннен ҚазМУ-нің журналистика факультетін тәмәмдайды.
Орта мектептен соң аз уақыт шопан, мәдениет қызметкері, мұғалім болып істеп, 1968 жылдан бірыңғай журналистік қызметке бет бұрады. Күршім аудандық газетінде аудармашы, Шығыс Қазақстан облыстық газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, облыстық және аудандық радиода жауапты редактор, Катонқарағай аудандық «Арай» - «Луч» газетінде ұзақ жыл редактордың орынбасары, соңынан редакторы болып қызмет атқарды.
Қ.Назырбаевтың өлең, әңгімелері мектепте оқыған жылдардан бастап аудандық, облыстық газеттерді көптеп жарияланды. Кейіннен оның әдеби туындылары «Жұлдыз», «Қазақстан әйелдері», журналдары мен «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарық көрген.
Қ.Назырбаев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1998 жылы оның құрастыруымен «Алтайдың алтын алқасы» атты кітап Астанадан жарық көрді.
Қазір Астанадағы «Нұра-Астана» баспасының директоры.

Бақытжан Раисова
Бақытжан Раисова 1959 жылы Катонқарағай ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген.
1976 жылы орта мектепті бітіріп, ҚазМУ-ге оқуға түседі. 1981 жылы оны бітіріп, «Қазақ университеті» газетінде қызмет істейді.
Кейін туған ауданы - Катонқарағайдағы аудандық газетте аудармашы, аудан мектептерінде ұстаз болып жұмыс жасайды. Қазір Өскемендегі дарынды балаларға арналған Жамбыл метеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Бақытжан Раисова жас буынға сапалы  білім, саналы тәрбие беруді мақсат тұтқан ұстаз ғана емес, талантты ақын. Оның өлеңдері «Балауса», «Ағажай, Алтайдай жер қайда» атты топтама жинақтарда басылып, 2000 жылы «Ай мен Алтай» атты жинағы «Білім баспасында», ал «Сезім сәулесі»атты жинағы 2005 жылы, «Шағылға біткен шынармын» атты жыр жинағы 2009 жылы Астанадан басылып шықты.

Жәнібек Қызыр
Жәнібек Қызыр 1949 жылы Катонқарағай ауылында туған. 1966 жылы Е.П.Рыков атындағы Алтай орта мектебін бітірген соң еңбек жолын жүргізушіден бастайды. 1972 жылы аудандық «Арай» газетіне әдеби қызметкер болып орналасады. Содан бері ұзақ жылдар бойы осы редакцияда абыройлы қызмет жасап, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары міндеттерін атқарады. Қазір де сол аудандық газетте қызмет істеп жүр.
Жәнібек Қызыр Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Өлең жазумен мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ айналысқан. Өлеңдер топтамасы жетпісінші жылдардан бастап аудандық, облыстық газеттерде жарияланып келеді.
Өлеңдері «Ағажай, Алтайдай жер қайда» жыр жинағына енген. 2003 жылы қаламдас досы Қ.Назырбаев екеуі от ауызды, орақ тілді жерлестерінің шымшымаларын жинастырып, «Ел ішіндегі бірқақпайлар» атты кітапша шығарды. Жеңістің 60 жылдығына байланысты жерлестерінің Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі жайлы «Ерлік-дастан» атты жеке кітап құрастырып, оқырмандарына ұсынды. Ауданның 80 жылдығына орай оның құрастыруымен «Жер жаннаты – Катонқарағай» атты көркем әсемденген кітап та оқырмандар қолына тиді.  2009 жылы «Ақбұлақ» атты өлеңдері, толғаулары, поэмасы енген кітабы жарық көрді.
Ақынның «Елім менің», «Алтайымдай айбарлы», «Ақ құсым», «Алтайым» атты өлеңдеріне катонқарағайлық әнші-сазгер Қайратбек Сүлейменов ән жазса, «Катонқарағайды таныстыру», «Не пайда» атты толғауы мен термесі ел арасында айтылып жүр.


Шәмші Заутдин
Шәмші Шарафитдинұлы Заутдин 1947 жылы 9 маусымда Катонқарағай (бұрынғы Үлкен Нарын ауданы) ауданындағы Нұғыман ауылында дүниеге келген.Тұңғыш әдеби жолын Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы». қазіргі «Дидар») газетінде бастаған. Заутдин Шәмші – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жырлайды жүрек, сыздайды жүрек» деген атпен 2003 жылы жарық көрген. 2004 жылы «Сол бір түн» атты прозалық жинағы жарыққа шықты. Бұл жинақта сондай-ақ Заутдин Шәмшінің орыс тілінде жазылған жазылған әңгімелері, әзілдері бар.
Оның сырлы да ойлы жырлары әр алуан тақырыптарды қамтиды. Қияға қанат бітіріп, сезімге қозғау салар нәзік лирикалары, жүрекке жалын бере отты да өршіл өлеңдері оқырмандардан әр кез жоғары бағасын алуда.
Заутдин Шәмші – Алтай өңіріндегі елеулі ақындардың бірі.

 

Әзірлеген: Жұмағұлова Г.Д.- өлкетану ақпараттары орталығының жетекші маманы

 

Калихан Искаков - прозаик, драматург, киносценарист, уроженец Катон-Карагайского района нашей области.

Долгие годы работал в редакциях газет «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Мәдениет және турмыс». По его сценариям поставлены фильмы «Қараша қаздар қайтканда», «Охрана бастығы», а также фильм «Үшы қиырсыз жол» о казахстанском революционере Алиби Жангельдине. Искаков К. лауреат премии им. Г. Мусрепова. За долгие годы писательской работы награжден Почетной Грамотой Республики Казахстан.

Произведения К. Искакова

1 Ақсу – жер жаннаты: роман. – Алматы: Жазушы, 1989. – 523 б.

2 Бұқтырма сарыны: повестер. - Алматы: Жазушы, 1970. – 104 б.

3 Дос хикаясы: повестер. – Алматы: ҚМКӘБ, 1963

4 Жарық дүние: пьесалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 1983. – 288 б.

5 Қара орман: роман. - Алматы: Жазушы, 1981. – 232 б.

6 Қоңыр күз еді: роман, повестер. - Алматы: Жазушы, 1980. – 237 б.

7 Менің ағаларым: повестер. - Алматы: Жазушы, 1965. – 180 б.

8 Тұйық: роман. - Алматы: Жазушы, 1975. – 201 б.

 

 

Мусин Менгали Шаймарданович

Менгали Мусин родился в 1927 году.

По образованию - учитель русского языка и литературы, однако, большая часть его трудовой деятельности связана с журналистикой. Публиковался во многих союзных и республиканских изданиях.

Пишет на русском, казахском и татарском языках. Является первым в области лауреатом премии Павла Бажова. Герои его книг «Унесенные в небытие», «Репортаж из XX века» и «Птица Феникс" – его земляки.

Сейчас Менгали Шаймарданович на заслуженном отдыхе, но продолжает плодотворно работать над новыми книгами о своих современниках.

Произведения М. Ш. Мусина

1 Птица Феникс – “врага народа”: повесть о женщине былинного духа. – Усть-Каменогорск, 2001. – 324 с.

2 Не убавить. Не прибавить: повесть. - Усть-Каменогорск, 2001. – 324 с.

3 Репортаж из XX века: правдивые штрихи к истории г. Усть-Каменогорска. – Усть-Каменогорск, 1999. – 550 с.

4 Унесенные в небытие. – Усть-Каменогорск, 1998 . – 285 с.

5 Гольцева А. Бесценный репортаж из 20 века: презентация книги М. Ш. Мусина//Рудный Алтай. – 2000. – 8 апреля.

6 Шевченко В. «Репортаж из XX века»//Казахстанская правда. – 2000. – 13 января.

 

 

Бокеев Оралхан

Оралхан Бокеев родился 28 сентября 1943 г. в селе Чингистай Катон-Карагайского района. После окончания в 1961 г. Чингистайской средней школы им. Султанмахмута Торайгырова работал пионерским вожатым, а позднее - трактористом совхоза "Алтайский".

В 1968 г. заочно закончил Казахский государственный университет. Работал в редакциях Большенарымской районной газеты "Енбек туы" и Восточно-Казахстанской областной "Коммунизм туы". С 1968 года живет в Алма-Ате, работает в редакциях молодежной газеты "Лениншил жас" и журнала "Жулдуз". С 1991 года назначен главным редактором газеты "Казак адебиети". В литературу вошел стремительно, сразу же удивив непохожестью на других. Его первый сборник повестей и рассказов "Камчигер", изданный в Алма-Ате в 1970 г., принес начинающему писателю признание. "Все сюжеты моих повестей, рассказов навеяны воспоминаниями о родных местах, действительными событиями юношеских лет, - пишет О.Бокеев. Мои земляки казахи - люди цельных характеров, честных и открытых сердец. Словно завороженные, живут они в облюбованном предками пространстве. Преданные родным местам, мои земляки - гордые, трудолюбивые, доблестные и честные люди".

Вслед за первым сборником появились и другие: "Плеяды" (1971г.), "Где ты, жеребенок белолобый?" (1973 г.), "Ледниковые горы" (1975 г.). На русский язык переведены его сборники повестей и рассказов: "След молний" (1978 г.), "Поющие барханы" (1981 г.), "Крик" (1984 г.), "Поезда проходят мимо" (1985 г.), "Человек - Олень" (1987 г.).

Каждая строка книг О. Бокеева - признание в любви к родной земле. Его земля - это удивительный, своеобразный мир на самом востоке республики. Полноводная Бухтарма, хребты Алтая со снежной шапкой Белухи, стык равнины с предгорьями песчаных дюн с тайгой, верблюжьих троп с оленьими. Здесь истоки, корни, немеркнущие впечатления детства. Герои его произведений по происхождению, по роду занятий - коренные аульные жители: чабаны, табунщики, оленеводы, механизаторы, лесники, взрослые и совсем юные. Это люди с ярко выраженным национальным характером, своеобразным духовным строем. Мужчины и женщины, старые и молодые, грамотные и не очень, они все бьются над тайнами и загадками человеческого бытия, над вечным и роковым проблемами духа.

Природа у О. Бокеева - непременный и равноправный участник событий. Она вмешивается в жизнь героев, формирует характеры, вопрошает, наставляет, экзаменует. Аспан из повести "Крик", угодивший в ущелье в ледовый плен. Чабан из повести "Поющие барханы", спасающий овечью отару от натиска рассвирепевшей стихии. Молодые трактористы из повести "Снежная девушка", сбившиеся с дороги в непроглядной январской ночи. Все это одновременно и реально и метафорично. Герои погружены в стихию природы, ритм их жизни совпадает с ритмом жизни самой природы.

Вся проза О. Бокеева устремлена к размышлению о добре и зле, о силе и храбрости, о подлинных и мнимых духовных ценностях. В ней торжествует жадная, напористая, неистовая старость к жизни, ее совершенствованию.

Оралхан Бокеев - мастер волшебного слова. У него удивительное чутье на выбор формы, огранки своих произведений. Широко и привольно льются строки его прозы.

Его книги увидели свет на немецком, словацком, болгарском, английском, венгерском, арабском, китайском, японском языках, а также на языках народов СНГ.

О. Бокеев - лауреат Государственной премии Республики Казахстана, премии Ленинского комсомола Казахстана, литературной премии им. Н. Островского, премий издательств "Молодая гвардия", "Жалын". Имеет правительственные награды: орден "Знак почета", Почетную грамоту Президиума ВС Каз.ССР.

Почетный гражданин Катон-Карагайского района.

Умер в мае 1993 г. во время творческой командировки в Индии.

Литература:

1. Бокеев О. Ардак. - Астана: Аударма, 2003. - 72 с.

2. Воронова В. Ему исполнилось бы 60// Рудный Алтай. - 2003. - 9 окт. - С. 4.

3. Оралхан Бокей=Оралхан Бокеев: к 50-летию со дня рождения. - Усть-Каменогорск, 1993. - 13 с.

4. Прутков К. Своя дорога к творчеству Оралхана Бокеева//Рудный Алтай. - 2003. - 20 сент. - С. 13.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Задайте Ваш вопрос!

Users are counted

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Use of information

You have to point the source in the case you use the web-site information: "Web-site www.kitaphana.kz".

Partner Program

We invite the sites of libraries and other organizations to take a part in Partner Program to swap the references and registration in our catalogue of organization.

Advertisement on a website

If you want to put an advertisement on our web-site, or in our newspaper “Mereke-Prazdnik dlya vseh”, phone: +7 7232 25-03-64 or write on mail ukcbs@mail.ru