1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Абай тұлғасы – бейнелеу өнерінде

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп Хакім Абай құдды өзі туралы айтып кеткендей! Өз заманы ғана емес  күллі  әлемде  өмір бойы  өзекті болатын  тақырыптарды көтерген аяулы ақынның асыл мұрасы халқына ғана емес, төрткүл дүниеге де мәшһүр.  Бұлдыр – бұлдыр алыстап кеткен 19 ғасырда «қайран қазағын»  түнектен қайтіп алып шықсам деп жүрегі қарс айырылған  Абайдың асыл арманына «қалың елі қазағы» қол жеткізді. Азат қазақтың ұрпағы халқымыздың қасиетті құндылықтарымен және  арда бабаларының  асыл рухымен қайта қауышуда. Солардың бірегейі, данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын келер жылы  ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланып отырғанының өзі бір мәртебе. Осынау той қарсаңында Абай деп шабыттанбайтын қазақ болмайтын шығар-ау, тегі. Бұл орайда, әсіресе өнер иелерінің жөні бөлек. Солардың ішінде қылқалам шеберлерінің шығармашылығы туралы біршама сөз қозғасақ. Сірәдә, Абай туралы қылқалам тербемеген суретші жоқ шығар. Алайда ақынның бейнесін сомдап, шығармашылығын суретіне арқау ету кез келген суретшінің қолынан келе бермейді. Оның бір себебі, Абай фотосуреттерінің некен-саяқ болуы. Солардың бірі, әуесқой суретші Павл Лобановскийдің 1887 жылы ақын бейнесін жүзбе-жүз отырып салған суреті. 
Ал, Абайдың басқа бейнелері әр суретшінің өз қиялы бойынша өмірге келген туындылар. Олардың қатарында Ә. Қастеев, А. Исмаилов, Қ. Қожықов, Е. Сидоркин, К. Шаяхметов, А. Ғалымбаевалар Абай бейнесін жәй ғана бейнелей салмай, ақын өмірбаяны мен шығармашылығына терең зерттеулер жасап барып салған. 
Шығыс Қазақтан суретшілері Н. Өтепбаев, А. Шоқанов, Ю. Бакулин, Н. Аштема, Е. Тұрғанбаевтар да ақын шығармашылығын  жүректерінен өткеріп барып, Абай бейнесін шамырқанған шабытпен салғанын бірден түсінесіз. Айта кетерлік бір жай,  Абай бейнесін салғандар көп болғанмен, шығармашылығының желісі бойынша сурет салған суретшілер саусақпен санарлық. Солардың бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Исатай Исабаевтың «Мұқтар Әуезов. Абай жолы» атты графикалық жұмысын ерекше өнер туындысы деуге болады. Сонда несімен ерекше? Ендеше, зерделеп көрейік:    Композицияның нақ ортасында – көлбеп жатқан тау, қазақтың ақ шаңқан киелі  киіз үйі және Абайдың кітабын көкірегіне басқан Мұқтар Әуезовтың асыл бейнесі. Ал, жазушының жан-жағында «Абай жолы» романындағы кейіпкерлер бейнеленген. Мәселен, сол жағында Құнанбай бабаның асқақ тұлғасы,  жаза беретін жиынға жиналған жұртшылық және Қодар мен Қамқаның суреті салынған. Компазицияның келесі бір бөлімінде жас Абайдың өміріндегі қайбір сәттер бейнеленген. Сол жақтың төменгі бұрышында – бозбала Абайға әжесі Зере бата беруде. Ал оң жақтың төменгі тұсында - Хакім Абай шәкірттеріне өлең оқып тұр және ақынның жер үстел басында шабыттана өлең жазып отырғанын көруге болады. Суретші сонымен бірге табиғатты және халқымыз қайырымдылықтың белгісіне балайтын  қарлығаштар мен пәк махаббат нышаны - аққуларды  салуды  да  ұмытпаған. Зерделей білген жанға әр суреттің астарында терең мағынасы бар. Міне, «Абай жолы» романындағы оқиғаларды  суретші қылқалам  арқылы осылайша бір ғана топтама көріністе асқан шеберлікпен  жеткізе білген. 
И. Исабаев суретті салғанда Абай мен оның замандастарының бейнесін нақпа-нақ жеткізуді көздемеген. Мейлінше, ақын өмір сүрген ғасырдағы тірлік тынысын және тарихи оқиғаларды оқырманның көз алдына әкелуге талаптанған. Суретшінің қылқаламынан туған бұл туындыда артық түскен сызық жоқ. Бәрі нақты, анық, шынайы көрініс береді. Сонымен бірге, шығармада түрлі нақыштар, ою-өрнектер де сәтті және орынды қолданылған. Бұл суретшінің ұлттық салт-дәстүрді жетік білетіндігінің бір дәлелі. Туындының сәтті шығуы «Абай жолы» романын және Абай дананың өмірі мен шығармашылығын И.Исабаевтың жіті оқып, зерттегенінің жемісі деуге болады. Абайдың бейнесін Мұқтар Әуезов сөзбен сомдаса, суретші сол сөздерді терең түсіне, түйсіне отырып суретпен нақты жеткізе білген.
Бүгінгі таңда Абайды және ақын шығармашылығын бейнелеу өнері арқылы жұртшылыққа жеткізуге деген суретшілер талпынысы көрім. Құнанбайұлы Абай дананың өзектілігін жоймас өміршең шығармашылығын насихаттаудың және ғасырдан ғасырға аманат етіп жеткізудің тамаша бір жолы осы болса керек.

Л. Г. Костюк
Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері.
 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Рухани жаңғыру

Цитата дня

«Великая вещь – память. Это и тем нужно, которые живут сейчас, и тем понадобится, кто придет после того, как человек проходит отпущенный ему путь?.. Какую память оставим мы завтра о себе?». О. Бокеев

Біздің сұрақ

Кітап оқығанды жақсы көресіз бе?

(16 votes)

18.8%   (3)
18.8%   (3)
6.3%   (1)
0%   (0)
12.5%   (2)
18.8%   (3)
6.3%   (1)
18.8%   (3)

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.