1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Английский язык

 

Ересектерге және балаларға ағылшын тілін үйрету:
- ағылшын тілін үйренуді  жаңа бастағандар үшін;
- үй тапсырмаларын орындауға көмектесу;
- халықаралық емтиханға дайындық; 
- ҰБТ/магистратураға дайындық.
Ағылшын тілін жыл бойы үйренуден жалықтыңыз ба? Олай болса, бізге келіңіз!
Біздің мекенжайымыз:
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
Анықтама телефоны: 25-17-70.
Телефон бойынша жазылу: +7(708)1064381.

Қорларында құжаттарды электрондық...

Біздің кітапханалар қорларында құжаттарды электрондық жеткізу қызметі бар. Сізге қажетті мәліметтің (кітапты, газеттердегі, журналдардағы) көшірмесін жедел түрде жеткізіп беру қызметін ұсынады. Тапсырыс беріңіз, біз қуана орындаймыз! Тапсырыстың орындалу мерзімі 24 сағаттан 48 сағатқа дейін. Үлгісі - PDF (Acrobat). Көшірме электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Орталық қалалық кітапхананың Электрондық қорлар бөлімі. 
Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22.
Телефон бойынша жазылу: 25-17-70.

Одна страна – одна книга


«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы - 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - ақын-демократ, пәлсапашы, әдеби сыншы, публицист, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі.

«РЖЭК» МҚ

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының біліми және ғылыми электрондық қорларын біріктірген Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхананы 2017 жылдан бастап тегін пайдалануға  мүмкіндік туды.
Жоғары оқу орындары аралық электрондық қорлар сайтынан қалағандарыңызды авторы, тақырыбы, маңызды сөзі, оқу тәртібі және басқа да іздеу белгілері арқылы таба аласыздар. Ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады.
Бұл мәліметтер қорын Орталық қалалық кітапхананың және  кітапхана-бөлімшелерінің компьютерлерінде ғана пайдалана аласыздар.

0123


Өскемен қ. "Құрметті азаматтары"

Тарихи анықтама

«Құрметті азамат» атағы 1832 жылы Ресейде енгізіліп, дворяндар тобына жатпайтын адамдарға берілген. Құрметті азаматтар Ресей патшалығының «қалалық адамдар» тобының ерекше бөлігі болды, олар тұқым қуалаған және жеке деп екі топқа бөлінді. Құрметті азаматтардың артықшылығы рекруттық міндеттіліктен, жан басы салығы мен дене жазасынан босатылған, сондай-ақ  қалалық өзін-өзі басқаруға қатысуға құқылы болған. 1970 жылдың 14 желтоқсанындағы халықтық депутаттардың қалалық Кеңесінің № 734 шешімімен қаланың 250 жылдығына арналған «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» атағының берілуі туралы ереже бекітілген. Мерейтойдың құрметіне құрметті атақ бірден 10 адамға берілді, олар қаланың құрылуы мен дамуына, адамшылық іс-әрекеттегі барлық негізгі бағыттарға зор үлес қосқан азаматтар болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін алты жыл көлемінде Құрметті азамат атағы берілмеді, қаланың Құрметті Кітабы жазылмады, барлық құжаттар мемлекеттік мұрағатқа өткізілді. 1996 жылы 12 сәуірдегі Ғарышкерлердің халықаралық күнінде бірінші сайланған Өскемен қалалық мәслихаттың 13 сессиясында қаланың жаңа елтаңбасы бекітілді, елтаңбаның негізінде «Қаланың құрметті азаматы» кеуде белгісі дайындалды. 2005 жылдың 6 маусымында үшінші сайланған Өскемен қалалық мәслихаттың ХIV сессиясында «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы шешім бекітілді.

Алексеенко Николай Владимирович

1931 жылы 22 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. Оқытушылық қызметтегі еңбек өтілі 50 жылдан асады. 7 монография мен 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Өскемен педагогикалық институтта жұмыс істей жүріп, қазақстанның шығысындағы алғашқы тарих факультетін ашуға мұрындық болды. Оның бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Республикадағы бірінші демография институты ашылды. Өскемен қаласындағы Шығыс гуманитарлық институтының ұйымдастырушысы және алғашқы ректоры. Өскемен туралы қатардағы кітаптардың авторы. «Құрмет белгісі» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Сұңғат Әліпбай

Сұңғат Әліпбай өзінің тырнақалды жұмысын өзі туып өскен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы аудандық газеттен бастаған. Ол Қазақстанның үздік журналисі.  
Бүгінгі таңда Сұңғат Әліпбай республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі. Қарымды қаламының арқасында Республикалық «Алтын қалам» шығармашылық сайысының бас жүлдегері, ШҚО әкімінің журналистика саласындағы Забер Баянов атындағы жүлдесінің иегері, «Өрлеу ақпараты» байқауының «Инновация» номинациясы бойынша жеңімпазы, «КазАгро» холдингінің шығармашылық байқауының бас жүлдегері, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «АГРО PR» байқауының үздік экономикалық шолушысы сынды тағы да басқа бірқатар марапаттарды қанжығасына байлаған, озат ойлы жүйрік журналист. 

Әубәкір Байбатшаұлы Байбатчин

1914 жылы 22 ақпанда Павлодар облысы Үлкен Ақжар ауылында дүниеге келген
Балалар үйінде тәрбиеленген. Семей педагогикалық училищесін бітір-геннен кейін мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысып, 2-ші Украиналық фронттың құрамында Украина-ны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны, Чехословакияны азат етті. Одан әрі Қиыр Шығыста жауынгерлік әрекеттерге қатысты. Соғыстан кейін ШҚО партиялық және кеңестік органдарында әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Отан алдындағы еңбектері үшін 1 және 2 дәрежелі Отан соғысының, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ор-дендерімен, Қүрмет Белгісі, Парасагордендерімен басқа да көптеген медальдармен марапатталды. Өскемен қаласыныңеңбекүжымдарындажәне оқушы жастар арасында патриоттық тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді.

Байбатчина Каирбану Кадыркановна

1922 жылы 20 шілдеде ШҚО Ұлан ауданы Мәмбет ауылында дүниеге келген.

35 жылдан астам халыққа білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі. Ұлы Отан соғысына қатысқан, соғысқа 1942 жылы өз еркімен кеткен. Кенигсберг қамал-қалаға шабуылдауға қатысқан. Жеті баланың анасы, он сегіз немересі, жеті шөбересі бар. Отан соғысының 2 дәрежелі ордені мен Аналық даңқ 3 дәрежелі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және ерліктері мен педагогикалық еңбегі үшін басқа да 15 медальмен марапатталған.

Республикалық маңызы бар зейнеткер.

Байдельдинов Валиахмет Нурахметович

1932 жылы 3 маусымда ШҚО Ұлан ауданы Никитинка ауылында дүниеге келген. Қазақстанның ағарту ісінің үздігі. Жамбыл атындағы мектеп-интернатын 37 жыл аралығында басқарды. Бірнеше рет аудандық және облыстық Кеңес депутаты болып сайланды. Оқу орнының басшысы ретінде жас мұғалімдерді тәрбиеледі. Жаңа технологиялардан хабардар болып, оқу және тәрбие беру процестеріне маңызды көптеген жаңалықтарды енгізді.   «Айгөлек» жасөспірімдер клубын ашып, балалардың шығармашылықтарына шабыт берді. Өзі ашқан өнер мектебінің арқасында интернат оқушылары «Әнші балапан», «Сиқырлы қазан» және басқа да республикалық байқаулардың бірнеше рет жеңімпаздары мен финалистері атанды. Оның еңбегі Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдар және грамоталармен бағаланды. КСРО ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім.

Баталов Юрии Васильевич

1939 жылы 25 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. Ю.В.Баталов 1966 жылдың қаңтарынан бастап Өскемен құрылыс-жол институтында (қазіргі ШҚМТУ) жұмыс істеді. Ассистеттен бастап профессорға дейін, кафедра меңгерушісінен жоғарғы оқу орнының ректорына дейін қызмет атқарды. Ұжымды 1986 жылдан 2000 жылға дейін басқарды. Оның басшылығымен жоғарғы оқу орны Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми әрі мәдени орталығына айналды. Ю.В.Баталов – Қазақстанның халыққа білім беру үздігі, ҚР-ның ғылым Академиясының мүшесі, ғылым Академиясының халықтық инженерлік корреспонденті, Қазақстанның Жоғарғы мектебінің корреспондент мүшесі болған.

Богашов Геннадий Константинович

1908-1981


1908 жылы 20 тамызда Орал облысының Дусаренкун ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мұғалім. Еңбек жолын 1932 жылы бастап, математика мұғалімі, одан кейін Ленин атындағы мектептің директоры, облыстық халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін партияның облыстық комитетінің халыққа білім беру бөлімінде жұмыс істеген. Депутаттардың қалалық Кеңесінің атқарушы комитет төрағасының орынбасары болып сайланды. Зейнеткерлікке № 20 орта мектептің директоры лауазымынан кетті. Жауынгерлік және еңбек наградаларымен марапатталған.

Ғабдуллин Серік

Серік Ғабдуллаұлы 1937 жылдың 17 тамызында Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген.

Жамбыл атындағы орта мектепті 1957 жылы бітіріп, республикамызда алғашқы игі бастама көтеріп, бүкіл кластастарымен сол кездегі Жамбыл атындағы колхоздың товарлы сүт фермасында комсомол бригадасын құрып жастық жалынмен еңбек етті. 1959 жылы Шымқора ауылының клуб меңгерушісі болып істеді.
1960-1966 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде филология факултетінің тіл және әдебиет бөлімін бітірді. Ол өзінің творчестволық жолын облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдебиет қызметкері болудан бастап, өлең өнеріне құлаш сермеп, қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, талабы жоғары, талантты биік журналист екенін таныта бастады. Осы "Комммунизм туы" қазіргі "Дидар" газетінде 1990 жылға дейін қызмет атқарды.

Геворкян Арсений Иванович

1936 жылы 21 қыркүйекте Орджоникидзе қаласында (Солтүстік Осетия) дүниеге келген
«Востокжилстрой» АҚОТ президенті. Облыстағы және қаладағы тұрғын үй құрылысын ұйымдастырушы, облыстық Кеңес директорларының мүшесі. Инженер-қүрылысшы ретінде Өскемен қаласындағы тұрғын үй құрылысын үздіксіз жүмысын ретке келтіру үшін көп жұмыстар жасады. Ол ірі панельді үй құрылысының дамуына көптеген жаңалықтар енгізді. Тұрғын үйге зәру жаңдайларда әрбір бесінші үй ол басқарған үжыммен салынды. Панельдік тұрғыдан он шақты балабақшалар, дүкендер, жатақханалар тұрғызылды. Гуманитарлық институттың^ашылуының, Халықтар достығы үйінің қүрылуының бірден-бір бастамашысы болды. Қалалық еңбекші де-путаттар Кеңесінің бірқатар шақыруларының депутаты. «Қүрмет белгісі» орденімен марапатталды. Қазіргі кезде Ресейде тұрады.

Губарев Алексей Александрович

1931 жылы 29 наурызда Куйбышев облысының Гвардейцы ауылында дүниеге келген КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері. 1950 жылдан бастап Кеңес армиясында болды. Кәсіби әскери қызметкер, авиацияның полковнигі. 1975 және 1978 жылдары экипаж командирі ретінде екі рет ғарышқа ұшты. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. 1980 жылы біздің қалада бірінші рет болып, со-дан бері Шығыс Қазақстанға жиі келіп тұрады, мұнда оның достары жөне табиғаттың сүйікті жерлері көп. Өскемендіктерге әскери-патриоттық тәрбие беруге белсенді қатысады.

Тағы мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.