1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Өлкетану ақпараты орталығы

ust-kamenogorsk_logo.png

Туған өлке туралы мазмұнды сыр шерте білу - Отанға, оның тарихы мен мәдениетіне деген сезім баспалдағының бірі. Өйткені еліміздің тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Ал өлкетану - әрбір адамның әлемді танып білуіндегі сенімді жәрдемшісі. 
Бүгінде «туған өлке», «өлкетану» ұғымдары зерттеліп, зерделеніп отыр. Өзіміз өскен ортаның тарихын, оның қойнауындағы әрбір құбылысын, өзгерістердің сыры мен қырын білуді мақсат ету керек. Сонда ел ертеңі болар жастардың ұлттық намысы оянып, тарихи тұлғалардың табыстары мен өнегелі істерін  мақтаныш етері анық.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ –нің Өлкетану бөлімі 2010 жылы құрылды.
Өлкетану бөлімі қорының негізін Шығыс Қазақстан туралы  кітаптар құрайды. 
Бөлім Сіздерге біздің өлкеміз туралы сонау заманнан қазірге дейінгі ақпаратты жинап, сақтап, ұсынады. Біле білген адамға шығыс өңірінің тарихы әріде жатыр.

Өлке тарихына үңілсек
Қазір Шығыс Қазақстан деген атпен белгілі бұл өңірдің расында да басқа облыстардан айырмашылығы өте көп. Ол тек  табиғаттың артықшылықтары ғана емес. Қазақ халқының, елімізді мекендеген қазаққа дейінгі дәуір тарихының, мәдениетінің айнасы тәрізді. Егер Л.Гумилевті оқитын болсақ, кезінде дүниені тіреп тұрған, алып Қытайды бағындырған ғұндар Алтай мен Тарбағатай тауларының сілемдерін мекендеп, «халықтардың ұлы көші кезінде» осы жақтан Еуропаға бет алған.
Алтай таулары «түбі бір түркілердің қасиетті мекені» екендігін барлығымыз білеміз. Кезінде зоротустра ілімін қалыптастырушылар да осы Алтай тауынан кеткен деген ұғым бар.
Бұл өңір бүгінгі бар түркіге ортақ мәдениеттің інжу-маржаны «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» туындысына да арқау болған. Қазақ «білгенге  маржан» дейді. «Сарыбай мен Қарабайдың аң аулауға барып, бір-біріне сөз берісіп, ант су ішетін» жерлерінің барлығы осы аймақта.
Ұлтымыздың ұлылары Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды алыптарын дүниеге әкелген шығыс өңірі екенін мақтан етеміз. 
Ұлтымыздың шоқтығы биік тұлғасы Шоқан өмірінің  көп кезеңі де  Семеймен байланысты. Өзінің ғылыми экспедицияларын Шоқан Семейден бастап, өзінің пікірлестері Достоевский, айнымас досы Потанин және өзгелерімен Семейде кездесіп,  ғылыми еңбектерін осы қалада бастаған.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» қағазға түсірген де, Европаға танытқан да Шоқан болатын.  Уәлихановтың шығармашылығына демеу берген осы өңір екенін ескеріп, Семейді қазақтың рухани Меккесі деп айтуға негіз бар.

Өскемен қаласы
Ал, небір ақын-жазушылар, композиторлар өз шығармаларын арнаған әсем қала Өскемен соңғы жылдары ерекше қанат жайғаны баршаға мәлім. 
Ертіс өзенінің бойынды 1720 жылы құрылған қамал бүгінгі Республикамыздың өндірісінің үлкен орталығына айналды. Өскемен кіші және орта бизнесі қарқынды дамыған, ғылыми және мәдени мұраға бай қала. Қаланың басты байлығы – тұрғындары. Мұнда көптеген мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, спорт саңлақтары және де тағы басқа зиялылар өнерлерінің бастауын алып, қанаттарын бекіткен.
Біздің қаламыз - өнеркәсіп құрылысы бойынша облыста беделді орынға ие. Өскемендегі ірі өнеркәсіптер – «Казцинк» Акционерлік қоғамы, «Үлбі металлургиялық зауыты», «Өскемен титан – магний комбинатты», «Шығыс-мыс» бірлестігі, «Өскемен конденсатор зауыты» бүкіл әлемге танымал.
Өскемен қаласы – достық пен бірліктің қаласы! Мұнда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Біздің аталарымыздың, әкелеріміздің достығының арқасында, Ертіс жағалауында жайқалған қаламыз елге танылып, мәртебесі биіктеді. Ұлт аралық достықтың арқасында баршамыздың үйімізде татулық пен тыныштық өмір сүруде.
Өз өлкесі туралы ақпарат алғысы келген әрбір адам Орталық қалалық кітапхананың Өлкетану бөліміне хабарласуына болады.

Байланыс телефонымыз: 25-17-70

  • Өскемен қ. "Құрметті азаматтары"   ( 63 материалы )

    Тарихи анықтама


    «Құрметті азамат» атағы 1832 жылы Ресейде енгізіліп, дворяндар тобына жатпайтын адамдарға берілген. Құрметті азаматтар Ресей патшалығының «қалалық адамдар» тобының ерекше бөлігі болды, олар тұқым қуалаған және жеке деп екі топқа бөлінді. Құрметті азаматтардың артықшылығы рекруттық міндеттіліктен, жан басы салығы мен дене жазасынан босатылған, сондай-ақ  қалалық өзін-өзі басқаруға қатысуға құқылы болған. 1970 жылдың 14 желтоқсанындағы халықтық депутаттардың қалалық Кеңесінің № 734 шешімімен қаланың 250 жылдығына арналған «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» атағының берілуі туралы ереже бекітілген. Мерейтойдың құрметіне құрметті атақ бірден 10 адамға берілді, олар қаланың құрылуы мен дамуына, адамшылық іс-әрекеттегі барлық негізгі бағыттарға зор үлес қосқан азаматтар болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін алты жыл көлемінде Құрметті азамат атағы берілмеді, қаланың Құрметті Кітабы жазылмады, барлық құжаттар мемлекеттік мұрағатқа өткізілді. 1996 жылы 12 сәуірдегі Ғарышкерлердің халықаралық күнінде бірінші сайланған Өскемен қалалық мәслихаттың 13 сессиясында қаланың жаңа елтаңбасы бекітілді, елтаңбаның негізінде «Қаланың құрметті азаматы» кеуде белгісі дайындалды. 2005 жылдың 6 маусымында үшінші сайланған Өскемен қалалық мәслихаттың ХIV сессиясында «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы шешім бекітілді.

  • Қала туралы   ( 9 материалы )
  • Әдеби карта   ( 1 item )
  • Өлкетану басылымдары   ( 1 item )

    Өлкетану басылымдары

  • Байқаулар, жобалар   ( 2 материалы )
  • Өскемен әдебиеті   ( 0 материалы )
  • Өскемен   ( 8 материалы )
  • Семей   ( 3 материалы )
  • Катонқарағай   ( 4 материалы )
  • Зайсан   ( 3 материалы )
  • Большенарым   ( 3 материалы )
  • Риддер   ( 3 материалы )
  • Зыряновск   ( 3 материалы )
  • Би өнері   ( 1 item )
  • Асубұлақ   ( 0 материалы )
  • Самар   ( 0 материалы )
  • Тарбағатай   ( 3 материалы )
  • Ақжар   ( 0 материалы )
  • Күршім   ( 3 материалы )
  • Шемонайха   ( 3 материалы )
  • Молодежный   ( 2 материалы )
  • Ұлан   ( 3 материалы )
  • Глубокое   ( 2 материалы )
  • Таврия   ( 2 материалы )
  • Глубокое   ( 0 материалы )
  • Өскен өнер   ( 1 item )

    Киелі Шығыс жерінде талай өнер саңлақтары өмірге келді. Туған топырағында түлеп, балалық бал дәурені осынау жер жаннаты, әр тасы мен мөлдір бұлағы, миуалы орман-тоғайы бойына әсем жыр боп құйылған, шабыт беріп  шалқытқан шығыстың әйгілі өнерпаздары  және өнер ордалары жайлы сыр шертеміз.

     

  • Мультимедиялық топтамалар   ( 1 item )
  • Театр   ( 1 item )
  • Театр тарихы   ( 1 item )
  • Театр тарландары   ( 1 item )
  • Музыка өнері   ( 1 item )
  • Халық күйшілері   ( 10 материалы )
  • Әншілер мен сазгерлер   ( 55 материалы )
  • Сурет өнері   ( 20 материалы )
  • Кино өнері   ( 1 item )
  • ШҚО батырлары   ( 19 материалы )
  • Солдатское письмо   ( 0 материалы )

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.