1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Өлкетану ақпараты орталығы

Туған өлке туралы мазмұнды сыр шерте білу - Отанға, оның тарихы мен мәдениетіне деген сезім баспалдағының бірі. Өйткені еліміздің тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Ал өлкетану - әрбір адамның әлемді танып білуіндегі сенімді жәрдемшісі. 
Бүгінде «туған өлке», «өлкетану» ұғымдары зерттеліп, зерделеніп отыр. Өзіміз өскен ортаның тарихын, оның қойнауындағы әрбір құбылысын, өзгерістердің сыры мен қырын білуді мақсат ету керек. Сонда ел ертеңі болар жастардың ұлттық намысы оянып, тарихи тұлғалардың табыстары мен өнегелі істерін  мақтаныш етері анық.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ –нің Өлкетану бөлімі 2010 жылы құрылды.
Өлкетану бөлімі қорының негізін Шығыс Қазақстан туралы  кітаптар құрайды. 
Бөлім Сіздерге біздің өлкеміз туралы сонау заманнан қазірге дейінгі ақпаратты жинап, сақтап, ұсынады. Біле білген адамға шығыс өңірінің тарихы әріде жатыр.

Өлке тарихына үңілсек
Қазір Шығыс Қазақстан деген атпен белгілі бұл өңірдің расында да басқа облыстардан айырмашылығы өте көп. Ол тек  табиғаттың артықшылықтары ғана емес. Қазақ халқының, елімізді мекендеген қазаққа дейінгі дәуір тарихының, мәдениетінің айнасы тәрізді. Егер Л.Гумилевті оқитын болсақ, кезінде дүниені тіреп тұрған, алып Қытайды бағындырған ғұндар Алтай мен Тарбағатай тауларының сілемдерін мекендеп, «халықтардың ұлы көші кезінде» осы жақтан Еуропаға бет алған.
Алтай таулары «түбі бір түркілердің қасиетті мекені» екендігін барлығымыз білеміз. Кезінде зоротустра ілімін қалыптастырушылар да осы Алтай тауынан кеткен деген ұғым бар.
Бұл өңір бүгінгі бар түркіге ортақ мәдениеттің інжу-маржаны «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» туындысына да арқау болған. Қазақ «білгенге  маржан» дейді. «Сарыбай мен Қарабайдың аң аулауға барып, бір-біріне сөз берісіп, ант су ішетін» жерлерінің барлығы осы аймақта.
Ұлтымыздың ұлылары Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды алыптарын дүниеге әкелген шығыс өңірі екенін мақтан етеміз. 
Ұлтымыздың шоқтығы биік тұлғасы Шоқан өмірінің  көп кезеңі де  Семеймен байланысты. Өзінің ғылыми экспедицияларын Шоқан Семейден бастап, өзінің пікірлестері Достоевский, айнымас досы Потанин және өзгелерімен Семейде кездесіп,  ғылыми еңбектерін осы қалада бастаған.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» қағазға түсірген де, Европаға танытқан да Шоқан болатын.  Уәлихановтың шығармашылығына демеу берген осы өңір екенін ескеріп, Семейді қазақтың рухани Меккесі деп айтуға негіз бар.

Өскемен қаласы
Ал, небір ақын-жазушылар, композиторлар өз шығармаларын арнаған әсем қала Өскемен соңғы жылдары ерекше қанат жайғаны баршаға мәлім. 
Ертіс өзенінің бойынды 1720 жылы құрылған қамал бүгінгі Республикамыздың өндірісінің үлкен орталығына айналды. Өскемен кіші және орта бизнесі қарқынды дамыған, ғылыми және мәдени мұраға бай қала. Қаланың басты байлығы – тұрғындары. Мұнда көптеген мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, спорт саңлақтары және де тағы басқа зиялылар өнерлерінің бастауын алып, қанаттарын бекіткен.
Біздің қаламыз - өнеркәсіп құрылысы бойынша облыста беделді орынға ие. Өскемендегі ірі өнеркәсіптер – «Казцинк» Акционерлік қоғамы, «Үлбі металлургиялық зауыты», «Өскемен титан – магний комбинатты», «Шығыс-мыс» бірлестігі, «Өскемен конденсатор зауыты» бүкіл әлемге танымал.
Өскемен қаласы – достық пен бірліктің қаласы! Мұнда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Біздің аталарымыздың, әкелеріміздің достығының арқасында, Ертіс жағалауында жайқалған қаламыз елге танылып, мәртебесі биіктеді. Ұлт аралық достықтың арқасында баршамыздың үйімізде татулық пен тыныштық өмір сүруде.
Өз өлкесі туралы ақпарат алғысы келген әрбір адам Орталық қалалық кітапхананың Өлкетану бөліміне хабарласуына болады.

Байланыс телефонымыз: 25-17-70

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.