1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Виртуалды анықтама

 

Аймақаралық іскер кітапханалар ассоциациясының жобасында Өскемен қ. Орталық қалалық кітапханасы көпшілік кітапханалардың бірлескен Виртуалды анықтамалық – ақпараттық қызметіне (Виртуалды анықтама) қатысуға толық құқықты. Ќазақстандағы бірінші кітапхана болып табылады. Ол жалпы ресейлік«LIBRARY.RU»

 

  • Тәуліктің көлемінде жауап беруді қарастырамыз.
  • «Виртуалды анықтамаға» хабарласқан барлық пайдаланушыларға тегін қызмет көрсетіледі.
  • Пайдаланушылар сұрақтарын орыс немесе ағылшын тілдерінде қоя алады.
  • «Виртуалды анықтама» туралы толық баяндау.

    Сұрақты қалай қойып, жауапты қалай алу керек?

    Егер де сіз сұрақ қоймай, тек қана бұрын қойылған сұрақтарыңызға жауап алғыңыз келсе, осы бетте орналасқан «гостя» архив сілтемесін көрсетуіңіз қажет. «Гостя» архиві – «Виртуалды анықтама» мәліметтер қорының сұрақтары мен жауаптарының оңайлатылған нұсқасы. Мұнда іздестіру шектелген: сұрақтың нөмері бойынша ғана іздестіруге болады. «Виртуалды анықтамаға» өздеріңіздің сұрақтарыңызды қоймас бұрын ең алдымен Сіздің тіркелуіңіз қажет.

    Егер Сіз Library.Ru порталына тіркелген болсаңыз, Сізге осы беттің жоғарғы және төмен жағында орналасқан «пайдаланушы» («пользователь») архив сілтемесін көрсетуіңіз керек. Жібергеніңіз анықталғаннан кейін Сіздің сұрағыңызға жауап Сіз таңдаған рубрикада, жалпы архив бетінде пайда болады.

    Сіздің қойған сұрағыңызға жауап сол жерде орналасады. Біз сіздердің қойған сұрақтарыңызға тәулік көлемінде жауап беруге тырысамыз. Төменде жазылғандарға назар аударыңыздар: бір күн ішінде жауап беруге болатын сұрақтар лимиті болады (толығырақ төменнен қараңыз). Егер де Сіздер бір күнге лимит таңдалғаннан кейін сұрақ жібергіңіз келсе, формамен бірге «Сұрақтарды қабылдау аяқталды» деген фразаны көре аласыз. Демалыс күндері Анықтама «кезек» тәртібінде жұмыс атқарып, осы күнге аз сұрақтар санына (онға жуық) жауап беретіндігін ескертеміз. Сіздің сұрағыңызға ұқсас сұрақты басқа пайдаланушылар да қойуы мүмкін, сондықтан «пайдаланушы» архивінің көп факторлы іздеуді пайдаланыңыз.

    Кім жауап береді?

    Сіздердің сұрақтарыңызға «көпшілік кітапханалардың Виртуалды анықтамалық - ақпараттық қызметі» халықаралық жобасына қатысқан ұйымның қызметкерлері жауап береді. Біздің қызметтің барлық операторлары арнайы дайындықтан өтіп, «Виртуалды анықтамаға» келіп түскен сұрақтарға жауап беруге құқық беретін сертификат алды.

    Шектеу қойылған жағдайлар бар ма? (Олардың кейбіреулері)

    1. Біз әдепке сай емес қойылған дөрекі сұрақтар мен репликаларды өшіруге және ұқсас сұрақтарды біріктіруге құқығымыз бар.
    2. Интернет – сыныптың қызметін пайдалануға келген бір адамнан күніне бір ғана сұраныс қабылданады. Ал ай көлемінде қойылған сұрақтардың саны 4-тен аспауы қажет.
    3. Сұрағыңызды жіберу үшін Сіздің сұраныс формасын толтыруға 30 минутыңыз бар.
    4. Егер де Сіздердің қойған сұрақтарыңыз бірнеше болса, біз өз қалауымызбен олардың біреуіне ғана жауап береміз.
    5. Біз сауда – саттық сипаттағы ақпараттарды беруге (мысалы, сатып алу мен сату туралы ақпарат) байланысты сұрақтарға жауап бермейміз.
    6. Әрекет етіп тұрған заңды бұзуға бағытталған ақпараттар бермейміз.
    7. Электронды пошта арқылы жіберілген сұрақтарға жауап бермейміз.
    8. Математика,физика,химия және т.б. есептерді шешумен айналыспаймыз.
    9. Сұрақтар орыс немесе ағылшын тілінде қойылуы тиіс.
    10. Келушілердің сұрақтарының жалпы саны бір күн көлемінде (мәскеу уақыты бойынша) екі бөлімге бөлінеді; бірінші бөлімі 0:00-ден кейін қойылар болса, екінші бөлім 12:00-ден кейін сұрақтарын қоя алады.

     

    Меню

    Бізді санайды

    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

    Материалдарды қолдану

    Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

    Серіктестік бағдарлама

    Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

    Сайттағы жарнама

    Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.