1. Краеведение
  2. Семей
  3. Персоналии

Персоналии

Айтұлы Несіпбек
1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде туған. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде еңбек еткен. ҚазМУ-ін бітірген соң, «Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз» журналында қызмет еткен. Бүгінде «Алтын тамыр» журналының бас редакторы. Балаларға арналған «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге» атты жыр жинақтары мен «Көз жасым», «Бөрітостаған», «Құланойнақ» атты кітаптары жарық көрген.

Алшынбаев Тұрдыбек
1936 жылы 25 сәуірде Шәуешек қаласында (ҚХР) туған. Шыңжаң мұғалімдер институтын бітіріп, осы қалада ұстаз болған. Туған елге оралған соң, Семей қала-сында жұмысшы, 1965-1988 жылдары "Жаңа өмір", "Қазақстан пионері" басылымдарында, "Жалын" баспасында, "Біздің Отан" газетінде қызмет еткен. Қазір шығармашылық жүмыста. "Өткел" (1977), "Жалбыз иісі" (1980), "Асу да асу бел еді" (1987) кітаптары жарық көрді.
Әбдірайым Толымбек
Қысқаша өмірбаяны: Әбдірайым Толымбек 1955 жылы 12 қыркүйекте Семей облысының Аякөз қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң автомобиль жөндеу зауытында, Б. Майлин ауылдың кеңесінде, Шұбартау, Талғар аудандық, Алматы облыстық "Жетісу", республикалық "Қазақ әдебиеті" газеттерінде, Көкшетау теле-радиокомитетінде еңбек еткен. 1991 жылы "ҚазМУ-тін тәмамдаған, 1988 жылы "Елегізу" атты әңгімесі "Арман қанатында" жинағына енген.
Шығармалары: "Еркешора" (1996), "Мақтаншақ сары сағат" (2001), "Ине мен жіп" (2001) т.б.


Динисламов Фатих
(1917-1965)
Балаларға бақыт сыйлаған Фатих аталарың Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл деген мекенде дүниеге келген. Он алты жасында орталау мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы теміржол газетінде әдеби қызметкер болып істейді. Осы қалада кеңес сауда техникумын бітіріп, Алматыдағы журналистика институтында оқиды. Көптеген өлеңдер, әңгімелер мен повестер жазды.
А.С.Пушкиннің "Ұлы Петрдің Арабы", "Пугачеваның тарихы" прозаларын, А. П. Чеховтың, А. Н. Островскийдің, А. М. Горькийдің, С. Маршактың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Фатих Динисламов аталарың нағыз шығармашылық шағында, 46 жасында дүние салды.
Шығармалары: "Намыс" (1944), "Семсер" (1948), "Сырлы көл" (1950), "Өнербек" (1953), "Ұшқын" (1954), "Күшік пен мысық" (1959), "Әңгімелер" (1960), "Қайсысын қалайсың?" (1961), "Аю мен бала" (1963), "Әбілхан Қастеев" (1964), "Қоқиланған қораз" (1965), "Көл жағасында" (1966).

Кемелбаева Айгүл
1965 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. 1984-1987 жж. ҚазМУ-нің журналистика факультетінде оқып, 1989-1994 жж. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының негізгі бөлімін бітірді.
Республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері. «Жетінші құрылыққа саяхат» атты балаларға арналған повесть және «Тобылғы сай» атты әңгімелер жинағының авторы. Республикалық баспасөзде 40 шақты әдеби-зерттеу мақалалары жарияланған.
1983 жылы «Жалын» баспасының республикалық жабық конкурсында балалар әдебиетіне арналған ІІ жүлдені, 1997 жылы М.Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы құрметіне жарияланған шығармашылық конкурста ІІІ орынды иеленді. Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1998). Сорос-Қазақстан-Дебют конкурсының лауреаты. Сорос Қазақстан қорының «Қазіргі заманғы қазақстандық роман» атты конкурсының жеңімпазы (2000).

Кенжеғұлова Нарбин.
1948 жылы 26 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы, Алексеевка ауылында туған. 1974 жылы ҚазМУ-нің журналистика факультетін тамамдаған. Жазушылылар одағында көркем аударма және әдеби байланыстар алқасында бөлім меңгерушісі (1989-1994) болып қызмет істеді. 1994 жылдан бері қарай Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің журналистика факультетінде ұстаздық қызметте. Филология ғылымының кандидаты.
Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жазады. Фантастикалық шығармалары бойынша «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының 1978 жылғы жүлдегері, фантаст-жазушылардың 1987 жылғы Бүкілодақтық кеңесіне  (Юрмала, Дубылты) қатысушы. Көркем аудармамен де шұғылданады. Бірқатар қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған. «Мойылқара», «Қиын шешім», «Жерұйыққа саяхат», «Қызыл сәуле» т.б. фантастикалық шығармалар жинақтарында әңгіме-повестері жарияланған. Кейінгі жылдары «Дорогу осилит идущий» ғұмырнамалық хикаяты, Т.Айтбайұлынан тәржімалаған «Тысяча одна ночь и тысяча один день» романы жарық көрді.

Қайран Әбубәкір
1958 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында) дүниеге келген. 1981 жылы Семей педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін үздік бітіріп, Алматы облысының Күрті ауданында екі жыл мұғалім болған. 1983-1985 жж. республикалық «Балдырған» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, бұдан кейінгі уақыттарда «Жалын» баспасында редактор, «Қазақстан мектебі» журналында бөлім меңгерушісі және «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Қазір халықаралық «Дала» журналында бас редактордың орынбасары.
1980 жылы «бастау» сериясымен тұңғыш кітабы жарық көрді. Одан кейінгі уақыттарда «Ақ сәуле», «Мазасыз әлем» және балаларға арналған ұжымдық жинақтарда өлеңдері жарық көрген. Оның өлеңдері мерзімдік баспасөз беттерінде үздіксіз жарияланып келеді.
1933 жылы ҚХР-дың Алтай аймағының Көктоғай деген жерінде туған. 1955 жылы Монғолияда мұғалімдер даярлайтын мектепті бітірген. Содан бері мектептерде ұстаздық еткен. 1992-1994 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданындағы С.Бегалин атындағы мектепте мұғалім болған. 1959 жылдан бері өлең жазады. «Қызыл ту», «Кәрібоз», «Таудай болғым келеді», «Қос қанат» деген кітаптары жарық көрген.

Мұқанова Роза
1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында дүниеге келген. 1987 жылы ҚазМУ-нің журналистика факультетін тамамдады. 1987 жылы Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде қызмет жасады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Аударма коллегиясында аға редактор болды. Қазір ҚР Ақпарат министрлігінде жауапты қызметкер.
«Жарық дүние» (1994), «Дүние кезек» (1997) әңгімелер жинағы, «Құдірет-Кие» (2000) әңгімелері мен драмалық хикаяттары жарық көрді. 2001 жылы Рабғұзидің «Қисса-сүл-Әнбий-я» кітабын алғаш рет қазақ тіліне тәржімалады.
1996 жылы Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» пьесасы қойылды. 1997 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық  жастар мен балалар театрында М.Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесінің желісінде драмалық қойылымы сахналанды.
2001 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз жылаған» әңгімесінің желісімен кино түсірді.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Жалын» журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының (1989), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2002, «Құдірет-Кие») лауреаты.



Виктор Николаевич Кашляк, историк-краевед (1951 г.)
Родился 29 июля 1951 года в городе Петропавловске Северо-Казахстанской области. Образование высшее.
С юного возраста занимается историей Семипалатинского Прииртышья. Имеет более 70-ти публикаций исторического характера в научных изданиях и периодической печати Республики Казахстан, для подготовки которых проводит исследования в архивах Москвы, Омска, Алматы и Семипалатинска. В 2003 году работал с документами в архивах Омска, Тюмени, Тобольска по теме - История молитвенных сооружений города Семипалатинска.
Имеет обширный материал по истории города. Первая публикация вышла 21 февраля 1965 года в местной газете "Иртыш" - "Собираем краеведческие материалы".Любимый период изысканий - XVIII-XIX века.
В 1998 году принял участие в составление книги: И.Г. Андреев "Описание Средней Орды Киргиз-Кайсаков" /Алматы, Гылым, 1998 г./.
В 1999 году вышла авторская книга "Летопись Семипалатинских улиц".
Летом 1999 года сопровождал экспедицию "По следам А. фон Гумбольдта в России" находившуюся в Семипалатинске. По этой теме подготовил соответствующий материал, который был издан в одном из научных сборников Республики Казахстан.
В 2001 г. совместно с фотохудожником Владом Павлуниным и дизайнером Игорем Рябухиным выпустил праздничный набор открыток "Семей - Семипалатинск", в этом же году издал буклет "Семипалатинский Воскресенский Собор".
В 2002 г. выпустил сборник своих статей по истории города "Семипалатинск. Три века истории".
Сейчас в печати находится авторская книга "Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее", объем которой 612 страниц. Дата выхода - к 1 ноября текущего года.
Ведет переписку по электронной почте: e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Литература
Смирнова Д. Новая книга о городе// Семипалатинские вести.- 2005. - 3 июля. - С. 5

 

  Отдел краеведческой информации - Семей


Яндекс.Метрика