1. О библиотеке
  2. Публикации
  3. Оралханның шығармашылығымен жете танысты

Оралханның шығармашылығымен жете танысты / Дидар. - 2012. - 27 сәуір

Республикалық ұлттық академиялық кітапханасының ұсынысымен Мәдениет министрлігі дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан «Бір ел - бір кітап» акциясы жалғасын тауып келеді. Осыған орай, Өскемендегі қалалық орталық кітапхана мен Қарағандыдағы Мұхтар Әуезов атындағы қалалық орталық кітапхана бірлесіп Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесі бойынша онлайн-конференция өткізді.
Мемлекеттік, жастар және Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтардың лауреаты Оралхан Бөкейдің 70-80-жылдарда жарық көрген повестері мен әңгімелері «Қайдасың, қасқа құлыным» жинағына енгізіліп, қайта басылып шыққаны белгілі.
Бұл игі шараға, яғни, қарағандылық кітапханашылармен және оқырмандармен кездесу үшін О.Бөкейдің туыстары мен жерлестері, көз көрген әріптестері шақырылып, жазушының туысқаны Т.Мағзұмов, әнші-сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Р.Елібаев, ШҚМУ-дың аға оқытушысы, ғылым кандидаты Г.Рақымбаева, өлкетану ақпараттары орталығының қызметкері Г.Жұмағұлова жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтып берді.
Гүлбаршын Тілегенқызы, қалалық кітапхананың қызметкері

 

 

  ЦБС сегодня - Публикации в прессе


Яндекс.Метрика