Асқорыту

Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы

Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және Жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жұмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Оның үсті сілемейлі қабықшамен қапталады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. Тілдің ұшындағы клеткалар, екі жағындағы клеткалар және түбіндегі клеткалар қандай дәмдерді сезетінін естеріңе түсіріндер.
Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; қорек жентегі пайда болуы; көмірсулардың ыдырауы; қоректін, сапасы мен температурасын анықтау.

  • Қоректік зат клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.
  • Азык-түлік өсімдіктер мен жануарлардан алынып, өңдеу нәтижесіндегі адам керегіне айналатын заттар.
  • Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады.
  • Ac қорыту жүйесінің қызметі: секреторлық- ас қорыту сөлін шығару (сілекей, қарын сөлі, қарын асты сөлі, ішек сөлдері); қозғалыс ас қорыту жолдары арқылы қоректі ұстау) және араластыру; сіңіру - қоректік заттардың, судың, минералды заттардың қан мен лимфаға өтуі.

Tic - сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.

Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, сонымен қатар тістің ең соңғы жұбы - ақыл тіс адамға 20-22 жасқа келгенде шығады. Түбірлердің құрылысына қарай тіс бір түбірлі және екі, үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азу тістері үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады. Тістің барлық саны - 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16 тістен болады. Әрбір жақ сүйектердің жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші, 3 үлкен азу тіс болады.
Ауыз куысындағы тіс санын тіс формуласы аркылы көрсетуге болады:
Алымда жоғары жақ сүйектерінің тіс саны, бөлімде: төменгі жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді. Сол жағы сол жақ сүйектерін, оң жағы оң жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді.
Балалар тісінің формуласы: Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде, алдыңғы тістер шыға бастайды. Олар сүт тістер деп аталады. Бала 2 жасқа келгенде, оның аузындағы тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда, сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа келгенде аяқталады. Адам 18-19 жасқа келгенде, ең соңғы жұп - азу тістер (ақыл тістер) пайда болады.

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен (эмальмен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске кенеулі заттар, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.
Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы кажет. Ауру тістер микробтардың жиналатын орны. Тістер ауруының жиі кездесетіні парадонтоз және кариес. Екеуінде де тістің бұзылу себебі тіске бактериялардың жиналуы. Парадонтоз да тісті ұстайтын дәнекер ұлпаны қабындырады және бұзады. Микроорганизмдер тістің кіреукесін (эмалін) жөне дентинің пульпасын зақымдайды. Бұның себебі азық-түлік заттардың құрамында көп мөлшерде қанттың болуы және жеке бастың гигиенасын сақтамау.
Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адамның сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді. Ауыз қуысында сілекей безі екі рефлекс арқылы реттеледі: піартты және шартсыз. Шартсыз рефлекс тамақты ауызға апарғанда, шартты рефлекс тамақтың иісін сезгенде, дәмін көргенде пайда болады.

Сілекей безінің қызметін И.П. Павлов тәжірибе арқылы дәлелдеді. Сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығарып тігіп, оған сілекей жинайтын шыны түтік орнатты. Организмді тамақтандырғанда, сілекей ауыздың ішінде бөлінбей, сілекей жинайтын шыны түтікке бөлінеді, сөйтіп, оның құрамы зерттеледі.
Сілекейдін, кұрамына бейорганикалық заттар: су және минералды тұздар (натрий, калий, хлор иондары және т.с.с.), органикалық заттар, ең бастысы, сілекейдің белогы: лизоцим (сілекей затын залалсыздандырады), муцин (табиғи белокты зат) птиалин мен мальтаза (солодтық крахмалды қантқа, одан әрі глюкозаға ыдыратуы) енеді.

Тіл - бұлшық етті мүше, сырты сілекейлі қабықшамен қапталған. Тілде көптеген қабылдағыштар орналасқан, солардың арқасында астың дәмін, механикалық қасиеттерін және температурасын сезеді.
Жұтыну. Ac жентегі ауыздан жұтқыншаққа, одан тік орналасқан жіңішке түтікше өңешке жетеді. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады. Өңештің бүйірі толқынды жиырыла отырып, асты қарынға жылжытады. Өңештің кілегейлі қабықшасы жасап шығаратын кілегейлі зат астың жылжуын жеңілдетеді.
Өңеш - ішектің алдыңғы бөлігі, ұзындығы 5 см. Ол 3 бөлімнен тұрады: мұрын немесе кеңсірік, ауыз куысы және жұтқыншақ. Бұған ас қорыту жолы, жұтқыншақ және есту (евстахиев) түтікшесі ортаңғы құлақ жарғақшасына жеке ашылады. Өңештін, ауыз жағы есінеу арқылы ауыз қуысына ашылады. Жұтқыншақ бөлігінен жұтқыншаққа және ас қорыту жолында ас қорыту мен тыныс алу жолдары айқасады. Сілекейлі қабықшада лимфоидтық ұлпалардың жиынтығы болады.

Ac қорыту жолы. Ұзындығы 25 см, бұлшық еттік түтікше өңеш пен қарынды (асқазан) жалғастырады. Сақиналы бұлшық еттердің толқынды жиырылуынан ас жентегі жылжиды. Ac қорыту жолының жоғарғы қабырғасы көлденең жолақты бұлшық еттен, ал ортаңғы және төменгі жағы тегіс бұлшық еттен тұрады.
Қарынның құрылысы және астың қорытылуы

Қарын - көлемі 2-3 метр болатын қап тәрізді ұлғайған ас қорыту мүшесі. Қарынның (асқазан) пішіні мен мөлшері тұрақты емес, ең бірінші адам конституциясына байланысты болады. Қарынның қабырғасы үш қабаттан (сілемейлі, бұлшықетті және сероздық қабықшадан) тұрады. Ішкі қабатта (сілекейлі) қарын сөлі бөлетін көп мөлшердегі бездер бар. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен белок қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде белокты ісіндіріп, оны қорытатын ферментті белсендіретін тұз қышқылы бар. Белокты ыдырататын пепсин ферменті үшін қышқылдан басқа қарындағы қызу 38-39°С-қа тең болуы қажет. Сондықтан тамақтану гигиенасын сақтамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарында қыжылдау сезіледі. Қарында ас қорытудың өзгеруі өне бойы ыстық немесе өте салқын және кұрғақ тағамдарды жиі ішуден болады. Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйке жүйесі және гуморальды жолмен іске асады.

Шартсыз рефлекстік қарын сөлін бөлу орталығы мидың сопақша бөлігінде орналасқан. Шартты рефлекторлық қарын сөлінің бөлінуі бас миы сыңарларының (тәбетті сөл) қатысуымен болады. Қарын сөлінің рефлекггорлық бөлінуін И.П. Павлов «алдамшы қоректендіру» тәжірибесі арқылы дәледдеді. Иттің қарны түбін кесіп, одан кішкентай қарынша жасады. Ішкі сілекейлі қабықшасы бүтін қалпында сақталғандықтан, ас үлкен қарында қорытылған кезде кіші қарыншада («Павлов қарыншасы») сөл (астың сапасына байланысты) мөлдір таза қалпында иттің денесінде жабыстырылған тұтікке тамшылап ағады. Яғни ит қоректі жұтқанда қарынға түспесе де, қарын сөлінің бөлінуі байқалды.

Қарын безінің физиологиялық белсенділігі (ұзақтығы, сөл бөлінуі, әрекетшіддігі) қоректің химиялық құрамына (белок, май, көмірсулар), оның консистенциясына, температурасына, қарынның сілемейлі механикалық тітіркенісіне байланысты. Ішек-қарынның ең басты гормондарының бірі - қарын сілемейі өндіретін гастрин. Гастрин клеткалардың тұз қышқылын өндіруіне әрекет жасайды.
Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі - ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді.

Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Бүртіктердщ аш ішектегі асты сіщріп (сорып) алатын көлемі 4-5 м2-ден 400-500 м2-ге дейін болады. Аш ішектің ұзындығы 3-3,5 м. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Ұйқы безі сөлінің ферменттері сілтілі ортада ғана әсер етеді және оның қызметін өт күшейтіп отырады. Ac қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен белок, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.

Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.

Бауырдың қызметі:
- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі);
- көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады;
- өтті өндіреді (күніне 1,5 л).

Өттің қызметі:
- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;
- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;
- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;
- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;
- ішектегі шіру процесін тоқтатады.
Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т.б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.
Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар.

Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.

Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішектің кілегейлі қабықшасында бүр болмайды. Оның бездері құрамында ферменттері аз, ал кілегейлі заты көп сөл түзеді, осындай кілегейлі зат арқасында қорытылмаған ас қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің дефекациясы - күрделі рефлекторлық акт, яғни бұл кезде диафрагма (көкет) мен қарын бұлшық етінің қабырғасы жиырылады. Бұл рефлекстің орталығы жұлынның құйымшақ бөлімінде орналасып, оның әрекетін бас миы реттейді.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Биология


Яндекс.Метрика