1. Ресурсы
  2. Педагогика

Педагогика

Баланың сөз әдебін қалыптастыру жолдары

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

Бала тәрбиесі — баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да,   мектептің де мақсат — мүддесі біреу, ол — болашақ ұрпақ тәрбиесі.Болашақ ұрпақ тәрбиеленетін алғашқы ұя — отбасы, ата — ана құшағы.Жас сәбидің өмір табалдырығын аттағандағы алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі, көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» немесе «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген де осының айғағы.Яғни, ата — әженің, әке  - шешенің өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге — өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.
Халқымыз  «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген сөзінде де тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын меңзесе керек.
Қазірде дүниеге дені сау бала әкеліп, ол нәрестенің өсуіне, жан — жақты жетілуіне, жеті жасқа дейінгі дамуының педагогикалық мүмкіндіктерін айқындап, ата — аналармен бірлескен ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру көзделуде.Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың «Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді» деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған.Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңдал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру әрбір ата - ананың міндеті деуге болады.
Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі.Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана — сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез — құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.Тіл — адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы.Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Сондықтан баланың өз ойын дұрыс жеткізіп, басқа адамдармен дұрыс қарым — қатынас жасай білуі үшін оған ең алдымен сөз әдебін үйрету керек.
Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету — ұлттық қасиеттеріміздің дамуының бірден — бір жолы.Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту.Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы ұлттық мінез — құлқының қалыптасу жолы.Ана тілінің қадір — қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы, сыпайы болып өсетініне өмір тәжірбиесі куә.Міне, біздің кішкентай ботақандарымыз тіл шұрайының шырын — балын татып өссе екен дейміз.
Сөз — тілдің негізі.Сондықтан бүлдіршіндерге үйрететін сөздер де  қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандырытын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратындай болуы шарт.Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап қалыптасады.Оның алғашқы ұстазы ата — анасы, тетелес ағалары мен әпкелері.Олармен күнбе — күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді.Баланың тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғырлым кең болады.Сондықтан бала тілін кішкентай күнінен байытып, ойын кеңейте түсу отбасының, балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады.
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу деген мағынада ғана емес, адамдар арасындағы қарым — қатынасқа ұйтқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.Сөз әдебі бүлдіршіндердің адамдармен қарым — қатынас жасауы үшін, оның сыпайы түрде жүзеге асуы үшін, сондай — ақ көңіл — күйге жағымды әсер етуі үшін жұмсалады. Белгілі бір әлеуметтік ортада, ұжымда, мәдени - көпшілік орындарда және т.б. жерлерде бүлдіршіндердің өзге адамдармен өзара қарым — қатынас жасауы алуан қырлы, сан түрлі болып келеді.Оларды санамалап айтып тауысу мүмкін емес.Әйтсе де мұндай сан алуан қарым — қатынастың типтік түрлері болады.Оларды, негізінен, мынадай басты — басты топтарға бөлуге болады:сәлемдесу, қоштасу, танысу, кешірім сұрау, жұбату, құттықтау, тілек айту, ризалық білдіру, өтішіш жасау т.б.Бұл тізбек, әдетте, тұйықталған тізбек емес, сондықтан басқа да тақырыптық топтардың болуы мүмкін.

Қаратпалар
Қазақ сөз әдебі қорындағы қаратпалар сан жағынан алғанда аса мол, түр жағынан алғанда сан алуан.Олардың, негізінен, туыстық қарым — қатынасқа, таныс — бейтанысқа және әлеуметтік жікке байланысты айтылатын түрлері бар.Біралуан сөздер өзінің тілдегі кәдімгі қызметінен тыс жүк арқалап, сөз саптауда қаратпаға көшеді.Олардың аражігін балаға түсіндіріп, орынды қолдануға үйрету керек.Мысалы, екінің бірі күнде қолданатын «әке» сөзін алайық.Ол, бірішіден, «балалы болған ер адам» дегенді білдірсе, екіншіден, баланың әкеге қарап айтатын қаратпасы.Ал, үшіншіден, әке сөйлеу тілінде өзінен жасы кіші адамға «қарағым, шырағым» деген мағынада айтылатын қаратпа.[3/10б.]Туыстық атауларды мағынасына қарай дұрыс қолдану қажет екенін балаға жастайынан үйретіп, дағдыландыру керек.Себебі, жас өсіп келе жатқан сәби, біріншіден, кімнің кім екенін ажырата алады, екіншіден, баланың сөз әдебін қалыптастырады.Қазақ тіліндегі туыстық атауларды мағынасына қарай былайша топтап қарастыруға болатын сияқты:
1) Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апаәпке, әпше, тәте), іні, қарындас, сіңлі, баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға, немере апа, немере қарындас, немере іні, немере сіңлі, шөбере аға, шөбере іні, шөбере апа, шөбере қарындас.
2) Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар.
3) Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге, нағашы жезде.
4) Құдандалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи, құда.
Бұл атауларды бүлдіршіндерге үйретуіміздің басты себебі жоғарыда айтып өткеніміздегідей туыстарымен қалай туысатынын біледі және қазіргі кездегі қалыптасқандағыдай аға, апай дей бергеннен гөрі осындай туыстық атауларды қолданса, енді бір жағынан жеті атаны білу ұғымымен де байланыстыруға болады және баланың тіл байлығы байиды.Бұл сөздер арқылы біз тек сәбидің тіл байлығының  дамуына ғана әсер етпей, оның жеке тұлға болып қалыптасуына да өз деңгейінде жағдай жасаймыз.
Дәл қазір қалада тұратын қазақтар түгелдей әкесін папа, шешесін мама деп атайды.Аудан мен ауылдар, қыстау мен қыстақтарда тұратын қазақтардың арасында да бұл «көрсеткіш» тым жоғары.Тіпті шалғай ауылдардың тең жартысы «мама»мен «папаға» бауыр басып алғанын өз көзімізбен көріп, өз құлағымызбен естіп те жүрміз.Мұның сыртында туған әкесін «батя», іні — қарындастарын «братишка», «сестренка», ата — әжесін «дед», «бабуля» дейтін қазақтарда қисап жоқ.Ал осындай этикет нормаларының бұзылуы оның адамдар арасындағы қарым — қатынасты реттеу қызметіне нұқсан тигізеді.Осының салдарынан адамдар арасында   түсінбестік пайда болып, ынтымақ, бірлік, сыйластықтың аса маңызды сапалары әлсірейді.Тіпті ұлттық санаға да іріткі түсе бастайды. 
Халықтың жан дүниесінің , ұлттың ұлттылығының бір көрінісі — туыс атаулары.Бұлар — бізге ата — бабаларымыз тастап кеткен  қасиетті тілдік ескерткіштер ғана емес, сонымен бірге әрбір жеткіншектің санасын ұштайтын ұлы ұғымдар. «Әкемен», «апамен» тілі шыққан сәби ерте бастан өзінің  осы сөзді тудырған халыққа қосақтаулы, осы сөзді дүниеге әкелген ұлтқа байлаулы екенін сезініп өтеді.
Өз ана тілінде апа, әке деген ыстық сезімге бөлейтін, адамның жан — дүниесін елжірететін сөз тұрғанда сәбидің аузына бөгде тілдің бөтен сөзін салып, құлағына сіңіре бастайтын өзіміз екенбіз.
Эмоциональды — экспрессивті бояулы тілдік бірліктерді көбірек қолдансақ сәбидің жүрегіне мейірім ұялатуға болады.Көбінесе кішірейту, еркелету мәнінде жұмсалатын -еке, -жан, -шым, -шім, -тай тәрізді экспрессивті қосымшалары жақсы көру, ерекше құрметтеу мағынасында жұмсалады:әкежан, әкетай, әкешім, әкей, ағеке, ағажан, ағашым, ағатай, ағай, шешежан, шешетай, көкежан, көкешім, көкетай т.б.
Баланың, әсіресе, кішкентай сәбилердің жан сезіміне жақсы әсер етіп көңілін марқайтатын сөздер, тілдік амал — тәсілдердің тағы бір алуаны қозым, ботам, құлыным, ботақаным, қоңыр қозым, ақботам, айым, күнім, жұлдызым, шырағым, сәулем, жарығым тәрізді тәуелдік жалғауымен айтылатын қаратпалар деуге болады.Олар — эмотивтік қызметі аса күшті этикеттік құралдар.Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып, қозым, ботам, деп еміреніп отырады.Эмоциялық әсері күшті бұл қаратпалар, біріншіден, ана мен бала (сәби) арасында қарым — қатынас орнату үшін аса қажет.Адамның тынысы жан тұрмысына байлаулы.Жан шат болса, дауыс та шат болады.Қысқасы, ана баласының қасында үндемей отыруы дұрыс емес. 
Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып, оны алақанымен сылап — сипайды. «Қарды қылау өсіреді, баланы сылау өсіреді» деген мақал осы жайтты аңғартады.Сезу мүшесіне әсер ететін ананың аялы алақаны, көру мүшесі арқылы көңіл — күйге әсер ететін ананың жылы жүзі қандай қажет болса, ананың айналып — толғанып айтатын қозым, ботам, құлыным деген жүрекжарды сөздері сондай қажетті құрал.Адамның болмысын, мінез — құлқын, бір — бірімен сан алуан қарым — қатынасын жан исіндіретін жақсы сөз жөнге салып отырады.Сондықтан осындай амал — тәсілдерді қолдану арқылы балаға жастайынан өзге адамдарға аялы алақан, жылы жүз, жақсы сөз сыйлауға үйрету керек. «Жақсы сөз жарым ырыс», «Жақсы сөзге жан семіреді» деген даналық нақылдар өмірдің шындығынан, бала тәрбиелеудің халықтың көп жылдық тәжірибесінен сомдалған сөздер.

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді             
Сәлем — арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі.Сәлемдесу — тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір — біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем - сөздің басы» делінетіні де сондықтан.Тегінде, әдеп, адамшылық — амандасудан басталады.Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі — сәлемдесу.Оның шарапаты мен кереметі сонда — адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің  бір — біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие.Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет.Адам баласы қашанда тыныш — бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір — бірімен тату — тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған.Соның негізін сәлемдесу салған.
Балаларды жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті — қолдарын жуып келіп, ата — анасына, отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруге дағдыландыру керек.Адамның әр күнгі іс — қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталатынын сәбиге түсіндіру керек.Қазіргі таңда сәлемдесудің түрлері өте көп, бірақ балаға соның ішіндегі ең керекті түрлерін үйреткен жөн.Мәселен, басқа сәлемдесу түрлеріне қарағанда балаларға «Сәлеметсіз бе?»  және  «Ассалаумағалейкум» деп амандасу қолайлы сияқты. «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзінің мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін»дегенді білдіреді.Алайда, балаға құр ғана «ассалаумағалейкумды» айтып, бір міндеттен құтылғандай болатын тоң — торыс сәлемнің ізеттілік емес екенін, қайта кісі көңіліне қаяу түсіретін қылық болып табылатынын айтқан жөн.Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты — жылы шырай.Онда сәлем беруші мен алушының қас — қабақ, бет — жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады.Міне, осылардың бәрін балаға үйрету өте маңызды.Дұрыс амандаса білудің өзі  дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Осындай тәлім — тәрбие арқылы бүлдіршіндер дұрыс сөйлеуге үйренбек.

Қоштасу 
Сөз этикетінің өз алдына дербес бір саласы — қоштасу.Оны дербес сала дейтініміз — оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны бар.Қоштасудың да түрлері өте көп.Мәселен, «Сау болыңыз», «Хош», «Көріскенше күн жақсы», «Хош болыңыз» т.б. Бұларды балаларға тиісті жерінде лайығымен қолдануға үйрету әдептілік әліппесі болып табылады.Себебі қоштасу түрлерінің қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар.Бала кетер алдында қоштасып, әдеп сақтауға тиіс.
Қаратпаларға байланысты сөздерді жергілікті жерде қолданылу, белгілі бір аймаққа таралуына қарай зерттеу де қызғылықты әрі тілдік, әрі тарихтық  деректер берері сөзсіз.Кейбір сөздер диалектолог ғалымдардың ғылыми жазбаларына түскенімен, олар тілдің этикеттік  формуласы ретінде түсіндіріліп, талданған емес.Мысалы, қазақ сөз этикетінде жиі қолданылатын «Сау болыныз» әдеби тілде қоштасуды білдіргенмен, Қазақстанның батыс говорларында, Түрікменстан қазақтарының тілінде (Ә.Нұрмағамбетовтың деректері бойынша) «Рахмет» деген мағынаны білдіреді.Әрине, мұндай тілдегі ауытқушылықтарды бала кішкентай кезінен біліп өскені жөн.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни бүлдіршіндерге тек қоштасу сөздерін ғана емес, қоштасуға дайындық сөздерін де үйреткен жөн.Олар, атап айтқанда, «Уақыт болып қалыпты — ау», «Амал жоқ қайтар уақыт таяды», «Уақытыңызды алмайын», «Осымен болайық» қыстырма сөздері.Яғни, қалыпты қоштасу сөздерінің құрылымы тұтастай алғанда формуладан — негізгі актіден және дайындық актіден тұрады.Міне, осындай қарым — қатынастарды балаға үйрету арқылы сөз әдебін қалыптастыруға болады.

Қорытынды
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін — өзі сезінуінің алғашқы сатысы.Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді.Сондықтан бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн.Сыпайы, келісті сөз баланың абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді.Таза мәнерлі тіл ойлау жемісі.Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениеті қалыптасады.
Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес.
Не келсе де тілден келер бір басқа,
Содан жақсы, жаман атақ бір басқа,
Тыңдаушы адам ерте тұрып, күн сайын,
Осы тілге табынбайды құр босқа — деген ақыл — өсиеттерді санада ұстап, өз ұрпағының тәрбиесіне  жауапта ата — ана рөлі әрдайым бірінші орында.Баланы тіл әдебіне дағдыландырып, тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата — ананың басты міндеті.Тәуелсіз еліміздің ертеңгі күні мен бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күні жақсы болуы үшін, ерте кезден ат салысып, сөз әдебін қалыптастыруға бар күшімізді жұмсайық, ағайын!   

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Асылов Ұ.,Нұсқабайұлы Ж.Әдеп.А.,1998
2.Бала мен балабақша журналы, 2005 №8
3.Егемен Қазақстан, 1991,№10
4.Жұмабаев М.Педагогика.1992 №4
5.Қобыланова А.Қазақ сөз этикеті.А.,1991
6.Мектепалды даярлық журналы,2003 №1-3


Балабақшада ұлттық ойындарды пайдалану

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

БАЛАБАҚШАЛАРДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Ж О С П А Р Ы

І. Кіріспе
Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – ойын.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет.

2. Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар.

ІІІ. Қорытынды.

Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын
тәрбие құралы.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.  
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.  
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың  ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті  өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.   

Осыдан келіп ойын туралы мынандай  т ұ ж ы р ы м   ж а с а л а д ы :

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді  т ә р б и е л е й д і.
ә) е р і  к   ж ә н е  м і н е з  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.
б) ұ ж ы м д ы қ   с е з і м  әрекеттері өсе түседі.
в) э с т е т и к а л ы қ   т ә р б и е    б е р у -  өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) е ң б е к    т ә р б и е с і н   б е р у  мақсаттарын шешуге мүмкіндік  береді. 
д)  д е н е   к ү ш і н і ң   ж е т і л у і н е   к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, «Соқыр теке» ойыны («Ақ сандық, көк сандық» Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,                          
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,                         
Бір қыз ұстап беріңдер!..
Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,                       
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ,                               
Ал, ұстап көр, батырым,
Топырағын алайын,                              
Міне, келе жатырмын!
деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.
Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.
Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.
Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.
Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды, келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «ақбайпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.
Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардың бойында адам баласының қасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардың көпшілігінде дерлік төрт түліктің қай-қайсысы болмасын, аналықтарының өз төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады. Сондай «Ақбайпақ» ойынында, жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп, жаны жай тауып, ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардың кімнен жақсылық, кімнен жамандық көрдің деп, содан ботаның айтуы бойынша інгеннің бұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.
Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің, мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.
«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.
Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.
Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді.
Алданған ойыншылардың жазасы өлең айтып би билеп, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдаушылық та күшейе түседі.  
Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ананың ойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетінің жанрларын – ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар, санамақтарды айтып үйреткен. 
Мысалы, «Тоғызқұмалақ» ойыны:
Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
Бабалардың бұл ежелгі ойыны.
Екі адамға тең бөлінген мал жайы,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.

Онда бар он сегіз ұя – кіші отау,
Екі қазан – үлкен келген іші отау.
Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ
Сексен бірден екі ойыншы тұр қамап.

Әрқайсының сегіз ұя – ойы бар,
Әр ұяның дәл тоғыздан қойы бар.
Екі ойыншы – екі қойшы кезекпен
Түсіреді ұяға қой есеппен.

Бір-бірінің ұясына айдайды
Қой – құмалақ санын жіті аңдайды.
Ұяда қай жұп болса қой – құмалақ
Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ.

Солай талай қой қазанға түседі
Есепке оны екі қойшы тізеді.
Кімде-кімнің қазаны тез толады,
Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

...Қызықтырған бүгіндерде ойлыны
Міне, осындай бабалардың ойыны.

Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай бала өміріндегі ойынды және ермекті «ол - баланың еңбегі»,- дейді, демек бұл жай ермек емес, бала әлеміндегі кәдімгі еңбек. «Сондықтан да бала еңбегі – ойын. Ендеше, ойын балалардың күнделікті тіршілігі адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты. Тіршіліктің түрі бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс – жас уақытындағы ойын». Сондықтан да қазақ балаларының негізгі ойындары асық, құмалақ (түйенің, қойдың), бес тас, доп міне мұның бәрі осы балалар еңбегінің құралдары болады. Өмір мен өнерге деген талаптың түп негізінің өзі осы асық, доп, құмалақ, ләңгі, қуыршақ, мәшине, үй болып т.б. ойнауларда жатыр. Ендеше халықтың бұл дана сөзін тура мағынасында түсінуге болмайды.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақсүйек», «Тоғызқұмалық», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны   байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі – «Он бір қара жұмбақ». Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы балаңың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес  дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.
Балалар ойынында кейде  өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға  ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып  өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!



ПАЙДАЛАНҒАН    ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар
Алма-Ата  «Жалын» 1987 г.
2. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.





Бала сипаттамасы

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп аталады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.

Құқықты іске асыру.

Мемлекет осы конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек.

От басындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.

Мемлекет баланың жан-жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата аналар мен кеңейген от басылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.

Ата-анадан ажырау.

Бала өз мүддесіне қарама-қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата-анасымен тұруға құқылы. Сондай-ақ бала ата-анасының екеуінен, немесе біреуінен ажыраған жағдайда олармен байланыс жасап тұруға құқылы.

Баланың көзқарасы.

Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.

Пікір айту еркіндігі. Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.

Жеке өмір сүру құқығын сақтау

Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылардан, сондай-ақ өз ара хат алмасуларына кедергі болушылардан, және арандатушылардан қорғау құқығына ие.

Тиісті ақпараттарды алу мүмкіндігі.

Мемлекет балаларға ақпарат алуға және әр түрлі ақпарат көздерінің мәліметтерімен танысуға жағдай жасауға міндетті. Сонымен қатар мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарының баланың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін ақпараттар таратуын қолдап қуаттауға, сондай-ақ балаларды зиянды ақпараттардан қорғау тиіс.

Ата-ананың жауапкершілігі.

Ата-ана бала тәрбиелеудің  негізгі жауапкершілігін бірге тартады. Ал мемлекет бұл істе оларды барынша қолдап-қуатттауы қажет. Сонымен қатар мемлекет баланы тәрбиелеуде ата-анаға жеткілікті түрде көмек көрсетіп отыруы тиіс.

Әлеуметтік қамтамассыз ету.

Бала әлеуметтік сақтандырумен қоса әлеуметтік қамтамассыз етудің басқа да игіліктерін пайдалануға құқылы.

Білім алу.

Бала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегіалғашқы тегін білім алуды, кез-келген бала оқи алатын орта білімді қолдауды, және қабілетіне байланысты жоғарғы білім алуды қамтамассыз ету – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мектеп бағдарламасы баланың құқығын және ар-намысын еске түсіре отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекет осы құқықты іске асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытуы керек.

28-бап:

1. Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда:

а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу;

ә) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің  барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамассыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды;

б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамассыз етеді;

в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен материялдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамассыз етеді;

г) оқушылардың мектепке тұрақты бару мен мектепті тастап  кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды;

2. Қатысушы мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір

қасиетін құрметеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамассыз  ететін шаралардың бірін қолданады.

2. Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен  сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатындағымәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.

Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір.

Бала мәдени және творчествалық, яғни шығармашылық өмірге қатысуға, демалуға және бос уақытқа құқылы.

Бала еңбегі.

Бала өзінің денсаулығына, білім мен дамуына қауіп төндіретін жұмыс тапсырылған жағдайда қорғау құқығына ие. Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте адамның ең төменгі жас мөлшері мен еңбек жағдайына қатысты талаптарды белгілеуі керек.

 

Агресивті балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде  мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімделігі бар балаларға рухани және материялдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалады.

Егер ата-анасының рухани жан-дүниесі кедей, мәдениеті төмен болса, ондай адамдардан ақыл-ойы нашар, жігерсіз нәресте дүниеге келетіні шындық. Ежелгі Қытай трактаттарында, үндістердің киелі жазбаларында бала құрсағында  оны дүниеге әкелудің нақты әрекеттерінен бұрын-ақ биоэнергетикалық жағынан қалыптасатыны айтылған. Бала ата-анасының психобиоэнергетиклық жағдайынан және олардың сүйіспеншілік сезімінен, жан-дүниесінің тоқыныстарынан пайда болады. Осынау көсіз де мөлдір қарым-қатынастар ақылы ерлі зайыптылар ғарыштан балаға тіршілік нәрін егетін қуат, қазақша айтсақ, баланың жанын тарататын көрінеді. Егер ерлі-зайыптылыардың арасында махаббат болмаса және рухани жағынан мүгедек болса, әлгі ғашықтық қуатты таратуға шамалары келмей, олардан туған сәбилер өмірге жағымсыз құбылыстардың алдында әлсіз болып жаратылады.

Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор.

Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбиес ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бғытталады.

Бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінде  әсіресе «рекше» балалар мінез-құлқы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сыныпта кездесетін: агрецивті балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар тобы жатады.

Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Олар жеке адамдар арасында әр түрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болды.

Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессивті әрекеттің жоғарғы  немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы тар, темекінің исі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады.  Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ,өзін-өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.

  • Психолог-ғалымдар агрессияны бір неше түрге бөледі. Э.Формм екі түрі бар дейді  «зиянды», «зиянсыз».
  • Зиансыз агрессия қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында)артынан басылады.
  • Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән,ал кейде ерте кезеңнен басталады.
  • Зиянды агрессия қатыгездікпен қауіпке толы болады.

Бүгінгі кино, бейнефильмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді.

Егер, қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ызы ашуын, ата-ана алдында көрсетпей ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.

Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аударту үшін де агрессивті қылық көрсетеді.

Ата-ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемен» деген агрессивті әрекет туғызады.

Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек,  ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін  шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным — бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау — барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:
— ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
— негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
— зиялылық біліктерді қалыптастыру;
—    дүниетанымды қалыптастыру;
Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез — заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.
Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.
Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.
Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу — сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.
Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.
Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

Дүниетану сабақтарында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА 2-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ     3
1    АДАМГЕРШIЛIК МӘДЕНИЕТI ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ   
7
1.1    Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты     7
1.2    Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі   
9
1.3    Дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдер мен жолдары   
22
2    ДҮНИЕТАНУ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА 2 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ   

29
2.1    2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау    29
2.2    Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен   

38
2.3    Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі   

46
ҚОРЫТЫНДЫ    58
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI    61
ТIРКЕМЕ – А    67
ТIРКЕМЕ - Ә    72
ТIРКЕМЕ - Б    73
КIРIСПЕ

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi [9,32].
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды [ 11]. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-әрекетi басым. Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның, азаматтың, оқушының жанын, рухын, санасын сауықтыруға мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан бұл мәселенi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде шешудi көздейдi. Осыған байланысты төмендегiдей түйiндi сөздердiң мәнi мен мағынасын қайта қарап, айқындау қажеттiгi туады. Бiлiм беру тұжырымдамасының оқытудың рухани адамгершiлiк мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы iзгiлiктiлiгi, функциялылығы және табиғилығы:
-    Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк-эстетикалық белгiлерiн, оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына сiңiрген белсендi әрi шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай тудыру мiндеттерiн назарда ұстайды.
-    Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, оқушылардың да адамгершiлiк-әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту мәдениетiнiң рухани – адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық мәндiлiгi мынаған бағдарланған:
-    бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани өрлеу тұрғысынан жаңарту;
-    оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк негiздерiн де анықтау;
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларға адамгершiлiк – рухани бiлiм бiлiм беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi.
Алайда оқыту мәдениетi барлық тарихи және мәдени өзгертуде болсын, ол қашанда оқытудың қандай да бiр педагогикалық үлгiсi, тәрбиенiң адамгершiлiк эталоны болып қала бередi [ 26,42].
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.
Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбын “Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениеттерiн қалыптастыру” деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi жолдарын iздестiру.
Зерттеу нысанасы: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды ұйымдастыру үрдiсi.
Зерттеу пәнi: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы оқушылар мен мұғалiмнiң iс-әрекеттер жүйесi.
Зерттеу мiндеттерi:
1 Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы педагогикалық- психологиялық, әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;
2    “Адамгершiлiк мәдениетi” ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;
3    Дүниетану пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау жасау;
4    Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтап, педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін тесеру.
Зерттеу болжамы:
Егер, бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда дүниетану пәні оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені дүниетану пәнінің оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда мүмкіншілігі ерекше.
Зерттеу әдiстерi:
1)    Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
2)    Педагогикалық бақылау.
3)    Педагогикалық эксперимент.
4)    Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.
5)    Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.
Тәжiрибелiк маңыздылығы:
Бұл жұмысты студенттер мен бастауыш сынып мұғалiмдерi әдiстемелiк жинақ ретiнде күнделiктi жұмысында қолдана алады.
Апробация:
Бұл тақырып бойынша Ұлан ауданы Бестерек ауылындағы, М. Горький және Қ. Қайсенов орта мектептерiнiң екiншi сыныбында эксперимент жүргiзiлдi.
Диплом жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi мен тiркемелерден тұрады. Көлемi 77- бет.
1 АДАМГЕРШIЛIК МӘДЕНИЕТI ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1     Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
Қайырымдылық.
“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет” [20,387].
1.2 Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі
“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.
Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым [87, 12].
Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен [78].
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.).
Мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б).
Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi. Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi.
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.
Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез- құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Олар оқушылардың бiлiм алуына және оқушыларды практикалық қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы өз-өзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi- мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет - дейдi А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет” [86].
Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында [88].
Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр сүруi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады [89,36].
Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат-бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау.   
Адам - табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.
Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: «Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс- әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi» [88].
Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.
Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады [23,44].
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.
Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педа-гогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық [ 21, 266].
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.
Ә.Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады” [48,45].
М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.
Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң “Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең” дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол “Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi ” .
Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана , денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу [13].
Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогика аса көп мән берген А.Б.Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен.
Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның мәдениетiн қалыптастыру қажеттiлiгi мәселесiн қарастыра келiп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдiң өсиет етiп кеткен тәрбиенiң табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесiнiң жетекшi құралы деп түсiндiрдi.
Мектептер қызметi мен мектептен тыс уақытта өзара байланыс жұмысы үздiксiз болатыны жайлы көптеген көрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.А.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп бердi.
И.Д.Зверевтiң пiкiрiнше, тәрбие мен бiлiмнiң негiзгi мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаға, оның қызметiне деген жауапты көзқарасын қалыптастыратын берiк ғылыми бiлiмдердi меңгерту болуы қажет. Табиғат, экологиялық тәрбие берудiң көрсеткiшi ретiнде оқушылардың табиғи ортаға деген көзқарасы, оның адамгершiлiк нормаларын айтуға болады [24,29].
Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру мынадай мiндеттердi белгiлейдi:
-Табиғи және әлеуметтiк ортаға деген жауапкершiлiкпен қарауды қалыптастыру – тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi.
- Өзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке үйретудi мектептiң бастауыш сыныбынан бастау.
-Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.
“Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.
Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.
Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”-деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәрiне қандыру да педагогтық парыз екенiн ұмытпағанымыз абзал [2,38].
Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi – азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. “Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң” деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо. Ал Абай: “Досыңа достық – қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол” деп жырлаған болатын. өмiрде адам неғұрлым ақылды, мейiрiмдi болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi. “Жас өспей ме, жарлы байымай ма!” демекшi, бүгiнгi бастауыш сынып оқушысының ертеңгi азамат екендiгi де еш күмән тудырмайды. Сондықтан өз бойларына жоғары адамгершiлiк мәдениетiн бүгiннен бастап сiңiре бiлу, адал болу, арлы болу әркiмнiң парызы. Адам жақсылыққа жамандық iстеу арқылы жете алмайды, қашан да қайырымдылық қажет. Өйткенi, адамның асыл қасиетi – оның жасаған жақсылығы. Адам – қоғамның мүшесi десек, әрқайсымыз осы атқа лайық болуымыз керек. Ал қоғам жайлы оқушылар дүниетану сабағында танысады. Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”-деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Ал Ш.Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:
Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.
Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.
Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады, адамгершiлiк тезге салады [54,236].
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.
Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Адамгершiлiк ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады.
Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада. (В. Сухамлинский).
Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi - әлемдi тануы.
М.Шоқайұлы былай деген: “Мәдениет - адам әлемi. Мәдени көрiнiстерде адамдық парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк заттандырылып, игiлiктер дүниесi құрылған. Сонымен бiрге мәдениет адамды тұлға деңгейiне көтеретiн негiзгi құрал”.
Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да, қазақ халқы жетелеген тұлғаның сипатын “Сегiз қырлы бiр сырлы “ деген бiр ауыз сөзге сыйғызып, түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан тұрады, ол ақыл-ой, сезiм, ерік. Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым болса, оның өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi.
“Қазақстан – 2030” Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, бiлiм мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берiлген.
Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани-адамгершiлiгiн жетiлдiру мәселелерiне тың көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрi - жетiлген тұлға тәрбиелеу [3,21].
Яғни, оқушының – ақыл-ойын, сезiмiн, еркiн үйлесiмдiлiкте ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгершiлiк қағидаларды меңгерген адам болып өсуi. Жетiлген тұлға болу, яғни, басқаларды жақсы көру, өз махаббатын адамдарға арнау. Оның бойындағы әдептiлiк сипаттар төмендегiдей болуы тиiс:
-    Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.
-    Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.
-    Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау.
-    Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау.
-    Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.
-    Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.
-    Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету.
-    Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу.
-    Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу.
-    Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.
Сонымен қатар рухани жетiлген тұлғаның бойында адамгершiлiк ұстанымдар да болуы тиiс.
-    Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу.
-    Жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.
-    Ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу.
-    Өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу, өз ойын, сезiмiн, тiлiгiн, iс-қылықтарын үйлесiмдiлiкте ұстай бiлу.
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерi бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасында негiзгi орын алады. Онда былай деп көрсетiлген: ”Жеке тұлғаның қалыптасуы үздiксiз күрделi процесс. Әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән санасы, еркi, өзiндiк әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескерiп, олардың ақыл-ой қабiлетiн, жеке бас қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға көмектесу”.
Белгiлi психологтар Б.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, М.М.Мұқанов, М.Б.Блонскийдiң, С.Л.Рубенштеин, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың еңбектерiнде арқау болып, зерттеулерiнде оқушылардың бiлiмдері мен рухани байлықтарына, мiнез-құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып отыру қажеттiлiгi айқындалған.
Д.Б.Эльконин оқу әрекетi арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынастарының барлық жүйесi мен жеке қарым-қатынасы бiлiнедi, деп көрсеттi [55,111].
Оқушының iшкi позициясының балада қалыптасуы көбiнесе оның оқу әрекетiнiң белгiлi мөлшерде нәтижеге жетуiне байланысты болады. Психикалық процестердiң жұмыс iстеуiнiң бiршама жоғары түрде қалыптасуы ерiктi мiнез-құлық түрiнiң дамуының негiзiн құрайды, баланың мiнез-құлық актісiнде мотивациялық деңгейiнiң дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған ниет, талаптары артады. Өзiмен бiрге оқитын оқушылармен тығыз өзара қатынастардың құрылуы, құрбыларының арасында да орнын анықтау, әр түрлi жағдайлардағы мiнез-құлық ережелерiн меңгеру, оларды өзiне талап етiп қоюының қажеттiлiгi, бастауыш сынып оқушыларының мiнез-құлық факторлары, эмоционалды және адамгершiлiк жүгiн арттырады.
Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша, адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудiң негiзгi бағыты - мiнез-құлық мотивтерi мен әдеттердi қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру бiршама қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан-жақты көмек, адамдық сезiмнiң жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол сарғайып, солып қалады. Мiне, бұл қарапайым шындық.
Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып саналатын жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады [7,23].
Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: “Пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиiс” деп жазады. Яғни, оқулықтағы әр тарау бойынша оқушыларға түсiндiрiлетiн материалдың адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке, мамандықтың бәрi жақсы екендiгiне, оны қадiрлей бiлуiне байланысты қосымша материалдарды пайдаланып отыру қажет.
Дүниетану - аты жағынан да, мазмұны жағынан да бұрын бастауыш тәжiрибесiнде бiртұтастық, жүйелi мазмұнға құрылып оқытылмаған жаңа пән.
Қорыта айтқанда, ғалымдардың көпшiлiгiнiң пiкiрi оқушыларға адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру сөзге емес, тiкелей қоршаған ортадан алған әсерлерiне негiзделуi керек деп есептейдi. Табиғат туралы оқығандарын түсiнiп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дұрыс, олардың айырмашылықтары мен ерекшелiктерiн байқай бiлуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтiретiн әсерлерге қарсы адамгершiлiк ұғымдар қалыптасады.
1.3 Дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдары
Дүниетану пәні ғылыми негіздегі жаратылыстану ғылымының алғашқы сатысы.
Оқу бағдарламасының мазмұны бастауыш мектеп мұғалiмдерiнен оқу-тәрбиелiк мақсаттарын дұрыс анықтап, табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқушыларға тиiмдi де түсiнiктi түрде жеткiзу үшiн оқытудың тәсiлдерiн дұрыс таңдауды қажет етедi. Жалпы бастауыш мектеп мұғалiмi оқушыларды қоршаған дүниемен таныстыра отырып, эстетикалық, адамгершiлiк, табиғатты қорғауға тәрбиелеудi мақсат деп санайды.
Ғылымда қоршаған дүние сырын танудың оқу үрдісiнде үш әдiсi бар:
- бiлiм көзi;
- мұғалiмнiң оқытуы;
- оқушының бiлiмдi қабылдауы;
- оқытудың тәсiлдерiнiң классификасы;
- әңгiмелеу, түсiндiру, суреттеу, баяндау, көрнекi құралдарды қолдану, практикалық жұмыс, табиғатқа топсеруен, тәжiрибе жасау, т.б.
Оқу процесiнде қолданылатын әдiстердi оқу үрдісiнiң құрамына, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сабақтың тақырыбына байланысты белгiлеймiз.
Ендi сол әдiс-тәсiлдердi атап көрсетемiз.
1 ”Дүниетану” сабақтарындағы модельдеу әдiсi.
Бастауыш мектепте модельдеу әдiсi барлық сабақтарда қолданылуы қажет. Бiлiм беруде оның маңыздылығы зор, себебi оқушылар кеңiстiктi көз алдына елестетуi, немесе құбылысты түсiну ерекшелiктерiнiң, iс тәжiрибеде нақты көрсетiлуiн қажет етедi.
Оқушылардың басты бiлiм алу көзi оқулық болып табылады. Оқушылардың толық терең жүтем бiлiм алуы, оқулықпен дұрыс жұмыс iстеуiне байланысты.
В.А.Сухомлинский оқушының өздiгiнен ынтасымен кiтап оқуын ақыл-ой тәрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп есептеген. (Жақсы оқи бiлу деңгейiнiң мәнi неде? Бұл, ең алдымен, кiтап оқудың қарапайым әдiсiн бiлу, игеру болып табылады”.
Ғалымдар Ф.Талызина, Е.Н.Қабанова, Меллер, А.В.Усовалардың айтуынша оқушылардың бiлiктiлігі қалыптасқан болса, онда еңбегi едәуiр нәтижелi болады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуында оқулықпен жұмыс iстеу бiлiктiлiгi ең басты танымдылық бiлiктiлiк болып саналады.
Мұғалiм қаншалықты тиянақты, ұқыпты, сабақ бергенiмен, оқушыларды материалды оқып-үйренуге ынталандырғанымен, егер де оқушының өзi бiлiм алуға ынталанбаса, оқыту үрдісi ойдағыдай өз дәрежесiнде болмайтыны белгiлi.
“Оқыту дегенiмiз - ең алдымен оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Егер оқушы мектепте тек елiктеуге, көшiруге үйренсе, онда ол өмiрде шығармашылықпен жұмыс iстей ала ма?
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасын қалыптастыру және дамыту – ұзақ та күрделi үрдiс. Ол пәндi оқып үйретудiң бойында үнемi жүргiзiледi.
Танымдық қабiлет оқушыда қабылдау, қиялдау, есте сақтау, дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн қалыптастыру, бiлiк пен iскерлiк түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады.
Профессор Т.Сабыровтың мынандай пiкiрiне назар аударайық: оқушыларды пәнге деген қызығушылығын туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:
1) Оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, т.б.).
2) Оқуды ұйымдастыру процесiнiң ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен формалары, т.б.).
3) Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым –қатынастардың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы қарым-қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, мұғалiм көңiл-күйi сергек, жарқын болуы, оқушылардың бiр-бiрiне көмек беруi, т.б.
Кейбiр тақырыптарға, бөлiм, тарауларға түрлi сұрақтар мен тапсырмалар, тәлiм-тәрбиелiк жағынан мәндi қосымша материалдар енгізілген.
Оқушылардың ой-пiкiрiнiң еркiн, дербестiгiн жүзеге асыру құқын барынша дамыту, оқудың маңызды шарттарының бiрi.
Туған елдiң табиғаты – адамгершiлiк тәрбиенiң қуатты құралы. Оның сұлулығы балалық шақта жарқын әрi терең қабылданады. Мұғалiм балаларға табиғат әлемiн ашып бередi, олардың гүл жапырағындағы мөлдiр шықтың, алуан түрлi шөптердiң, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемiлiгiн түсiнуге көмектеседi.
Баланың барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесi дамиды. Осыны ескере отырып, балалардың серуеннен кейiнгi алған бiлiмдерiн жинақтау мақсатында мiндеттi түрде қорытынды сабақ өтiледi.
Көктемнiң алғашқы гүлдерiмен таныстыру топсеруенi табиғаттың кiшкене ғана бөлшегi арқылы әсемдiктi көре бiлу мақсатын көздейдi. Балалар гүлдердi салыстырып көрiп, олардың құрылысы мен тiршiлiк әрекеттерi жайлы бiрқатар мәлiметтер алады. Бақылаған өсiмдiктердiң атын атауларына қарап балалардың топсеруен кезiндегi зейiні тұрақтануы мен материалдарды есте сақтау қабiлеттерiнiң өте қиын екенiн байқаймыз. Мұндай сабақтарды өткiзу барысында мұғалiм алдында күрделi мiндеттер тұрады. Бiрiншiден, топсеруеннен алған әсерлерi негiзiнде балалардың табиғатқа деген қарым-қатынасын, қоршаған ортаның әсемдiгiн көре бiлу қабiлеттерiн одан ары дамыта түсу, ұйымшыл, тату болуға, өзара сыйластық сезімдерін үнемі тудыруға тырысу. Екiншiден, мұғалiм оқушылармен бiрге табиғи құбылыстарды, олардың қасиеттерiн бақылауы, яғни баланың шындық өмiрдi қабылдауын дамытуы керек. Кез-келген бастауыш сынып мұғалiмi дүниетанудың осы екi тұсын үйлестiрудiң өте қиын екенiн бiледi. [91,128]
Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-әрекеттерi де үлкен әсер етедi. Әсiресе, бастауыш сынып оқушылары өздерiнiң жас шамаларына қарай ертегi, аңыз-әңгiмелердi, батырлар туралы шығармаларды сүйсiнiп оқиды.
Шығарма кейiпкерлерiнен үлгi алып, оның жақсы қасиеттерiн үйренiп, соған жету үшiн өздерiн дайындайды. Мысалы, достық деген тақырыпқа байланыстырып, өмiрден достыққа байланысты деректер келтiрiледi. Дос - деген ұғым қасиеттi ұғым. Дос адамдық асыл қасиет пен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседi, қуанышты да, қайғыны да бiрге бөлiседi. Дос – қамқоршы, көмекшi, жанын сала сыйлайтын ең жақын серiк, тiрек деген сияқты мысалдар..
Достық - әдеп, сыйласым.
Дос - өмiрлiк қимасым,
Достық ниет – жақсы үмiт,
Достық жасап адамға,
Достаса бiл әмәндә.
Осылайша сабақты тартымды өткiзу үшiн сабақ тақырыбына сай көрнекi құралдар, дидактикалық материалдар, үлестiрмелi карточкалар көптеп қолдану керек. Қорыта айтқанда бастауыш сынып оқушылары үшiн сабақты қызықты да мазмұнды етiп жүргiзу мұғалiмнiң өзiне, шығармашылық iзденiсiне, әр түрлi әдiстемелiк әдiс-тәсiлдердi сабақта тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты.
Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерiн дарыту жөнiнде мұғалiмдердiң арнаулы мақсат көздеген қызметi.
Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен гуманизм үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Бұлардың арасында Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Қ.Шаңғытбаевтардың шығармалары бiздiң жастарымыздың жан-дүниесiн әрқашан да терең тебiрентетiн туындылар кейiпкерлерімен суреттейдi [77,83].
Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнез-құлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi.
Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi [76,6].
Төменгi сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен және негiзiнен оқыту процесiнде жүргiзiледi. Баланы оқыту үстiрт қарағанда ғана тiптi өзгеге қатысы жоқ iс болып көрiнуi мүмкiн.
Шындығында сабақ – алуан түрлi ұжымдық қимылдар мен тебiренiстердiң, адамгершiлiк өзара қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренедi. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн өз күш-жiгерiн өзгелердiң күш-жiгерiмен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсiнудi, өз бiлiмiн басқалардың бiлiмімен салыстыру, өз пiкiрiн дәлелдеу, бiреуге жәрдемдесу және оның жәрдемiне сүйенуi қажет. Тәрбиелiк жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердiң маңызы бiрдей.
Төменгi сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеуде мұғалiмнiң жеке басының үлгiсiмен, балалармен қарым қатынасының шешушi маңызы бар.
Оқушылар әр кез өз мұғалiмiне елiктейдi. Егер мұғалiм мен оқушылардың қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, оқушылардың өзара қарым-қатынастары да сондай болады.
Бастауыш сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң бiрi оны адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып табылады. Оқушылар бұларды әр түрлi дәрежеде игередi, ол баланың жалпы дамуына, оның өмiрлiк тәжiрибесiне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда оқу сабақтарының ролi үлкен, соның iшiнде дүниетану сабағы. Бiз үнемi, “Кiтап – бұл әлем сырын ашу” деймiз. Яғни, оқу арқылы оқушы қоршаған өмiрмен, табиғатпен, адамдардың еңбегiмен, құрдастарымен, олардың қуаныштарымен, кейде тiптi сәтсiздiктерiмен танысады. Бастауыш сынып оқушылары ең алдымен iзгiлiк, қайырымдылық, сезiмталдық, әдеттiлiк туралы ұғымдарды түсiнуi, оларды айыра бiлудi үйренуi керек. Бұл сапалар өзара байланысты, қайырымды адам қашан да сезiмтал, әдiлеттi адам да сергек, сезiмтал келедi. Балаға адамгершiлiк сапалардың өмiрдегi көрiнiсiн көре бiлуде, қайырымдылық, зұлымдықты, сезiмталдық пен әдiлетсiздiкті, жолдасына шын мәнiнде немее жалған көмек берудi айыра бiлудi үйренуi тиiс. Сондықтан оқушылар адамгершiлiк мәдениетiнiң дамуына бағыт беру үшiн осы сапаларпдың мазмұнын бiлу қажет.
Адамдар арасындағы өзара қатынастың күрделiлiгiн ашуға көмектесетiн балалар әдебиетiнен мысалдарды сабақта тақырыпқа сай пайдалануға болады.
2-сыныпта балалар әжептәуiр өсiп қалды, сондықтан мұғалiм экскурсияның тәрбиелiк мүмкiндiктерiн 1-сыныптағыларға қарағанда кеңiрек, әрi тереңiрек пайдалана алады. Бұл жерде мұғалiм оқушылардың танымдық құштарлығын арттыра бередi. Экскурсия кезiнде баланың табиғатқа, қоғамдық өмiрдегi әр түрлi құбылыстарға, моральдық норма мен тәртiп ережесiне қатынасы қалыптасып, әр түрлi мамандықтағы адамдардың еңбегi жөнiндегi түсiнiгi кеңейе түстедi.
Iс-әрекеттiң барлық түрiне деген құштарлықты пайдалана бiлу, оның сана-сезiмiн арттыра түсуге көмектеседi.
2-сынып оқушылары өздерi үшiн мүлдем жаңа дүниетану пәнiн оқи бастайды. Сондықтан мектептiң биология кабинетiне саяхат жасаған дұрыс. Олар биология пәнiмен, мұғалiмiмен танысып, анық аты-жөнiн, кабинеттегi құстар тұлыбы, өсiмдiктер, гербарий сияқты коллекциялар түрін көредi. Егер мектепте хайуанаттар жүйесi болса, жоғары сынып балалары оларды қалай бағып-күтетiндерi жөнiнде айтып бередi. Бұл жұмыстар арқылы балалардың мейірімділік, аяушылық сезімдерін туғызыға болады. Өлкетану мұражайында балалар мектеп оқушылары өз қолдарымен жинап, құрастырған экспанаттармен танысады. Мектептiң өлкетану мұражайына материалдар жинауға қатысып, қолдан келген көмектерiн көрсету, 2-сынып оқушыларын жоғары сынып оқушыларымен жақындастырып, олардың достық қарым-қатынастарын, үлкендерді сыйлау, үлгі алу, ұйымшыл болу, дұрыс сөйлесе білу, т.б. қасиеттерін күшейте түсу [82,143].

2    ДҮНИЕТАНУ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА 2 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1     2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау
Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады.
Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.
Табиғаттан бабамыз ала берген секiлдi;
Дархандықты қазаққа дала берген секiлдi;
Еркелiктi ерiктi желден алған секiлдi;
Мөлдiрлiктi көгiлдiр көлден алған секiлдi.
Табиғат дегенiмiз – бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние. Табиғатты адам өмiрiнiң барлық қажетiн толық өтейтiн құрал болу үшiн, ол мiндеттi түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиiс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғайтын да адам. Адам өзiнiң де, табиғаттың да қаласа досы, санасыз iс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Осындай ерекшелiктердi ескере отырып мұғалiм алдындағы әр оқушының санасына табиғат қорғаушысы болуын сiңiру жолдарын iздестiруi керек. Дүниетану сабағы- өсiмдiктер мен жануарлардың, адам ағзасы мен қоршаған ортаның, табиғат пен экологияның адам үшiн алар орнын ашу, мәнiн бiлдiру.
Бастауыш бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы.
Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ- ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы “шығарманы” алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес.
Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.
Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.
Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады.
Табиғат - адам баласының материалдық және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық. Себебi қоршаған орта барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза және әсем болуына бастауыш сынып оқушылары да үлес қоса алады. Дүниетану сабағында оқушыларда табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын тәрбиемен байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар өткiзу мұғалiмге байланысты.
Төменгi сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бөлшектерiнiң жағдайын, табиғаттың әсем маусымына байланысты өзгерiсi мен оның себептерiн, тiрi табиғат пен өлi зат арасындағы қарым қатынас, адам әрекетiнiң табиғатқа жасайтын ықпалы, қоршаған табиғат жайлы жалпылай мағлұмат алады.
Ал оны тереңдетiп, оқушыларға практикалық мысалдармен жеткiзе бiлу мұғалiмнiң шеберлiгiне байланысты. Әрине оқушылардың жас ерекшелiктерi, бiлiм деңгейлерi ескерiледi немесе жануарлармен таныстыратындығын алдын ала белгiлеп алады. Табиғат пен оған жасалған адам ықпалын оқу процесiнде оқушылар бөлме өсiмдiктерiн көбейту, құстарды тамақтандыру, ағаш отырғызу сияқты практикалық жұмыстардан да мағлұмат алады. Сабақ барысында табиғатқа, жан-жануарлар, өсiмдiктер мен құстарға деген қамқорлық жасау қалыптасады. Серуенге шыққан оқушыларды тағам қалдықтары мен қағаздарды жағып жiберуге, қатты заттарды көмiп тастауға үйретуi керек [43, 397 ].
Адамға бiлiм де, дұрыс тамақтану да, жақсы киiну де, тiптi көтерiңкi көңiл күй де, т.б көптеген нәрсе қажет. Осылардың бәрiн ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен айналадағы дүние өзiнiң барын адамға сый етiп бере бермейдi. Себебi айналадағы дүние көп нәрсеге мұқтаж.
Мысалы: бақтағы алма ағашын алайық. Ол - табиғат перзентi. Тiршiлiк ету үшiн оған да су, ауа, қорек, жылу жарық керек, яғни адам сияқты ол да тiршiлiк етедi.
Жемiсiн адамға сыйлайды. Ағашқа күтiм қажет. Бағбан оны суарады, түбiн қопсытады, дiңiн әктейдi, күтедi. Сонда ғана ол жемiс бередi. Сондықтан да оқушылар санасына ағаш адамға жемiсiн сыйласа, адам оған су, ауа, қорек болатындай жағдай жасап, қажетiн өтейдi. Бұл жерде оқушының өз ауласындағы бақшасы, мектептегi жемiс-жидектерге қандай көмек көрсететiнiн өздерiне әңгiмелетiп, мысалдар айқызуға болады.
Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiгi әдiстерiне түсiндiрудi жатқызуға болады. Оның құралдары ретiнде мақалдар мен мәтелдер, әңгiмелер мен ертегiлер, аңыздар мен аңыз-әңгiмелер қызмет еттi. Оқушылармен әнгiмеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сұрыпталып, реттелiп алынып отырады. Адамгершiлдiкке тәрбиелеудiң аса бай жолдары белгiлi болғанына көз жеткiзу үшiн келесi әдiстер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету,жаттықтыру, сендiру, өтiну кеңес, мақұлдау, сәттiлiк тiлеу, тыйым салу, ант беру, сөгiс беру,кiнәлау жатады.
Мәселен, халық ұғымында, адам баласының мiнез-құлығына тәрбие мен тәлiм арқылы тек бiлiм мен ақылды ұштастыра бiлгенде ғана сiңетiн, аса құдiреттi, қасиеттi мол адамшылық атаулының бiр көрiнiсi. Шындық пен әдiлнттi суреттейтiн көркем шығармалардың iшiндегi аңызды айтсақ-“Аяз бидi” еске аламыз. Шыр етiп дүниеге келген перiште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтiмен, берiсi бесiктен дамиды десек, қателеспеймiз. Ал адам балысының тәрбиесiнiң ошағы саналатын – мектеп тәрбиесi бала бойында iзгi қасиеттердiң қалыптасуына үлкен де, маңызды атқарары даусыз. Тәрбиенiң негiзгi – iргетасы адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты.
Өйткенi, адам бойындағы мыңдаған қасиеттердiң iшiндегi негiзгi орын алатын қасиет – адамгершiлiк қасиетi. Бұл- аксиома. 2-сыныпта дүниетанудан “Өсiмдiктер мен жануарлар” бөлiмiндегi “Қызыл кiтап” тақырыбын өткенде – Қазақстан Республикасының “Қызыл кiтабы” Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауiп- қатердiң белгiсi сияқты. Бұл кiтап өсiмдiктер мен жануарлардың көптеген түрлерiнен жер бетiнен жоғалып, құрып кетуi қаупi төнгенiн ескертедi. Егер, жануарлар жайылып өсiмдiктердi жұлып, кесiп немесе оларды аямай таптап, балалар ойнап сындыра берсе, өсiмдiктер құрып кетедi. Адамның қорғауына өте мұқтаж жануарлар мен өсiмдiктер көп.
Елiмiздiң “Қызыл кiтабына” талас қайыңы, Қарқаралы бөрiқарақаты тағы басқа, өсiмдiктер, құстардан қоқиқаз, бүркiт, ақбас, тырна, аққу, басқа жаныарлар енгiзiлген. Табиғатты қорғауы туралы заңды тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауға тиiс. Мысалы, саған құс ұясын алыстан бақылауға болады.
Ал оларға тиюге, ұяны бұзуға рұқсат жоқ. Құмырсқа илеуiн бұзып, таптау –зиянкестiң iсi. Себебi құмырсқаның орманға тигiзетiн пайдасы зор: олар ағаш зиякестерiн жояды. Ал ағаш -өсiмiдiк, ол адам үшiн көп пайда бередi. Оны өздерiң бiлесiңдер деп әр-кез топсеруен, бақылау кезiнде ескертудi естен шығармау керек. Өсiмдiктердiң де “Қызыл кiтапқа енген” түрлерi көп [18, 111].
Кесте 1  2 сыныптағы “Дүниетану” пәнiн оқытудың күнтiзбелiк жоспары (68 с)
Сабақтың тақырыбы    Әдiстерi мен тәсiлдерi    Көрнекi құралдары
I Кiрiспе-6 сағат.
1 Адамның айналадағы дүниемен қарым қатынасы. Бiлу және бiлгендi өмiрге пайдалану.    “Табиғат” бейнеленген сурет, схема макеттерi.   
2-3 Адам өмiрiне не қажет? Оларды адам қайдан алады? “Сыйға-сый,- әдептiлiк.”    Схема макеттерi, судың, ауаның, күннiң суреттерi.    Әңгiмелесу, схема құрастыру
4 Еңбекпен келген нан-қасиеттi тағам.    Таблица макетi, Тақырыпқа байлынысты суреттер.    Әңгiмелесу, таблица толтыру
5 Топсаяхат “Алтын күз”.    Бақылау жоспары.    Модельдеу, бақылау
II Сурет және сұлба (8 сағат)
6 Көкжиек және көкжиек сызығы, тұстары    Схемалар Сарамандық әдiс
7 Бағдарлау. Компас     Схемалар, компас    Сарамандық әдiс
8 Қашықтықты өлшеу.
Масштаб шартты белгiлер.    Ермек сазынан жасалған макет, шартты белгiлерiнiң суретерiнiң    Сарамандық жұмыс
9 Сұлба және сурет.    Үлкейтiлген жер бетiнiң сұлбасы. Оқушыларда: сұлба, қарындаш, сызғыш,
компас. Сурет.    Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс
Кесте 1 жалғасы
10 Жергiлiктi жердiң
сұлбасы    Сұлбалар, жiп сызғыш    Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс
11 Қорытынды сабақ.    Карточкалар, сұлбалар, схемалар    Оқушылардың бiлiмiн бағалау әдiсi.
12 Өлi табиғат. Ауа. Ауаның қасиетерi     1- сыныптағы табиғаттың құрамының схемасы, доп, шарик, банка, майшам.    Схеманы сызу әдiсi, сарамандық әдiс.
13 Ауаның табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы.    Кемелердiң, ұшақтың суреттерi.    Схема құрастыру, әңгiмелесу.
14 Судың қасиеттерi.    Суреттер, стакан, қант, тұз, сүт, қағаз, шүберек.    Модельдеу.
15 Су ерiткiш.    Марганец, бордың ұнтағы, су, стакан.    Таблицаны жалғастыру
16 Судың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы.    Схеманы құрастыратын бөлшектер,суқоймасының «композициясы»    Сарамандық әдiс, модельдеу.
17 Топырақ.    2 стакан, топырақ, спиртовка, темiр қалбыр    Таблицаны толтыру.
18 Топырақтың табиғаттағы, адам өмiрiндегi маңызы.    Топырақ коллекциясы, схеманың бөлшектерi.    Модельдеу.
19 Қорытынды сабақ    Таблицалар, 1-сынып схема “ Өлi табиғат”.
Балалардың бiлiмiн тексеретiн карточкалар,
Тестер    Бақылау әдiсi.
20 Тiрi табиғат.    1-сыныптағы схема    Модельдеу әдiсi,
Кесте 1 жалғасы
Өсiмдiктердiң тiршiлiгi.    суреттер, 1сыныптағы “Тұқым” тақырыбына арналған модельдер.    сарамандық жұмыс
21 Өсiмдiктердiң жалпы құрылысы    Суреттер, схемалар.    Модельдеу әдiсi, сарамандық жұмыс.
22 Тамыр.    Тамырдың түрлерi,
Гербарий, схема бөлшектерi.    Модельдеу.
Әңгiмелесу.
Бақылау.
23  Сабақ.    Суреттер, гербарий, схема бөлшектерi.    Модельдеу,
әңгiмелесу.
24.Жапырақ. Күзде
жапырақ неге сарғаяды ?    Микроскоп, оның шы-нылары, ине, жапырақ, жапырақтың суретi,
Гербарий.    Сарамандық жұмыс.
Әңгiмелесу.
25 Өсiмдiктердiң көбеюi.    1-сыныптағы схема,
модельдер, схеманың бөлшектерi    Модельдеу.
26 Өсiмдiктер қалай дүниеге келедi ?    “Мәдени өсiмдiктердiң пайда болу орталығы”
таблицасы “Аквариум”.    Бақылау, қосымша
әдебиеттермен жұмыс
27 Тұқым және жемiс.    1-сыныптағы модель схема №№1-2 бөлшектерi, тәжiрибенi қою    Модельдеу әдiсi.
28 Тамырсабақ, түйнек, пиязшық арқылы көбеюi.    1-сыныптағы модель. Гербарий, схема бөлшек-терi №3 тәжiрибенi қою    Модельдеу
29 Өсiмдiктердiң жер
бетiндегi мүшелерi арқылы    Қалемшелер, “Жапырақпен көбею”.    Сарамандық жұмыс.
Кесте 1 жалғасы
көбеюi.      Схемасы.   
30 Өсiмдiктiң өсiп өнуiне қажеттi жағдайлар.    Бақылау тапсырмалары.
Тұқымдар, опырағы бар
Жәшiк.    Бақылау әдiсi.
Сарамандық жұмыс
31 Өсiмдiкке топырақ керек    №1сарамандық жұмыстардың сипаттамасы    Таблица сызу.
32 Өсiмдiкке су керек    №2 сарамандық жұмыс-
тың сипаттамасы    Таблица сызу.
33 Өсiмдiктерге ауа және жылу керек.     №3,4 сарамандық жұмыстардың сипаттамасы     Таблица сызу
34 Қорытынды сабақ.    Бақылау тапсырмалары, тестер    Бақылау әдiстерi.
35 Тiрi табиғат. Жануарлардың тiршiлiгiне не қажет ?
Жылу    Суреттер, схемалардың бөлшектерi    Схема сызу.
Таблица толтыру
36 Жарық және су-жануарлар тiршiлiгiне қажеттi (заттар) жағдай.    Табиғаттағы байланыстарды көрсететiн схеманың бөлшектерi, суреттер    Модельдеу.
37 Жануарлар немен
қоректенедi ?    Қоректiк тiзбектердiң бөлшектерi,1-сыныптағы мүшелер қатарлары.    Модельдеу.
38 Жануарлар жемiсiн қалай аулайды. Әр құсқа өз тұмсығы қажет.    Қоректену схемасының бөлшектерi 1-сыныптағы қатар    Модельдеу.
Кесте 1 жалғасы
39 Бунақденелiлер жауыннан қалай қорғанады? Бейiмдiлiк.    Суреттер,схемалар.
“Қоректiк тiзбек”    Ойын, әңгiмелесу
40 Бейiмдiлiк. Бүркенiш рең жануарға да қажет. Аңдар неге “ жуынады” ?    Суреттер 1-сыныптағы
Қатар    Әңгiмелесу, ойын
41 Ұрпақ-тiршiлiк жалғасы    Бунақденелiлердiң көбею схемасы. Қосмекендiлердiң көбею схемасы. Сүтқоректiлердiң көбею схемасы.    Дидактикалық әдiс
Ойындар.
Жұмбақтар.
Ребустар.
42 Жануарлардың бiр-бiрi-не қайырымдылығы.    “Биотикалық байланыс-тар” таблицасы. Схема бөлшектерi.    Модельдеу әдiсi.
43 Табиғат-бiртұтас жүйе.
Өлi табиғат, тiрi табиғат    Схемалар. Қоректену пирамидасы: оны құрастыру бөлшектерi.    Модельдеу әдiсi.
44 Табиғатты қорғау.    “Қызыл кiтап”, ”Қорықтар” суреттерi.     Әңгiмелесу, жеке тапсырмаларды орындау
45 Бiз ненi үйрендiк:.    Бақылау карточкалары, тестер, тапсырмалар.    Бақылау әдiсi.
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк бiлiм беру саясаты Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” жаңа заңына сәйкес жүзеге асуда. Осыған орай бiлiм мазмұнын қайта құруға, республикамыздың мектептерiнде пәндердi оқытуды,оқушының жеке басының қабiлеттерi мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға ерекше мән берiлiп отыр. Бұл факторлар жаңа заман талабына сай төл оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасауды талап етедi.
Оқулық-мектептiң негiзi бiлiм беру мiндеттерiн, яғни ынталандырғыштық, бағыттаушылық, дамытушылық, тәрбиелiк, бақылаушылық қызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi оқыту құралы. Қазақстан Республикасының ғалым-әдiскерлерi Т.Мұсақұлов, Б.Мұханов, Қ.А.Аймағанбетова, Қ.Жүнiсова, А.Бермағанбетовалардың жаңа бағдарлама мен оқулықтардың шығуына, оқыту әдiстемесiне қосқан үлестерi мол.
Бастауыш мектептiң 2-сынып оқушыларына арналған Дүниетану оқулығының мазмұны: Адам. Табиғат. Өсiмдiктер. жануарлар. Отан деген бөлiмдерден тұрады. Оқулық мәтiндерi тусiнiктi, оқушылардың жас ерекшелiктерiне сай деуге ьолады [18].
2.2 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен
Бастауыш сынып оқушылары үшiн ең жоғары бедел иесi – мұғалiм. Оқушылар әр пәннен алатын бiлiмдерiн мұғалiм арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшiн бөлiп - жарғысыз нәрсе. Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi тұрақтанған қалпы бар сала– бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейiн бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететiн, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсiнiктер берiп, тұйық концентр болып саналады. Қазiргi кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргiзiлiп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкiндiктерi ашылды.
Бүгiнгi күн ұрпақты жан - жақты бiлiм алуын, белсендi, шығармашыл болуын талап етедi. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрiн, әдiсiн таңдай бiлу қажеттiгi туады.
Оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы пайдалану, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн оқушының жас ерекшелiктерiне қарай пайдалана бiлу мұғалiмнен үлкен бiлiктiлiктi, шеберлiктi талап етедi.
Бастауыш мектептен бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте дүниетану пәнiнiң маңызы зор. Дүниетану пәнiн оқытуда балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсат етiледi [ 21 ] .
Адамгершiлiк – атамұра
Мақсаты: Қазақ халқының бала тәрбиесiндегi тағылым сөздерi мен өнегелерiнiң маңызын, мазмұнын, түрлерiн игеру, бiлу, өмiрде өз iсiне қолдану.
Оқушыларды 3 топқа бөлiп сабақтың бағытымен таныстырамын. Өткен сабақты бекiту сайыс сабақ арқылы жүргiзiледi.
а) Жәрмеңке өткiзу. Адамгершiлiк тақырыбына байланысты қандай кiтаптар, кiтапшалар кездестiргенiмiз жайлы мәлiмдеу. Ол кiтаптарды кiтап бұрышына қою [23] .
ә) Көкпар ойыны. Дорбадан асық алу арқылы әр топ тиiсiнше сұрақтарға жауап бередi. Сұрақтар төмендегiдей.
2- сыныпқа
1    Сенiң жақын досың туралы айт.
2    Туған жер табиғаты туралы не бiлесiң?
3    Өзiңнен кiшкентай балаға қалай көмектесесiң?
4    Үйде гүл өсiресiң бе? Өсiрсең қалай күтесiң?
5    Көшеде, автобуста үлкен адамдарға қалай көмектесесiң?
6    Дос туралы қандай мақал-мәтел бiлесiң?
Бастауыш сынып оқушыларын сабақ үрдiсiнде ерлiкке, батырлыққа, достыққа тәрбиелеу, адамды құрметтеу сезiмiн қалыптастыруға арналға материалды оқулықтан тауып дәлелдеу (алдын – ала үстелге қойылған бастауыш сынып оқулықтарын пайдаланады. 1-2 сынып “Ана тiлi”, 1-2 сынып “Дүниетану” оқулықтары).
3 топтан 3 оқушы шығып, таңдаған оқулығын алып, 5 минутта дайындалып, айтып түсiндiредi.Бұдан әрi сабақты жинақтау, бекiту, бағалау жүргiзiлiп, жаңа сабақ басталады.
Тақтаға қазақтың киiз үйiнiң бейнесi салынған плакат iлiнедi. Онда үйдiң маңдайына үзiктiң етегiн жағалай берiлген тор көзге тақырып жазылуы тиiс. Ал тақырып киiз үйдiң iшiнде берiлген ұлттық салт-дәстүр ерекшелiктерiне байланысты суреттер, карточкалардың мазмұнын табу арқылы бас әрiптерiнен құралады.
1    Ата
2    Дастархан
3    Абысын
4    Мес
5    Гәкку әнi
6    Ер
7    Рауғаш
8    Шаңырақ
9    Ішек
10     Лебiз
11     Ірiмшiк
12     Кереге
13     Алтыбақан
14     Тоқым
15     Аяққап
16     Май
17     Ұршық
18     Рақым
19     Алаша
Осылайша “Адамгершiлiк – ата мұра” тақырыбы ашылады [36].
Негiзгi бөлiм магнитафон тыңдату арқылы жүредi. Халықтың жазу-сызуды бiлмеген, ғылым мен мәдениетiнiң баспаға түспеген дәуiрiнiң өзiнде де өсер ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу отбасының, бүкiл қоғам мүшелерiнiң бiрлесе атқарған iсi болған. Мiне, осы тәрбие жөнiндегi халықтың ой-тұжырымын, тәжiрибесiнiң жиынтығын халық педагогикасы деймiз.
Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi, бала, ұрпақ, оқушылар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр.
Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға үздiксiз тәрбиелеп отырған.
Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерi қаншама уақыт өтсе де өмiрден өшiрiлмей, керiсiнше, қазiргi уақытта қайта жарқырай түскенін күнделiктi өмiр көрсетiп отыр. Қазақ баласы да қоршаған ортаның iшкi сырларын үлкендерден сұрап, елiктеп, байқап бiлгiсi келген. Адамгершiлiк қасиет, еңбекке, өнерге, тәрбиенiң басқа түрлерiне ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған.
Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкiл ауыл болып тәрбиелеген.
“Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол,
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол” –деп, ұл –қыз тәрбиесiне түгел қатысқан. “Үлкеннiң алдын кесiп өтпе”, “үлкенге сәлемдес”, “аттылының алдын кеспе” деп жолды кеспеуге баулыған. “Ат атандырма”, “сағымды сындырма” “сүйек жасытпа”, “сөз тасыма” деген жүйелi сөз тағы бар.[ 30]
Эпидаскоп арқылы тақтаға құлын, қозы, ботаның суреттерi түсiрiледi. Осы арқылы ата-ананың балаға деген мейрiмен, ықыласын түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен астасып жатқандығын айтады. Оқушылар ата-әже, ана мейрiмiн бейнелеп көрсетедi.
Осыншалық мейрiмiн, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк, ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген.
Мысалы: “Сiз деген –сыпайылық, бiз деген –көмек”, “Сыйға –сый, сыраға бал”, “Сөзiң тәттi болса, жұмысың қатты болсын” деген мақал –мәтелдер де сол игiлiктi iстерге бастап отырған. “Жақсы сөз –жарым ырыс” екенiн ұқтырған. Қонақтарға тапсырма: Үш санына байланысты халықтың ой –тұжырымдарын еске түсiру.
Үш жүз, үш арсыз, үш тоқтам, үш жұрт, үш даусыз, үш көз, үш қуат, үш қадiрсiз, үш ғайып, үш жаман.
“Адам туа бiлмейдi, жүре бiледi” Олай болса өмiрге келген әрбiр баланың болашағын алғашқы күн, айларынан бастап қалыптастырған.
Атамыз қазақ iлiм-бiлiмдi үйрете отырып “бiлiм ауысады, ырыс жұғысады” деп, татулыққа, достыққа бiлiмдiлiкке, өнерпаздыққа баули отырып, барлық тағлымды өз отбасынан бастап, мектепке жалғастырған.
Бастауыш сынып оқушылары не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған ауады. Алайда бұл аталған қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды. Білім беруде қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді кеңінен қолдану арқылы оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде арнаулы, нысаналы жұмыстың қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол жұмыстың әдістемелігін әзірлеу мен тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың әсерлілігін тексеру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет деп білеміз:
1)    Қазақ этнопедагогикасының мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үлгісін анықтау.
2)    Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде оқушылардың адамгершілік сезімін қалыптастыру қарқынын қадағалау.
-    Оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру қазақ этнопедагаогикасының мазмұнына негізделуі тиіс;
-    Адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағдарлау;
-    Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бағалайтын көзқарас туғызу;


Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тәжрибелік – педагогикалық жұмыс мынадай бағыттарда жүргізілді
Кесте 2 Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағыттары
Бағыт    Көздейтін мақсаты
1 Оқушылардың оқудағы қызметін халықтық педагогиканың құралдарын пайдалана отырып ұйымдастыру    -Оқушылардың дүниетану пәнінде гуманитарлық танымын кеңейту
- білім сапасын арттыру мақсатында қазіргі білім беру технологияларын қолдану
2 Адамгершілік тәрбие жөнінде сыныптан тыс жұмыс ұйымдастыру.    - қазақтың ұлттық мәдениетіне деген көзқарас қалыптастыру. Отанға деген ой-өрісін, ынтасын қалыптастыру;
3 Этнографиялық мұражайлар ұйымдастыруға көмектесу, қазқатың ұлы адамдары, туған өлке тарихын тану.    өз мемлекеті үшін мақтаныш сезімін дамыту;
Қазақ халқының мәдениетін мақтан етуге үйрету;
-Оқушыларды ұлттық рух, адамгершілік сезім қалыптастыру;

Мектеп оқу-тәрбиесінде халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін қолданып, оның оқушыларға білім мен тәрбие берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір ұстаз шеберлігіне байланысты. Халықтық педагогика экспериментін пайдаланып, оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін сіңірудің тиімділігін мына кестден көруімізге болады.


Сурет 1 Халықтық педагогиканың тиімді қасиеттері
Дүниетану сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда халықтық педагогиканы пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімді қабылдауға барынша қолайлы ықпалын тигізеді.
Алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдаланып, өмір тәрбиесінде іске асыру.
Ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады [38,37].
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін оқушының санасына сіңіріп, үлкен ой салған.
Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз «көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б.» көптеген мысалдар келтіре кетуге болады 47,16.
Оқушылардың жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, сабақтарда шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де оқушыларда адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге болады:
Таза болсаң судай бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Азғана іске көп рақмет айт [ 55 ] .
Жақсы қылық адамға ас пен киім; дос табу оңай, сақтау қиын; достарың көп болса да, аз деп біл.
Адамның басшысы –ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шалушысы –ой.
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы –мінез,
Ең қымбаттысы –ар.
Таусылмайтыны –арман,
Барлығынан ардақтысы - өмір.
Қорыта айтқанда, оқушы біткеннің барлығы дерлік мектеп қабырғасында ұстаздардан тәлім алады. Егер біздің ұстаздарымыз әрбір сабақты жоғары сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік аз болар еді. Әрбір сабақ, тәрбиелік жұмыс ғылыми негізде ұстамды, жан-жақты танымды жүргізілсе рухани әсерлі болады. Демек, әр сабақ тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет. Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек «7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады» дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Содықтан осы кезден оқушы бойына жақсы және жаман қасиеттерді қалыптастыра оқыту керек.
2.3 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі
Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе-эксперимент жұмысы М.Горький атындағы орта білім беретін мектептің 2-ші сыныптарында жүргізілді.
2 А сыныбы (бала саны 9) эксперимент тобы ретінде, 2 Б сыныбы ( бала саны 11) бақылау тобы ретінде тіркелді.
Тәжірибе-эксперимент жұмысы бір-бірімен өзара байланысқан үш кезеңнен тұрды: даярлық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең. Тәжірибе-педагогикалық жұмыста аталған кезеңдерді белгілеу негізіне П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызинаның ойлау әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы алынды.
Дайындық қезең:
2-сыныптағы дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға оқушыларды дайындаумен сипатталды.
Бұл кезеңнің міндеттері:
1)    Оқушылардың дүниетану пніндегі мәтіндердің тәрбиелік мәніне көп көңіл бөлгізу, өздіктерінен мәтіннің тәрбиелік идеясын анықтауға үйрету.
2)     Адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әр тақырып бойынша этикалық әңгімелермен таныстыру.
Негізгі кезең
Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын құру және оқу үрдісіне енгізумен айқындалды.
Бұл кезеңде төмендегідей міндеттерді шешуге бағыттылады:
1)    Оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау;
2)    Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын негізге алып, сабақтар өткізу.
Қорытынды кезең
Мақсаты: Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениеттерін қалыптастырудың жүйелі жүргізілуінің оқушының жалпы тәрбиелік деңгейіне әсерін дәлелдеу.
Бұл кезеңнің міндеттері:
1    Эксперимент тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейімен бақылау тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейін салыстыру, қорытынды шығару.
2    Ұсынылып отырған адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағдарламасының тиімділігін дәлелдеу.
Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетінің төмендегідей қалыптасу көрсеткіштерін зерттеу жұмысымыздың негізіне аламыз:
1    Оқушылардың тіршілік атаулыны сүйе білу мәдениеті;
2    Оқушыларың табиғатты қорғау қажеттіліктерін сезіне білуі;
3    Жан-жануарға қамқорлық жасай білуі;
4    Оқушылардың өзара көмекке келе білу мәдениеті;
5    Оқушылардың барлық жағдайда әділ бола білуі;
6    Жолдастық қатынас мәдениетінің болуы ;
7    Еңбексүйгіштік мәдениетінің болуы.
Белгіленген көрсеткіштерге сай адамгершілік мәдениетінің деңгейлері және оның диагностикалық белгілері анықталды.
Кесте 3 Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi деңгейiнiң диагностикалық белгiлерi
Адамгершiлiк мәдениет деңгейi    Диагностикалық белгiлерi
(критерийлер)
Жоғары деңгей

Оқушылардың бойында адамгершілік мәдениеті қалыптасқан. Тіршілік атауына сүйіспеншілікпен қарайды. Үлкенді сыйлай, кішіге ізет ете біледі. Жолдасық, достық қарым-қатынас мәдениеті жақсы дамыған. Адамгершiлiк мәдениетiне байланысты тақырыпты жақсы түсiнедi, негiзгi ұғымдарға, анықтамаларға сипаттама берiп, дәлелдей бiледi. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады. Ұғымдарды байланыстыра алады.
Ортаңғы деңгей
Белгіленген көрсеткіштер орта деңгейде қалыптасқан. Оқушылар табиғатты қорғау қажеттігін біледі, дегенмен маңыздылығын түсінбейді. Адамгершiлiк тәрбиесiне қатысты тақырыпты орташа түсiнедi, мұғалiмнен көмек күтедi, әсiресе ұғымдар арасында байланыстарды табуда қиналады. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады.
Төменгi деңгей    Оқушыларда адамгершілік мәдениеті төмен дрежеде қалыптасқан. Табиғатты аялай білмейді. Жан-жануарға қатыгездікпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен жолдастық қатынасы ауыр. Өзімшіл.
Тәжірибе-эксперимент жұмысының алғашқы сатысында оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы эксперимент және бақылау топтарынан тестілер алынды. Мұндай бақылау оқушылардың жеке даралық қасиеттерін анықтауға, тұлғалық мінездеме алуға, оқушылардың оқу пәндеріне қатынасын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тестілеу балалардың бойында адамгершілік құндылық бағдарларының қалыптасу деңгейін айқындау үшін пайдаланылады.
Тест сұрақтары төмендегiдей:
1 Үлкендi сыйлау қандай әрекетке жатады?
а) әдет
ә) әдет-ғұрып
б) дәстүр.
2 Ұлттық намыс қай рәсiмге жатады?
а) қайырымдылық
ә) әдептiлiк
б) перзенттiк парыз.
3 Саған ең жақын кiм?
а) дос
ә) аға
б) жолдас.
4 Бата қай дәстүрге жатады?
а) ырым
ә) тыйым
б) сенiм.
5 Ел белгiсi ненi көрсетедi?
а) рәсiм
ә) рәмiз
б) жөн-жоралғы.
6 Үлкенге сәлемдесу қай рәсiмге жатады?
а) iзеттiлiк
ә) салауаттылық
б) үнемдiлiк.
7 Мына үш негiздiң қайсысы өмiрге бiрiншi керек?
а) бiлiм
ә) еңбек
б) денсаулық.
8 Бірлі, достық туралы мақалдарды аяқта
а) Бірлігі жоқ ел тозады, ....
ә) Алтау ала болса, ....
Төртеу түгел болса,...
9 «Үш дос» жануарды анықта
а) түлкі, қоян, қасқыр
ә) аю, жолбарыс, борсық
б) суыр, архар, шақшақай.
10 Сыныптағы бір баланы барлығы мазақ қылады. Ал сен не істер едің?
а) ештеңені білмегендей боласың
ә) достарыңмен бірге мазақ қыласың
б) достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасасың
11 Досыңды қандай қасиеттеріне қарай бағалайсың
а) шыншыл, берілген
ә) мақтаншақ
б) өсекші
12 Малдың пайдасы қандай?
а) шөп жейді, су ішеді
ә) ет, сүт, жүн, тері береді
б) малдың пайдасы жоқ
13 Асқар – Алтынайдың ағасы. Алтынай-Арманның шешесі. Арман Асқарға кім болып келеді?
а) ағасы
ә) немересі
б) нағашысы
14 «Жақсыдан – үйрен, жаманнан - ....» мақалды аяқта
а) жирен
ә) үлгі ал
15 Жаман адам қайдан пайда болады?
а) білімдіден
ә) ұйқышылдықтан
б) тәртіпсіздіктен
Жауаптары: 1-б; 2-б; 3-б; 4-б; 5-ә; 6-ә; 7-б, 8-а Бірлігі күшті ел озады. ә-Ауыздағы кетеді, төбедегі келеді, 9-б, 10-б, 11-а, 12-ә, 13-б, 14-а, 15-б.
Тест мәліметтерін талдау эксперимент және бақылау топ оқушыларының дүниетануға қатысты адамгершілік мәдениет деңгейлері салыстырмалы түрде шамалас денгейде екені анықталды. Оны төмендегідей суреттен көруге болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы кездері еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгірістердің бірі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар екені белгілі. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл-ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған.
Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында жалпы адамгершілік қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына мән беруіміз керек. Осыларды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастыруды және әр сабақпен ұштастыру, бастауыш мектеп мұғалімінен ізденістерді талап етеді. Өйткені оқу мен тәрбие тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Дегенмен мынадай қорытынды жасауға болады: бастауыш және орта білім жүйесінде адамгершілік мәдениетінің негізгі мәселелерін басым бағытта оқып-үйрену әлі күнге дейін педагогика ғылымының және білім берудің қазақстандық тәжірибесінде өте аз, жоққа тән. Осыған орай мен зерттеу нысанасына сүйене отырып оқыту барысында адамгершілік-рухани негіздерін қалыптастырудың мәселелік-бағдарлы міндеттерін оқып-үйренуге болады деп ойлаймын.
-Оқыту мен тәрбиелеу және оқушылардың даму жоспарларын қолдау психопедагогикалық қана емес, адамгершілік-этикалық және рухани-адамгершілік ұстаным болып табылады.
- Білімді меңгеру, техникасы мен технологиясын іске қосу, білік пен дағдыны игеру бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін дамыту үшін қосымша сыныптан тыс жағдайды жасауды қажет етеді.
-Бұл көрсетілген міндеттерді бір мезгілде шешу білім беру мәдениетінің маңызды бір бөлігі ретінде оқушылардың адамгершілік мәдениеті білімінің үйлесімді қалыптасуына, сапалық және сандық өсуіне мүмкіндік береді.
Оқушы мектепке білім алуға келіп, сабақ барысында олар еңбек етуге, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиеленеді.
Қорыта келгенде, сабақ үрдісіндегі оқушының тұлғалық қасиетін тәрбиелеуде мынадай ерекшеліктерді ескеруіміз керек:
-    оқушының ақыл-ой мәдениетін дамыту;
-    оқушының адамгершілік-имандылық құндылығын қалыптастыру;
-    оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы оқушы дүниетанымы қалыптасып, баланың ақыл-парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік деңгейі біртіндеп дамитынын ескеру;
-    сабақ тақырыбына жай ұлттық педагогика элементтерін оқушының адамгершілігін арттыруға тиімділігін көрсету.
Дипломдық жұмысты жазу барысында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді анықталды. Яғни ұлттық әдет-ғұрып, қазақи қасеттерімізді бойына сіңірген ұрпақтың адамгершілік қасиеттері зор деуге болады.
Дипломдық жұмыстың І-тарауында педагогика-психологиялық әдебиеттерді зерттеп адамгершілік мәдениеті жайлы ғалымдар ой-пікірін талдадым. ІІ-тарауда озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеп дүниетану сабағында оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үрдісінде ұлттық педагогика элементтерін қолдану тиімділігін анықтадым. 2-сыныпта эксперимент жұмысы жүргізілді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1    Горащенко В.П. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы/ В.П.  Горащенко– А.: Просвещение, 1977 – 39 б.
2    Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев– А.: Рауан, 1993
3    Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә.  – А.: 1997
4    Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания/ К.Д.  Ушинский– М. Просвещение, 1977
5    Табиғаттануды оқыту және балап тәрбиесi: - А.: Мектеп, 1985
6    Богословский В.В. Жалпы психология / В.В.  Богословский– А.: Мектеп, 1995
7    Қоянбаев Ж.Б Педагогика / Ж.Б Қоянбаев– Астана.:1998
8    Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики / А.Н Леонтьев. 1972
9    Занков В.В. Избранные педагигические труды / В.В.  Занков– М.:1990
10    Рубинштейн С.Л Избранные психологические труды / С.Л Рубинштейн–М.: Просвещение, 1960
11    Выготский Л.С Проблемы возрастных периодизаций детского развития / Л.С Выготский – М.: Наука, 1972
12    Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С. Выготский– М.:1980
13    Горащенко В.П Методика преподавания природоведения/ В.П Горащенко – М.: Просвещение, 1984
14    Горащенко В.П Методика изучения природы в начальной школе/ В.П Горащенко - М.: Просвещение, 1965
15    Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподавания/ В.И.  Подзоров Учебное пособие для пед. училищ – Киев, 1990
16    Пакулова В.М. Методика преподавания природоведения/ В.М.  Пакулова– М.: Просвещение, 1990
17    Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу бағдарламасы / 1-4 сыныптар/. – А.: 1997
18    Жунiсова К. Дүниетану 1 сынып/ К. Жунiсова – А.: Атамұра 1999
19    Мұқамадиева Ш.С “Дүниетану” сабақтарында бiлiм беру және тәрбиелеу. 1-2 сынып /Әдiстемелiк нұсқаулар/ Ш.С. Мұқамадиева - Өскемен.: 2000
20    Жарықбаев Қ Қазақ тiлi тәрбиесi / Қ. Жарықбаев – А.: Санат. 1996
21    Балтабай Е Этнопедпгогтка және тәрбие / Е Балтабай // Қазақстан мектебi, -2003, -№1, -40 б.
22    Ауданбаева Қ. Деңгейлiк тапсырмалар / Қ. Ауданбаева // Қазақстан мектебi,- 2003. -№1. -75б.
23    Сiләмбекова Т. Адамгершiлiкке тәрбиелеу – басты мақсат / Т Сiләмбекова // Қаз. Мектебi, -2003, -№5, -44б.
24    Кабуш В.П. Гуманистичиское воспитание школьников / В.П. Кабуш // Педагогический вестник, -2004, -№2 – 31.
25    Мамырханова Л.Н Оқушылардың пәнге қызығушыларын арттырудағы халықтық педагогиканың ролi / Л.Н Мамырханова // Педагогический вестник, 2003, -№2 – 29
26    Төлегенов Ө. Оқытудың пелагогикалық – психологикалық ерекшелiктерi / Ө. Төлегенов // Бастауыш мектеп, -2001, -№1 -33
27    Жұмашева С. Табиғи материалмен жұмыс / С. Жұмашева // Бастауыш мектеп, -2001,- №1 –34
28    Керiмбаева Р. Оқушының дуниетанымын қалыптастыру. / Р. Керiмбаева // Бастауыш мектеп, -2000, -№2 – 29
29    Бексайын Қ. Бала келешегi бастауыштан басталады/ Қ.  Бексайын // Қаз. мектебi, -2001, -№3-7
30    Аңламасова З. Халықтық дәстүрмен сабақтастық/ З.  Аңламасова // Бастауыш мектеп, -1991, -№3 -21
31    Сүлейменова К Әдептi болсын десеңiз / К. Сүлейменова // Бастауыш мектеп, 1997, -№4 -39
32    Барсай Б. Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясы/ Б.  Барсай // Бастауыш мектеп, -1998, -№1-27
33    Қайболдина А. Ата өнерi – балаға мұра / А. Қайболдина // Бастауыш мектеп,- 2003, -№3 -35
34    Серiкбаева Г Табиғат – тiршiлiк ұясы / Г Серiкбаева // Бастауыш мектеп, 1996, -№3 -15
35    Халық – қапысыз педагог // Бастауыш мектеп, 1993, №3-20
36    Дүйсенова Ә. Бала мiнезiн тәрбиелеу / Ә. Дүйсенова // Бастауыш мектеп, 1996, -№2 -46
37    Табылдиев Ә. Тағылымды тәсiл/ Ә. Табылдиев // Қаз. мект. 1995, №3-38
38    Сәтiмбекова М. Оқыту сапасын арттыру жолында / М. Сәтiмбекова // Бастауыш мектеп, -1989, -№7-37
39    Ешiмова С. Қоршаған ортамен таныстыру / С. Ешiмова // Бастауыш мектеп, -1985, -№6-22
40    Махамбетова Ә. “Жемiстер” тақырыбын өткенде / Ә. Махамбетова // Бастауыш мектеп, -1989, -№9-28
41    Майғаранова Ш. Бастауыш сыныпта оқыту мәселелерi / Ш. Майғаранова // Бастауыш мектеп, -1989, -№9 –28
42    Сарсенбинова А. А. Познание мира, 2 класс / А. А. Сарсенбинова // Нач. Школа, -2003, -№1-18
43    Мамбетказиев Е. А. Табиғатты қорғау/ Е. А. Мамбетказиев– А.: Қайнар, 1990
44    Әбiлова З. Этнопедагогика оқулығы / З.Әбiлова: А.: 1999
45    Шарипова Р.Д. Духовно – нравственное воспитание школьников/ Р.Д.  Шарипова // Менеджмент в образовании, 2001, №4-103
46    Сағынтаева Ы. Қазақстан Республикасының рәміздері/ Ы. Сағынтаева - А: Санат, 1998
47    Айтмамбетова Б. “Педагогика тағылымдары”/ Б.  Айтмамбетова– А.: Рауан, 1993
48    Асылов Ү Даналардан шыққан сөз/ Ү Асылов – А.: Мектеп, 1987
49    Көбесов А. Әл-Фараби/ А.  Көбесов– А.: Қазақстан, 1971
50    Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақал-мәтелдері / Ө. Тұрманжанов– А.: Мектеп, 1987
51    Төреқұлов Н. Нақыл сөздеодің тәрбиелік мәні / Н. Төреқұлов– А.: мектеп, 1971
52     “Шаңырақ” энциклопедия. – А.: Ғылым, 1989
53    Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер / М.  Әлімбаев– А.: Ғылым, 1979
54    Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі / С. Ғаббасов - А.: Ғылым, 1991
55    Табылдиев Ә. Халық тағылымы/ Ә.  Табылдиев– А.: Мектеп, 1992
56    Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие/ С.  Ұзақбаева - А.: Білім, 1995
57    Эльконин Д.Б. Психология младшего школьника/ Д.Б.  Эльконин– М.: Просвещение, 1993
58    Давыдов В.В. Психологическая теория учебной деятельности и методов начального обучения / В.В. Давыдов – М:: Просвещение, 1992
59    Павлов И.П. Шығармаларының толық жинағы/ И.П. Павлов– М.: 1951
60    Ушинский К.Д. Таңдамалы шығармалар/ К.Д.  Ушинский– М.: 1961
61    Макаренко А.С. Шығармалары 1 т/ А.С. Макаренко– М.: 1967
62    Қоянбаева Г. Халқын сүйген - салтын сүйер / Г. Қоянбаева // Бастауыш мектеп, 1996, №2-18
63    Байдыбекова А. Тестік жүйені қолдану / А. Байдыбекова // Бастауыш мектеп,- 2000, -№7-26
64    Қадауова Қ. Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру/ Қ.  Қадауова // Қаз. географиясы және экология, 2004, №5-22
65    Құмарова Қ. Дүниетану. Мен және біз. / Қ. Құмарова // Қаз. географиясы және экология, -2004, -№5-13
66    Алтынбекова Л. Жақсы қарым-қатынас сапалы білім берудің шарты / Л. Алтынбекова // Ізденіс, -1999, -№3
67    Қопсаева С. Ізгілік қасиеттерінің негіздерін оқу- тәрбие процесіне енгізу моделі / С. Қопсаева // Ізденіс 1999, №6
68    Подласый И.П. Педагогика/ И.П.  Подласый– Питер.: Владос, 1999
69    Голубев И.Р. Окружающая среда и ее охрана / И.Р. Голубев – М.: Просвещение, 1976
70    Алдамұратов Ә Әдептілік негіздері/ Ә Алдамұратов– А.: Санат, 1998
71    Табылдиев Ә Әдеп әліппесі/ Ә. Табылдиев – А.: Мектеп, 1997
72    Қазақ совет энциклопедиясы. 6т. – А.: Білім.: 1975
73    Алтынсарин Ы Таза бұлақ/ Ы Алтынсарин – А.: Білім.: 1990
74    Елекбаев Н. Ұлттық психология/ Н.  Елекбаев– А.: Білім.: 1992
75    Ушинский К.Д. Дидактика 2т/ К.Д.  Ушинский– М.: Педагогика, 1983
76    Примерное содержание воспитания школьников. – М.: Просвещение, 1971
77    Ильина Т.А. Педагогика/ Т.А. Ильина– А.: Мектеп, 1977
78    Макаренко А.С. Педагогика индивидуального действия/ А.С.  Макаренко– М.: Книга, 1960
79    Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. – А.: Мектеп, 1975
80    Каженбаева С. Табиғатты қорғау/ С.  Каженбаева– А.: Ана тілі, 1992
81    Сәттімбеков Р. Табиғатты қорғау / Р. Сәттімбеков– А.: Рауан, 1992
82    Молдагалиева Р.Т. Жаратылыстану негіздері мен дүниетануды оқыту әдістемесі/ Р.Т Молдагалиева– Астана, 2003
83    Блонский П.П. Избранные педагогические произведения / П.П. Блонский– М.: Прсвещение, 1961
84    Тоқамбаева Н. Оқыту процесіндегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін дамыту/ Н.  Тоқамбаева // Ізденіс – Поиск, 1998,№2
85    Бастауыш класс мұғалімдерінің іс-тәжірібиесінен. – А.: Мектеп, 1974
86    Филоненко-Алексеева И.А. Практикум по методике преподавания природоведения/ И.А.  Филоненко-Алексеева М.: 1982
87    Білдебаев Т. Қазіргі заман ұғымдары мен терминдерінің түсіндірме сөздігі/ Т.  Білдебаев– А.: Сөздік, 2001
88    Зиглер Л. Теория личности / Л. Зиглер– М.: Питер, 1999
89    Адлер А Воспитание детей / А Адлер– М.: Наука, 1986
90    Нұрғалиев О. Адамгершілік асыл қасиет/ О.  Нұрғалиев– А.: Қазақстан, 1978
91    Качество педагогического образования: проблемы и перспективы развития. – А.: КАЗНПУ, 2004

- Аман-саусыз ба?
- Аман –сау болыңыз
- Аман-есенсіз бе?
- Аман –есен болыңыз
-Ассалаумалейкум
- Уа алайкум ас салам
Яғни:
-    Сізге амандық тілеймін
-    Сізге де амандық тілеймін –деген сөз.
Алланың нұры жаусын
Мұғалім: Міне, балалар, сәлем - әдептіліктің белгісі екен. Сәлемдесу кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлінуі, бір-біріне аман-саулық тілеп тілектестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептіліктің нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілінде де әрбір адам қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш деген сөздерді амандасуға қосып, бір-бірімен ақ жарқын амандасуға тиісті екен.
Ал енді сәлемдескенде қандай қасиеттен аулақ болу керек және нені есте сақтау керек екен.
Оқушылар жауабы:
1-оқушы: Жасы үлкендермен немесе қыз баламен амандасқанда бірінші болып қол ұсынба. Олардың өздері қол бергенше күте тұр. Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтаңа салып тұрма.
2-оқушы: Сәлемдескен шақта бас киміңді ал да, қол алысып болғанша киюші болма.
3-оқушы: Үлкен кісімен сәлемдескенде ізетті, әдепті бол.
4-оқушы: Кішімен кішіпейіл, ақжарқын сәлемдесу керек.
Сергіту сәті «Қыздар тобында» би
Әдептіліктің тағы қандай түрлерін білесің? Тақтадағы сурет бойынша жұмыс
1-оқушы: Таңертең белгілі уақытта сағаттың қоңырауынсыз өзін тұруға дағдылан ережемен тұрғанда, төсек орнынды өзін жинап әдеттен.
Ойыншықтарыңды, кітаптарыңды, басқа да керекті заттарыңды белгілі бір орынға қоятын бол. Сонда керекті затыңды оп-оңай тауып аласың.
2-оқушы: күнде таңертең, кеште беті-қолыңды, мойныңды жууға дағдылан. Даладан келгенде қол жууды ұмытпа. Күнде ұйықтар алдында аяғынды жуып жат.
Тісіңді таңертең бір, кешке бір тазала. Тіс арасында тұрып қалған тағам қалдықтарына зиянды бактериялар ұялайтынын ұмытпа.
Әркімнің өзінің тіс тазалайтын ысқышы, орамалы болуы керек.
3-оқушы: киімнің қарапайым ықшамды болсын. Киімді әр адам жасына қарай киген жөн. Үлкендер тағатын әшекейдің жас балаларға қажеті жоқ. Адамның басты көркі – тазалығы мен мұнтаздығы. Жақсылап үтіктелген киім адамның үстіне көрікті көрінеді.
Киімді шешіп іліп қоюды көрсету (бір оқушы)
4- оқушы: жақсылап сүртілген, тазартылған көнелеу бәтеңкең шаң басып кірленген жаңа аяқ киімнен артық.
Кешке пальтоң мен аяқ киімді тазалап, галошыңды немесе бәтеңкеңді жуып қоюды ұмытпа.
5-оқушы: тағамда асықпай, жайлап іш. Ұртыңды толтырып алып сөйлеуші болма. Тамақты сораптамай іш. Тарелкаңды қасықпен тықылдатпа.
Тамақ ішіп отырып кітап, газет оқушы болма.
Нанды үгітпей қабығына дейін же, нанның қадірін ешқашан ұмытпа.
6-оқушы: дастархан жасадың мәзірін көрсету.
1. тағамдарды орналастыру
2. шаңышқы мен пышақ қалай тұру керек?
3 столға қалай отыру керек екенін көрсету
Тағам дайындайтын кісінің киімі қандай болуы керек (бас киім, алжапқыш).
7-оқушы: ұйықтар алдында бір сағат таза ауада қыдырып, ойна немесе ата-анаңа көмектес.
Қыста бөлмеңді күніне үш рет желдетіп ал, ал жаздыгүні терезені ашып қойып жат.
Күнде таңертең жаттығу жаса. Одан кейін дымқыл сүлгімен сүртін немесе салқын душқа түс.
1.    сабағымызды қорытындылай келе, қандай мақал – мәтелдер білесіңдер (әдептілік, әдемілікке)
2.    әдептілікке байланысты қандай сөздер білесіңдер?
Мұғалім: міне, балалар, біз сендермен баланың әдепті, әдемі болып өсуіне көптеген мысалдар келтірдік. Қазақта: «Тірі адам тіршілігін жасайды» деген мақал бар. Тіршіліктің қисыны, тіршіліктің тәртібі, әдебі бар. әрбір адамның негізгі тіршіліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. әрбір тіршіліктің өз тегі, қалпы, тәртібі бар.
«Әбілет басқанды ұйқы басады» деп халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы, қалпынан аса, ол ауру. әсіресе жас баланың ұйқысы қанық болу керек. Бірақ қалпынан аспау керек. әрбір әдепті адам уақытында жатып, дер кезінде тұру керек.
Астың алдында ас ішкен соң ауыз шаю, қол жуу әдепке айналуы керек. әдеп дағдыланса, ол дәстүрге, әдепке айналады.
Әрбір адамның сымбаттығы, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің жарасымды, үйлесімді болуы көбінесе жеке бастың киіне білуіне байланысты. Жалдың әр мезгілінде киілетін киімдерін өз ретімен киген жөн.
«Тәні саудың – жаны сау». «Шынықсаң шымыр боласң». «Тазалық – денсаулық кепілі» деген сөздерді халық өз ұрпағынын құлағына ұлағатты сөздерді сіңіріп (отырады) өсіреді. Ерте тұрып еріңбей жүгіріп жаттығу жасап, жанын сергіткен адам өзіне - өзі жақсылық жасайды. өз уақынды дұрыс пайдаланып осыц айтылғандардың (өміріне пйдаланып) барлығын бағытқа алып орындаған адам, яғни ұл балалар әдепті де, әдемі жігіт болып, қыз балар көкіне сай инабатты, әдемі, әдепті бойжеткен болып өседі.
Менің сендерге тілейтінім: сен өз басыңа қызмет ете алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалармен әдептілік рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай, опық жейсін. Сондықтан да барлық айтылғандарды есіңе сақтап, адам болуға, азамат болуға ұмтыл.
Дәптер, еңбек сабақтары жайлы айта кету. «Біз бақытты балдырғандар» - әнін хормен орындау.

ТІРКЕМЕ Ә
Тіршілік атаулыны сүйе білу
Этикалық әңгіме
«Ит өршелене түсті»
Ит басын алдындағы аяқтарына салып жатып өршелене үрді.Оның тура алдында дуалға жабысып, бүрісіп мысықтың баласы отыр. Ол жалынышты мияулайды. Ал оның жанында, талас немен тынар екендей, оны қызықтап екі бала тұр. Бір әйел мұны терезеден көре сала, далаға жүгіріп шықты. Ол итті қуып жіберіп, балаларға кейіп:
-Ұялсаңдаршы! – деді.
-Неменеге ұяламыз. Біз ештеңе істеген жоқпы, -деді балалар таңданып.
- Сол ештеңе істемегендерің ұят-ақ, - деді ызалы әйел.


ТІРКЕМЕ Б
Тату жұмыс істеу ережелері
1 Жолдастарыңмен жұмыстың жоспары мен орындалу мерзімі туралы анықтап келіс;
2 Жұмысты өзара әркім не істейтінін анық білетіндей етіп бөліңдер;
3 Кім не істей алады, не істегісі келетінін ескеріңдер;
4 Әркім өз жұмысын мерзіміне және шама келгенше жақсы орындайды;
5 Жұмыстың өзің жақ бөлігін ғана емес, бүкіл бөлігін есте ұста.
6 Әркім адал істеуі керек.
7 Жұмыс барысында басқалардың қалай істеп жатқанын біл;
8 Кімнің жұмысы өнбесе, оған көмектес;
9 Өзің де басқалардың ақылын тыңдай біл.





Яндекс.Метрика