1. Ресурсы
  2. Педагогика

Педагогика

Оқудың педагогикалық технологиялары

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

Жоспары
1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі
2. Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама

1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды.
Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.).
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;
- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын.
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.

Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

ЖОСПАРЫ:
1. Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері.
2. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
3. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет.
4. Ынтымақтастық педагогикасы.
5. Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибесі.


Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
•    оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
•    өз беттерімен білім ала білуі;
•    білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
•    оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
2. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.

3. Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
•    білім мазмұнындағы инновация;
•    оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
•    оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
•    мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
-    жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
-    модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
-    жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
•    иновацияның себептері;
•    жаңалықты жобалау;
•    жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
•    мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
•    инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
•    бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
•    әлеуметтік-экономикалық жағдай;
•    инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Ынтымақтастық педагогикасы
Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.
Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.
Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:
- балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін •(дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
- жаңа мектеп;
- тұлғаны дамыту идеясы.
Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады.
Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.
Бала дамуының жаңын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады
Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.
Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. В.Шаталов үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған соң орындайды. И.Волков үй тапсырмаларын оқушыларға таңдатады. Ш.Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады.
Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.
Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі.
Жастар философиясы. Мұғалім кез келген жерде окушыға ақыл беріп, оған белгілі нәрселерді айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы диалектикалық-материалистік философияны түсіндіреді.
Ойын - демократ тұлғаны қалыптастыратын құрал.
Мектеп және қоғамдың қатынас. Мектеп ұжымы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Өнімді еңбек - тәрбиенің тамаша құралы
Қ.М.Нұрғалиевтың (1925 – 1988 ж.ж.) педагогикалық көзқарасы
I. Қ.М.Нұрғалиевтың өмірбаяны және ұстаздық көзқарасы
Құмаш Нүрғалиев Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. "Шыңғысхан" мектебінің 6-сыныбын бітіріп, еңбекке араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. 1944 жылы жараланып, екі аяғы, бір қолынан айырылды, Мәскеу госпиталінде екі жыл емделіп, көптеген операциялардан өткен. Сол госпитальда емделген жылдарында 8-ші, 9-шы, 10-шы сыныптар емтихандарын тапсырып, орта білім туралы атестат алып, сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп алады. Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектілігіне қарамастан ұстаздық еңбек жолын орыс тілі пәнінен сабақ беруден бастайды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарды. Ол Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, 5 мақтау қағазымен марапатталды, КСРО халық мұғалімі және Қазаң ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. 2005 жылдың қазан айында Құмаш Нұрғалиұлының 80 жылдық мерейтойы атап өтілді. Бұл есім республикада педагогикаға бар ғүмырын арнап, педагогикалық қызметін жалғастырушылардың кітабына ең алғашқыларының бірі болып енді. Осынау тамаша адам туралы Дінмұхамед Қонаев былай деген: "Бұл ғажап адамның өз өмірі – ерлік, шәкірттерді биік рухқа, адамгершілікке тәрбиелеуде, олардың азаматтық санасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болық табылады".
Боран ауылындағы оның авторлық мектебін қазір баласы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғары оқу орындарына грант арқылы түсіп, көптеген мектеп бітірушілер "Алтын белгіге" ие болды. Мектеп ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде білімді ақпараттандырудың педагогикалық идеясын жүзеге асырып, теледидар-техникалық студиясы арқылы ауыл эфиріне шыға алады. "Қашықтан оқыту" жобасы бойыншабұл мектеп Юнеско зерттеу институтының арнайы мәртебесіне ие болған. Құмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ "Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев. Педагогикалық әулет" атты кітаптан оқуға болады.

II. Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитофон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.
Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр, медициналық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған. Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 60 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген. Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған стенділер, мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған. Ұжым барлық пәндер бойнша толық үлгерімге жетіп, құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндімнде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: "Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, Мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін маұғлімдердің олдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстаз бен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын жолі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі" - деп оқу-тәрбие процесін, ізгілендіру идеясын қолдаған.
Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың өмірбаяны және ұстаздық қызметі
Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика математика факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынд ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксперименттік. мектептің директоры қызметін атқарады. Білім саласы бойынша "Тарлан-2000" сыйлығының иегері.
II. Негізгі идеялары мен тәжірибелері:
Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.
Архимед мектебінің міндеті - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қалалық жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттары мен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі – жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының "Экология негіздері" деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейінде өткізілген.
Сондай-ақ ағылшын тіліне аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, "Журналистика негіздері", "Социология және психология негіздері", т.б. курстар оқылып, балалардың толықтай орта білім алуына, өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды. Оқушылар отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен танысып, адамгершілік және ерік-жігерлерін қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады.
Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары оқу орындары мен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды. Мектеп бітіруші түлек мемлекеттік аттестат, паспорт, 2 жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын, жұмысшы мамандығын алып шығады. Сол кездегі бір оқушының "Сіздің мектебіңізде оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыңыз, өтінемін. Мен ешкімге де керек емеспін", - деген хатын тебіренбей оқу мүмкін емес.
Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсатты - заманына сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты азамат болып өсуді талап етеді.
Мектеп оқушылары өз мектебін мақтан етіп, пікірлерін білдіреді. Оқушы Дина Бектасова:
- Мектепті бітіргенде "аңғал сары  ауыз балапан емес, өмірдің сынына, күресіне дайын азамат болып шығатыныма күмәнім жоқ ".
Мектеп кеңесінің мүшесі, 9-сынып оқушысы Асфендияр Құрбанов:
- Біз өз мектебімізге өзіміз қожамыз. Сондықтан өзімізді ересек жігіт пен бойжеткен сезінбесек болмайды.
- 9-сынып оқушысы Данияр Орынбеков:
- Мектепті жақсы бітірген соң кез келген жоғары оқу орнына қиналмай түсерімізге сөз жоқ. Себебі мұндағы оқудың сапасы өте жоғары.
Міне, А.Ысөақов өз пәнімен қатар педагогтік мамандығына шынайы сүйіспеншілігі әке тәрбиесінен дарыған, шәкірт жүрегіне жол таба білген, үнемі даму, ілгері басу, ізденуді өмір өзегі еткен, әрі іскер, әрі білікті, жігерлі жаңашыл ұстаз. Атаулы мектеп директоры оқушылар мен педагогтардың ұйымдастырушысы әрі білікті тәлімгер.
Нұртазина Рафиха Бекенқызы
(1921 жылы туған)
Р.Нұртазина педагог-әдіскер, Қазаң ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1966), Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика ғылымдарының кандидаты (1974). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1951). Алматыдағы №12 қазаң орта мектебінде 14 жыл бойы басшылық етіп, орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берді. 200-ден астам ғылыми зерттеулер мен оқу-педагогикалық еңбектердің авторы, қазақ мектептеріндегі орыс тілі әдебиеті бағдарламасын құрастырушылардың бірі. 1972 жылы қазақ педагогика қоғамының тәрайымы болып сайланды. Бүкілодақтық халық азарту қызметкерлері съезінің делегаты (1968, 1988). Көптеген орден-медальдармен марапатталған, "Платиналы Тарлан" сыйлығының иегері.
Р.Б.Нұртазина орыс тілінің білікті маманы ретінде педагогика ғылымының және Қазақстан мектебінің бай тәжірибесін насихаттап Африкада, Вьетнам, ГДР, Италия, Монғолия, Жапония, тағы басқа елдерде дәріс оқыды.
1979-1986 жылдарда орыс тілі мен әдебиетін оқытатын мүғалімдердің халықаралық қауымдастығына (ассоциациясына) қатысты. Будапештте өткен конгресте 78 елден келген мүғалімдер алдында дәріс оқыды. Берлинде өткен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің IV Дүниежүзілік конгресіне қатысты. 1989 жылдан радиохабары арқылы қазақша тіл ұстарту сабақтарын орыс және қазақ тілдерінде жүргізген.
Идеялары: педагогика ғылымының жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйреніп, диалектикалық жолмен қорытынды шығара білу; адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеру; әр балаға бақыт сыйлау; педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде шығармашылықпен Оқыту; сабақта енжарлыққа жол бермеу; әрбір сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуанышы көзіне айналдыру; ана тілінде білім алу. Сабақ қаншама қайталанса да, жаңалығымен мұғалімнің өзін де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс.
Егер мұғалім әр баланы қайталанбайтын жеке тұлға деп, оған сеніммен, мейіріммен қараса, мектеп директоры әр шәкіртіне әріптес ұстаздарына парасатты қатынаста болса, онда оқу-тәрбие процесі жақсы жүреді.
Ол орыс тілін ұлт мектептерінде оқытудың тәжірибелеріне талдау жасады. Ұстаздың өзіндік шеберлігі – оқыту процесінде оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды өздігінен іс-әрекет жасауға ынталандыру, орыс тілін еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету мақсатында оқу материалына байланысты дидактикалық құралдар дайындау. Әр сыныпқа әр тақырып бойынша әдеби ойындар, әңгімелер, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер, кестелер, техникалық оқу құралдары ұзақ ұстаздың еңбек жылдарында жинақталды. Нұртазинаның Бұл тәжірибесі республикалық конференцияларда талқыланды. Әр жылдарда арнайы жеке оқулық әдістемелік кітап болып жарияланады. Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыруда пәнаралық байланыс принципін қолдана отырып біздің еліміздің ұлтаралық қатынасына, оның жақсаруына үлес қосу жаңашыл ұстаз Р.Бекенқызының әр сабағының өзекті міндеті болып табалады.
Р.Б. Нұртазина өзінің ұзақ жылғы мектепті басқару тәжірибесінде балаға деген шынайы махаббат сезімін, оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар ұжымына сенім білдіруді, ізгілік және демократизм принциптерін, педагогикалық ынтымақтастық идеясын басшылыққа алды. Осының нәтижесінде мектепте өз мамандықтарын сүйетін, еңбекке жауапты қарайтын, білікті, іскер педагогикалық ұжым құрылды. Мектепте оқушылардың жан-жақты жарасымды дамуына бағытталған, өзін-өзі басқару негізінде құрылған сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мол тәжірибесі жинақталды. №12 мектептің 60 жылдан |І пім уақы ішіндегі шығармашылық еңбегін көрсететін тарихи мұражай бар.
Григорий Максимович Кубраков
ұстаздық қызметі мен еңбектері
Г.М.Кубраков - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют санаториялық мектеп- интернатының директоры, КСРО халық мұғалім, Республикалық және Бүкіл одақтық халық ағарту қызметкерлері съезінің делегаты.
Г.М.Кубраков ұзақ жылғы қызметінде ұлы педагог А.С.Макаренконың бай мұрасын бүгінгі мектеп жағдайында жүзеге асырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді сапалы биікке көтерудс тұлғаланып, бүкіл республикамызға танымал болған талапты да, талантты ұстаз.
Г.М.Кубраков республикалық теледидар арқылы ұйымдастырылған арнайы хабарға қатысып, озат тәжірибесі туралы телекөрермендермен пікір алмасып отырды. Ол жас ұрпақ бойына еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыруда өте құнды тәжірибені жинақтады. Кубраковтың қаламынан ғылыми педагогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірибесі бірнеше кітаптар болып жарық көрді. Мәселен: Г.М.Кубраков "Попути Макаренко" (-Алматы: Мектеп, 1982), По заветом Макаренко (- М., Просвещение, 1987).

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева
Қанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. 1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар "Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін" жетілдіруге ат салысуда. Қ.Омарғалиқызы 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, "Абай жолы" эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс-тәсілдері де осы оқулықта көп жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.
Қ.Бітібаева әдебиетті "өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы" – деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу тәрбие процесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім.
Қанипа Бітібаева – оқыту процесінде баланың рухани жан-дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз. Қанипа өзінің мол жұмыс тәжірибесін шәкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінен білім, тәрбие беруден түйген пікірлерін, қазіргі мектеп бағдарламалары жөніндегі ой-жалғастарын ортаға салып, республикалық және халықаралық басылымдарда да жариялап отырады.
Қ.Бітібаеваның кітаптары:
1. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары.
2. Әуезов шығармашылығын оқыту.
3. Сабақ түрлері мен үлгілері.
4. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту.
5. Әдебиетті оқыту әдістемесі (оқулық).
6. Әдебиеттану.
7. Абайды таныту.
8. М.Әуезов – мектепте.
9. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.
10. Әдебиет оқулығы.
11. 7-сынып әдебиетін оқыту әдістемесі.
12. 5-9 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту.
13. 10-11 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту.
Шалва Александрович Амонашвили
Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.
Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.
Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзі қате жіберіп балаларға түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін қолданады. Амонашвили балалардан өз сабағының ұнаған, ұнамағанын, жақсы етіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен сабақ береді.
"Қайырымды адам қандай болады?" "Сыпайы кісі қандай?" "Біз нені оқимыз?", "Қандай өлең жақсы?" деген тақырыпта пікірталастар өткізеді. Суретке қарап әңгіме жазу, оқушыларға математикалық есептер құрастыртып, оны басқаларына шығарту, қиын және оңай есептерді оқушылар өздері таңдау тәсілдері қолданылады.
Амонашвили сабақта балалармен ақылдасып жұмыс жасап, олардан көмек күткен сыңай танытады, "бір тақырыпты түсіне алмай жүргенін" айтып, әрбір оқушының сөзін тыңдап, оларға сұрақ беріп, қателескен болады, балалардың сұрақтарына бірден жауап бермей, білмейтінін, үйден оқып келетінін айтады.
Балаларға жаттығулар құрастыртады, оған өзінің уақытының жетпейтіндігін айтады. Жаттығулар түзетіліп басқа оқушыларға беріледі, құрастырушыларға алғыстар айтылады. Үй жұмысын алғысы келетіндер ғана алады.
Әр балаға толық, жан-жақты мінездеме жазып, оны ата-анасына береді.584

В.Ф. Шаталов
В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2-кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.

С.Н. Лысенкова
С.Н.Лысенкова – Ресей педагогы. Әдістемесінің негізі – бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, "оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабаққа барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп "кері байланыс" – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.
2. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. – 8-58; 58-100, 147,215-беттер.
3. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999. №1-2. 8-11-бет.
6. НұртазинаР.Б. Занимательная грамматика. - Алма-Ата, 1963,1973.
7. Р.Б.Нұртазина. Формы патриотического и интернационального воспитания в казахской школе. Сб. научных трудов. – М., 1980.
8. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению мптематике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.
9. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной мстодической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. 
10. Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. – Алматы: Алем, 2002. – 316 с.
11. Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89с.
12. Фарбер Д.Х. Жизнь – в детях. Народный учитель. – Алма-Ата, 1982.

Мұғалім, сынып жетекшісі

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

Жоспары:
1.  Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері.
2.  Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы.
3. Тәрбие жұмысын жоспарлау.

1. Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
•   жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
•  сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
•  оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
•  оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
•  сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
•  оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына
және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.
Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
•  балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
•  өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
•  оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
•  сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
•  ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
•  өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):
•  тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
•  оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;
•  ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
•  мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
•  ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
•  әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
•  оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
•  әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
•  оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
•  оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
•  оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;
•  өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
•  көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
•  қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);
Коммуникативтік:
•  оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
•  "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
•  ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:
•  баланың денсаулығы;
•  отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
•  баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
•  мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;
•  үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;
•  моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
•  еңбекке көзқарасы;
•  әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;
•  интелектуалдық дамуы;
•  саяси сауаттылығы, т.б.
2. Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады:
•  тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы;
•  талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;
•  тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;
•  сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн;
•  тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;
•  тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы;
•  оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
3. Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекше-ліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.
Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:
- өткен жылғы жұмысты талдау;
- сыныпқа сипаттама беру;
- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айңындау;
Жоспардық түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.
Соңғы кезде "сөзбен", "ауызша" тәрбиелеу сыналып, оқушыларды іс-жүзінде, іс-әрекет арқылы тәрбиелеу қажеттігі көп айтылып жүр. Осыған байланысты, мына бір жоспардық түрін ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бұл жоспарда нақтылы істер жо спарланады.
Тәрбие жұмысы жоспарының бірінші түрі:
1.Ұжымды ұйымдастыру
Тоқсандар    Өзін-өзі басқару ұйымдарымен
жұмыс    Ұжымның дәстүрлері    Ескертулер
I тоқсан ( 9 апта)           
II тоқсан ( 9 апта)           
III тоқсан ( 11 апта)           
IY тоқсан ( 9 апта)           

Тәрбие жоспарының екінші түрі:
I.  Сынып оқушыларына мінездеме.
II. Тәрбиелік міндеттер.
1. Саяси мәдениетін қалыптастыру.
2.  Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
а) Ұлттық мінез-құлық пен әдеп-ғұрып негізінде тәрбиелеу;
ә) Халықтың салт-дәстүрге сүйеніп тәрбиелеу.
3. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру және қоғам арасындағы белсенділігін дамыту.
4.  Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.
5. Еңбекке, халықтың іскерлікке баулу, үнем тәрбиесін беру.
6. Әсемдікке тәрбиелеу және көркемдік қабілетін дамыту.
7. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.
8. Экологиялық және азаматтың жауапкершілікке тәрбиелеу. Соңғы кезде коммунарлық тәрбиелеу әдістемесі кеңінен тарауда. Оны өз тәжірибесінде пайдаланатын сынып жетекшілері айына бір ұжымдық шығармашылық іс жоспарлайды, тәрбие жұмыстары сол таңырыпқа байланысты болып келеді. Әр айда өткізілетін тәрбие жұмысы 4 бөлімнен тұруы мүмкін.
Ұжымдық шығармашылық істер: Қыркүйек - еңбек пен білім айы. Қазан - сені қызьщтыратын әлемге саяхат. Қараша - туған өлкемнің тарихы. Желтоқсан - менің Қазақстаным. Қаңтар - шығармашылық айлығы. Ақпан - спорт айлығы. Наурыз - мерекелі, берекелі ай. Сәуір - "нарық еліне саяхат" ойыны. Мамыр - мектеппен қоштасу айы.
I бөлім - ұжыммен жұмыс.
II бөлім - жеке-дара жұмыс.
III бөлім - белсенділер тобымен жұмыс.
IV бөлім - ата-аналармен жұмыс.
Әрбір бөлімге алуан түрлі жұмыс түрлері мен әдістері енгізіледі.
Тәрбие жұмысы жоспарының үшінші түрі:
Сынып жетекші жоспарының үлгі құрылымы:
•  сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жплпы мәліметтер.
•  сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
•  тәрбие міндеттері.
•  сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.
•  ата-аналармен жұмыс.
•  сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі.
•  сынып жетекшінің есеп беруі.
Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар:
• жоспардық қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі;
• өмірмен тығыз байланыстылығы;
• жоспарға тәрбиенің барлық салаларынан жұмыстар енгізу;
•  тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жасына, ұжымының ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы;
• жоспардық жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан);
• жоспардық нақтылығы.
Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.

Әдебиеттер:
1. Ю.П.Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.
2.  В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. - Алматы, 1983.
3. Н.И.Болдыров. Сынып жетекші. - Алматы, 1980.
4.  Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
5.  К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.

Мектпеп тәртібінің ерекшеліктері

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

Жоспар:
1. Мектеп тәртібінің анықтамасы.
2. Оқушыларды тәртіптікке тәрбиелеудің негіздері мен әдістері.
3.  Тәртіпке тәрбиелеудегі талап қоюдық және түсіндірудің рөлі.
4. Саналы тәртіпке тәрбиелеудегі оқушылардың жасы мен дара ерекшеліктерін ескеру.

1. Адамдардық қоғамдағы мінез-құлқы белгілі бір ережелерге бағындырылады. Қоғам мүшелерінің белгілі бір ережелерге бағынылуы тәртіп деп аталады.
Мектеп тәртібі осы қоғам адамдары арасындағы қатынасты білдіреді. Мектеп төртібі біздің қоғамымыздық жағдайында қоғамда қалыптасып отырған қатынастардан ешбір ерекшеленбейді. Тәртіптің негізгі қасиеттері: жауаптылық, саналылық -мектеп тәрбие жұмысының бағытын, мазмұны мен методика әдістемесін анықтап береді. Тәртіп - мақсат, әрі ойдағыдай тәрбиелеу мен оқытудық қажетті құралы және барлық оқу тәрбие процесінің нәтижесі. Тәртіп пен жауапкершілік сезім болмайынша оқуға дұрыс көзқарас тәрбиелеуге, сабақта үйге берілген тапсырмаларды орындау кезінде тәртіп сақтауға үйре-туге болмайды. Жауапкершілік сезімді арттыру бұл оқу-тәрбие жұмысына керекті жағдайлар жасау болып табылады. Тәрбие жұмысында дұрыс бағыт ұстау үшін, мұғалім мектеп төртібінің ерекшеліктерін біліп қана қоймай біздің қоғамымызда қандай адамды толық мәнінде тәртіпті адам деп атауға болатындығы жайлы да түсінігі болуға тиіс. А.С.Макаренко: кімді-кім әрқашан неғұрлым қоғамға пайдалы мінез-құлық көрсете алса, сол адам ғана біздің қоғамымызда тәртіпті адам деп саналады деп жазды.
2. Оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеудің негіздері мен әдістері
Оқудық алғашқы күнінен бастап сыныпта жақсы тәртіп қалай орнатуға болады. Ең алдымен педагогика тәртіпті арнаулы өткізген кейбір іс-шаралар ғанаемес, мектептің барлық тәрбие жұмысы жүйесінің нәтижесі деп қарайтынын ұғынған жөн.
Балалар өмірін ұйымдастыруды, жеке басының тәртібін:
1) Оқушылармен өзінің арақатынасын егжей-тегжейлі ойластырған мұғалім ғана оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеуде табысқа жете алады.
2) Іскерлік, белсенділік етек алған, салдыр-салақтың пен тәртіпсіздікке жол бермеген мектепте ғана тәртіпті, белсенді жоғары саналы адамдар тәрбиеленеді.
Мұғалім саналы тәртіпке тәрбиелеудегі өзінің рөлі мен дәрежесін жақсы ұғынуы шарт.
Егер мұғалімнің жұмыс жүйесі өзінің белсенділігіне және оқушылардың үнсіз тіл алуына негізделген болса, ондай жүйенің, көмегімен саналы тәртіпті тәрбиелеу мүмкін емес.
Іс-әрекеттегі саналы тәртіптілікті тәрбиелеу
Адамның тәртіптілігінің аса маңызды белгісі - бұл онда ұйымдасқан мінез-құлықтың берік дағдылары мен әрекеттерінің болуы. Олар оқыту мен түрліше қоғамдық пайдалы еңбек процесінде қалыптасады.
Тәртіпті мінез-құлыққа үйретуде оқу еңбегінің ерекше мәні бар.
Балаларды сыныпта тыныш отыруға, мұғалімді зер салып тыңдауға, жолдастарына бөгет жасамауға, үйге берілген тапсырмаларды орындауға, мектеп шеберханасында, мектеп жанындағы учаскеде ұйымшылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.
Бұл жерде мұғалімдер тарапынан қойылатын талаптардың бірлігін қамтамасыз етудің үлкен мәні бар. Мысалы: тәртіпті күшейтуге оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, сабақта оқушылардың қолы бос болмауы және белсенділігі, танымдық ықылас, оқу жұмысына әуестік айтарлықтай болады. Тәртіпсіздік - сабақты жаман ұйымдастырғандық.
Саналы тәртіпке тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы еңбектің мүмкіндігі зор.
Қоғамдық еңбек процесінде оқушылар ыждағаттылыққа, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға, еңбекті сүюге, өмір жолындағы қиындықтар мен бөгеттерді жеңуге деген табандылық пен шеберлікке тәрбиеленеді.
Мектеп ауласын көгалдандыруға қатыса отырып олар ұйымшылдық, орындағыштық тәжірибесін алады, өз қолдарымен отырғызған ағаштар мен бұталарды күтіп, баптап сақтайтын болады. Соның нәтижесінде оларда тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді.
Жақсы ұйымдастырылған еңбекте мектеп оқушылары дұрыс мінез-құлық, педагогтар мен оқушылар ұжымы органдарының дәл орындау дағдыларына ие болады, әрі нығайтады, өзара жауапкершілікке, тыңғылықтыққа үйренеді. Еңбек және қоғамдық пайдалы іс-әрекет тек қана дағдылар мен әдептерді емес, сонымен бірге оқушы өзін тәртіп талаптарына сай ұстауға бағыттайтын ізгілікті мотивтерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
IV) Күн тәртібінің тәрбиелік мәні.
Балалардың сан қилы іс-әрекеті белгілі жүйемен ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібі үлкен маңызға ие. Күн ырғағы - адамгершілік саналарын қалыптастырудық маңызды әдісі, өсіресе оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеуде оның рөлі ерекше.
Күн тәртібін сақтау - мінез-құлыққа үйретудің басты құралы. Еңбек пен демалуды дұрыс алмастырып отыру оқу сабақ-тарының тиімділігін арттырады, тәртіпке түсіреді, ұқыптылық пен адалдыққа, жұмысты белгіленген мерзімде орындауға үйретеді. Гигиена талаптарына сөйкес белгіленген күн ырғағы мектеп оқушыларының мінез-құлқын реттеп, оларды тәртіптілікке еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруға, тәртіп пен ұқыптылыққа үйретеді.
"Мектептің барлық режимі - дейді Н.К.Крупская, оның бүкіл жолға қойылуы тәртіпке ерекше әсер етеді." А.С.Макаренко да күн төртібін оқушыларды тәртіпке үйретудің аса маңызды құралы деп қарады.
Күн тәртібін жасағанда әрбір қадамды өлшеп жатудың қажеті жоқ. Күн тәртібінің мақсаты - оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана білуге дағдыландыру. Оқушы мысалы, сабағын дайындап болғаннан кейін өзі сүйетін спорт түрімен айналысса, екіншісі көркем әдебиет оқумен, үшіншісі қандай да бір прибор құрастырумен, төртіншісі музыка не сурет салумен айналысады. Егер күн тәртібінде бос уақыт қалдырылмаса, оның бастамасы мен дербестілігіне қол байлау болады.
Күн тәртібі ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жұмыста дәлдікке үйретудің құралы. Әсіресе төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеудегі орны ерекше. Олар күн тәртібі талаптарын сөзсіз қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға тырысады. Мұғалім мен ата-аналар тарапынан бірлескен бақылау болса, күн тәртібі баланың өміріне берік қалыптасады және тәртіптілікке тәрбиелеудің маңызды құралына айналады.
3. Тәртіпті тәрбиелеудегі талап қоюдың және түсіндірудің рөлі
Талап қою тәртіптілікті қалыптастырудық негізін салады. Мектеп оқушыларынан күн тәртібін, мінез-құлық мәдениетінің қарапайым ережелерін саңтауға, оқу міндеттеріне деген жауапкершілік талап етіледі. Талап ең алдымен ұнамды іс-әрекет ұйымдастыруға және соған стимул жасауға бағытталды. Солардың көмегімен балалардың іс-әрекетін басқаруға болады. Кейде қойылған талап тәртіпсіздік әрекеттерді тежеуге немесе үнамсыз қылықтарды болдырмауға көмектеседі.
Талап: өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сөгу, аңғарту, ескерту, тәрбиелік қызмет атқарып, тиісті педагогикалық ықпал жасайды.
Талап қоюды жүзеге асыруда, мұғалімнің психологиялық жағдайы, жинақылығы, өзіне сенімділігі белсенді де батыл әрекетке әзір екендігі, қиын жағдайлардағы сабырлығын сақтау маңызды болып табылады. Тәрбиешінің мұндай қасиеттерін оқушылар жоғары бағалайды және оның талаптарын ықыласпен орындайды. Ал педагогтар педагогикалық әдепті бұзса, қойған мақсатына жете алмайды: олардың талаптарын оқушылар селқос орындайды немесе мүлде орындамайды.
Мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіргенде тәртіптің әрбір талабын көп сөзбен, ұзақ түсіндіріп жатпау керек. Олардың көбі үлкендерге еліктеудің беделін мойындатудық нәтижесінде орындалып жатады. Маңызды нерсе нормалар мен ережелер әдетке сеніп, ішкі қажеттілікке айналу керек.
Түсіндіру жұмысы оқушыны жалықтыратын өсиет айту, адамгершілік жайлы көп сөз айту сипатында болмағаны жақсы.
4. Мінез-құлық ережелері мен саналы тәртіпке тәрбиелеуде мыналарды ескеру қажет:
I. Кіші мектеп балаларының жүйке әрекетінде көру процесі жетілу процесінен әлдеқайда басым болады. Олардың мінез-құлқының ұнамды дағдылары мен әдеттерін тәрбиелеуге неғүрлым қолайлы. Мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және бекіту әдістерінің жүйесін анықтау үшін мұғалім олардың сипаты мен көлемін егжей-тегжейлі ойластырады.
II.  Кіші мектеп оқушыларының ерікті зейінінің тұрақсыздығын, олардың импульсивтігін ескере отырып, мұғалім бала-ның мінез-құлқына талапты шамалап та және анықтап дәл қоюы және оны әлсін-әлсін баланың есіне салып отыруы, түсіндіруі, көрсетіп беруі, мақұлдайтынын немесе пікірлесетінін білдіріп отыруы қажет.
III.  Кіші мектеп балалары тым ширақ, жігерлі. Бірақ олар бір текті сабақтардан тез шаршайды. Олардың бұл ерекшеліктері мұғалімнен іс-әрекеттің түрлері мен әдістерін өзгертіп отыруды, оқыту мен тәрбиелеудің түрліше әдістерін алмастырып қолдануды талап етеді. Бірінші сынып оқушылары әңгімені ойша құруға, жаттығуды үнсіз орындауға әлі төселмеген. Сол себепті олар күбірлеп сөйлеп, кейбір ойын қозғалысын қолымен көрсетіп отырады. Кіші мектеп балаларының ойлау бейнелігін ескере отырып, тәрбиеде балаларға жанды да нақты мысалдарды, көрнекілікті және басқа құралдарды қолдануға тура келеді.
Кіші мектеп балаларының әсерлі еліктегіштігін ескеріп, мұғалім оларға талапты үлғайтумен бірге мадақтау тәсілдерін де жиі қолданып отырған жөн.
Шолжаң да қыңыржаң, қиқар мінезді балалармен жүргізілетін жұмыста мұғалім өзін бір қалыпта, бірақ табандылық мен талап қойғыштық дәрежеде ұстауы керек.
Ұялшақ балаларды қоғамдық өмірге бірте-бірте араластыруға тура келеді. Жай басар, аңғал оқушылармен жұмыс жүргізгенде дағдыландыру әдістерін қолданған жөн.
Тәртіптілік мінездің маңызды сипаты болып табылады, ол адамның жеке басының басқа да қасиеттерімен тығыз байланысты, әсіресе балаларды ұстамдылыққа тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.
Мәдениетті қылық дағдысы мен әдетін тәрбиелеу. Саналы тәртіпке тәрбиелеу мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты. Тәртіпті оқушы адамға сезімталдықпен қарайды, қоғамдағы қабылданған моральдық нормаларды сақтайды. Сондықтан да оны мінез-құлық мәдениетіне үйрету оқай. Ерке де салдыр-салақ балаға оны үйрету қиын.
Балаларды жас кезіненаң жақсы әдет-қылыққа дағдыландыру оларды адамдарға жақсылық жасауға үйрету, үй тұрмысындағы жоғары мәдениетке деген сүйіспеншілік дарыту өте маңызды.
Мінез-құлық мәдениеті - ол өзін қоғамдық ортада ұстай білу және әдептілік ережелерін сақтай білу ғана емес. Ол баланы, үлкендерді сыйлаудан, жоғары адамгершіліктен, ұжымда өмір сүріп еңбек ете білуінен көрінеді. Кейде үнамды ңылықтар көрер көз үшін ғана жасалады. Сыртқы мәдениеті адамның мінез-құлық пен сыртқы бейнесінен көрінсе, ішкі мәдениеті адамның білімінен, нанымынан, жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра білуінен тұрады. Адамның қоғамда сыйлы болуы және бағалануы ішкі мәдениетіне байланысты.
Сондықтан мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу адамның моральдық бейнесін қалыптастырумен бірге адамгершілік, азаматтық, ұжымшылдық, достық жолдастықң рухында тәрбиелеуге, тәртіпке және ұйымдастыруға үйретумен тығыз байланысты. Мәдениетті мінез-құлық ережелерін түсіндіру. Бастауыш сыныптардың өзінде-ақ мектептегі және үйдегі, көшедегі және қоғамдық орындардағы, мінез-құлық ережелерінің негізі үйретіле бастайды. Бірақ мінез-құлық мәдениеті жөніндегі білім бірте-бірте кеңейеді. Ересек оқушылар мінез-құлық мәдениетінің жаңа ережелерін меңгеріп, олардың қоғамдық өмірдегі мағынасын түсінеді, жүзеге асыруға үйренеді. Мінез-құлық дағдысы мен әдетін қалыптастыруда сан түрлі жаттығулар аса қажет. Балалардың мінез-құлқына қатаң тәртіп орнату, мектеп пен отбасының талаптарының бір тұтас болуына байланысты. Мәдениетті мінез-құлық дағдысымен әдетін тәрбиелеуді қамтамасыз етеді. Мектеп пен отбасы алдына балаларға тек үнамды дағдыны сіңіру ғана емес, сонымен бірге олардың жаман әдеттерін жою міндеттері қойылады.
Жаман әдеттерді жоюда түсіндіру, талап қою, күн тәртібін орнату сияқты амалдар қолданылуы тиіс. Ұнамсыз әдетті түбірінен жою мұғалім мен ата-аналардан барлық амалдар жүйесін ұштастырып, дұрыс қолданылуын талап етеді.

Әдебиеттер:
1. В.А.Сухомлинский. Рождение гражданина. - Москва, 1971.
2. Н.Елікбаев. Ұлттың психология. - А., 1992.
3. Ж.Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
4. Н.В.Савин. Педагогика. - Алматы, 1983.

Мектептегі қоғамдық ұйымдар

Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика

Мектептегі қоғамдық ұйымдар
Мектепті басқару ісінде директор кәсіподақ ұйымына сүйенеді. Оған барлық мұғалімдер кіреді. Оның маңызды міндеті – әрбір қызметкердің жауапкершілігін қапыптастыру. Мектеп ұжымының оқу-тәрбие процесін жетілдірудің маңызды мәселелерін шешуге қатысуының пәрменді түрінің бірі - өндірістік жиналыстар.
Кәсіподақ ұйымы кабинеттерді жабдықтауға қатысып, мұғалімдерді жұмысқа алу, не шығару мәселелерін терең зерттейді. Озат мұғалімдерге сыйлықтар беріп, оларға арналған іс-шаралар өткізіп, құттықтап отырады, демалыс орындарына жолдамалар береді. Оқу кабинеттерінің жағдайын тексереді, ел өміріндегі мерекелерді ұжым болып атап өтуді ұйымдастырады.
Ата-аналар комитеті және мектептің ата-аналарымен жұмысы
Мектеп ата-аналар комитеті
Жаңа оқу жылына дайындық пен мұқтаждарға материалдық көмек берумен, жалпыға бірдей білім беру қорын жасаумен, өндіріс орындарымен, демеуші кәсіпорындармен байланысты талқылайды. Мектептер ата-аналар комитетімен тығыз байланыста болып, оларды сыныптарда, жалпы мектепте өтетін шараларға белсене қатыстырады.
Ата-аналар комитетін мектептегі жалпы ата-аналар жиналысы бір жылға сайлайды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылындағы гимназияда жалпы ата-аналар жиналысының соңында жылма-жыл дәстүрлі өнерге қанат қаққандардың байдауы өткізіледі. Ата-аналар комитеті мүшелерінің қатысуымен байқаудың қазылар алқасы құрылып, жылдың үздік әншісі, үздік бишісі, үздік сахналық қойылым өнерпаздары, үздік көркем сөз шебері анықталып, дипломдармен марапатталады.
Гимназия жанындағы ата-аналар комитеті, қамқоршылар кеңесі құрылымдары арқылы қоғамдық негізде мектепке көмектесуші әр адамның міндеттерін белгілеп беретін де мектеп мұғалімдері.
Кейбір мектептерде ата-аналарға педагогикалық көмек ретінде Шаңырақ ата-аналар университеті құрылған. Онда этно-педагогика факультеті, құқықтық факультет жұмыс істейді. Біріншісі – ұлттық салт-дәстүрлер бағытында, екіншісі - егемендік елдің құқықтық мемлекет бағытында жұмыс істейді.
Педагогикалық кеңестің бекітуімен кейбір мектепте құқықтық кеңес жұмыс атқарады. Оның құрамына оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер кіреді. Құқықтық кеңес 9-11 сынып ұлдары арасында полиция, сот қызметкерлерімен кездесу өткізеді. Заман, заң және мен, т.б. тақырыпта іс-шаралар жүйелі өткізіпім отырылады.

Ұзартылған күн топтарындағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі
Мұғалімнің жұмысы:
•    теориялық материалдарды, ұзартылған күн тобы туралы нормативтік құжаттарды оқу, оқушыларды үздік сабаққа әзірлеуге үйретіп жатқан озат мұғалімдердің іс-тәжірбиелерімен танысу;
•    оқушыларды өз беттерімен сабаққа әзірлендіретін әдіс-тәсілдерді оқып-үйрену.
Психологиялық дайындық:
•    оқылатын материалға деген оқушылардың жағымды әсерлерін қалыптастыру;
•    оқушыларды өздік жұмысқа үйрету;
•    оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
•    кейбір балаларды батылдыққа үйрету.
Педагогикалық дайындық кезінде мынадай негізгі іскерліктерді алу керек:
•    жұпта, топта, ұжымда оқушыны оқуға үйрету, оқушыларды бір-бірін және өздерін бақылауға үйрету;
•    түрлі оқыту құралдарын қолдана білу.
Әдістемелік дайындың кезінде үйренетіндері:
•    нақты оқу материалдары арқылы тәрбие беру және дамыту;
•    оқушылар меңгеретін материалдың қай жерлері қиын болатынын алдын ала білу;
•    оқу процесінде пәнаралық байланысты ескеру.
Өздігінен дайындық кезінде оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі - ұжымдық және өздік іс-әрекет.
Мұғалім әр оқушымен, жұппен және топпен жұмыс істейді, өзара әрекетті басқарады. Оқушылардың ынтымағына басшылық етеді.
Өздігінен дайындық кезінде мұғалім топтың оқушыларының, мұғалім мен бір оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырады, оқушыларға кеңес береді, кітаппен жұмыс істеуге көмектеседі, оқушыларды қосымша және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеуге, жұмысты уақытында орындауға үйретеді.
Тәуліктік жұмыс құрылымы: сабақтар, демалыс, өз бетімен дайындалу, сыныптан тыс жұмыс. Таңертеңгілік мезгіл әдетте сабақтарға беріледі. Сабақтардан кейін демалып, тамақ ішуге 3 сағат бөлінеді, содан кейін оқушылар келесі күннің сабағына әзірленіп, әркім өз қалауларына қарай серуенге шығады. Бастауыш сынып оқушылары көп қозғалып, қарым-қатынас жасау керек. Олардың ішкі сезімдерін сыртқа шығаруға жағдай жасалған дұрыс.
Ойын, баланы жалпы тынықтыратын ойындар, қарым-қатынас кезінде байланыстардың көптігі, эмоцияларын еркін көрсетуге жағдай жасау, мазмұнның жаңалығы шаршағанды басады. Ол күнде белгілі бір уақытта өткізілу керек. Оның ұзақтығы нормативтерден аспауы тиіс. Үй тапсырмаларының көбін оқушылар ұзартылған күн тобында орындағандары жақсы.
Өздігінен дайындық – ұзартылған күн тобындағы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі түрі. Бұл міндетті күнделікті сабақта оқушылар оқу тапсырмаларын қатаң түрде белгіленген уақыт ішінде өз бетімен орындайды.
Тәрбиеші өздік жұмысқа керекті тәртіпті ұстайды. Балаларды өз бетімен істейтін ақыл-ой жұмысы техникасына үйрету керек. Ол үшін балаға өзіндік жұмысты орындау жөнінде нұсқаулар беріледі. Қиын тапсырмалар өздігінен дайындық жұмысының басында орындалады.
Сабақтан кейінгі тапсырмалар тез орындалады. Ал тақпаңқтарды жаттауға әзірлік 2-3 рет өтеді. Керек емес заттар оқушыларды алаңдатады. Сондықтан үстелдің үстінде тек қана сабаққа керекті заттар болу керек. Қатаң тәртіп және тыныштық сабақты орындауға зейінді шоғырландыруға жақсы көмектеседі. Сабақ пен өзін-өзі дайындық арасында тығыз байланыс бар. Өздігінен әзірліктің ерекшелігі – әр оқушы алған тапсырманы өз бетімен орындап, қиындықты жеңеді.
Өздігінен әзірліктің табысты болуы сыныпта тақырыптың бекітілуіне байланысты. Сонымен мұғалім оқушыларға сапалы білім беріп, өздігінен дайындыққа негіз жасайды. Тәрбиеші – мұғалім емес, ол тақырыпты түсіндірмейді. Өздігінен әзірлік басталмас бұрын таза ауада спорт сағатын өткізген дұрыс.
Оқушылардың іс-әрекеті
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа әзірлігі
I IV сыныптарда сабаққа әзірлік кезінде мұғалімнің рөлі зор, себебі балалар өз беттерімен жұмыс істеуге жаңадан үйрене бастайды. Сондықтан балаға оқу жұмысын қалай істеу керектігі жөнінде жазбаша нұсқаулар беру керек. Мұғалім тапсырманы қалай дайындау керектігін түсіндіреді, оқушылар оны орындайды. ІІІ-ІV тоқсанда оқушылар оқи алған кезде олар үй тапсырмаларын өздері орындауға шамалары жете бастайды. Оқушылардың әрқайсысына баспаханадан шыққан жазбаша нұсқаулар беріледі. Жұмысқа кіріскенде оқушы жаттығуды қандай тәртіппен жазатынын, есепті қалай шығаратынын білу керек. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті әр сыныпта әр түрлі. Жаттығуды орындамас бұрын оқушылар оны жазу үшін қандай ережені оқу керектігін анықтап, тауып оқиды, өз мысалдарын келтіреді. Оқушылар сөздіктермен, сызбалармен, қосымша мәтіндермен жұмыс істейді. Оқушылардың деңгейлері әр түрлі. Балаларды шартты түрде 3 топқа бөледі. Бір оқушының тілі бойынша біріккен топта болып, білімі жақсарғаннан кейін математика, т.б. топтарға ауысады.Тапсырма бірдей болғанда мұғалімнің, не жақсы оқитын оқушының көмегі керек. Түсіндіруге болады, немесе сурет, сызба көрсетіледі, жетектеуші сұрақтар беріледі. Жақсы оқитын оқушылар олардың мқі.іл-ойын дамытатын тапсырмалар алады. Мысалы, барлық оқушылар сөздер жазады, үздік оқушылар сөйлем құрайды. Жақсы оқитын оқушылар нашар оқитын оқушыларға көмектесіп, оларды бақылайды. Тексеруді түрліше жүргізуге болады: олар оқушының сабағын жеке тексеру, оқушылардың бір-бірінің жұмысын тексеруі, мұғалімнің тексеруі, оқу секторының тексеруі. Тапсырманың кейбіреулерін тексергенде мұғалім оқушыдан толық жауап беруді талап етеді, басқаларының жауаптарын оқытады. Сабаққа әзірлік бұл сабақ емес, бұл жерде оқушылар еркін отырады, оқушылар сыбырласып сөйлеседі, мұғалімнің қасына жаймен келеді. Өз бетімен әзірлік сабақтағы жұмыстың көрсеткіші, жаңа материалды меңгерген, меңгермегендігін көрсетеді, келесі сабақты жоспарлауға көмектеседі.

Қазақ тіліне әзірлік
Мұғалім ережелерді жаттатады. Оған 5-8 минут уақыт кетеді. Ережені қалай түсінгені тексеріледі. Оқушылар сабақты өз бетімен үлгі бойынша алғашқы кезеңде орындайды және оған көп уақыт кетпейді. Перфокарталар қолданылады, түсіндіріледі. Сыныпта өзара көмек тобы бар, нашар оқушыларды назарда ұстау керек. Егер оқушы жаттығу жазған кезде қате жіберсе, онда мұғалім жаттығуды оқиды, сөздерді, тыныс белгілерін тексеруді сұрап, теориялық материал бойынша білім тексереді, керек жағдайда оқушыға жауаптың жоспарын жасауға көмектеседі. Әзірлікті Оқулық, кесте, сөздік, дидактикалық материалдар бар кабинетте өткізген дұрыс.
Шет тіліне әзірлік кітаптар, оқулықтар, өз бетімен оқитын әдебиеттер, сөздіктер, анықтамалар бар лингафон кабинетінде өтеді. Барлық материалдар оқушының тақырыпты меңгеруі үшін қолданылады.
Математикаға әзірлік кезінде мұғалім теориялық материалды қайталайды. Себебі тәжірибелік жұмыстар теорияға сүйеніп орындалады. Теориялық материалдың меңгерілгенін оқушылардың тәжірибелік жұмыстарды қалай орындағандығынан көруге болады. Деңгейлеріне қарай оқушыларға түрлі тапсырмалар беріледі, жеке оқушыларға карточкалар таратылады, жақсы оқитын оқушылар ақыл-ойдың логикасын дамытады. "Сабаққа" деген жұмыс стендісінің қалташығынан қиындау есептерді алады. Ал нашар оқушылармен мұғалім жеке жұмыс істейді.
Мектеп-интернаттарда оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру
Мектеп-интернаттарда балалар бірге тұрады. Балалардың тәулік бойғы өмірі, бастауыш ұжымдардың дұрыс ұйымдастырылуы, ересектердің кішкентай балаларды қамқорлыққа алуы, өзара көмек, бір-бірін қолдау балалардың моральдық жағдайына әсер етеді. Мектеп-интернаттарда балалардың еңбек тәрбиесіне қолайлы жағдай жасалған. Онда өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық жұмыс, әр түрлі шеберханаларда өнімді еңбек, мектеп жанындағы учаскедегі жұмыс ұйымдастырылады. Мектеп-интернаттардағы өмір үлкен тату отбасыларының өмірі сияқты болып ұйымдастырылғаны жақсы, ересектер кішкентайларды қамқорлыққа алады, оларға көмектеседі, қиын жұмыстарды атқарады, еңбекке жақсы қарап, басқа оқушыларға үлгі болады.
Мектеп-интернаттардың жұмысында қиыншылықтар да бар, қоғамдық мүлікті сындырушылар болады. Балалар үнемі бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, Бұл қарым-қатынастан олар шаршайды. Сондықтан интернаттарда демалысқа бөлінген қолайлы орындар, баланың өзінің сүйікті ісімен айналысуына арналған бөлмелер болу керек. Демалыс және мереке күндері үйде болу да баланың қарым-қатынас мәнерін өзгертеді.
Оқушылар еңбегін ғылыми ұйымдастыру
Оқушыларды өздігінен білім алуға баулудың түрлері: арнайы стенділер жасау, олимпиадалар өткізу, қабырға газеттерін шығару. Сынып жетекшілері "Сабақты қалай әзірлеу керек?" деген тақырыпта сынып сағаттарын өткізеді. Әдебиеттермен жұмыс істеу тәсілдері туралы стенд шығарады. Себебі кітаппен өздігінен жұмыс істеу күрделі процесс. Оның дәлелі кейбір оқушылардың кітаптан өзіне пайдалы қорытындылар жасай алмауы, шытырман оқиғалы әңгімелерді қызыға оқуы.
Кітапқа қызықтырудың тиімді жолы - кітапханашылардың кітапты ұсынуы. Ата-ана кітап құмар, білімді, талғамшыл болу керек. Мұғалім ғылыми-көпшілік кітаптардан үзінділер оқиды. Ал оқушылар олар туралы баяндамалар оқып, хабарлама жасайды, шығарма жазады,ойындар ойнап, викториналық сұрақтарға жауап береді, байқауларға қатысып, көріністер қояды. Ім.ми.Іми кітаптар міндетті түрде оқуға тапсырылады. Олар бойынша альбом, әдебиеттер тізімі жасалады, пікірталастар өткізіледі.
Жаңа кітаптар көрмесін ұйымдастыру, оларға сын-пікір жазу арқылы ғылыми-көпшілік әдебиеттер насихатталады. Кітаппен жұмыс істегенде оқыған материал туралы терең ойлау керек, оны есте қалдыру үшін қажет жерлерін жазып аламыз. Мұндай жұмыстарды тәжірибелі оқушылар істей алады. Олар кітапты бірнеше рет қайталап оқып, автордың негізгі ойын анықтайды, өз пікірлерін айтады.
Кітап оқу дағдысына әдеби тілді жете білмеу кедергі болады. Кітаппен жұмыс - істеудің негізгі шарттарының бірі - кітап мазмұнын терең, толық түсіну, оқушының әдеби тілді меңгеруі. Кітапты 2 рет оқу керек. Бірінші оқығандағы мақсат - материалдың толық мазмұнын есте қалдыру. Автордың негізгі ойлары мен қорытындыларын, оның ой-пікірлерін баяндау жүйесін ұғуға тырысу. Кітап оқығанда ең алдымен түсініксіз сөздерді, терминдерді, қиын сөйлемдерді анықтау керек. Содан кейін автордың әрбір ойы мен фактілеріне жүйелі түрде назар аударылады. Екінші рет жұмыс істеудегі мақсат - материалды терең түсіну, есте сақтау. Жазба жұмыстары кітап оқумен тығыз байланысты жүреді.
Бірінші рет оқығанда кітап авторы, аты, шыққан жері, жылы жазылып алынады, қолжазба сөздік жасалады. Жоспар кітаптың мазмұнына қарай құрылады. Цитаталар, көшіріп жазу, конспектілер, тезистер, реферат жазу кітаппен жұмыстың екінші кезеңінде жүреді.
Кітап және мерзімді баспасөз өздігінен білім алудың қайнар бұлағы. Оқушылардың жүйелі, тиянақты білім алуы ең алдымен кітаппен жұмыс істеуге байланысты.


Яндекс.Метрика