1. Ресурсы
  2. Қазақ тілі

Қазақ тілі

Тіл білімі

Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ тілі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.

  1. Тіл білімі және салалары.
  2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
  3. Тіл қоғамның қызметі.
  4. Тіл , ойлау және сөйлеу.

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

КІРІСПЕ

Қазақ  тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады»

20-жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдарымыздың айрықша назарын аударатындығы ілгеріде де айтылды.

Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды

1. Тіл білімі және салалары

Жалпы  түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік.

Графика және орфография- бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика — тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы — Көне түркі жазуы немесе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V—VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі — көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.

Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады.

Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.

Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:

Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі:

Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі.

Латыннан крилл жазуына кешу.

Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға болады.

Фонетика ғылымының дамуы. Тілмен танысу, оны үйрену я үйрету атаулының барлығы да алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталатыны белгілі. Осы себептен де болар өткен ғасырлардан басталатын түркі тілімен танысу бағытындағы алғашқы қадамның қай-қайсысында болса да фонетика мәселелеріне қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Тіпнті сонау Гиганов, А. Левшин„ Халфин, Қазамбектердің, олардан берірек шет ел түркологтары Г. Дерфер, М. Рясянен, В. Котвич, орыс түркологтары В. Радлов,. Н. Ильминский, П. Мелиоранский т. б. жазған оқулықтардың, халықпен таныстыру мәніндегі әр түрлі мазмұнды жазбалардың көпшілігінде сөз болып отырған халық тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты айтылған азын-аулақ пікірлер кездесетіні аян. Бұлардың барлығын бірдей түркі фонетикасының дамуына қосылған үлес деп санамағанымызбен түркологияның бұл саласын қалыптастырудағы алғашқы қадам демеске лаж жок. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарап дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.

Осы қажеттілікті өтеу үшін С. Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И. Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар еңбек етті. Осылармен қатар түркі республикаларындағы жергілікті ұлт кадрлары да қыруар жұмыстар істеді. Олардың әрқайсысы туған тілдерінің дыбыстық жүйесік жан-жақты зерттеу істерімен шұғылданды. Осындай зерттеулер арқасында кейінгі кездерде түркі тілдері материалдарын молырақ қамтыған жалпы түркологиялық мәні бар кең көлемді салыстырмалы-тарихи еңбектер жарық көре бастады. Олардың қатарына Түркология секторы ғалымдарының күшімен 1984 жылы Мәскеудің «Наука» баспасынан жарық көрген «Сравнительно-историческая фонетика тюркских языков» атты енбекті, Щербактың 1970 жылы шыққан «Сравнительная фонетика тюркских языков», Черкасскийдің, «Тюркский вокализм и сингармонизм», Мельниковтың, түркі тілдері фонетикасын математикалық логика әдісімен зерттеген еңбектерін жатқызуға болады.

Сондай-ақ, түркі тілдеріндегі буын түрлері, акценттік, интонациялық құбылыстар, орфоэпия мен орфография мәселелері де, диалектілер мен говорлардың фонетикалық ерекшеліктері, салыстырмалы тарихи және типологиялық фонетика мәселелері де қолға алынып келеді.

Жалпы түркологиялық мәні бар зерттеулердің қазақ тілі фонетистері еңбектеріне де игілікті әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан да оларды қазақ тілі фонетика ілімінің дамуына кіріспе ретінде алдық.

Отандық түркологиядағы сияқты фонетикалық зертлер қазақ тілі білімінде де аз емес. Бұл салада тынымсыз еңбек етіп, елеулі із қалдырған ғалымдар барлық.  Қазан революциясына дейінгі дәуірдегілерден И.Ильминский,  П. Мелиоранский, В. Катаринский, ғасырымыздың бас кезінен бастап, 1927 жылға дейін еңбек еткен   А. Байтұрсынов,   Кеңес   дәуіріндегілерден Е. Омаров, Т. Шонанов, X. Досмұхамбетұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев,  I. Кеңесбаев, соңғылардан Ж. Аралбаев, С. Татубаев, Ә. Жүнісов, А-Қошқаров, т. б. атауға болады.

Ғылыми фонетикамыздың дамуына аз да болса үлестерін қосқан басқа да ғалымдар жоқ емес, біз солардың ішінен фонетика мәселелерімен кебірек айналысқан, арнайы зерттеген және өздерін осы саланың маманымыз дейтін ғалымдар еңбектеріне ғана тоқталдық.

Қазақ лексикологиясының зерттелуі.Бұл саланы қалыптастырып, дамытуда түркологтар болсын, қазақ тілі мамандары болсын әлем лингвистикасында орныққан қағидаларға, сыннан өткен үлгілерге сүйенгендіктері, соларды басшылыққа алғандары шындық.

Қай заманда болса да лексикология ғылымының, бастамасы тілдегі сөздерді есепке алу, оның құрамындағы сөздердің мән-мағыналарын  айқындау істерінен, яғни әр түрлі сөздіктер жасаудан, басталған. Мұндай бастамасыз тілдің сөздік құрамы туралы мәнді бірдеңелер айту мүмкін емес. Осы себептен болар, лексикографиялық жұмыстың бастамасы көне заманға кетеді.

Казіргі заман лингвистикасы лексикографияның  негізгі объектісі болып есептелетін сөздіктерді, алды энциклопедиялық  сөздік,  лингвистикалық  сөздік,  екі кесек топқа бөледі.

Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін”жүзеге асыратын құрал болғандықтан, тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын  саласының атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап, лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде  негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова  “Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”,- деп анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дәрежесімен, құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен, оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді.

Ғалым С.Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен, әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. «Адам қоғамына» мән бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым  тек қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы  дами алады деп түйіндейді. Осыған сәйкес,  кез келген тіл білімінің саласын С.Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дәйектеді: ”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тіл, тек  қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол  дамудың да  және. күрестің де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор қызмет істейтін өте маңызды ғылымды тудырды. Бұл ғылым адам баласының ұзақ өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тәжірибелерін, ойлауының ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан да білім болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген үзіндісінде “адам баласы” деген тіркес қатарынан үш рет кездеседі. Тілші көпшілік назарын тілдің қоғамдық маңыздылығын, оның табиғи әрі танымдық ерекшелігін, функционалды сипатын тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда, қоғамдық факторлармен бірге зерттеуші  тілтанымдық құралдарға зер салды, ол тілдік амалдарды тек қарым-қатынас функциясында ғана емес, дүниені тану, тәжірибе жинау, ойлау, білім алу негізі  деп сұрыптау қажеттігін ескертті.  Құрылымдық типология тұрғысынан барлық тілдер тең дәрежелі болып есептелсе де,  әлеуметтік типологияда тілдердің сараланатын өз өлшемдері, өз “құндылықтары” барын назарға алсақ, С.Аманжоловтың “...тілдердің біріне-бірі ұқсап та, ұқсамауы да әлеуметтік [социалды] жағдайға байланысты” деген тұжырымының маңыздылығына, сөзсіз,  көз жеткіземіз. Бұл жағдайда сол тілде сөйлеуші адамдардың, халықтардың саны, қолданушы мемлекеттердің есептік көрсеткіші ескеріледі әрі тілдің қоғамдық функциялары мен әлеуметтік салаларды қамту өзгешелігі нысанағы алынады. Мұндай ерекшеліктерді С.Аманжолов “қоғамдық қарым-қатынас күштілігі”,- деп сипаттай отырып,  тілдің “қоғамдық құбылыс, қоғамдық  коллективтіктің тапқан, жасаған нәрсесі, қоғаммен бірге өсіп-өнетін нәрсе” екенін дәйектейді. Демек,  тілдің әлеуметтік деңгейін анықтау, оның қоғамдық танымын саралау және қоғамдық сананы қалыптастырудағы атқарар қызметін талдап көрсету, бір жағынан, қарым-қатынас күштілігі деп түсіндірілсе, екіншіден, қоғамдық коллективтің тапқан, жасаған нәрсесі деп ұғынылады, яғни әлеуметтік таным тілдік құралдардың жасалу, қалыптасу, даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болады.

2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін  адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген бұл сала алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі  кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде  танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ.

Дегенмен, «Адамзат баласы қашанда өзін қоршаған  ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнін, сыр-сипатын жете білуге тырысқан. Бірте-бірте олардың даму заңдылықтарын ашып, дүние танымын кеңейткен», -деп ғалым Б.Сағындықұлы атап көрсеткендей, таным мәселелері  адам баласының назарын әрдайым өзіне аударып келгендіктен, бірде арнайы, бірде қосымша қарастырылған тілтанымдық ұғымдар мен бірліктер, олардың  ғылыми-теориялық ұстанымдары  бүгінгі күні аса құнды тұжырымдар қатарын құрау үстінде. Олар жаңа когнитивтік концепциялардың дүниеге келуіне түрткі болумен қатар, тіл ғылымын соны әдіснамалық жетістіктермен қамтамасыз етуге көмектесті. Нәтижесінде адамзат тілін зерттеудің өзгеше сатылары негізделіп, тек тілтанымдық этюдтер ғана емес, маңызды теориялық ілімдер де топталды. Соның арқасында қазақ тіл білімінің зерттеу шеңбері кеңейіп,  өзге лингвистикалық бағыттармен қатар когнитивтік негізде өрілген қағидалардың да әлемдік  жетістіктермен қатарласа дамуына мүмкіндік пайда болды. Оның айқын айғағы ретінде тілдік фактілердің таным категорияларымен сабақтасуын, жекеленген  лексикалық бірліктерді зерттеуде тарихи таным әдістерінің қолданылуын, құрылымдық грамматика мәселелері мен адамзат эволюциясының даму заңдылықтарының ұштасуын,  ингтра және экстралингвистикалық мәселелердің күн тәртібіне қойылуын әрі адамдық фактордың жан-жақты өзектеле бастауын келтіруге болады.

«Тілдің кез келген тарихи кезеңінде оның әр бөлшегі динамикалық тепе-теңдікте бола тұра, өз бойында лингвистикалық, әлеуметтік, психологиялық және өзге де факторлардың ықпалын сезінеді. Олардың басым көпшілігінің құпиясы әлі толық ашылмаған» делінгендей, қазақ тілтаным ғылымының дүниеге келуі мен теориялық сараптамадан өтуін дәйектейтін фактілер  қатарында, біріншіден, жалпы  тіл ғылымының  даму негіздерін; екіншіден, жеке тілдік ізденістердің жүзеге асу жолдарын атаған орынды, өйткені  ішкі сезім мен білімнің, тану мен қабылдаудың, біліктілік пен әлемдік тәжірибенің тоғысуынан құралған бұл тұжырымдар әрі субъективті, әрі объективті ұстанымдарға сүйене қалыптасып отырды     Демек, оның негізгі нысанына айналған тіл мен таным бірліктері де ғылымаралық байланыстың, объективті шындықты субъективті түрде бейнелейтін  заңдылықтың нәтижесі тұрғысынан ұғынылса, олардың астарында ұқсату немесе балау, образды түрде қабылдау, зейін қою, жадыда сақтау әрекеттері жатыр  деп есептелді. Осыған орай, қазақ тілтаным ғылымында сөз болған тілдік құралдар  когнитивтік сипатта, негізінен, келесі топтарға жіктеліп ұсынылып отыр: ұқсату яки аналогиялық қабылдауға негізделген бірліктер; метафоралар; этномәдени белгілер; мәдениет константтары мен символдық ұғымдар және этнографизмдер мен этнолингвистикалық арналар.

3. Тіл қоғамның қызметі

Тілдік категориялардың қалыптасу, даму өзгешеліктерін зерделеген ғалым Н.Т.Сауранбаев, ең алдымен, тіл білімінің қоғамдық сипатына  мән берді. Ғалым „Тіл ғылымы - әлеуметтік ғылымдардың бір көрнекті бөлігі...”  дей отырып, „уақыт”, „жаратылыс”, „дәуір” ұғымдарын лингвистиканың құрылымдық мәселелерін анықтауға бағыттады, сол себепті оның еңбектерінде қоғамдық өзгерістер тілдік жаңарулармен яки толығулармен қатар беріліп талданды. Екі процестің даму динамикасын  тығыз байланыста  сұрыптаған автор тіл құрылысының  сипатын уақыт тезінен өте қалыптасатын  ерекшелік ретінде қарастырғандықтан,  құрмалас сөйлемдер табиғатын  „Неғұрлым қоғамның алыс уақыттағы дәуірлеріне терең бойлай берсек, тілдің құрылысының да соншалықты жабайы болатынын көреміз. Сол сияқты неғұрлым осы заманға жақындаған сайын, тіл құрылысының қыйындағанын, жаңаланғанын көреміз” деген тұжырымды келтірді.

Ғалым М.Балақаев „Тіл - әлеуметтік құбылыс. Бала ана тілін қоғам мүшесі ретінде пайдалануды табиғи айналадан үйренеді”  дей отырып, тілтанымның әлеуметтік заңдылықтарын сұрыптауда „адамның тіл жұмсау”  әрекетін басшылыққа алды, оны адамның „қоғам мүддесіне лайық көптеген іс-әрекеттердің бір бөлігі” деп есептеді. Осыған орай, тілші „қоғамдық сананың” қалыптасу алғышарттарын тілдік дамудың, оның „жаңа сапалы тіл қажеттіліктерін атқаруының” салдары деп түсіндірді. Оған дәлел ретінде зерттеуші  „Ешбір қоғамдық құбылыс дербес, дара, оқшау қалпында, басқа құбылыстармен байланыссыз өмір сүре алмайтынын” атап өтті. Сондай құбылыстар қатарында М.Балақаев тіл мен әлеуметтің бір-біріне әсер ету нормаларына ерекше зейін қойды, сондықтан „...қоғам ол [тілді] құралды шыңдай түсу қамын ойлайды. Өйткені қоғам өмірінің биік шыңға көтерілуі, адамдардың ой-өрісінің, сана-сезімінің, экономика, өнер-білім, ғылым, мәдениетінің біріне-бірі ілесе ілгері дамуы, сөз жоқ, оның тіліне де ықпалын тигізеді” деген қорытынды жасады.

Оның айқын айғағы ретінде тілші әдеби тілдің, оның стильдік тармақтарының даму үлгілерін сөз етті. Сөйтіп, „қоғам мүшелерінің қатысымен” дамитын және  қоғамның „әр қилы орайындағы тілік тәсілдердің белгілі бір мақсатқа жинақталуымен” жүзеге асатын бұл лингвистикалық ұғымдарды  „қоғамдық категориялар” деп таныған ғалым тілтанымның әлеуметтік негіздерін қалыптастыруға ат салысып қана қойған жоқ, сонымен қатар оның  ғылыми-теориялық дамуының да  алғышарттарын  ұсынды.

„Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындыларын” дамытқан К.Аханов зерттеулері де тіл мен қоғамның қарым-қатынасын «екі жақты байланыс» үлгісінде қарастырған ғылыми ізденістер нәтижесін құрады.

Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін  қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным,  әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды  ұғымдар құрайды, себебі ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам – адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл – ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.

4. Тіл , ойлау және сөйлеу

Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.

Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т.б. факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З.Ш. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:

1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;

2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;

3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді,

4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді.

Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: «Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп   жеткізу,   жаңа   мәлімет   беру   сияқты    қосымша    мәліметтері    бар».

Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы  түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі.

Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін  адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген бұл сала алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі  кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде  танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ.

Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін  қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным,  әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды  ұғымдар құрайды, себебі ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам – адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл – ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.

Стилистика және оны проблемасы

Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ тілі

Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тіл-тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердіңтабиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы,  ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.

Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.

Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі.

Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4түрлі қасиетін былай түйіндейді:

1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;

2) Стиль - тарихи категория;

3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;

4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.

Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады.

Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден,стиль -тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз коғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық кызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықлал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халыктық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұкаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың калай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылык, бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады.

Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады.

Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.

Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті.

Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажетгілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтары дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі.

Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журанлдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисите – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.

Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің , Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағы стильдерге жіктеледі:

  1. ресми-ақпараттық публицистикалық стиль;
  2. ақпараттық-іс публицистикалық стилі;
  3. ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль;
  4. ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль;
  5. бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль;
  6. жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль;
  7. салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль;
  8. таза публицистикалық стиль;
  9. экспрессивтік публицистикалық стиль;
  10. репортаж публицистикалық стилі;
  11. фельетон публицистикалық стилі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әлкебаева Д. Стилистика және оның проблемасы/Д. Әлкебаева//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2004.-?-№4.-Б.41-43.

2. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.- Алматы: Мектеп,1974.

3. Васильева А. Н. Практическая стилистика русского языка.-М.,1989.

4. Кейбір стилистикалық ұғымдар мен категориялар туралы// ҚазМҰУ "Хабаршысы".-1997.- №8.

5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы.-Алматы,1982.

 

Қазақ тілін оқыту

Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ тілі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың  отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп  - өнген  аймаққа   деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.
Бізідің облысымыздың 2005 – 2010 жылдырға арналған Білім беру жүйесінің даму бағдарлама жобасында бұл мәселе жөнінде былай делінген:
-    Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық және адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;
-    Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік принципін іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру.
Міне, бүгінгі біздің күн тәртібімізде тұрған өзекті мәселелердің бірі осылар.
Бұл мәселелерді іс жүзіне асыру үшін не істеу керек?
Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе, өзімнің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Е.И. Пассовтың және бұл әдісті қазақ тілін үйретуге бейімдеген Ф. Оразбаеваның қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келемін.
Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:
1.    Тіке байланыс
2.    Адамның жеке қабілетін ескеру
3.    Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау
4.    Сатылап даму
5.    Динамикалық өзгеру
6.    Өзектілік
Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай  бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. (ІІІ принцип)
Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор.  3, 4, 7 сыныптарды аймақтық компоненттерді «Қазақстан», «Менің қалам», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда», «Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады.

Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады?
- Диалог
- Викторина
- Карточкакмен жұмыс
- Сурет бойынша жұмыс
- Инсценировка
- Тест
- Экскурсия
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,  
альбомдар)
- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар
- Интеграцияланған сабақтар
Енді осы тақырыптардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:
1.    Жұптық
2.    Топтық
3.    Ұжымдық
Жетінші сыныпта «Жалпы есім және жалқы есім» атты грамматикалық және  «менің қалам» атты лексикалық тақырыпты оқығанда карточкамен жұмыс екеу ара сөйлесу тағы сол сияқты жұптық қалыппен жұмыс істедім. Карточкаларды әр жұпқа үлестірдім.
Үлгі: І Сөйлемнен жалпы есімді бір топқа, жалқы есімді екінші топқа бөліп жаз: «Өскемен қаласында көшелер кең, таза. Мен Өтепов көшесінде тұрамын» т.с.с. Бірінші оқушы оқиды, екіншісі тапсырманы орындайды. Осыдан кейін карточкалар екінші жұппен алмасып, бірінші оқушы жазады, ал екінші оқушы оқиды.
Үлгі: ІІ Екеу ара сөйлесуде тапсырманың желісі төмендегідей болады «Спросите друг у друга куда ты пойдешь отдыхать в ближайшие выходные? Употребите в вопросах и ответах жалпы есім и жалқы есім.» Диалог мынадай үлгіде болды: Бірінші жұп:
-    Сен жексенбі күні Сібе өзеніне дем алуға барасың ба?
-    Жоқ, мен жексенбі күні «Юбилейный» кинотетрына кино көруге барамын. Өзің ше?
-    Мен жексенбі күні Князь тауларына шаңғы тебуге барамын.
Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды қатысымдық әдістің қағидаларына бейімдеудің нәтижесінде жүреді. Топтық қалып бойынша бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден қарым – қатынасқа түседі. Яғни сөйлесуші ойын, пікірін, атқаратын жұмыстың мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Бұл қалып бойынша жұмыс сұқбаттық түрінде де, монолог түрінде де іске асуы мүмкін.
4- сыныпта «Қазақстан қалалары» тақырыбын алайық. Нәтиже сабағында сыныпты топқа бөліп, бірінші топқа: «Теледидар бойынша ауа-райын болжау», екінші топқа «Аялдамада ауа-райы туралы сөйлесу», үшінші топқа «Кеше экскурсияға бардық. Ауа-рай туралы әңгімелеу», төртінші топқа «Телефонмен сөйлесу».
Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі, оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят тудырдым: Мынау тікелей эфир. Сендер әр қалада тұрасыңдар. Өздерің тұрған қаладағы ауа-райын сұрауларыңа болады – деп едім, «Дикторлар» сөйлеп болысымен: «Кешіріңіз, Таразда ауа-рай қандай болады, рахмет», «Өскеменде ауа-рай қандай болады?» - деп әр жерден сұрақ қойып оқушылар сөйлесіп кетті. Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді деген Ф.Оразбаеваның пікірінің дұрыстығын осы сабақта өте айқын көріп, ұқтым.
«Менің қалам», «Туған жерім» модулі бойынша нәтиже сабағы тартымды өтті. Әр топ оқушылары Өскемен туралы өте жақсы білетіндерін, ол туралы сөйлей алатындарын көрсетті.
І- топ: Өскемен көшелері
ІІ топ: Өскемендегі дүкендер
ІІІ топ: Өскемендегі мұражайлар
IV топ: Өскемендегі ескерткіштер
Әр топ ситуациялық жағдаят тудырып, тіпті шағын инсцинировка да көрсетіп жіберді. Мысалы: Менің досым Миша Новосибирден келді. Біз Мишаға Өскемендегі мұражайлар туралы айтамыз – деп бастаған бір оқушыны. Топтағы екі оқушының сұқбаты жалғастырды.
-    Мынау этнографиялық мұражай. Ол Горький көшесінде орналасқан.
-    Онда нелер бар?
-    Мұражайда әр ұлттың киімдері, ыдыстары,тұрмыс салтқа байланысты құрал – жабдықтар бар. 
-    Ол қандай ұлттардың киімдері?
-    О, бізідің қалада көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, немістер, кәрістер. Олар тату тұрады. Сен мұражайға барасың ба?
-    Әрине, барамын. Қашан барамыз?
-    Ертең.
-    Жақсы, сау бол.
-    Сау бол, Миша.
Осындай сөйлесулерде оқушылардың өз Отанына, қаласына, көшесіне деген сүйіспеншіліктері, мақтаныштары дауыс ырғағынан – ақ байқалып, қуантады. Әрине, бұндай нәтижеге алдыңғы сабақтарды тиімді, тартымды өтудің арқасында ған жетуге болады.
Бұл жұмыстың жалғасын наурыз мерекесіне арналған үлкен мерекелік шарадан көруге болады. «Бір шаңырақ аясында» атты пәндік шығармашылық жұмыста оқушылар ұлттық «Саумалдық» атты салт- дәстүрді, қазақ ертегілерінен көріністерді көрсетті, викториналық сұрақтар қойылып, достық, ынтымақтастық туралы мақалдар айтылды. Әр ұлт өкілдерінің әні, биі, тақпағы айтылды. Ал, ұлттық «Қыз қуу», «Теңге алу» ойынын әр оқушы ойнағысы келгенімен, уақыттың шектеулігін еріксіз мойындады.
Бізідің мектепте мұғалімдер интеграцияланған сабақтарды жиі өткізіп тұрамыз. 3,4 сыныптарда орыс тілі, музыка, сурет пәндерімен бірігіп өткізген сабақтардан оқушылар білім алып қана қоймай рухани байып, намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдері де дамиды. Қазақтың ұлт аспаптары туралы айта келе, бұл сабақта домбыраға тоқталып, домбыраның түрлерін видеокассетадан көрсетіп, үнін таспадан тыңдатып, музыкалық мектептерде домбыра класынан дәріс алып жүрген балалардың орындауларында күйлерді тыңдаған орыс балалары үшін, этнопедогогика, елтану, өлкетану, тілімізді құрметтеуді үйренуге құлшыныс мақсаттары көзделсе, қазақ баласы үшін өз тілін, ділін ұмытпауға, ұлттық тәрбие алуға қызмет етті деп ойлаймыз. Сабақ соңында «Туған жер» әні айтылып, сенің туған жерің қай жер? деген сұраққа жауап берді. Жоғарыда оқушылардың сұқбатынан біздің мектеп облыстық мұражайлармен тығыз байланыста екенін ұғуға болады. Мұражай қызметерлері келіп, Наурыз мейрамы, Республика күні мерекелерінде көрме ұйымдастырып, ұлттық ойын, салт-дәстүрлер туралы айтып, шағын көріністер көрсетеді. Оқушылар да мұражайға экскурсияға барып, аймағымыз туралы мұражай қызметкерлерінен естіп, сұрақтар қойып, экспонаттар көргкеннен кейін, сабақта сол жайында сұқбаттар құрайды. Шағын шығармалар жазады. Осы жұмыс түрлерімен қатар сабақта қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компоненттік пайдалануда жаттығу, тестілеу, шағын шығармалар түрлендіріп беріледі. (көрсету)
Жазғы, күзгі, көктемгі каникулға әр тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру практикамызға енген. Бұл тапсырмалар оқушының оқыған – тоқығанын ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, асықпай сапалы орындауға көп пайдасы бар. Тақырыптың өзектілігі негізгі бір сабақта орындалуы мүмкін, керісінше бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне, практикалық түрге де созылуы мүмкін. Мысалы жазғы тапсырмалар: «Менің ең қызықты бір күнім», «Жазғы демалысым», «Менің қалам көктемде», «Жаздағы Өскеменнің көшелері» атты тақырыптарда осы жүйелікті байқауға болады. Оқушылар қай жерде демалғандарын айта келе Шығыс Қазақстанның табиғаты, демалатын орындарын сипатта жазып, фотосуретке түсіріп қаттап алып келеді.
Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік сезімдерін дамытуға үлкен үлесін қосады. Сонымен бірге өз туған жеріне деген мақтаныш, махаббат сезімдерін одан әрі дамытады. Тілді үйретудың басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабақта осы қарастырылып отырған аймақты компонентті тақырыбына тілдесе білуден басталып кез келген ортада рікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы әр турлі жұмыстар орталық өзектен пайда болып келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек.
Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен  салаларды тізбектеп оқыта берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді.
Жұмыс барысында нәтижеге тек қатысымдық әдіспен қатар, басқа да иновациялық технологиялардың элементтерін қолданып, солардың жақсы нәтижесін оқушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде.
Оны 7 сынып оқушыларының мамыр айында өтетін жоба жұмыстарын қорғауға дайындалу барысынан көруге болады. Тақырыптарын жан – жақты талқылау, толықтыру кезеңі қызу өтуде (топтар ішінде).
Үшіншіден  оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсуде. Берілген тапсырмаларды қосымша шығармашылықпен орындап келген шәкірттерімді көргенде әрине қуанышым шексіз, сонымен қатар, сабағым қызықты, тартымды өтуіне мұғалім ретінде барлық күшімді аямаймын.
Төртіншіден, шәкірттерім Пчелинцева Света, Тарасова Анна жүлделі үшінші, төртінші орынға ие болса, Ермолаева Александра қалалық, облыстық олимпиядада бірінші орыннан көрінуі аталған жұмыстардың кішкене болса да нәтижесі бар деп түсінемін. Әрине бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жалғастыру басты міндетім. Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен «жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолда білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек» (А,1928, 32 бет).

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.А.Байтұрсынов А.Қай әдіс жақсы? Жаңа мектеп. 1928, №4
2.Балақаев.М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. Алматы, мектеп, 1989. З.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. Алматы, мектеп, 1975.
4.Қордабаев Т.Р. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қарағанды университеті, 1992. 5.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000. 6.Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению.
2 изд. М. Просвещение,1991.
7.Шығыс Қазақстан облысының 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беру жүйесінің даму бағдарлама жобасы.


Оқушылардың тіл мәдениеті

Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ тілі

Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек»2 делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.

Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Біз көптеген ғылыми-педагогикалық   әдебиеттерді,   мерзімді   баспасөз   ақпараттарын талдап-зерттей   келе,   бүгінгі   күнгі   оқушылардың   сөз   саптауы   көңіл аударарлық     көпшілігінің    тіл    мәдениеті    төменгі     деңгейде     деген қорытындыға   келдік.   Олар   өз   ойларын   дұрыс,   түсінікті   етіп   жеткізе алмайды, «жаңағы», «әлгі», «немене», «неғып», «мысалы» деген сияқты басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша     сөздерді     қосып,     араластыра     сөйлесе,     бірі     жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мөселе туралы көптеп айтылып та,   жазылып   та   жатыр.   Мысалы   педагогика   ғылымының  докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі

болып   табылады»   -    десе5,   Ш.Беркімбаева   өз   мақаласында   былайша тұжырымдайды:    «Қазақ    мектептерінің    өзекті    мәселелерінің    бірі оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу...»

Біз осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны  белгілі  болды.   Солардың  ішінен педагогикалық  сөздікте берілген   мынадай   анықтама   көңілімізден   шықты:   «Оқушылардың   тіл мәдениеті – оқыту  үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән»3. Ал бұл мәселені жан-жакты зерттеген Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл  коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» - деп тұжырымдайды .

Сонымен, тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту  үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігі.

Зерттеуіміздің келесі кезеңінде біз қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін іздестірдік. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - десе5, И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері;

2.    Сөйлеу    дағдыларының    жоқтығы    (мектептің    тіл    дамытуға немқұрайлы қарауы);

3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» - деп көрсетеді5.

Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, біз төмендегілерді сараладық:

1.   Көркем  әдебиет  оқуға деген  оқушылардың  қызығушылығының төмендігі.     Тіл     мәдениетіне     жастарды     тәрбиелеу     көркем     әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;

2.   Мәдени  орталықтарға бару,  ол туралы  пікірлесудің  өте  сирек кездесетіндігі;

3.     Ата-аналардың     балаларының     тіл     мәдениетіне     жете     мән бермеушілігі;

4. Тілдік ортаның әсері;

5.  Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;

6.    Бастауыш   сыныпта   казақ   алфавитін   терең   меңгермегендігін ескермей, орыс тілі, шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;

7.  Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;

8.  Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;

9. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге арнайы көңіл бөлмеуі т.б. «Тіл мәдениетіне жету жолы ұзақ әрі қиын» - дейді ғалым М. Балақаев.

Оның негізі отбасында, балабақшада қаланады.

Баланың тіл мәдениетін қалыптастыруда отбасының орны ерекше. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов: «Ұлт болам десең - бесігіңді түзе деп бекер айтпаған. Осы жерде А. Байтұрсынұлының «Тәуелсіз, дербес өмірге өзінің ана тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар халық қана таласа алады» деген сөзі ойға келеді. Ал балаға ана тілінің құдіретін ана сүтімен беретін   отбасының   балаға   тигізер   әсері,   басқа   ықпалдардан   биігірек тұратыны белгілі. Отбасы жасөспірім үшін әрі тіршілік ету ортасы, әрі тәрбиелік орта болып табылады. Бала өмірінің алғашқы кезінен-ақ басқа әлеуметтік тәрбие әсерлерімен салыстырғанда ата-ананың орны ерекше болады. Баланың алғашқы былдырлаған тілінен жоғары мәдениетті тілін қальштастыруда ата-ананың ролі үлкен. Әр отбасы бала тіліне немқұрайлы қарамай, үлкен мән беріп, жауапкершілігін түсіне отырып әрекет етуі тиіс. Өкіншке орай қазірде балаларының сөз саптауына ата-аналардың көбі көңіл бөлмейді. Бұл туралы Т. Мейірманкұлова өз мақаласында былай дейді: «Ата-аналар балаларының ана тілінде жарық көрген көркем шығармаларды, баспасөз басылымдарын оқуларын қадағаламайды, талап етпейді. Отбасында жасөспірімнің телехабарды, фильмдерді бөгде тілде тамашалап, халық әндерін тыңдаудан бас тартып, өзге әуенге еліктегендігін байқаса да ескерту жасамайды. Егер отбасында осы мәселеге көңіл бөлініп отырса, мәнгүрттігіміздің көңілін оятып, көзін ашар едік» .

Сонымен біздің зерттеуіміз қарастырып отырған мәселенің бүгінгі күні ерекше қажет екендігін көрсетіп отыр.

 

ӘДЕБИЕТ

1.   Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы». (1998 жыл 5 - қазан).

2.   Тілдерді   қолдану   мен   дамытудың   2001-2010   жылдарға   арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3.   Педагогический словарь. М.: Изд-во Акад. Пед. Наук, 1960. - 774 с. –

4.   Ожегов   Л.И.   Лексикология.   Лексикография.   Культура   речи   /  Л.И. Ожегов. - М.: Высшая школа, 1974. - 352 с.

5.   Мейірманқұлова Т. Отбасы және тәрбие / Т. Мейірманқұлова // Ұлт тағлымы. - 2001. - № 7.- Б.5.

Көне түрік тіліндегі шылаулар

Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ тілі

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ     3
1    КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ОНЫ   ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР    5
2    КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУ СӨЗ ТАБЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ    14
2.1    Септеуліктер     14
2.2    Демеуліктер    18
2.3    Жалғаулықтар    23
3    КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ  ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАЛАРЫ    33
ҚОРЫТЫНДЫ    61
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР    63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ    64




КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздерді түрлі семантика -  құрылымдық топтарға жіктеу теориясының тіл білімінің тарихын айқындауда өзіндік орны бар. Мұнда сөз таптарын сөздерінің құрылымдық -  семантикалық немесе лексика – грамматикалық топтары деп топшылайда да, олар бір – бірінен білдіретін мағыналары мен морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі – шылаулар. Шылау сөз табы атауыш сөздерден кейін қалыптасқан деген пікірдің бары шындық. Бірақ мұның дәрежелік деңгейі әлі зерттеуді қажет етеді. Жалпы көне түркі тілдеріндегі шылаулардың мәнін ашып, табиғатын тану, жүйелі анықтамалар мен дәлелді тұжырымдар жасау зерттеушілер тарапынан белгілі бір мөлшерде жүйеленген. Бүгінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жаззба ескерткіштер тіліндегі шылаулардың пайда болуы мен қалыптасуы, даму факторлары мен үрдісі, тарихи құрамы мен лексика – грамматикалық мағыналары, сонымен қатар өзге сөз таптарының шылаулануы және синтаксистік қасиеттері лингвистикалық тұрғыдан бағаланбақ. Көне түркі тіліндегі шылаулардың орнын белгілеу қажет.
Зерттеу нысаны. Көне түркі тілінде жазылған жазба ескерткіштері «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газет материалдары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипатын қарастыру.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін  төмендегі міндеттерді шешу жөн деп есептедім.
-       Шылаулардың қалыптасу тарихын анықтау.
-    Көне түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлерін ажырату.
-    Көне түркі тіліндегі шылауларды қазіргі қазақ тілі шылауларымен салыстыру.
-    Көне түркі тіліндегі шылаулардың лексикалық, грамматикалық мағыналарын саралау.
Жұмыстың жаңашылдығы. Шылаулану - өзге сөз таптарының  шылаулар қатырына ауысуын білдіретін бірден – бір процесс. Шылаулану үрдісі көне дәуірде емес, одан әрірек болған да, категориялық мағынада топтасуы Орхон – Енисей жазбаларынан басталады. Бұл құбылысқа ғылымда жіті зер салынбай транспозициялық тәсілдің конверсия құбылысы анайы түрде айтылып, сөздердің грамматикалық формалары арқылы лексикалануы семантикалық мағынаның өзгеруі сияқты мәселелер толығымен қамтылмай келді. Сонымен қатар көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің синтаксисі де тіл білімінде өзін таныта алған жоқ. Осы мәселелер жұмыста шешімін табады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу нысанын тілдің теориялық тұжырымдарымен негіздеу үшін де оларды құрылыс материал есебінде қарамай, дайын тілдік құрал ретінде алып қарастыру ғылым теориясы принциптерінің бірі. Жұмыстың нәтижелері мен деректері практикалық тұрғыдан көне түркі тілі, түркі тідернің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы, түріктануға кіріспе, жалпы тіл білімі курстарына жәрдемші құрал бола алады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысының соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі, шартты қысқартулар берілген.


1 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР
Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркі танушы ғалымдардың азды – көпті пікірлерімен әртүрлі көзқарастары бар. Бірақ олар алғашқы зерттеулердің бірі болғандықтан, тіл даму эвалюциясына байланысты кейбір пікір көзқарастары қазіргі түркі тілдес тілдер жүйесіне сәйкес келе бермейді. Себебі негізгі міндеті мен мақсаты белгілі бір сөз табын жан-жақты зерттеп, оған ғылыми тұрғыдан  болжамдар мен дәлелдемелер жазып, елеулі еңбектер қалдыру емес. Мұнда тіл білімі саласындағы қайшылықтар мен басы ашылмаған мәселелерді реттеу, қандай да бір халықтың тіл ерекшеліктерін айқындау, тілдік жүйесін бір ізге келтіру сияқты көпшілікке танымал грамматикалық оқулықтар жасау десек артық не кем айтқандық бола қоймас. Мәселен, И.Гиганов  «Грамматика татарского языка», М.Казем –Бек «Общая грамматика турецко-татарского языка», «Алтай тілдері грамматикасы», П.Мелиоранский «Краткая грамматика казак-киркизского языка», М.Терентьев «Грамматика турецкого, персидского, киргизского и узбекского языка» деген еңбектерде әрбір жеке сөз табын көбінесе ғылыми жағынан гөрі, жалпы сипаттамалық тұрғыдан қарастырған. Жалпы жоғарыда көрсетілген грамматикалық оқулықтарда көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер жайлы жекелей тарау болмағаныме.н, олардың табиғатына қатысты деректер жоқ деуден аулақпыз.
Қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған тілші ғалым А. Байтұрсынов сөзімен айтқанда «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйінін түйгенінше айтуға жарау » [1]. Ендеше, тілдің маңызды міндеттерін атқару үшін халықтың өзіндік рухани тәжірибесінен туындайтын жетістіктер мен тарихи атамұра жазба ескерткіштер тілін жан-жақты зерттеу қажет.Олай болса Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып қана қоймай, оны әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі. А. Саади қазақ тіліне қатысты ойын : «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек » деп бағалайды [2,б.18]. Осындай таза да бай тіліміздің бойындағы қасиеттері қаншалықты шұрайлы екендігін көрсету үшін тілдің тарихына жүгінеміз.Тілдің әрбір тарихи кезеңіндегі күйін білдіретін жазба материалдар тіл тарихының  шежіресі және негізгісі болып саналады. Мәселен қазіргі қазақ тіліндегі бір шама шылау сөздердің архетиптері Орхон –Енисей жазба ескерткіштер тілінде кездеседі. Бұндағы айғақ – қазақтың ана тілі өзімен бірге туып, бірге өсіп, дамып келеді деген сөз. Жалпы зерттеу барысында қазіргі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген кейбір шылаулардың тарихи таным өрісі кеңейген сайын бағзы бір күрделі немесе көмескі мәселеле рдің басы ашылып, толығып, өзіндік тілдік жүйеге еніп, меңгеріліп отырылады. Ендігі кезде, әсіресе көне мұралардың тілін зерттегенде «әрі тарт, бері тартқа салмай, өзінің қалпында, мұртын бұзбай, мызғытпай зерттеу керек.Олар қазіргі заман мамандарының өзіндік ой-эксперименттері үшін жазылған емес» деген орынды ескертпеге де үн қосуысыз қажет[3,б.30]. Зерттеу нысанын тілдің теориялық тұжырымдарымен негіздеу үшін де оларды құрылыс материалы есебінде қарамай, дайын тілдік құрал ретінде алып қарастыру ғылым теориясы принциптерінің бірі екендігін ескере кеткен жөн. Өз алдына бөлек категория болып қалыптаса бастаған көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипатын қазіргі қазақ тіл білімі даму дәрежесіндегі теориялық негіздермен тарзылаған уақытта, оның принциптік маңызы мен кумулятивтік қасиеті арта түспекші. Бұл ескертпелерді ескере  отырып, атамұра жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің  лексика-грамматикалық сипаттын қарастыру зерттеудің басты принципі болса, қазіргі қазақ тіліндегі шылаудың сөз табылық дәрежесімен салыстырып, қаншалықты ұқсас - ерекшеліктері бар екендігін айқындау – зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты. Бұл тек қана қазақ тіл тарихын танудағы мәселе емес, жекелеген  түркі тілдеріне де ортақ нәрсе. Негізінен шылаулар категориялық болмыс ретінде түп қазығы (ауызекі сөйлеу тілін есептемегенде ) көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінен бастап қалыптасты десек артық айтқандық болмас. Мұны Орхон-Енисей, Талас  жазба ескерткіштер тілінде қолданылған шылау сөздер құптай түсері хақ. Осы уақытқа дейін түбірінің мағынасын, жұрнағының және жалғауының қайсысы екенін айыра алмай келсек, енді оларды зерттеп, ғылыми баға беруді уақыттың өзі талап етіп отыр.
Шылаулардың дербес сөз табы болып қалыптасуына байланысты айтылған пікірлерге келетін болсақ, жалпы тіл білімі саласындағы көптеген лингвистикалық түсініктер тәрізді сөз  табы туралы ұғым өзінің шығу төркінін көне антикалық дәуірден бастайды. Сөз табы жөніндегі алғашқы түсінік біздің дәуірге дейінгі  4 ғасыр шамасында есім сөздер мен етістіктерге қатысты қалыптасқан деген пікір бар [4,б.170]. С.Мұхтаров : «Үнділердің ұзақ мерзімдік тіл туралы толғамдарының нәтижесі біздің эрамызға дейінгі 4 ғасырда өмір сүрген Панинидің еңбегінде толық көрініс тапты.Ол еңбегінде санскриттің толық жүйесін бере отырып, алғаш рет сөз таптарын ажыратты. Кейінгі үнді ойшылдары Яска, Вапаруди, Катяанна, Патандыжалилер Панини салған ізбен жүрді. Бұлар тілдегі сөздерді негізінен төрт сөз табына ажыратты: есім (naman), етістік(akhyata), сөз алдына қойылатын көмекші сөздер (предлог - unasarga) және демеулік (частица – nipata ) » деп шылаулардың алғаш сөз табы болғандығынан түсінік береді [5,б.6]. Мұны Б. Базылханның алтайлық тектілердің дәуірлік долбарымен топшыласақ, «күрделі сөз дәуірінде» абстракт сөздер қалыптаса бастаған  дегенімен тұспа-тұс келеді[6,б.11].Ал М.Оразовтың қазақ тілінің такрихи даму жолын үш дәуірге бөлгенімен есептесек, соның біріншісі «тарихқа дейінгі дәуірмен» немесе Н.А.Баскаковтың «Алтай дәуірімен » сәйкеседі [7,б.35]. Шылау сөз табы- даму барысында көптеген ғасырлар бойғы тілдік процестерді басынан кешірген туында тарихи категория . Олай дейтін себебіміз, қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір шылау сөздердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алғанда, сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек болып келеді. Осындай түбір мен қосымшаның жымдасуынан, яғни транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар қалыптасқан. Тарихи шығу төркіні жағынан алып қарағанда, шылау сөздердің бәрі дерлік атауыш сөздерден, демек әуелдегі дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шыққан. Бұл процесс тілдің белгілі бір даму тарихында кейбір есім,етістік формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте қолданыста солғындап, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуының нәтижесінде қалыптасады. Жалпы шылаулардың дамуында көне түркі, орта ғасыр, қазіргі түркі тілдеріне тін негізгі ортақтық – етістіктің көсемше формалары мен есімдерге  тән формалар арқылы көнеленіп шылаулану процесіне өтуі. Содан барып, біртіндеп тіл дамуында өзінің қолданылу аясына байланысты шылау сөз табының құрамына енген. Бұл сөз табы ретінде түркі тілдерінде басқа сөз таптарынан кенже қалыптасқан. Олардың сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысында әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. Бұдан жалпы сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығын шылаулардың сөз табы ретінде қалыптасуынан – ақ айқын көруге болады. Осылайша дамудың, қалыптасудың барысында сөздердің топтары сараланып, грамматикалық тұрғыдан сөз таптарына бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялық мағынаға ие. Себебі тіл - тілдегі  әрбір сөздің белгілі бір мағынасы мен атауы болады. Сөздердің лексика – грамматикалық топтары бір – бірінен жалпы категориялық мағынасы мен белгілері жағынан ажыратылады. Шылау сөздердің лексикалық мағынасынан гөрі, грамматикалық мағынасы басым болатындығы тіл ғылымында айтылған пікір. Олар тек тіл-тілде алуан түрлі грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілі ретінде қолданылады.Бұл- оның басқа сөз таптарынан ерекшелінетін басты қасиет.Екінші бір қасиеті  көмекші сөздер қатарына шылау сөздерден басқа көмекші есім, көмекші етістік және бейтарап сөздер жатады.Бірақ солардың ішінен жалпы категориялық мағынаны иеленген лексемелер тек шылау сөздер ғана.Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылауларды туыстас түркі тілдердегі шылулармен салыстырып қарағанда, оның ішінде тең жартысының астамы қазақ тілімен сәйкес келетіндігі байқалады.Кейбір аздаған фонетикалық ерекшеліктері болмаса, лексика- грамматикалық сипаты жағынан сабақтасады.
Қазақ әдеби тілін зерттеуші ғалымдар Ғ.Мұсабаев әдеби тіліміздің тарихын 2- ғасырдан бастауымыз керек деп дәлелдейді.[8,б.14].Қалай дегенмен де қазақ тілі тарихының тамыры ежелгі дәуірде жатқандығын аңғартады.Көне түркі руникалық жазбалардағы    шылау сөздер саны жиырма шақты.Соның тең жартысы лексика - грамматикалық жағынан еш өзгеріссіз қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүр.
Шылаулану үрдісі- транспозиция тәсілі арқылы жүзеге асады.Ол ұзақ жылдар бойы сұрыпталып, лексика- грамматикалық және қолданылу аясы жағынан әбден өрістеп, ерекшеленіп қалыптасады. Олардың бастапқы лексикалық мағыналары көмескеленіп өздеріне тән дербестіктерінен айырылып, көмекші сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен. Сол себепті шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарынан әлдеқайда басым түсіп отырады.
Сонымен тіліміздегі  сөз қазынамыз да бар біраз сөздер өзінің лексикалық мағынасынан гөрі граммитикалық мағынасынан басым болып сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру және қосымша мағына үстеу үшін жұмсалады.Осындай грамматикалық амал ретінде қызмет  атқаратын лексемелер тобы түркі тілдеріне ортақ мұра руникалық жазба ескерткіштер тілінде категориялық мағынаны иеленетін шылау сөздер негізін қалаған.Тіл ғылымында ғалымдар тарапынан шылау жайында жалпы ұғым категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдар болды.Кейбір ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына жатқызады.Ф.Буслаев, П.Давыдов, А.Потебня шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанмен аффикстен ерекшеленетін белгілеріне және сөздерді топтастыру шарттылықтарына байланысты жеке сөз табы болу керектігін түсіндіреді.Шылауды жеке сөз табы ретінде қарау керек деген критерии А.Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске асты деп қырғыз ғалымы А.Т.Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен болатын[9,б.192].
Жалпы шылаулардың кеңес туркологиясы кезеңінде жеке бір тарау ретінде қаралатындығы белгілі.Қазақ тіл білімінде «шылау » атауымен сөз табы есебінде А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты еңбегінен басталады.Мұнда  шылау сөздер аффикс деп қаралмай, сөз таптары қатарында болған. Ы.Шақаманова өз зерттеуінде   шылаулардың аффикске айналу қасиетінің барын жоққа шығара алмайтындығын айта кеткен[10,б.14].Жалпы Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштер тілімен қазіргі қазақ тілі аралығында 16 ғасырлық айырмашылығы болғанымен, екі тілде де бар шылауларды алып қарасақ, соншалықты алшақтық жоқ.
Кесте 1 Руникалық көне түркі ескерткіштер тіліндегі қазіргі
қазақ тіліндегісімен салыстырылуы.
Көне т. тілі    үчун    тегі    сайу    өк/оқ    кісре
кідін    өтрі    Та/да    ба/му
Қазақ тілі    үшін    дейін    сайын    ақ    кейін    соң    Да/де
Та/те    ма/ме
па/пе
Көне т. тілі    ғу/гү    аша    че    тапа    түгүл    қына    Бірле
қоды
Қазақ тілі    ғой
қой    аса    шақты    таман    түгіл    ғана
қана    Бірге    бойы
20 ғасырдың 80- жылынан бастап шыға бастаған «Дала уалаяты» газеті беттерінде бірле, бірлән, білән  және мынан формалары жарысып қолданылған.Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі мен/пен/бен қысқа формаларының негізі жасала басталған.Мысалы:Көптен бері мені қалап едім сеніңменен сөйлесуге, менің қымбатлы достум!(ДУГ). Мұнда көмектес септігі ілік жалғауынан соң тіркесіп жалғанған. Қазіргі қазақ тіліндегі ілік жалғауының соңғы – ң фонемасы элизияға ұшырап менімен, сенімен, онымен болып қолданылатыны белгілі.Тіл тарихында мұндай құбылысты сөз құрамындағы әр түрлі сырт жағдайларға байланысты пайда болған дыбыстар немесе сөз құрамында  бұрыннан бар форманттар деп түсіндіріледі. Б.Әбілқасымов «Дала уалаяты» және «Түркістан уалаяты» газет тілдерінде менен және мен қысқа формалары сөзден бөлек қолданылғанын көрсетіп, бирлан, білән, илан формалары көбінесе ресми материалдар мен жеке авторлардың мақалаларында кездесетіндігін айтады[11,б.75]. Қазақ тлінде тілдік нормаларда көмектес септігінің жіңішке варианттарының көрсетілуі көне түркі тіліндегі бірле шылауының әсерінен болған емес. Оның жуан варианттары ауызекі тілде бар екендігі көпшілікке мәлім. Бұл жайлы деректер С.Омарбеков, Н.Жүнісов бірлесіп жазған  ғылыми еңбекте  беріледі[12,б.69]. С.Мырзабеков варианттықты ескерте отырып, жалғаудың тек бір вариантта ұшырауын сингармонизммен үйлеспейтіндгін тілге тиек етеді. Ғалым бұл форманың қазақ тілінде қалыптасуына байланысты өз ойын: «Көмектес септік- терінде жазу- сызу өріс ала бастаған кезде пайда болған жалғау. Көмектес септіктің жалғауы бірден жазуға килікті де, шылау кезіндегі жіңішке қалпынан ұзай алмай қалды» деп түйіндейді[13,б.78]. Осымен үндес пікірді А.Аманжолов та өз зерттеуінде айта кеткен[14,б.50].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі көмектес септікті меңгеретін бірле сөзі қазіргі түркі тілдеріндегі бірге, бирга, берабер, биле сөздері сияқты шылау қызметінде болған.Қазіргі қазақ тілінде бірге сөзі көне түркі тілдіндегідей көмектес септікті меңгертеді. Сол себептен бірле тұлғасын бірге септеулік шылауы деп қараймыз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар қатарына қосып жүрген кейбір шылау емес сөздер жайлы Ғ.Айдаров «Служебные части речи в языке надписей орхонских памятников»деген мақаласында олардың зерттелуі жайлы қысқаша тоқталып әлі де зерттеу қажеттігін айтқан.Осы мақаласында «Ара» сөзін септеулік шылау деп берген және йалуыңус, йана сөздерін демеуліктер қатарына жатқызған[15,б.148-153]. «Ара» сөзі көне мәтінде көбінесе ілік жалғаулы «екін» сан есімімен тіркесіп келеді.Сонымен ол аталмыш тұлға ескерткіштер тілінде оғуз ара- оғуз арасынан, шад ара – уәзір арасынан сияқты есім сөздермен тіркесіп келеді де мекен мағынасындағы зат есім болып, үстеу қызметінде қолданылған.  
Көне түркі жазбаларындағы шылау сөздердің жасалуына көсемше формалары негіз болған.Сонымен қатар есім сөздерден шылау жасайтын басқа формалар да жоқ емес. Көсемше формаларына келетін болсақ, жалғанған сөздер бастапқыда қимыл атаулы етістікке тән іс-әрекетті білдіреді. Кейіннен өзінің алғашқы мағынасы мен функциясынан алшақтап, шылауларға тән мағынаның белгісін, сипатын білдре бастаған. Бұған себеп, аталмыш тұлғаның активті түрде екі жақты қызметке ие болып бейімделуінен. Көне жазба тілінде кейбір сөздер көсемше формаларында тұрып, бірде үстеуге тән, бірде шылауға тән функцияда жұмсалады. Кейіннен сол сөздер бір жақтылыққа ығысып, яғни басқа қызметінен алшақтап толығымен шылаулардың қатарына өткен. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, шылаулардың барлығы дерлік әуел баста басқа мағынадағы бүтін бөлшектер болып келеді. Оларға белгілі бір тілдің даму кезеңінде қосымшалар жалғану арқылы жаңа мағынадағы туынды тұлғалар жасалынған. Біздің зерттеп қарастыратынымыз осы туынды тұлғалардың ішіндегі шылау сөздер болмақ. Оның аса ежелгі дәуірде өмір сүрген фонетикалық семаларын мәні мен қызметі жуық, ұсақ семалармен салыстырып зерттеу мақсат етілмейді. Көне түбір мен көне қосымшаның аражігін ашып түсіндірудің өзі қиынға соғады. Сонымен қатар тіл білімінде олардың қандай түбір сөзден болғандығы жайлы көзқарас әр түрлі. Тіпті түбір түгіл қосымшалардың өзінажыратып алуда да әр түрлі болжамдар айтылып келеді. Қазақ тіліндегі сөздердің этимологиясын зерттеуші Б.Сағындықұлы: «Тіл тарихы зерттелмейінше оның даму, өзгеру, қалыптасузаңдылықтары ашылмайды, жүйе құрылымы да, бай мазмұны да сан- салалы әлеуметтік, қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды» дейді[15,б.3]. Ғалым тіл тарихын зерттеу арқылы бүгінгі тілдің күй – қалпынан мәлімет бере алатындығына мезгейді. Ж.Вандриес: «Ни одно слово не стоит одиноко в сознаний говоряшего.Наоборот, мы всегда стремимся группировать слова, открывать новые соединяющее их связи.Слово всегда ассоцируется с каким- либо жестом слов , через свою семантему или морфему или даже через своей фонемой» деп сөздердің қандай да болсын элементі арқылы этимологиясын анықтауға болатындығын айтуға болады[16,б.172].Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі қолданылған шылау сөздердің морфологиялық құрылымын зерттеуші ғалымдар екі негізіне алып қарастарыды. Оның бірі – етістіктен жасалынған шылаулар, яғни етістік негізді шылау сөздері де, екіншісі есім сөздерден пайда болған шылаулар делінеді.(А.Кононов[17,б.200],А.М.Щербак[18,б.58], В.М.Насилов[19,б.41], А.Д.Шукюров[20,б.249]). Бұл шылаулардың шығу тегіне, тарихи морфологиялық құрамына қатысты пікірлеріндегі бір ерекшелік болып саналады. Тіл ғылымында екінші бір көзқарас шылаулардың пайда болуын анатомиялық атаулармен де байланыстырады. Мәселен, қазақ тіл білімінде шылаулардың этимологиясына байланысты пікір білдірген ғалымдарымыздың бірі М.Балақаев «Қазақ тілі грамматикасының мәселелері» деген зерттеу еңбегінде шылаулардың шығу тегін осы қырынан алып қарастырады. Ғалым: «тегінде шылау сөздер ерте кездегі толық мағыналы сөздердің олқы мағыналы не мағынасыз сөздерге айналуын екінші басқышы екендігін айқын көрсетеді» дейді[16,б.4]. Ары қарай Н.Маррдың осы күнгі шылау сөздердің көбі ерте кезде кісінің қолы, аузы, көзі, қасы, басы, арқасы, асқазаны сияқты адам мүшелерінің аттары болған деген пікірі барын айтып, «тарихи құрылысы жағынан ондай шылау сөздердің кейбір бастапқы сөзден онша өзгере қоймаса, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдм қашықтап кеткен» деген тұжырым жасайды.Жалпы түркі тілдеріне ортақ шылаулардың этимологиясын зерттеу 17 ғасырдан басталса да, ғалымдардың болжамдары бірізділік таныта алмай келеді.


2 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУ СӨЗ ТАБЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ
ТҮРЛЕРІ
Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік  - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы. Мәселен, жалғаулықтар сөзбен - сөз, сөз тіркестері және сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де септік жалғаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі. Ал демеуліктер болса, орын тәртібі арқылы атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау сияқты мағыналарды үстеп, әр түрлі грамматикалық қосымша реңк береді.Жалпы тілі білімінде шылаулардың бір қатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін, толықтыру үшін қызмет етсе, біразы сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты айқындау үшін дәнекер болады.Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестері немесе сөйлемдерді нақытылау үшін, толықтыру үшін, я қосымша реңк беру мақсаттарда қолданылады делінген[22,б.362]. Осы теориялық тұжырым негізінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің мағыналық түрлері қарастырылады.
2.1Септеулік шылаулар
Септеулік шылаулар шығу тарихы жағынан әуелгі лексикалық мағынасы бар атауыш сөздерден транспозициялық тәсілі арқылы пайда болған туынды тұлғалар болып саналады. Олар тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып, бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, қосымшалар жалғану арқылы сіңісу процесі негізінде біріктіріліп, абстрактылы грамматикалық
мағынаны иеленген жаңа сөздер құрайды.Мәселен, В.Э.Шерер, М.И.Стеблин-Каменскийдің: «Мы же склонны придерживаться точки зрения тех лингвистов, которые пологают, что послелоги и грамматические значения » деген пікіріне қосылып, оны О.Суник және Дж.Мураталиева құптайтынын айтады[23,б.53-59].Қ.Ертаев кейбір түркі тілдерінде септеуліктер жеке сөз табы болатындығын және В.Радловтың еңбегінде қырықтан астам септеуліктер барын сөз етеді[24,б.30-34].Ал апача тобына жататын навахо тілінде: «послелоги это показатели ролей неядерных актантов и сирконстантов , так сказать косвенные падежи.Таким образом, это не самостоятельные слова, а префиксы глагола, грамматические единицы » делінген[25,б.246].Сонымен жоғары да берілген ғалымдарың тұжырымдары бойынша пікір білдіретін болсақ, онда жалпы тіл білімінде септеулік шылаулар жайлы аффикс және дербес сөз мағынасындағы екі негіздің барын байқаймыз.Бұған қоса категория дәрежесіндегі септеуліктер бойына лексикалық және грамматикалық мағыналарды сіңдіретіндігі және өз алдына жеке сөз табы ретінде қаралатындығы бар.Мәселен, демеуліктер мен жалғаулықтар өздері тіркесетін немесе байланыстыратын сөздердің грамматикалық тұлғасын талдамайды.Атауыш сөздер қай сөз табына жатса да, қай тұлғада тұрса да жалғаулық пен демеуліктер оны елемей тіркесе береді.Септеуліктер олай емес, атауыш сөздердің арнаулы грамматикалық формада тұруын қалап, меңгеріп барып тіркеседі. Десек те, көне түркі тіліндегі септік жалғаулары бірінің орнына бірі қолданылған.Оларды қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдеріндегідей нақты жүйелік байқалмайды. Сол себептен септеуліктердің грамматикалық көрсеткішпен тіркесуін сөйлемнің мазмұны мағынасы арқылы анықтаймыз.Мысалы: Йағру қоңдуқта кісре аңығ білік анта өйүр ерміс – Жақын қонғаннан кейін жаман ілімді сонда үйренген еді. Осы сөйлемдегі «қоңдуқта кісре» тіркесі жатыс септігінде тұр. А.Кононов септеулік шылаулар сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Яғни септіктердің мағынасын толықтырады деген[26,б.296].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі септеулік шылауларға үчун, тегі, кісре, че, аша, бірле тұлғалары жатады.Сонымен қатар бірде үстеу, бірде септеулік шылау қызметін атқаратын тұлғалар да бар. Олар: тапа, артуқ, өтрү, қоды, ұдұ, өңре. Бұлардың ішіндегі ру/рү және че формалары түріктанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде шылау есебінде қаралмайды.
Көне түркі тіліндегі септеулік шылау сөздерге жеке – жеке тоқталмастан бұрын, жоғарыда айтылған (ру/рү, че) лексикалық единицалар жайында ойымызды ортға салалық.Ең бірінші мәселе құранды жұрнақ болып танылып келген қару/керу , ғару/геру формаларының құрамындағы ру/рү тұлғасы жөнінде болмақ. Көне түркі тілінен белгілі қару/керу формалары қазіргі түркі тілінің деректерінде үстеулік мән – мағына беретін сөздердің құрамында өлі форма немесе көнеленген құранды септік жалғау есебінде танылған.Ізін жоғалтқан бұл формаларды көне түркі руникалық жазба ескерткіштер мәтіндерінен ғана кездестіре аламыз.Түркітанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінен қару/керу тұлғалары көне жазбалар тілінде бағыттық мағынаны білдіретін барыс септігінің қосымшасы деген негізде орын алған.Г.Рамстедт бұл құранды форманы – ға барыс септігі және – ру бағыттық формасын директив деп көрсетеді де, - ғару тұлғасынан маған, саған, оған, бұған сөздері  қалыптасқан дейді[27,б.44].Ғалымның пікірін кейінгі жылдары В.Котвич қолдап, өз болжамын монғол сөз жасаушы -  ғаду формасымен сабақтастырады[28,б.324].Зерттеуші В.Банг пен А.Габэн бұл қосымшалардың құрамындағы ру/рү формаларының пайда болу жолын зерттей келіп, көсемшеден шыққан деп қорытындылап, төмендегідей мысалдармен дәлелдей түседі. Кең рү сөзінің құрамындағы – рү барыс септік формасы емес, керісінше кеңүр етістігіне – ү көсемше формасы қосылып, кейіннен үстеуге айналған деп айтады[29,б.264].
Руникалық жазбалардағы ру/рү формаларына қатысты негіздерді жинақтай келіп, аталмыш форманы ғылыми тұрғыдан септеулік шылаулар түріне жатқызамыз.Бұған дәлел ретінде мынандай тұжырым негіздер бар:
а)Септік категориясының формалары түбір сөзге бірден екі рет жалғанбайды.Және – те көне түркі тілінде барыс септігінің жалғауы басқа жалғауларға қарағанда тұрақты болып келеді.Мысалы:Түпітке кічіг тегмедім – Тибетке кішкене жетпедім.
ә)Көне ескерткіштер жазбаларында кейбір шылау сөздер аралығында тыныс белгі қойылмаған. Мысалы: Йерғару йер Байырқу йеріне тегі сүледім – Солға қарай йер Байырқу жеріне дейін соғыстым.
б)Аударған кезде бергеру – бері қарай , тарқанғару – тарқанға қарай, ілгеру – алға қарай болып өздігінен қарай шылауымен тіркесіп келеді.
в)Алтай тілдеріне жататын аталас монғол мен түркі тілдерін салыстырған кезде монғол тіліндегі ру/рү формалары қарай шылау мағынасындағы сөз ретінде дербес қолданылған. Мысалы: гэр руу – үйге қарай, уул уруу – тауға қарай болып келеді[30,б.807].Бағыттық мағынадағы таман сөзі де сөздікте руу/рүү деп берілген[31,б.295].Қарай шылауының құрамындағы қа-ра-й (-ру,-рү,-ры,-рі) бағыттық мағынадағы көне рудиментті байқау қиын емес.Жалпы қорыта көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі құранды жұрнақ немесе барыс септік жалғауы болып осы уақытқа дейін танылып келген ру/рү тұлғасы -  лексикалық единица.Нақты айтқанда, барыс септік жалғаулы сөзден кейін келетін бағыт – бағдар мағынасындағы септеулік шылау. Ру/рү және че тұлғалары көне түркі тілдеріндегі атауыш сөздермен тіркесіп келіп, мезгілдік, мекендік, божаулық, бағыттық мәнді грамматикалық мағыналары білдіріп, байланыстырушылық қатарына жатады. Септеуліктерге тән қасиет тіркесетін сөздерінің белгілі бір грамматикалық тұлғада тұруын талап етеді. Мұндай белгілі бір грамматикалық тұлғада тұратын негізгі сөздер – зат есім, есімдік, етістіктің есімше түрі және қимыл атаулары. Аталмыш шылаулар тобы сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік байланысты білдіреді.Яғни септеулік шылаулар септік жүйемен тікелей байланысты.Олар септіктердің мағынасын толықтырады, нақтылайды. Сонымен бірге септік жалғаулары бере алмайтын синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары мен ерекшеленеді.
2.2Демеулiк шылаулар
Қазақ тiл бiлiмiнде демеулiк шылауларға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстар бiршама бар. Дегенмен олардың мағыналық құрамына және орын тәртiбiне  (позиция) қатысты даулы мәселелер жоқ емес.Мәселен,Қ.Жұбанов «Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер» атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген. Соның iшiнде дәйекке тым, өте, ең т.б. деген қазiргi күшейткiш үстеулердi шылау есебiнде қарастыру керектiгiн сөз еткен [32,б.162].Бүгiнде бұл көзқарас кейбiр тiлшi ғалымдардың еңбектерiнен жалғасын табады.С.Исаев «күшейтпелi асырмалы шырай тұлғасын жаасайтын күшейткiш үстеу деп аталып жүрген өте, тым, аса, тiптi т.б.тәрiздi көмекшi сөздердiң сапалық сынбармен тiркесүi де сөздiң аналитикалық формасына жатады. Өйткенi бұл жерде күшейткiш буындар да (уп-улкен, қып-қызыл т.б.), күшейткiш көмекшi сөздер де (өте үлкен, тым тамаша т.б.) бiрiншiден форма тудыратын қосымшалар сияқты өзi тiркескен сөзге қосымша грамматикалық (күшейткiш) мағына үстейдi, бiрақ лексикалық мағынасына нұқсан келтiрмейдi, не оны өзгертiп жiбермейдi» деп тұжырымдайды [33,б.52]. Сол сияқты А.Қалыбаева, Н.Оралбаева бiрлесiп жазған еңбекте де аталмыш тұлғалар күшейткiш үстеу есебiнде қаралмай, дербес сөздiң формасын талғамайтын көмекшiлер қатарына жатқызады [34,б.162].Қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердi зерттеген Ы.Шақаманова,Қ.Жұбанов, Н.Оралбаева, С.Маралбаева, С.Исаев, М.Серғалиев пiкiрлерiне қосыла отырып, өз ойын былай түйiндейдi: « Қазiргi күшейткiш үстеу деп танылып жүрген сөздердi шылауларға кiргiзiп, оның iшiнде тағы да саралап, грамматикалық мағынасына, тiркесетiн сөзiне орай күшейткiш демеулiк немесе сындық демеулiк деп қарастырған жөн сияқты” [35,б.128]. Шындығында, қазақ тiл бiлiмiнде бұл негiздiң барына бiраз уақыт өтсе де, аталмыш тiлдiк единицалардың сау басы саудаға түсiп әлi жүр.
Негiзiнен, ең, тым, өте  осы сияқты лексемалар кейбiр туыстас түркi тiлдерiнде шылау сөздер қатарына жатқызылады. Мысалы: қырғыз, ұйғыр, ғағауыз, хакас, түрiк, шор тiлдерiндегi. Көмекшi сөздер атауыш сөздерден кейiн келедi деген тұжырым жалпы тiлдiк сиптттамалық дәрежеде айтылған заңдылық. Десек те, тiлдiң кейбiр iшкi флексиялық заңдылықтарына байланысты өзгешелiктерi болады. Мәселен қазақ тiл бiлiмiнде сөз алдында тек демеулiгi ғана келедi деймiз. Егер де күшейткiш үстеулер деп танылып жүрген единицаларды күшейткiш демеулiктер деп есептейтiн болсақ, онда жалғыз тек сөзi ғана емес өте, аса, тым, ең, тiптi т.б.осы сияқты сөздердi де сөз алдында келетiн демеулiк сөздер қатарына жатқызуға болар едi. Мұны айту себебiмiз, көне түркi тiлiнде өте, ең тұлғалары кездесiп, қазiргi дәрежесiнде қызмет атқарған. Мысалы:
Көне түркi тiлi: Ең iлгi Тоғу балықта сүңiшдiм – Ең бiрiншi Тұғы балықта соғыстым. Екiншi сүңiс ең iлгi ай алты йаңқа…- Екiншi соғыс ең бiрiншi айдың алтысында…Көзде йаш  келсер өтi де көңүлге сығыт келсер… Көзге жас келсе өте көңiлге шер келер.
Қазақ тiлi:Ескiнiң ең жақсысын ала бiлмей,жаманнан арыла бiлмей жүргендерге ренжiдiм.Ал мұндай күресте жазушылардың, өнер қайраткерлерiнiң алатын орны өте зор.
Екiншi бiр тiлдiк нормаға сәйкессiздiгi – демеулiктердiң қосымшаға айналу мәселесi.Бұл - өзгешелiкте айтылып жүрген мәселелердiң бiрi. Мысалы: Келесiң бе? – келемiсiң, барасың ба? – барамысың. Сонымен қатар кейбiр демеулiктердiң жiктiк жалғауын қабылдап, басқа сөз таптарының қызметiнде көрiну де жоқ емес. Мысалы:
I. Мен     ғанамын        Бiз     ғанамыз
II. Сен     ғанасың        Сендер     ғанасыңдар
Сiз     ғанасыз        Сiздер     ғанасыздар
III. Ол     ғана            Олар         ғана
Сол сияқты әдемi – ақсың, жаман – ақсың ақылшысыдамын, әкесi демiн деген сөздердегi күшейткiш мәндi демеулiктер сөз құрамында келiп, өзiнен кейiн көптiк, жiктiк жалғауларын да қабылдайды.
Көне түркi жазба ескерткiштер тiлiнде кездесетiн күшейткiш мағынасындағы қына (ғана/қана), оқ/өк (ақ), та/де (та/те, да/де) және сұраулық мағынадағы түгүл (түгiл) демеулiктер де бұндай өзгерiстер байқалмайды.
Жалпы тiл ғылымында шылаулар сөз табы бола алмайды деген көзқарасқа, әсiресе, осы демеулiктердiң қосымша формаларына ұқсас болуы себеп болған. Сондықтан да жоғары да айтылған қосымша мәселесiне байланысты кейбiр ғалымдар бiр кездерi демеулiктердi аффикс деп таныған болатын. Түркiтанушы ғалымдардың тiлде бұрыннан қалыптасып, демеулiк қызметiне ежелден енiп кеткен тұлғаларды табиғи деп көрсетуi және сол демеулiктердiң аффикстiк элемент деп қарауы жағынан пiкiрлерi сәйкеседi. Бұл жайлы қырғыз ғалымы А.Карымшаков турголктардың демеулiктердi аффикстiк элемент деп көрсетуiн қостап, «түркi тiлдерiндегi сөздердiң көмекшi сөзге, одан қосымшаға айналуы заңды құбылыс» деген ойын бiлдiредi [9,б.192].Демеулiктердiң бiразы тұлғалық жағынан қосымшаға ұқсас келгенмен және олардың лексикалық мағыналары солғын, грамматикалық мағыналары абстрактылы болса да, аффикстерге қарағанда дербестiгiнен мүлде айырылып қалмайды. Сөзден бөлек тiркесiп дербестiгiнен қолданылуын сақтап қалғаны бұрынғы дербестiгiнiң қалдығы деп түсiнуiмiз керек. Ал түркологияда жұрнақтардың өзi дербес сөздерден пайда болған деген пiкiр көптен берi айтылып келе жатқаны белгiлi.Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде болымсыздық мағынада қолданылатын түгүл формасы мен шектеу, нақтылау мағынасындағы қына демеулiктерден басқалары тұлғалары жағынан аффикстерге ұқсас келедi.Мысалы оған: та/де, оқ/өк, ба/му, гу/гү/күк, ча/че, ру/рү сияқты бiр буынды формалар жатады. Олар тұлғалық жағынан қосымшаларға ұқсас келгенмен, тiлде атқаратын қызметтер екi басқа. С.И.Соболевский көне грек тiлiндегi демеулiктердiң де қосымшаға ұқсас болғанмен, олардың атқаратын тiлдiк қызметтерi мен дәрежелерiнiң әр түрлi екендiгiн сөз етедi. Көне грек тiлiнде көне түркi тiлiндегi демеулiктермен сәйкес қата, те, бе, ге формалары бар [36,б.273]. Демеулiктердiң ескерткiш тiлiнде септеулiк шылау ру/рү немесе че сияқты сөз құрамында келуi жоқ. Атауыш сөздерге тiркесiп келiп, сол сөздерге әр түрлi грамматикалық мағыналар үстейдi. Демеулiктер де тiлдiң даму эволюциясында бiртiндеп барып бастапқы лексикалық мағыналарынан айырылып, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа мағынадағы шылау сөздер тобын қалыптастыра бастаған.
Орхон – Енисей жазбаларындағы шылау сөз табының лексикалық құрамына қатысты сөз еткенде, кейбiр шылау сөздер деп танылып келген единицалардың басқа сөз таптарына жататындығы демеулiктерде де кездеседi. Бүгiнгi күнге дейiн зерттеу еңбектерде демеулiк шылаулар деп танылып келген йалаңус, йана, анығ, нең, ерiнч, ерсер сияқты әр түрлi категориялық мағынадағы сөздердi жалпы шылау сөздер қатарына қосып қарастырамыз. Бұлардан да басқа септеулiктер және жалғаулықтар деп танылып келген тұлғалардың барлығына дерлiк түсiнiктер берiлдi. Сонымен бiрге түркологияда қалыптасқан демеулiк атауына қактысты пiкiрлер де айтылған болатын.Қазақ тiл бiлiмiнде бұл атау алғаш А.Байтұрсынов еңбегiнен бастап, «демеу» деген терминмен аталады. Қ.Жұбанов зерттеуiнде «үстеуiштер» деп берiлсе, С.Аманжолов еңбегiнен бастап «демеулiктер» деген атау толық өз атын иемденген. Содан берi Р.Әмiров, К.Амиралиев, Ф.Кенжебаева, Ғ.Иманалиева, В.Исенғалиева, Ы.Шақаманова сынды тiлшi ғалымдар оларды арнайы зерттеген. Олар жалпы шылаулар тарихын сипаттай отырып, бiрi жалғаулықтардың, бiрi септеулiктердiң, ендi бiрi демеулiктердiң әр қырларынан ғылыми зерттеулерiн танытып, өзiндiк құнды пiкiр – тұжырымдарын жасаған. Аталмыш ғалымдардың зерттеу еңбектерiне сүйене отырып, көне түркi руникалық жазбалардағы шылауларды салыстырып қарағанымызда, бүгiнгi түркi тiлдерiндегi шылаулар сөз табының қалыптасуындағы алғашқы сатысы болып отыр. Яғни қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердiң қалыптасу тарихы да көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнен бастау алады деген сөз. Орхон – Енисей жазбалар тiлiндегi демеулiктерге та/де, оқ/өк, ба/му, ғу/гү/күк, қына, түгүл тұлғалары жатады. Сонымен қатар та/де демеулiгiнiң орнына жүретiн жартылай жалғаулық шылау мағынасындағы «йеме» формасын да жатқызуға болады. Аталмыш тұлғаларды қазiргi қазақ тiлiндегi қолданылып жүрген формаларымен салыстырып көрсететiн болсақ мынандай: та/де – та/те, да/де; оқ/өк – ақ; ба/му – ма/ме, па/пе, ба/бе; ғү/гү/күк – қой/ғой; қына – қана/ғана; түгүл – түгiл болып келедi. Көне түркi тiлiндегi демеулiктер қазiргi қазақ тiлiндегiдей өздерi тiркескен сөздерге қосымша грамматикалық мағына үстейтiн шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi болып саналады. Демеулiктер септеулiктер сияқты өзi тiркесетiн сөздердiң белгiлi бiр грамматикалық формада тұруын талап етпейдi.Атауыш сөздерге тiркесiп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау мағыналарын үстейдi. Қазiргi қазақ тiлiнде демеулiктердiң септеулiктер мен жалғаулықтарға қарағанда дамуы да, қолданылу аясы да бiршама активтенген. Көне түркi тiлiндегi демеулiктердiң сөйлем iшiндегi грамматикалық қатынастағы дәрежелерiн көрсету үшiн қазiргi қазақ тiлiндегi жекелеген авторлардың еңбегiнен мысалдар алып, салыстырып қарастырамыз. Жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың өзара (аз – көп) қолданылуына байланысты Күлтегiн, Тонйұқақ, Бiлге қаған, Құтлық қаған (Онгин), Ырғақ бiтiг, Күлi – Чор, Мойын – Чор, Тариат жазбалары бойынша статистикалық мәлiметтеме жасалынды. Сонымен қатар қазiргi түркi тiлдерiндегi шылау сөздермен салыстырылынып, өзгерген дыбыстық варианттары да көрсетiлдi.
Та/Де: Руникалық жазбадағы та/де демеулiгi – қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де формаларындағы күшейткiш демеулiктер. Көне түркi тiлiнде тек демеулiк мағынасында ғана болады. А.Ысқақов қазақ тiл бiлiмiнде та/те, да/де шылаулары сөздер не сөйлемдердi байланыстыру қабiлетiне байланысты бiрде жалғаулық, бiрде демеулiк мағынасында болатындығын айтады. Жалғаулық шылау қатарына қосқан та/де формасын ғалымдар пiкiрiне сүйене отырып, демеулiктер құрамына жатқызамыз. Себебi мынандай: демеулiк ретiнде қолданылғанда, бiр сөздiң немесе бiрыңғай мүшелердiң әрқайсысының жетегiнде болып, оларға күшейту, анықтау, тәтпiштеу мағыналарын үстемелеп отырады[22,б.336].
2.3Жалғаулық шылаулар.
Тiл бiлiмi негiзi алғашқы қазығы есебiнде тiлдiк элементтер мен единицаларды зерттеуден бастайды. Себебi ең бiрiншi тiлдiң құрылымдық бөлшектерiн және олардың ерекшелiктерi мен қағидаларын нақтылы зерттеп бiлмейiнше, ғылымды танып бiлу мүмкiншiлiгi жоқ. Бұл – тiл- тiлдiң қайсысына болмасын қатысты ортақ заңдылық. Бiздiң қарастыратын мәселемiз осы тiлдiк бiрлiк, яғни 5-8 ғасыр аралығындағы руникалық жазбаларда жалғаулық шылау сөздерiнiң бар – жоғына қатысты болып отыр. Көне түркi тiлдерiнде жалғаулықтардың бар – жоғын анықтау үшiн оның ең бiрiншi ғылыми – теориялық негiзiн бiлуiмiз шарт. Келесi бiр шарты – оны дәлелдейтiн деректер, тiлдiк материалдар болу керек. Осы екi негiзде Орхон – Енисей және Талас жазбаларындағы шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi жалғаулықтар туралы сөз болмақ. Жалғаулықтар – сөз бен сөздi, сөйлем мен сөйлемдi байланыстыратын, бiр сөздiң аясында қалмай екi сөзге, екi сөйлемге бiрдей мағына қосатын шылау сөздер. Тiл ғылымында олар аналитикалық форманттар есебiнде қарастырылады. Жалпы олардың да қалыптасуы өзге грамматикаланған сөздердей грамматикалық жағынан дерексiзденуi, лексикалық дербес ұғымнан жалпы категориялық дәрежеге жетуi өте баяу және бiрте – бiрте даму жолымен болатындығы анық.Тiл бiлiмiнде бұндай номинациялық процестердiң болуын түбегейлi шешiп беру оңайға соқпайды. Ғылым үшiн тiлдiң табиғаты - өте күрделi құбылыс. Тiлдiң табиғи құбылысы тұрақты болғанмен, грамматикалық құрылысы тұрақсыз үнемi даму үстiнде болады. Сондықтан да тiл ғылымында әр түрлi көзқарастардың туындауының өзi – заңды нәрсе.
Орхон – Енисей ескерткiштер тiлiндегi шылауларға қатысты айтылған ғалымдар пiкiрлерiне назар аударалық.Мәселен, Ә.Құрышжанов, М.Томанов бiрлесiп жазған «Орхон – Енисей жазуы ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктерi» атты еңбекте көне түркi тiлiндегi шылауларды қазiргi түркi тiлдерiндегi шылаулармен салыстырады. Олар көне түркi тiлiнде шылаулар категориялық дәрежеде қалыптаспағандағын айта келе, көмекшi есiмдердi қосып қараған. Одан кейiн жазбалар тiлiнде бүгiнгi түркi
тiлдерiндегiдей жалғаулықты шылау жүйесi жоқ, сондықтан оларды салаластырушы, құрмаластырушы деп бөлуге негiздiң жоқ екендiгiн айтады. Бiз ғалымдардың жалғаулықты шылау жүйесi жоқ дегенге келiскенмен, категориялық негiзде көрiне алмайды дегенiне қосыла алмаймыз. Әрине, қазiргi қазақ тiлiндегi жалғаулықтар тобы көне түркi тiлiмен салыстырғанда сан жағынан да мол және беретiн мағынасы да сан қырлы. Оның үстiне олардың қолданыс ыңғайы да көне тiлмен салыстыруға келе бермейдi. Сонымен қатар көне түркi тiлiндегi кейбiр шылау сөздер қазiргi қазақ тiлiнде сақталмаған және олардың орнына басқа сөздер қолданылады. Мәселен, А.Кононовтың осыған қатысты ойы мынандай: «Позднее, начиная с караханидского периода, под воздействием арабского и персидского языков и литературы на этих языках собственно тюркские союзы, модальные слова и частицы были почти полностью вытеснены арабскими и персидскими займствованиями»[26,б.200]. Бұл пiкiрге көз қарасымызды айтсақ, көне түркi тiлiндегi жалғаулық шылаулардың барлығы дерлiк қолданыстан шығып қалмаған. Ал араб – парсы сөздерi орын басқанымен шылау сөздерге зиян келген жоқ, керiсiнше кiрме сөздердiң баламасы ретiнде дамып, бүгiнгi тiлде қолданылып жүр. Ал жалғаулық шылаулар болса, көне ескерткiштер тiлiнде өте сирек.Олар бұл дәуiрде жаңа да iзiн сала бастаған. Тiл құрамы өседi, өзгередi, қайта қалыптасады, ескiредi,кемидi, ақыр соңында ұмытылады, бiрақ ол мүлде жоғалып кетпейдi., бiр күйден екiншi бiр күйге көшiп немесе бiр түрден екiншi бiр түрге ауысып, дамып қалыптасып отырады. Осыған қатысты А.Щербак өзiнiң «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» деген еңбегiнде руникалық жазба ескерткiштерiнде жалғаулық шылаулар кездеспейтiндiгi туралы түйiнi мынандай: «Некоторые экспрессивно – выделительные частицы примечательны тем, что являясь акцентирующим средством, они одновременно выполняют сочинительные и подчинительные функции. И посколько частицы, как акцентирующее средство, имеют тюркских языках длительную, а союзы появились относительно поздно, прочно укоренилось мнения о том, что многие тюркские союзы ведут свое происхождение от усилительных частиц»[37,б.104].Ғалым әрi қарай байланыстырушы элементтердiң басқа тiлдерден де қалыптасатындығын түсiндiредi. В.Насиловтың пiкiрi де осы тәрiздес жалғаулықты шылаулардың орнына демеулiктер қызмет еткендiгiн көрсетедi.: «В грамматическом строе Орхон – Енисейских памятников не являются сложившейся категорий. Синтаксический строй рассматриваемых текстов исключает как соединительно – сочинительные, так и подчинительные союзы, что неоднократно констатировалось многоими тюркологами.Единственными лексическими средствами , приблежающимисяк категории союзов, слушает частицы та – и, да, же и йеме – и, также, еще» дейдi[20,б.44]. В.Кондратьев зерттеуiнде йеме шылауының жалғаулық мағынасында қолданылатындығын айта келе, азу сөзiн жалғаулық шылау деп тұжырымдайды.[38,б.131].Ғ.Айдаров жалғаулықтар қатарына йеме,өк, та/те, да/де – лердi жатқызады[15,б.148].Ал А.Кононов өзiнiң «Грамматика языка тюркских рунических памятников 7-9 вв.»деген еңбегiнде жалғаулықтарға азу, йеме, тақы, уду, та, артуқы сөздерiн алып, оларды iштей ыңғайластық жалғаулықтар және талғаулық жалғаулықтар деп екiге бөлiп жiктеген. Осылардың iшiндегi уду (ұдұ), та, тақы, йана сөздерiне қатысты ой – пiкiрiмiздi бiлдiре кетейiк.А.Кононовта  «артуқы/артуқ» «Большой, больше» - ы афф.принадлежности «еще, кроме того»: Қырқ артуқы йетi йолы сүлемiс – Сорок да еще семь раз ходили они в поход – деп берiлген[20,б.200].Бiздiң ше артуқы сөзiн шылаулар қатарына қосып қарағанына келiскенмен, жалғаулықты шылау түрiне жатқызғаны дұрыс емес. Себебi түркологияда кейбiр сандардың орын алмасып келулерi сияқты немесе санаулық атауының айтылуы жөнiнде өзiндiк ерекшелiктерi мен қасиеттерi туралы айтылған мәлiметтер баршылық.Мәселен, М.Томанов: «Көне түркi тiлiнде санаудың басқа да бiр тәсiлi болған.Әуелi ондықты бiлдiретiн сөз, оған тiркесе артуқ сөзi, сонан соң қажеттi бiрлiк айтылған.Мысалы: Қырқ артуқ жетi (47), отуз артуқ төрт (34), отуз артуқ бiр (31) т.б. Жүзден жиырмасы артық тәрiздi сан – мөлшерлiк сөз тiркестерi осындай қолданыстың iзi» деген болатын [39,б.205].Сол сияқты Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының «Шипагерлiк баянында» санаудың басқа түрi берiледi. Мысалы: көз мұрын (3), қос қол кем ауыз (9), қыр кем ауыз (40), қос кел есе кез құлақ (10 х 4 =40), қос қол есе көз құлақ, қоспа артқы көз мұрын (10 х 4 +3=43) т.б. болып келедi.Бұдан байқайтынымыз сандық ұғымды беру үшiн анатомиялық сөздер аралығында келiп, лексика – грамматикалық мағынасымен қоса байланыстырушылық қызметiн атқарады.
С.Маловтың еңбегiнде мұндай санаудың түрi қазiргi сары ұйғыр тiлiнен кездесетiндiгi сөз етiледi. Осындай деректерге сүйене отырып, «Қырқ артуқы йетi йолы сүлемiс» - деген сөйлемдегi артуқы сөзiн шылау сөз деймiз. Нақты айтқанда,екi сан есiм ортасында тұрған аналитикалық формант немесе күрделi сан есiм жсау жолындағы мөлшер мәнiндегi шылау сөз болады. Сонда бұл сөйлем «қырық жетi реттен артық жорыққа аттанған» - болып аударылуы керек едi. Дегенмен ғалым шылау екенiн аңғарып зерттеуiнде атап өткен. Артуқ сөзi көне жазба ескерткiштерiнiң iшiнде көбiне Бiлге қағанда кездеседi. Мысалы: Отуз артуқы үч йашыма уқ ертi – Отыздан артық үш жасымда хан болдым. Бұл сөйлемдi «отыз үш жасымда қаған болдым» деп берсе де түсiнiктi. Аталмыш тұлға бұдан басқа сөйлемде шылаулық қызметте көрiнедi. Табғач атлығ сүсi бiр түмен артуқы йетi бiң сүг iлкi күн өлүртiм – Табғаш атты әскерiн бiр түменнен артық жетi мың әскерiн алғашқы күнде өлтiрдiм. Осы сөйлемдi «табғаштың он жетi мыңнан артық атты әскерiн алғашқы күнде өлтiрдiм» деп берсе де, артуқ сөзi шығыс септiктi сөздермен тiркесiп келедi.  Көне түркi тiлiнде  артуқ     сөзi сындық мағынада байқалмайды. Артуқ сөзiнiң шылау екенiне күмән келтiрмес үшiн тағы бiр мысал келтiре кетелiк. Мысалы: Йарақынта йалмасынша йүз артуғ оқун урты  – Қарауына, сауытына жүзден артық оқ тидi. Жалпы артуқ  (артық ) сөзi қазiргi қазақ тiлiндегiдей  шығыс шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылау қызметiн атқарған. Сөйтiп көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiндегi артуқ  тұлғасын жалғаулыққа емес, шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылаулар қатарына қосуымыз керек.
Ал та сөзiне келетiн болсақ, көне жазба тiлiнде бұл форма тек демеулiк шылау ретiнде ғана қызмет атқарған. Мұны тiлдiң теориясына жүгiну арқылы тұжырымдадық. Қазақ тiл бiлiмiнде мынадай ереже қалыптасқан: та/да шылауы  жалғаулық ретiнде қолданылуында өзара бiр-бiрiмен ыңғайласатын  екi сөздiң  немесе сөз тiркестерiнiң, сондай-ақ салалас я сабақтас құрмаластардың құрамындағы жеке сөйлемдердiң байланысуына, жалғасуына дәнекер болып, қызмет етедi [22,б.366 ].Осы тұрғыдан алып қарағанда та/де формалары демеулiк шылау мағынасында болады. Түркологияда та/де-лердiң алғаш жалғаулық шылау қызметiнде болмағанды сөз етiлген. Мәселен, түркi тiлдерiнiң  тарихи – салыстырмалы грамматикасында «Вариант та как союз в древнетюркских памятников пока не отмечен. Указонное выше фонетические развитие союза произошло в более позднее время – после 11в. самостоятельно в каждом из тюркских языков» делiнген [29,б.512].
Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де күшейткіш демеуліктердің тек қана та/де дыбыстық варианттары қолданылғын. Олар жалғаулық шылау сипатында көрінбейді. Себебі демеулік шылау мағынасында қолданылудың өзі өте сирек кездессе, сол дәуірде тілдік қолданысқа орай жаңа да демеулік шылауға тән қасиетті иелене бастаған.Бұл тұлғалар ескерткіштің ішінде тек Күлтегін үлкен жазуында ғана ұшырасады. Олардың білдіретін грамматикалық мағыцналарын мысалдар арқылы та/де демеулігіне тоқтаған кезде бердік. Осыған қатысты көне түркі тіліндегі йеме сөзі нақты та/де демеулік шылауының қызметінде көріне алады. Мысалы: Оғузу йеме танқанч ол тіміс – Оғыздар да дағдаруда депті. Біз йеме сүледіміс – Біз де аттандық. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Ырық Бітіг жазуы мен Тонйұқық және Мойын – Чор ескерткіштерінде кездесетін ұдұ тұлғасы туралы септеулік шылауларға тоқталған кезде айттық. Әйтсе де, А.Кононовтың бұны жалғаулық шылаулар қатарына қосу себебі неде? Мысалы: Ілтеріс қаған қазғанмасар ұдұ бен өзүм қазғанамасар деген сөйлемді алған да, ұдұ сөзін также мағынасында береді. Аудармасы былай: «Если бы Эльтериш каган не приобретел (земель) и я также не приобретал бы…»[20,б.206]. Ал С.Маловтың аудармасында оның мағынасы следуя деген сөзбен беріледі.Жалпы ұдұ сөзі жалғаулықты шылау мағынасында көріне алмаған. Біздіңше, бұл сөз сөйлемдегі (контекстік) мағынасына қарай негізінен үстеу сөз табына жатады.Қазақ тіліндегі жалғаулықтарды зерттеген ғалым Р.Әміров алтай тілі грамматикасы мен М.Терентьевтің еңбегіндегі «қазақ тілінде жалғаулықтар жоқ, сөздер қатар – қатар тізіледі» және П.Мелиоранскийдің көне тілде жалғаулықтар өте аз кездеседі деген пікірлерін айта келіп, руникалық жазбаларында жалғаулықтардың барын, олардың басқа сөз табының орнына жүретіндігін және талғаулықты мағынаны білдіретін «азу» сөзінің әрі жалғаулық, әрі сұраулық демеуліктің қызметін атқаратындығын тап бассып, оның қазіргі тува тілінде кездесетіндігін де айта кеткен болатын.[40,б.70].
Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі йеме, азу сияқты сөздерді жалғаулықты шылаулар деп, аздығына қарамай қазақ тіл білімінде қалыптасқан дербес категория дәрежесінде алып қарастырады.
Сөйлем құрамындағы сөздерді байланыстыруда қызмет ететін шылау сөздердің екі түрі болады. Соның бірі – жалғаулықтар.Өзара тең тұрған сөздерді, сөйлемдерді байланыстырып, солардың арасындағы грамматикалық қатынастарды білдіретін сөздерді жалғаулық шылаулар дейміз. Олардың басқа түрлерден ерекшелік қасиеті – бір сөздің аясынан шығып, екі сөзге, екі сөйлемге бірдей мағына қосып ұштастыра алуы. Жалғаулықтар – аналитикалық сипаттағы байланыстырушы сөздер. Бұлардың ескеретін жері сөз тіркесін құраудан гөрі байланыстырушылық қасиеті басым болады. Қазақ тіл білімінде жалғаулықтардың тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып бастапқы лексикалық мағыналарынан айырылып, абстрактілі грамматикалық мағынаны иеленген жаңа мағынадағы сөздер екндігі айтылады. Жалпы олардың қалыптасуы да өзге грамматикаланған сөздердей грамматикалық жағынан дерексізденуі, лексикалық дербес ұғымнан жалпы категориялық дәрежесіне жетуі өте баяу және бірте-бірте даму жолымен болатындығы анық. Ал септеулік шылауларға қарағанда жалғаулықтану процесі көне түркі тілінде жаңа да ізін сала бастаған. Сондықтан да көне түркі дәуірінде жеке қалыптасқан сөздер болып толық көріне алмайды. Дегенмен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі йеме және азу формалары қазіргі қазақ тіліндегі және мен әлде мағыасындағы жалғаулықты шылау сөздер болып отыр. Оларды синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары жағынан салыстырып қарағанымызда айтарлықтай айырмашылықтары байқалмайды. Түрколог – ғалымдар зерттеулерінде йеме, тақы, йана сөздерінің мағыналарын бір дәрежеде алып қарастырғаны белгілі. Мұнда тақы мен йана сөздері көне түркі тілінде  үстеу сөз табымен мағынасында қызмет еткен. Ескерткіштер тілінде бірде шылау, бірде үстеу қызметінде көрінбейді. Мысалы: Елін йана бертіміз – Елін тағы бердік немесе елін қайта бердік. Кідізіг субқа суқмыш тақы ур қатығды ба дер – Кигізді суға салғын, тағы ұр қатайды ма дер. Таным түші тақы түкемескен – Танылған түсі тағы аяқталмаған. Табғачқа йана ічікді – Қытайға қайта бағынды. Мысалдардан көріп отырғанымыздай, әр уақытта тақы мен йана сөздері бірінің орнына бірі жүре бермейді. Олар көне ескерткіштер тілінде етістіктердің алдында келіп іс әрекетті пысықтап тұрады.
Сонымен аталмыш сөздер көне түркі жазба мұраларында үстеу мағынасында қолданылған. Кейінгі бір дәуір кезеңдерінде біртіндеп барып синтаксистік қатынаста грамматикалық мағыналары кеңейіп, сол формаларында шылау сөздер мағынасына ауысқан. Жалғаулықты шылау деп танылып келген йеме, тақы, та, артуқы, азу сөздерінің ішінен тек азу сөзі нақты талғаулықты жалнғаулық шылау сөз де, йеме жартылай мағынадағы немесе жаңа да шылаулық қасиетке бейімделе бастаған жалғаулықты шылау сөздер болып саналады. Енді сол екі формаға түсінік берелік.
Азу: көне  руникалық жазба тіліндегі азу тұлғасы қазіргі қазақ тіліндегі әлде талғаулықты жалғаулық шылау мағынасында қолданылған. Ескерткіштердің ішінде тек Күлтегін кіші жазуында ғана ұшырасады. Мысалы:
Көне түркі тілі: Азу бу сабымда ігід бар ғу - Әлде бұл сөзімде жалғандық бар ма ? Азу жалғаулық шылауы сөйлемнің басында келіп, ойға қатысты іс-әрекеттің  шындығына немесе көмескілігіне күмән келтіру және талғау мағынасында қызмет атқарған. Қазақ тілінін грамматикасында азу шылауының мағынасындағы әлде сөзі араб тілінен енген деген болжам бар. Аталмыш тұлға бастапқы да сұраулық мағынадағы демеуліктер қатарында болып, кейіннен әбден зерттелгеннен кейін талғаулықты жалғаулық шылау қатарына қосылғандығы сөз етіледі.Басқа тілдермен салыстырып қарағанымызда, тува және тофалар тілінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегідей сол формада және сол мағынасында қолданылатындығы анықталды. Мысалы:
Тофалар тілі: азы чү ләән ? азы аьт паан, азы инәк поон – что это ? то ли конь, то ли корова ?. азы алыр мен баан , азы албас мен баан ? – или брать мне, или не брать.
Тува тілі:Даарта мен қызылче азы Абаканче чоруур мен – Завтра я поеду в Кызыл или Абакан. Ховуда бараан көстүр, мал бе азы хараган бе, ылгавайндар мен – В поле что- то  виднеется не различаю: скот или караганник?
Йеме: Йеме сөзі көне түркі тілінде әртүрлі грамматикалық мағынада қызмет еткен. Мысалы: Күн демей, түн демей желіп барды. Бұл сөйлемді күн де, түн де желіп бардық немесе күн және түн де желіп бардық деп те аударуға болады. Шындығында, йеме сөзі демей формасына сәйкеседі. Түркі тілдер арасындағы фонетикалық өзгешеліктірін ескеретін болсақ, онда дыбыс алмасулары (адақ-айақ-азақ) кездесіп жатады. Осыдан йе-ме, де-мей  сөздерінің бір негізді формалар екендігін көруге болады. Осы көне йеме элементінен қазақ тіліндегі және жалғаулықты шылау жасалынған деген пікір де жоқ емес. Біз бұлардың жасалу, шығу тектеріне жеке тоқталамыз. Біздің мұнда қарастыратынымыз оның контекстегі лексика – грамматикалық сипатын анықтау. Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінен мысалдар келтіріп, талдауымызды ары қарай жалғастырайық. Мысалы: Түн йеме удусуқым келмез ерті – Түні бойы ұйқым келмеген еді. Бұл сөйлемде йеме – ні демей деп аударуға келмейді. Мұнда йеме сөзінің мағынасы қазақ тіліндегі септеулік шылау бойы сөзімен сәйкес сәйкес келеді немесе көне түркі тілінің заңдылығымен қарастырғанда, «түнде де ұйқым келмеген еді» деп аударуға болады. Көне түркі   ескерткіштер тілінде бойы мағынасын беретін қоды тұлғалы шылау сөзі бар. Бұл бірақ нақты дәлел емес, өйткені қоды сөзі тек су, өзен атауымен тіркесіп қана қолданылған. Мезгілдік атаулармен (түн,кеш,түс т.б.) тіркесіп келгенін кездестіре алмадық. Сол себептен де йеме шылау сөзі бойы, та/те (да,де), демей, және сияқты әр түрлі шылаулардың мағынасында көрінеді. Бұл қазіргі қазақ тілімен салыстырып қарағандағы өзгешеліктер емес йеме шылауының Орхон – Енисе ескерткіштер тіліндегі контекстік мағынаға, одан қалды тіркес аралық мағынасына байланысты болып келеді. Яғни аталмыш единица контекстік мағынада бірде септеулік, бірде демеулік шылау қызметінде жүрген. Енді бір сөйлемде жалғаулыққа айналу қасиетін байқатады. Мысалы: Ел йеме будун йеме йоқ ертечі – Ел және халық та жоқ болар еді.
Жалпы йеме сөзі жалғаулықты шылау түріне толық өте қоймағанмен, кейбір контексте жалғаулықты шылау мәнін көрсете алған.Осы орайда, түркітанушы ғалым Н.Гаджиева жалғаулықтардың қалыптасуына байланысты өзіндік бөлу жолдарын көрсетеді:
1.    Постопозитивная частица, присоединяясь к глаголу или к имени
сохраняет усилительное значение, не имея еще союзного значения ;
2.     Развивается союзное значение присохранении еще усилительного
значения ;
3.    Союзное значение, приобретая разнообразные оттенки становится
ведущим[38,б.216].Н.Гаджиеваның бұл тұжырымы қазіргі жекелеген тілдердегі жалғаулықтардың тарихи даму жолдары мен қалыптасуына байланысты айтылса керек. Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі йеме тұлғасын осы айтылған тұжырым бойынша қорытындылайтын болсақ, онда «Развивается союзное присохранении еще усилительного значения» деген екінші негізін құптаймыз. Шындығында, йеме жалғаулықты шылаудың бойында айтылған қасиеттердің бары анық. Дегенмен руникалық жазбаларда жалғаулықты шылау септеуліктер мен демеуліктерге қарағанда өте сирек кездеседі.
Сонымен 5-8 ғасыр жазбаларында жалғаулықты шылау мағынасында азу сөзі және енді ғана жалғаулықты шылау қызметінде көріне бастаған йеме сөзі бары анықталды. Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жалғаулықты шылаулар құрамы мен қолданылуы жағынан қазіргі қазақ тіліндегідей дәрежеде көріне алмайды. Атаушы сөздердің де жалғаулықтарға өту барысы белсенді емес.

3КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
Тiлдiң басқа салалары сияқты синтаксистiң құрылысы да заман өткен сайын бiрден – бiрге өзгерiп, толығып, жетiлiп отырады. Бiрақ тiлдiң бұл құрылысы басқа салаларға қарағанда құбылмалы емес. Алғашқы категориялық негiзде дамып, кеңейiп отырады. Ал тiл фактiлерi оның ұзық жасайтын тұрақты грамматикалық сала екендiгiн байқатады.
Тiлiмiзде бiраз сөздер сөзге қосымша мағына үстеу үшiн жұмсалып, грамматикалық амал ретiнде қызмет атқарады.Олардың өздерiне тән лексика – грамматикалық мағыналары бар. Олар тiлдiң бүкiл даму тарихында кейбiр есiм, етiстiк формаларының бастапқы лексикалық мағыналары бiрте – бiрте әр түрлi дәрежеде солғындап немесе жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарды иеленiп қалыптасқан. Шылаулардың лексика – грамматикалық мағыналары жеке тұрғанда абстракты болғанымен сөз аралықтарында конкреттенiп отырады. Жалпы шылаулардың   грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым. Орхон – Енисей және Талас ескерткiштерiндегi шылаулардың атқаратын қызметтерi өзiндiк ерекшелiктерiмен әр түрлi дәрежеде көрiнедi. Олардың бiрқатары сөз бен сөздiң арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындаса, кейбiреулерi жеке сөздер мен сөз тiркестерiн не болмаса сөйлемдi анықтау, толықтау үшiн я қосымша реңк беру үшiн және тағы басқа мқсаттар үшiн қолданылады.
Көне түркi тiлiнде кездесетiн көптеген шылау сөздер қазiргi тiлiмiзде өздерiнiң грамматикалық тұлғасын өзгерткен. Кейбiр шылаулардың грамматикалық мағыналары мен қызметтерi өзгермей, тек фонетикалық өзгерiстерге ұшыраған.Ал қазақ тiлiндегi тұлғалық жағынан өзгерген шылау сөздерiнiң орнына сол мағынадағы басқа тұлғалар бар. Қазiргi түркi тiлдерiнiң кейбiрiнде қазақ тiлiнде жоқ формалары (қоды, ұдұ,азу) сақталынған. Мәселен, қоды сөзiнiң қызметiн қазақ тiлiнде бойы тұлғалы шылау атқарады. Азу тұлғалы шылаудың орнына әлде формасындағы шылау жүретiндiгi сияқты.
Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiндегi шылау сөздердiң синтаксистiк қатынаста қандай қызмет атқарғандығын сөз тiркесi тұрғысынан алып қарастырамыз. Себебi синтаксистiк дәрежелерiнiң алғашқы сатысы болып есептелiнетiн бөлшек – сөз тiркесi. Синтаксистiк қатынастың көрiнiсi ең алдымен жеке   сөздердiң тiркесiнен байқалады. Ал жеке сөздер өзара тiркесiмдiлiк сипаттта болу үшiн бiр – бiрiне бағына жұмсалуы қажет. Сөздердiң осылайша үйлесiмдiлiгi ғана оларды тiркесiмдiлiк қабiлетке түсiредi. Көне түркi жазба ескерткiштер тiлiндегi шылаулардың сөз тiркесiнде лексика – грамматикалық мағынасы болады. Бұндағы синтаксистiк қатынас дегендi жеке сөздер мен шылау сөздердiң өзара байланысы, сөйлемдегi сөздердiң аралық қатынасы және жеке- жеке сөйлемдердiң үйлесе айтылуы тәрiздес мәселелер төңiрегiнде қарастырылады деп ұғынуымыз қажет. Сөйлемдегi сөздердiң байланысы түрлiше грамматикалық амал – тәсiлдердiң негiзiнде жүзеге асады. Соның нәтижесiнде өздерi тiркескен сөзiне әр түрлi грамматикалықт мағына туғызып сөйлем мүшелiк, жалпы сөйлемнiң қызметi анықталып, сөйлемнiң қызметiмен үндесе келедi. Шылау сөздер өзi тiркескен сөзiн басқа сөздермен байланыстырып қана қоймай, сонымен бiрге оған қосымша грамматтикалық мағына реңктер берiп отыратыны мәлiм. Бұл жөнiнде М.И.Стеблин – Каменский: «Грамматическое значение следует рассматривать в связи с функцией слова в акте речи.Каждая группа значении играет различные функции в мышлении: лексическое значение даст материал для мыслительного процесса, а грамматическое значение формирует его» деп грамматикалық мағынаның қасиетiн аша түседi. Көне түркi руникалық жазба   тiлiндегi шылау сөздерден бұндай қасиеттердi көруге болады. Мысал:Темiр қапығқа тегi сүледiм – Темiр қақпаға дейiн соғыстым. Бұл жерде сөйлемдi синтаксистiк және морфологиялық тұрғысынан алып қарағанада қазiргi тiлiмiздегi нормаларға сәйкес.Соның iшiнде тегi септеулiк шылау тiркесi арқылы жалпы шылау сөздерiнiң синтаксистiк дәрежесiн көрсету үшiн немесе зерттеу үлгiсi ретiнде талдап, түсiнiктеме берелiк. Сонымен бiрiншiден, «қапығқа тегi» тiркесi – есiм сөз бен етiстiктi байланыстырушы аналитикалық формант. Екiншiден, барыс септiктi зат есiм сөзбен тiркесiп келiп, iс - әрекеттiң таралатынын, жететiн шегiн бiлдiредi. Үшiншiден, тiркескен сөзбен бiрге келiп, сөйлем мүшесi қызметiн атқарады. Төртiншiден, меңгерiле байланысады. Ең маңыздысы Темiр қақпаға дейiн соғысытым деген сөйлемдi, Темiр қақпаға соғыстым деп тегi шылауынсыз айтатын болсақ сөйлемiмiз түсiнiксiздеу, тиянақсыз болар едi. Мұндағы ерекшелiк қақпаға деген сөздi емес, екi компонент аралығындағы абстарктылық мағынаұштастығына байланысты болып отыр.
Қазiргi қазақ тiлiнде барыс септiктi меңгертетiн шылау сөз тек дейiн тұлғасы ғана емес, тiптi контексте кейде шейiн мен дейiн шылауцының бiр – бiрiне мағыналық реңк жағынан айырмашылығы болады. Сол себептен бұлардың аффикстiк байланыстан да, басқа сөз таптарынан да ерекшеленетiн қасиеттерiнiң бiрi – синтаксистiк қатынастағы лексика – грамматикалық мағыналары. Мысалы: Мен үй келдiм деген қосымшасыз тұрған сөйлемдi алсақ, объектiлiгiне байланысты мен үйге келдiм,м мен үйден келдiм, ауыс мағынасында мен үйсiз келдiм, мен үймен келдiм  деген сияқты әр түрлi грамматикалық көрсеткiштер жалғану арқылы сөйлем мағынасын тиянақтауға, үйлестiруге болады. Ал шылауларда олай емес. Олардың қызметiн басқа сөз таптары түгiл шылаулардың өзi бiрiнiң орнына бiрi жүре бермейдi.Мысалы: Мен үй үшiн келдiм. Мен үй арқылы келдiм деген сөйлемдердегi үшiн, арқылы септеулiк шылаулардың орнына басқа шылау сөздер жүрмейдi. Шылаулар сөз құрамында емес, тiркес құрамында келiп бiлдiретiн грамматикалық мағыналармен ерекшеленедi.Бұнымен синтаксисiнiң маңыздылығын танытады. Әрбiр шылау лексемасы сөз бен сөз аралығын ғана байланыстырып қоймайды немесе өзi тiркескен сөзiне ғана қатысты болып келмейдi. Жалпы сөйлемнiң қандай түрi болмасынолардың мағынасына тәуелдi болмақ. Сөйлем «темiр қақпаға дейiн соғыстым» деп дейiн шылауымен келген уақытында ғана айналасындағы басқа сөздермен тығыз байланысқа түсiп, белгiлi бiр мақсаттағы сөйлем құруда өз дәрежесiне қатынаса алады.Мұндай көрiнiс шылау сөздер мен дербес сөздердiң тұлғалық және мағыналық жақтарынан тығыз байланысқа түсуiнiң нәтижесiнен туындайды.Мағыналық ұғымның дұрыс болуы үшiн сөздер, сөйлемдер арасында үйлесе алатын дұрыс грамматикалық байланыстың болуы қажет. Контекстiк мағыналық ұғымның дұрыс болуы ең алдымен сөздер арасындағы шылаулардың мағына қиюласуы мен ұштасуына байланысты болып келедi.
Сөйтiп шылау сөздер жеке сөздер арасын байланыстыруда ерекше қызмет атақарады. Бұндай ерекшелiктi шылаулар арқылы әр түрлi синтаксистiк қатынасты бiлдiрулерiмен түсiндiруге болады. Ал синтаксистiк қатынас – сөйлем бойына тән қасиет. Шылау сөздер осындай ерекшелiктердiң негiзiнен туындайтын сөйлемдерде алдыңғы қатарда жүредi. Себебi сөздер мен сөйлемдер арасын байланыстырудағы өрiсiнiң кеңдiгi олардың бойына тән өзiндiк қасиеттерiнен шығып жатады.Шылау сөздердiң грамматикалық жүйеде алатын орны, оның өзге де категориялық мағынаға әсерi синтаксистiк қатынаста ғана жүзеге аспақ. Олар сөз тiркесi құрамында келiп, сөйлем құрауға қатысатындығы және құрмалас сөйлем түрлерiнiң құрамында болып, әр түрлi дәрежеде қызмет атқаруыаналитикалық формант есебiнде саналады. Олардың құрылымдық сипатының өзi көпшiлiк жағдайда ондағы жетекшi сөздiң грамматикалық және лексикалық табиғатына негiзделедi. Сөздiң басқа бiр сөзбен тiркесiп, белгiлi бiр күрделi номинативтiк мәнге ие болуы ең алдымен, оның лексика – грамматикалық мүмкiндiгiнен туындайды. Сөз тiркесiн ұзақ дәуiрдi басынан кешiрген семантикалық және тұлғалық жағынан бiр – бiрiмен үйлескен сөздер ғана құрай алады.Сөз тiркестерiнiң даму барысында тiркес құрау   қабiлеттiлiгi артып, тарихи өзгерiп, мағыналық жағынан толығып кеңейедi. Негiзiнен «сөз тiркестерi тұрғысынан алып қарастыруда тiлдегi әрбiр жаңа құбылыс бұрыннан бар элементтердiң негiзiнде пайда болатындығына көз жеткiзiледi. Сол элементтердiң жүйелi байланысы мен қатынастарына негiзделедi» деген ғалымдардың пiкiрiн басшылыққа алған жөн . Сөйтiп қазiргi қазақ тiлiндегi шылаулардың толық лексикалық мағынасы бар сөздермен тiркесiп келуiн Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiндегiсiмен байланыстырамыз. Олар сөз тiркесi шеңберiнде ғана емес, сөйлем, сөйлем мүшелерi бойынша салыстырмалы түрде зерттелiнетiн болады. Сөз тiркесi аспектiсiнде қарастырылғанда тiркестiң түрлерi, формалық байланысы, сөйлем мүшелерiне қатысы анықталынады. Жалпы көне  ескерткiштер тiлiндегi шылау сөздер қандай формамен тiркесетiнiн анықтау үшiн сөйлем мағынасы мен мәтiн мазмұны шеңберiнде алып қарастырамыз. Себебi жатыс, барыс, шығыс,табыс септiктерi бiрiнiң қызметiн бiрi атқарады. Көне түркi тiлiндегi септiк парадигмада қазақ тiлiндегiдей қалыптасқан жүйелiк жоқ. Мысалы «қондуқта кiсре» тiркесi «қонғаннан кейiн» түрiнде болады.Әрi қарай талдауымызда «қонғаннан кейiн» шылаулы тiркес етiстiктiң есiмше формасынан кейiн жалғанған шығыс септiктi етiс тiркес екендiгi көрсетiледi. Содан соң шығыс септiктi есiмше формалы етiстiк сөзгк кейiн шылауы тiркесiп, белгiлi бiр фактiнiң соңынан болатын мекендiк немесе мезгiлдiк ұғымды бiлдiретiндiгi түсiндiрiледi.
Көне түркi тiлiндегi шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы да бiршама анықталынды. Жалпы шылаулар толық лексикалық мағынасы бар сөздермен тiркесiп келiп, барлық сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруға қатысқан. Соның iшiнде пысықтауыш, анықтауыш және баяндауыштық қатынаста болатындығы байқалынады. Г.Иманалиеваның «шылаулардың  басты қасиетi сөздермен тiркесiп келгенде нақтыланады» деуi негiзгi критерии. Ғалым шылаулар тiркеске сөзiне әр түрлi грамматикалық мағыналар жамап, сол тiркестi сөзбен бiрге сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруғақатысатындығын сөз еткен[41,б.150].Ендi сол шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысын қарапайым мысалдар арқылы берелiк. Мысалы:Йағру қодуқта кiсре арығ бiлiг анта өйүр ермiс – Жақын қонғаннан кейiн олардан жаман қылықты сонда үйренген едiк.Синтаксистiк амал – тәсiл бойынша сұрақ қою арқылы аталмыш тiркестiң қандай сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқаратындығын анықтаймыз. Қашан үйренген едiк? Жақын қонғаннан кейiн – мезгiл – мекен пысықтауыш сөйлем мүшесi болады. Анта кiсре iнiсi ечүсiнтег қылыңмадуқ ерiнч – Содан кейiн iнiсi ағасындай бола алмады. Қашан? Содан кейiн – бұл тiркес мезгiл пысықтауыштық қатынаста болады. Қағанын бiрле Соңа йышда сүңүсдiмiз – Қағанымен бiрге Соңа қойнауында шайқастық. Қалай шайқастық?- қағанымен бiрге – есiм негiздi тiркес, сын – қимыл пысықтауыштық қатынаста болады. Жалпы осындай сипатта шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы анықталынып отыр. Тағы бiр айта кететiн мәселе шылаулардың қасиетi жай сөйлем және құрмалас сөйлем тұрғысынан да сипатталады. Мәселен, тегi, үчүн септеулiк шылаулардың жай сөйлем және құрмалас сөйлем iшiнде қолданылуынан түсiнiк берелiк: Бiр кiсi йаңылысар, оғушы бодуны бiсүкiне тегi қыдмыз ермiс – Бiр кiсi егер жаңылса, руы, халқының тұқымына дейiн қалмас едi. Бұл сөйлем – шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Тегi септеулiгi басыңқы сөйлемде келiп, бағыныңқы  сөйлемнiң баяндауышы шарттылық мағынасымен тығыз байланыста болады. Басыңқы сөйлемдегi тiркескен сөзiне шектiк, нақтылық мағынаны бiлдiре отырып, шартты бағыныңқы сөйлемнiң себептiк  мағынасы мен ұштасып жатады. Яғни шылау сөздер құрмалас сөйлем құрамында келiп, әр түрлi қатынасқа байланысты бiр ғана компоненттiң құрамында қалмай, екiншi компонентке де әсерiн тигiзедi. Жай сөйлемдердi құрмаластыруда да шылаулардың атқаратын рөлдерi ерекше болып отыр. Олар құрамалас сөйлемнiң салалас түрiн жасауға да, сабақтас түрiн жасауға да қатынасады. Дегенмен руникалық жазбалардағы шылаулардың барлығы дерлiк құрмалас сөйлем жасауға қатынаса алмайды. Негiзiнен құрмалас сөйлем жасауға қатынасатын шылаулар екi түрлi болады. Соның iшiнде салалас құрмалас сөйлем құрамында келетiн жалғаулық шылаулар өте сирек.Мысалы: Өгүм қатун улайу өглерiм, екелерiм, келүңүнiм, кунчуйларым бунчайеме тiрiгi күң болтачы ертi – Шешем өгей қатынға iлескен аналар, жеңгелер, келiндерiм, бикештерiм мұнша және тiрi күң болар едiңдер. Ал жай сөйлемдердi сабақтастыра құрмаластыруға қатынасатын септеулiктер бiрлi – жарым ұшырасады.Жай сөйлемдердi бiр – бiрiмен сабақтастыра құрмаластыру қызметiн атқарғанда септеулiк шылаулар бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған етiстiк сөзбен тiркесiп, қабыса байланысып, грамматикалық мағынасын үстемелеп тұрады: Тәңiрi күч бертук үчүн, қаңым қаған сүсi бөрiтег ермiс, йағысы қонтег ермiс – Тәңiрi берген үшiн, әкем қағанның әскерi бөрiдей едi, жаулары қойдай едi.
Келесi бiр мәселе сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiне қатысты болмақ. Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың бiрыңғай мүшелерiн жасауы соншалықты көп кездеспегенiмен, тiлдiк қолданысында бар: Бод йеме бодун йеме кiсi йеме iдi йоқ ертечi ертi – Ел және халқы да жан және иесi жоқ болар едi. Беглерi бодуны түзсiз үчүн, табғач бодун теблiгiн күрлiг үчүн, армақчасын үчүн, iнiм ечүлi кiңшүртүкiн үчүн беглi бодунлығ йоңшүртуқым үчүн турк бодун iлледүк iлiн ычғыну ыдмыс – Бектерi халқының түзу еместiгi үшiн, табғаш халқының алдауында илағаны үшiн, өтiрiгiне көнгендiгi үшiн, iнiлi – ағалы дауласқаны үшiн, бектi халқының жауласқаны үшiн түркi халқы елдiгiнен айырылды. Руникалық жазбаларда бұдан да басқа тегi, кiсре, ру, бiрле сияқты шылаулар бiрыңғай мүшелер арасында келедi.
Келесi кезекте көне түркi тiлiндегi шылаулардың байланысу түрлерiне сипаттама берелiк. Байланыс түрлерiн анықтау үшiн де оларды сөйлем iшiнде алып қарастырамыз. Себебi жоғарыда ескерткенiмiздей көне түркi ескерткiштер тiлiндегi септiк жалғаулары бiрiнiң орнынан бiрi қызмет атқарып, тұрақсыз болып келетiндiктерi бар.Сонымен шылаулардың байланысу түрлерi мынандай болып келедi: Анта кiсре теңрi йарылқаду құтым бар үчүн, үлүгiм бар үчүн өлтечi бодунығ тiрiгрү iгiтiм – Содан кейiн тәңiрi жарылқап, бағым бар үшiн, үлесiм бар үшiн өлмекшi халықты тiрiлте көтердiм. Осы сөйлемнiң iшiнде екi шылаулы тiркес бар.Оңың бiрi «содан кейiн», екiншiсi -  «үлесiм бар үшiн, бағым бар үшiн» тiркестерi. Кесре/ кейiн септеулiк шылау синтетикалық тәсiл арқылы шығыс септiктi есiм сөзбен тiркесiп келген. Бұл тiркес байланысудың түрi меңгеруге жатады. Екiншiсi үчүн/үшiн септеулiгi аналитикалық тәсiл немесе орын тәртiбi арқылы тiркескендiктен, байланысудың түрi қабысуға жатады.Негiзiнен, меңгеру бiрле, артуқ, тапа, кесре, ру/рү, аша, тегi, ұдұ тұлғалы септеулiк шылаулар арқылы байланысады.Сол сияқты шылаулардың ендi бiрi: жанасу, қабысу, матасу болады.
Қазiргi тiлiмiздегi шылаулардың синтаксистiк құрылымы, яғни сөз тiркесi, оның түрлерi, сөйлем мүшелерi, сөйлем және оның түрлерi, олардың бiр – бiрiмен байланысу жолдары көне түркi руникалық жазбаларында кездеседi.Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн көне түркi тiлiндегi шылау синтаксисiн «үчүн» және «сайу» септеулiктерi арқылы салыстырып көрелiк: Антағынын үчүн iгiдмiш, қағанының сабын алматын йер сайу бардығ, қоп анта алқынтығ арылтығ – Мұның үшiн өзiңдi өрлеткен қағанның сөзiн қабылдамай, әр жер сайын барып, сол жерде көп алқындық, аздық.Осы сөйлемдi алып қарайтын болсақ, салаласа байланысқан құрмалас сөйлем iшiнде «үчүн» және «сайын» деген септеулiк шылау сөздерi бар. Сайу септеулiк атау тұлғалы зат есiм «йер» сөзiмен тiркесiп келген. Бiрiншiден, йер сөзiмен тiркесiп келгенде заттың үлестi түрде түгелдiгiн бiлдiредi де, өзiнен кейiнгi көсемше формалы етiстiк сөзiне iстiң тиянақтылығын және мезгiлдiк мағынасын бiлдiредi. Екiншiден, йер сайу есiм негiздi тiркес түрiне жатады. Үшiншiден, сөйлем iшiнде тiркестi сөзiмен бiрге амал пысықтауыштық қатынастығы сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқарады.Төртiншiден, шақтық мағынамен үйлеседi. Бесiншiден, қабыса байланысады. Сол сияқты үчүн сөзi де iлiк септiк есiмдiк «антағынын» сөзiмен тiркесiп келiп, мақсат,себеп мәнiн бiлдiредi. «Антағынын үчүн» тiркесi есiм негiздi тiркес түрi. Сөйлем iшiнде тiркескен сөзiмен бiрге не үшiн?, не себептi? деген сұрақтарға жауап берiп, матаса байланысып, пысықтауыштық қызмет атқарады. Ендi қазiргi қазақ тiлiнде шылау сөздердiң атқаратын рөлi қандай дегенге келетiн болсақ, оны да осы үчүн септеулiк шылауы арқылы көрсетемiз. Шылау сөздер құрамындағы өзгерiстiң барысы тiлдегi сөздердi тiркестiру қабiлеттiлiгiнен байқалып отырады дедiк. Үшiн шылауы қазiргi тiлiмiзде өзi тiркескен сөзбен келуi мынандай: негiзiнен, атау септiктi зат есiм, сан есiм, есiмдiктермен тiркесiп келедi (мен үшiн,бiз үшiн, отан үшiн, ана үшiн, бес үшiн); тәуелдiк жалғауының I-II-III-жақ формасынан кейiн тiркесiп келедi (баласы үшiн, балаң үшiн, балам үшiн, барғаны үшiн, келгенi үшiн); етiстiктiң –мас/-мес,-у формалы қимыл атауларымен және –мақ/-мек,-ған (қан,ген,кен) есiмшелерiмен тiркесiп жұмсалады (бармас үшiн, өлу үшiн, келмек үшiн, берген үшiн). Бұлардың бiрiне сеьеп – салдар, арнау мағыналарын жамаса, болымсыз есiмшелерге тiркескенде мақсаттық мағынаны бiлдiредi. Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде аталмыш шылау сөз тiркесiнде iлiк септiгiнен басқа табыс, жатыс, құралдық септiктегi  есiм негiздi сөздер мен етiс негiздi тiркестерi бар: Аны үчүн, армақчысын үчүн, бодун үчүн және етiстiктiң формаларымен тiркесiп келуi бiрмедiк үчүн, түзсiз үчүн тағы басқа осы сияқты сөздермен тiркесiп келулерi бар. Әрине қазақ тiлiмен салыстырғанда айырмашылықтары жоқ емес. 
Жалпы қорыта айтқанда көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі  шылаулар синтаксисіне осындай сипатта зерттеу жұмысы жасалынады.Ендігі кезекте көне түркі тіліндегі шылау сөздердің сөз аралығындағы грамматикалық мағыналарын көрсетіп, қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрік, түрікмен кейбір қажетті деректерге байланысты тува, тофалар, якут тілдерімен де салысытырылып отырады. Енді көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің синтаксистік қасиетіне жеке – жеке тоқталамыз.
Кісре:Кісре/кесре сөзі сөйлемнің барлығында есімдікпен тіркесіп келіп, белгілі бір іс - әрекеттің соңынан  болатын мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмт атқарады. Руникалық жазбаларында кісре сөзімен мағыналас болып келетін кідін,өтрү,ұдұ формалары кездеседі.Аталмыш тұлғалар шылау мағынасы басқа контекстік мағынада үстеу сөз табының қызметінде көріне алған.Біз тек оның шылау мағынасындағы қызметін алып қараймыз.Мысалы:
Көне түркі тілі: Селеңе кідін йылуын қол біртін сыңар Шып башыңа тегі черік ітдім(МЧ.15) – Селеңгіден кейін йылуын қолдан Шып басына дейін шеріптер қойдым. Орхон – Енисей жазба ескерткіштер тілінде кідін формасы өте аз қолданылған.Контексте шығыс септікті зат есім сөз бен тіркесіп келіп, іс – қимылдың соңынан болатын мекендік не мезгілдік мағынаны білдіріп, ойды тиянақтауға қатысады: «анта өтрү түргес қарлұқығ табарын алып, ебін йулып бармыс, ебіме түсміс(МЧ.9) – Содан соң Түргеш, Қарлұқтың тауарын алып, үйін құлатып барып үйіме келдім.Бесінч ай ұдұ келті(МЧ.15) – Бесінші айдан соң келді. » Мұнда өтрү сөзі сөйлемнің бас жағында шығыс септікті есімдікпен тіркесіп келеді де, мезгілдік мағынаны білдіреді.Ұдұ сөзінің тек сөйлемнің соңында келгендігі болмаса, атқаратын қызметтері мен беретін мағынасы кісре/кесре – мен бірдей. Аталмыш тұлғаны қазіргі жекелеген түркі тілдеріндегі кейін, соң мағынасындағы шылау сөздерімен салыстыралық. Мәселен, қазақ тілімен салыстырып қаоағанда сөздермен тіркесіп келуі жағынан айырмашылқтары бар. Кісре шылауының мағынасындағы соң формасы етістіктің есімше және тұйық етістіктің қосымшаларынан кейін тіркесіп келе береді. Кейін шылауы тікелей есімше формасымен тіркеспей , шығыс септігі жалғауын қабылдағаннан кейін ғана тіркесіп келеді. Бұндай заңдылық қазіргі түркі тілдеріне де ортақ. Мысалы:
Қазақ тілі: Іңірде соққан жел аспанды тазартып болған соң,өзі де мүлгіп кеткен сияқты.(Ә.Т.) Бұл сөлемде көне түркі тіліндегі «кісре» шылауы мағынасында жұмсалған «соң» септеулігі – біріншіден, есімше формалы етістікті тіркес. Екіншіден, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы компоненттері аралығында байланыстырушылық қызметңін атқарады. Үшіншіден, тіркескен сөзімен бірге сын – қимыл пысықтауыштық қызметін атқарады. Ал кісре мағынасындағы кейін тқұлғалы септеулік шылау сөз есімше етістіктермен тікелей тіркесіп келмейді, тек шығыс септікті сөздерден кейн ғана тіркесетін болдаы: Рахмет қоштасып кеткеннен кейін, Натальяның ұйқысы ашылып кетті.(С.М.) Қонақтар жайласып болғаннан кейін Итбай ауыз үйге шықты.(С.К.) Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде кейін шылауы іс - әрекеттің шегін білдіреді. Сәлден кейін бір мезетте лап етіп жанған жарық мені селк еткізді. (Ә.Т.) Біраз жүргеннен кейін барылдаған жуан үнмен: Мен керек емеспін ғой, Күлипа, - деді,. (С.Мұратбеков) Мұндағы «жүргеннен кейін» деген етіс негізі тіркес «жүрген кейін» болып тіркеспейді. Көне түркі тілінде бұл ерекшелік кісре, кідін, өтрү, ұдұ сөздер аралығында қалыптасқан. Е.Ағманов кісре/кідін шылау сөздердің орнына түркі тілінде аса жиі қолданыс тапқан «баса» сөзінің де кейін, соң мағынасында қызмет атқарғандығын мынандай мысалдармен дәлелдейді: «Бу сабын баса – бұл сөзден соң ; йаратдымыз анларда баса ақын будуилар (теф) – олардан соң басқа халықтарды жараттық[42,б.87].» Жалпы түркі тілінде қолданылған кісре шылау мағынасындағы баса сөзі де , шығыс септікті сөздерді меңгеріп, мезгілдік  және қимылдық мағыналар үстеп, контексте мезгілдік пысықтауыштың қызметін атқарады.Жекелеген түркі тілдерінің бірі қарақалпақ тілінде аталмыш шылау сөздер қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді.
Қарақалпақ тілі: Қасқыр малды тавусқан соң, юйге келип үлыйду.Сонуң соң шомыласың деди. Сонан кейин патша әскери мен экинши жолға кетеди. Кеш болғаннан кейин ол қарры ёзюниң тамына қайта баслады.
Түрік тілі: Топланты башладиктан сонра 10 дакина гечти. Дендүктен сонра йемек йейеджеғиз.
Сонымен көне түркі тілінде қолданылған кейін,соң шылау мағынасындағы кісре (кідін, өтрұ, ұдұ) септеулік шылау сөзі тіркескен сөздерді мезгілдік, мекендік, сын – қимыл грамматикалық – семантикаларын білдіреді.
Тапа: Тапа сөзі – барыс септікті меңгеретін таман, қарай мағынасындағы септеулік. Орхон – Енисей жазбаларында бұл сөз де бірде үстеу, бірде шылау қызметінде болады. Біз тек оның шылау мағынасындағы синтаксистік қызметін алып қарасырамыз. Шылау мағынасындағы қызметі өзінен кейінгі тіркесетін етістікке байланысты болады. Мысалы:
Көне түркі тілі: Тапғач тапа сүледім, тапа сүңіштім сияқты еістіктермен тіркесіп келгенде, үстеу мағынасында болады. Ал мынандай тіркестерде шылау қызметінде жұмсалады: Анча барс йылқа чік йорыдым (МЧ.19) – Бұдан соң (иеленіп) барыс жылы чікке қарай аттандым. Кеңерес тапа барды (КТү.39) – Кеңереске таман (қарай) барды.Ол йылқа түргіс тапа Алтун йасығ тоға ертіс үкүзік кече йорыдымыз (КТү.36) – Сол жылы Түргешке қарай Алтын тауынан өтіп, Ертіс өзенін кешіп өттік. Қарлұғ тапа тезіп кірті (МЧ.34) – Қарлұққа қарай қашып кетті. Негізінен, зат есім сөздермен тіркесіп келіп, объектілік бағыт – бағдар мағынасын білдіреді және өзінен кейін тіркестен етістік сөздің іс - әрекетін кеңістікте өтетіндігін меңзейді. Тапа шылауы 11-12 ғасыр жазбаларында тапа/таба түрінде кездеседі: Менің таба келді (МҚ.) – Маған қарай келді. Баққыланын табару (МҚ.) – Сол (кісі) жаққа қарай. Бір күн бу оғлан өз еві таба барур эрді (Тев) – Бір күні бала өз үйіне таман жүріп еді. [42,б.191]. Дәл осындай көрініс «Жами – ат – Тауарихта» да кездесетіндігі айтылған [43,б.53]. Жалпы қарсылық мәндегісін қоспағанада, ескерткіштер тілінде бағыттық, мекендік мағынасын тіркескен есім сөздеріне үстемелеп отырған. Енді қазргі түркі тілдеріндегі тапа шылауымен тұлғалас, мағыналас сөздердің синтаксистік қызметіне назар аударалық.
Қазақ тілі: Оспан Абайдң ығына таман шалқая отырып, иығы мен басын жүкке сүйеп қалғып кетті.(М.Ә.) Бері таман келіңіздер жолдастар деді ол. (А.Бек.Арпалыс)
Түрік тілі: Гидтилер кенан тапа.
Түрікмен тілі: Ол колхозчыларын арасында дуру билман , кенбесине тарап уграды.
Шор тілі: Мен каяга тебе аттым .
Қарақалпақ тілі: Тюске таман шомылып келейик – деп кемпир қызға айтады.Сыйыр тоғайға таман кетти.
Қазақ тілінде де дәл осындай формада беріліп, барыс септкті есім сқздермен тіркесіп, белгілі бір бағытты және мезгілдік қатынасты білдіреді.
Орхон – Енисей жазбаларындағы тапа шылауы тек зат есім сөздермен тіркесіп келсе, қазіргі қазақ тілінде зат есімді мезгіл атауларына (түске таман, кешке таман), көмекші есімдереге (қасына таман, үстіне таман), есімдіктерге (оған таман, бізге таман) және үстеу (жоғары таман, ілгері таман) сөздерге тіркесіп келеді де әр түрлі грамматикалық мағыналарын білдіреді. Аталмыш тұлға сөйлем мүшелі қызметі жағынан өзгеріске ұшыраған жоқ. Көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де тіркескен сөздермен бірге жанама пысықтауыштық қызмет атқарады. Білге қаған ескерткішінің 14-ші жолында таман тұлғалы сөз кездеседі. Бірақ оның адынан келетін сөздер өшіріліп қалған сол себептен таман сөзін нақты шылау деп көрсету қиын және басқа ескерткінштерде жоқ. Т.Қордабаев зерттеу еңбегінде 15-18 ғасыр материалдары бойынша тапа шылауының таба тұлғасында келіп, атау тұлғалы және барыс септікті сөздермен тіркесіп іс - әрекеттің мекендік немесе мезгілдік бағытын білдіретіндігін және атау тұлғалы сөздермен тіркесіп кеолуінен гөрі, барыс септікті сөзбен жанасуы сирек кездесетіндігін түсіндіріп дәлелдеген[43,б.53]. Жалпы тапа шылау сөзінің қарсылық мәнде үстеулік қызметін қоспағанда, шылау есебінде мағыналық, тұлғалық және қызметі жағынан ізін жоғалтпай түрленіп, кеңейген түрде бүгінгі тілімізге жетіп отыр.
Үчүн: Үчүн формасы ескерткіштер тілінде ең көп кездесетін шылау деп есептелінеді. Көне түркі тілінде қолданылған үчүн септеулік шылау сөзі қай кезеңде болмасын лексика – грмматикалық мағынасы мен атқаратын қызметтері бірдей болып келеді. Орхон -  Енисей жазба ескерткіштер тілінде есім сөзден сын есім жасайтын – сыз/-сіз қосымшалы сөзбен және зат есім жасайтын – лық/-лік қосымшалы сөзбен тіркесіп келуі бар. Бұндай құбылысты 20 – ғасырдың бас кезіндегі баспа сөз тілімен ұштастыруға болады. Көне түркі тілінде «бар,жоқ» модаль сөздерімен тіркесіп келгенде де шығыс септігінің орнына жүреді: өзім құтым бар үчүн қаған олуртым (КТк.9) - өзімнің құтым барынан қаған болып отырдым. Мүнда құрмалас сөйлемнің басыңқы компонентінің соңында йоқ деген модаль сөзімен тіркесіп, мақсат мағынаны білдіреді. Құрмаас сөйлем ішінде бірыңғай мүшеоер құрамында келіп, себеп – салдар мағынасын білдіреді. Синиаксистік анализ жасау барысында шығыс септігінің морфологиялық – семантикасын жоғарыда көрсетілген үшін септеулігі атқара алған. Бұл тұлға жекелеген түркі тілдер көпшілігінде негізгі формасын, қызметін, мағынасын сақтап қолданылады. Мысалы:
Түрік тілі: Бу китабы сенен ичин алдық. Бурайа биркач саад ичин гелдим. Азизи гөрмек ичин гелдик.
Қарақалпақ тілі: Дәри алув ушын аптекаға барып келдим. Ол қалтаның тюби тесик болған ушын жиидени қанша салса да қалтасы толмайды.
Түрікмен тілі: Бабалы үчин атланман, гоюнлары үчин атланыпдыр. Олар сениң билен танышмак үчин Ашгабад ялы ерден гелипдир[44,б.407]. Осы тілдің баспа стилінде үшін сөзінің мағынасында «өтри» тұлғалы лексема қолднылады делінген. Үчин шылауы қарақалпақ тілінде үшын/ушын формаларында келеді. Көне түркі тілімен салыстырып қарағанда тіркесетін сөздердің грамматикалық көрсеткіштері арасында қазақ тіліндегідей айырмашылықтар бар.Негізінен, атау , ілік септік, көптік жалғауы , зат есімдер, есімдіктер, есімше формаларымен және тұйық етістікті сөздермен тіркесіп, мақсат, себеп қатынастарынан алшақтайды. Зерттеу барысында синтаксистік қарым – қатынаста қазақ тіліндег үшін шылауының көне түркі тіліндегі үчүн шылауынан мынандай ерекшеліктері бары анықталды.
Қазақ тілінде атау септігінде қолданылуы активтенген.
Етістіктің формалары жағынан тіркесіп келулері жағынан ұлғайған.
Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері аралығында грмматикалық көрсеткіштері тиянақталған.
Тәуелдік жалғауының көпше – жекеше түрлерімен тіркесуі жаңа тұлғалармен түрленген.
Тілдің даму барысында тіркесті сөздер әсерінен күрделі септеулікиер қалыптасқан.
Тегі: көне   ескерткіштер тілінде тегі шылауының барыс септікті жай септеу, тәуелді септеу жалғауларымен тіркесіп келуі басқа шылау тіркестірімен салыстырғанда қазақ тілінің нормалық дәрежесімен сәйкес. Бұл тұлға – орхон жазбаларындағы барыс септікті меңгеретін шылаулардың бірі. Ескерткіштер мәтіндерінде үчүн шылауынан кейінгі актив қолданылған септеулік шылау. Мысалы:
Көне түркі тілі: Темір қапығқа тегі сүледім.(КТү.4) – Темір қақпаға дейін соғыстық. Сол сияқты: Йазыққа тегі – жазыққа дейін, ерсенке тегі – ерсенге дейін болып келеді. Мысалдардан көріп отырғанымыздай қазаргі қазақ тіліндегідей көне түркі тілінде де барыс септікті сөзді етістікпен байланыстырушы септеулік шылауладың бірі болып отыр. Тегі шылауы тіркескен сөздің мағынасымен бірге іс - әркекеттің таралатынын, жететін шегін немесе бітер мезгілін білдіреді. Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің барлығында тек барыс септіктегі зат есім сөздермен тіркесіп қолданылған. Қазіргі қазақ тіліндегі тегі шылауы тек әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі жағынан ерекшеленеді.
Қазақ тілі: Ертеңге дейін ұстаудың жөні тағы жоқ.(С.Мұратбеков) Олар бөктер айналып жеткенге дейін, мына төтксімен сіздер де барып қаласыздар.(М.Ә.) Соңғы сөйлемде бағыныңқы сөйлемінң соңында келіп, бсыңқы сөйлеммен байланысып, іс - әрекеттің мезгілдік шегін үстейді.     
Қарақалпақ тілі: Ол азаннан кешке дейин отурады.Мұндай қызды хеш кин де усу вақытқа дейин көрмеген. Тегі шылауы бұл тілде де қазақ тіліндегідей дамып, дейин тұлғасында қолданылып жалғасын тапқан.
Көне түркі тілі:Бод йеме будун йеме кісі йеме іді йоқ ертечи ерті(Тон.60) – Ел және халық та, жан да ел болмас еді. Бұл сөйлемде «йеме» сөзі бірыңғай сөздерді байланыстырып, топтастыру мағынасын үстейді. Йеме сөзінің нрамматикалық белгілері әр түрлі болады. Та/де демеулігінің мағынасына келгенде күшейткіш мәнлі үстейді де, жалғаулықты және шылау қызметінде болған да байланыстырушылық қасиеттерімен бірге топтастыру мағынасында білдіреді: Біз йеме сүледіміс (Тон.44) – Бізде соғыстық. Йағачылы йеме бен ертім (Тон.50) – Бастаушысыда мен едім.(КТү.49)
Жалпы көне ескерткіштер тілінде йеме тұлғасы жай сөйлеммен құрмалас сөйлемнің құрамында болып, есім сөздер арасын байланыстырушы жалғаулықты шылау сөздер болып отыр. Тілдің даму үрдісінде өзара тең бірыңғай сөздер мен сөйлем араларындағы әр қилы білдіретін жалғаулықтар қатарына қосылған.Қазіргі қазақ тілінде йеме мағынасындағы және жалғаулық шылауы бір жақты қызмет атқарады. 
Қазақ тілі: Мал да, мақта да он есе, жүз есе молайатын болсын және тез болсын! (Ғ.Мүсірепов) Отырып әңгімелескендей үлкен жұмысым жоқ және ұзақ отырып сізбен кеңес құрып отыратын уақытты тар.(Х.Е.)
Қарақалпақ тілі: Сол байдың бир балтасы жана бир қылышы қалды. Оны алып баяғы майек алған жигитке барады. Джане бахар келди, джане құслар келди. Бұдан қарақалпақ тілінде йеме формасының джане, жане тұлғаларында жіңішке, жуан варианттары мен қолданылатындығын көреміз. Орхон – Енисей жазбаларында йеме шылауының сөйлем басында келуі кездеспейді. Бұл қазіргі түркі тілдеріндегі ерекшелік. Аталмыш шылаудың орын тәртібі мәселесін айтпағанда, көне түркі тіліндегі қолданысы қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді. Ал қарақалпақ тілінде аталмыш шылаудың орын тәртібі ерекшелігінен  басқа аффрикат дыбыспен келуі жағынан ерекшеленеді. Жалпы және жалғаулығы байланыстырушылық қызметінде ғана көрінбей  әр түрлі дәрежелі компоненттер аралығында келіп, үдетпелі, үстемелі және біріктіру мәнін білдіреді. Йеме шылауының осындай дәрежеде қолданылуы қазіргі түркі тілдерінде:башқұрт хәм ; ноғай ім; гагаус хәм; өзбек, түрік, түрікмен, ойрат, тува сияқты тұлғаларында келіп, және жалғаулық шылау қызметін атқарады.
Сайу: Сайу – көне түркі тілінде кездесетін септеулік шылаулардың бірі.Қазіргі қазақ тілінде «сайын» тұлғасында қолданылады. Сайу шылауы көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде төрт жерде қолданылғын. Аталмыш тұлға сирек кездескенмен, істің мезгілін және заттың үлесті түрде түгелдігін білдіреді. Мысалы:
Көне түркі тілі: Йер сайу бардық.(КТк.9) – Жер сайын бардық. Ол оқ түн бодунун сайу утумуз (Тон.42) – Сол түні ел - ел сайын елші жібердік. Сайу септеулік шылауы йер және будун (жер және халық) сөздерімен тіркесіп қолданылған. Бұл сөздермен тіркесіп келгенде беретін мағыналар мен қызметтері қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді. Енді мұны қазақ тіліндегі сайын септеулігімен салыстыралық. Оның зат есімдермен тіркесіп келуі көне түркі тіліндегісімен сабақтасады.Бірақ формалармен тіркесіп келуінде өзіндік ерекшеліктрі бар.Мәселен, қазіргі тілде сайын шылауы тек атау тұлғалы есім сөздерді етістікпен байланыстырады. Әсіресе, етістіктің есімше категориялы сөзімен келеді. Сайу көне түркі тілінде қосымша жалғанаған зат есіммен тіркесіп келеді. Мұны жоғарғыдағы келтірілген  мысалдардан көруге болады. Екінші бір ерекшелігі қазіргі тілімізде мезгілдік қатынаста жұмсалады.
Қазақ тілі: Жоңылған теміт шаммен шағылысып жарқылдаған сайын, оның көзі де жалт – жұлт етеді.(Ғ.М.) Мына бір сөйлемде үдету мағынасын білдіреді. Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын зымыраған поезд көр де қараңғы түнге сүңгіген сайын вагон ішіндегілер бір – біріне жабыса түсті.(С.М.)
Қарақалпақ тілі:Сен джазған сайын джазғың келеди; саат сайын, хар күн сайын осы сияқты тіркестер құрамында келіп, іс - әрекеттің үдетпелі, мезгілдік мағынасын білдіреді. Кейбір түркі тілдерінде басқа тұлғадағы сөз сайу/сайын мағынасына жұмсалады. Мәселен, түрік тілінде hар сөзі қызмет атқарады. Жалпы жекелеген түркі тілдерінің көпшілігінде сайу септеулік шылау синтаксистік қатынас жағынан мағынасы мен қызметі өзгермей, тек дыбыстық алмасуларынан ғана ерекшеленіп қолданылады.
Бірле: көне ескерткіштер тілінде бірге шылау мағынасындағы бірле тұлғалы септеулік шылау қолданылған. Көмектес септігімен және жасырын және ашық түрде тіркесіп келіп, бірлестік, ортақтық мағынаны білдіреді. Мысалы:
Көне түркі тілі: Бұл йерде олуруп, табғач будун бірле түзелтім.(Ктк.4) – Бұл жерде отырып, табғаш халқымен бірге дұрысталдым. Інім Күлтегін бірле, екі шад бірле өлү – йітү қазғантым(КТү.27) – Інім Күлтегінмен бірге, екі уәзірмен бірге өліп – талып құрадым.Қағаным бірле Соңа йышда сүңішдіміз(КТү.35) – Қағанымен бірге Соңа қойнауында шайқастық. Бұл мысалдардан бірле сөзінің әр түрлі тіркесін көруге болады. Алдыңғы екі сөйлемде жасырын тұрған көмектес септікті будун, Күлтегін сөздерімен тіркесіп келіп, оның мағыналарымен ұштасып, ортақ, бірлестік мағынаны білдіреді. Ескерткіштер тілінде бірле шылауынсыз- ақ көмектес септігі қолданылады.
Якут тілі: Якут тілінде бірле мағынасындағы қатар тұлғасы контекске байланысты бірде үстеу, бірде шылау мағынасында келеді. Көмектес септігімен тіркесіп келгенде шылау сөзі ретінде болатындығы айтылды: вейевин қтар ст! – ложись со мною! Ининие дилдин қтар – как только он сказал это с этими его словами. Якут тіліндегі қтар сөзі – қсзақ тіліндегі бірге, қатар шылау сөздері. Тува тіліндегі кады шылауы да қтар, қатар, бірге мағынасында қолданылады. Бірақ жазылу нормасында өзіндік ерекшелік бар. Көмектес септігі бұл тілде дефис арқылы жазылады: Мен сээң – биле кады черуур мен – я поеду вместе с тобой. Сонымен қатар кады шылауынсыз жеке де беріледі: акшаны почта – биле чоруж: телефон – биле медээле. Көне түркі тіліндегі якут, қазақ және дефис пен келетін тува тілдерінде көмектес септік жалғаулары бар. Бірле/бірге септеулігінің орнына мағыналас қтар, кады тұлғалары көмектес септікті сөздермен тіркесіп бірлестік мағынасын білдіреді.Түркі тілдерінің көпшілігінде көмектес септік мағынасындағы биле,билан,иле, менән,бла сияқты тұлғалар дербес қолданылып, бірле/бірге септеулігімен тіркесіп келеді.
Өзбек тілі: Шу билән бирга депутат хаетнинг энг долзарб, қайноқ нұқталарида ахоли билан бирга булиши шарт. (И.А.Каримов) Бута танхо ва шу вилан бирга дунгликда унинг ёеверида жон асари куринмас эди.
Түрік тілі: Евде пек чок ишлири вар, кызы иле берабер бунлара бакыйор. Кейде өзіндік заңдылықтарына сәйкес көмектес септігі есебенде сөзге қосылып жазылады. Алийле берабер дөнүййорум; аркадашыйла берабер чалышыйор .
Түрікмен тілі : Даң саз берен вагты Айна билен биле ерлап учарын. Артык  шәриклери билен биле чәжи дикелдип, дашыны табанлады.
Жалпы бірле септеулік шылауы көмектес септікті есім сөздермен жасырын және ашық түрде тіркесіп келіп, іс-әрекеттің орындалу барысында ортық бір бірлестік мағынасын білдіреді.
Қоды: көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде өте сирек кездесетін шылаулар бар. Олардың кейбірі қазіргі қазақ тіліндегі шылау сөздер қолданысынан шығып қалған. Бұндай көне түркілік шылау сөздер жекелеген тілдердің кейбірінде ғана қолданылады. Мәселен, руникалық жазбаларында қоды тұлғалы септеулік шылау кездеседі. Ескерткіштер ішінде Тонйұқұқ, Білгеқаған, Мойын Чорда бір-бірден және Ырық бітікте екі рет қолданылған мысалы:
Көне түркі тілі: Селене сықа санчдым йазы қылтым үкісі Селеңе қоды барды (МЧ.16) – Селеңге сыға шаныштым, теп-тегіс қылдым, көпшілігі селеңгі бойымен бпрды. Ол суб қоды бардумыз (Тон. 27 ) – сол су бойымен бардық. Бұл сөйлесдерде қоды сөзі тек су немесе өзен атауымен тіркесіп келеді де белгілі бір көлемнің шеңберін қамтитын мағынаны білдіреді. Қоды септеулігін басқа тілдермен салыстырп қарағанымызда тофалар, тува, чуваш тілдерінде қоды сөзімен тұлғалас мағыналас куду, худа, ката, қуйқ/қойы тұлғалары бары анықталды. Мұны тофалар тілін зерттеуші ғалым В.И. Рассадин септеулік шылаулар қатарына қосып, мынадай мысалдармен берген «тоьш куду чжораан- шел по льду, чер куду – по земле, чу душ куду – по какому случаю.  » Мұндағы куду сөзі көне түркі қоды сөзінің тура мағынасында болмасада, алғаш бойы мағынасынан болғандығын аңғаруға болады. Көне ескерткіштер тіліндегі бойы шылауы мағынасында көрінуінен мысал келтірейік: Тоған құш тәңірдің қоды табушған тіпен қапмыш (Ыб.66 )- Бүркіт аспаннан ағызған бойы қоянды теуіп қапты.
Қазақ тілі: Кеңестің қазмойын қаралары қайта оралып, екпінін жазбастан ағызған бойы құлыпқа тіреліп әрен тоқтады. (Ғ.М.) Большевик колхозшылары мәшинеден түскен бойы Әбенді ортаға алып, жамырасып амандасып жатыр (Ғ.М.) Көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де қоды/бойы шылауы есімше формалы етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің белгілі бір мерзімін күй қалпын, таралу шек мағынасын білдіреді. Орхон жазбаларындағы қоды септеулік шылау бойы тұлғасында басқа да қазіргі түркі тілдерінде қолданылады.
Түрікмен тілі: Бу болса шахырын  өмүр бойы эден арзувыды (Б.Сәйтәков) .
Ноғай тілі: Түн бойы ийтлер үрип шыктылар. Сав йыл бойы оннан хабар – тебер келмей тұрды.Аталмыш тілдерде бойы септеулігі көне түркі тіліндегі қоды шылауының мағынасында болады. Бойы тұлғасы көбінесе атау тұлғалы мезгіл мәнді зат есімдермен тіркесіп келіп, белгілі бір мерзімнің бас-аяғын қамтитындай мағынада жұмсалады.
Ба/му: Орхон-Енисей жазбаларында өте сирек қолданылса да сұраулық демеулік шылауы кездеседі. Оны көрсетілген тұлғалары Ба/му түрінде болып келсе, қазіргі қазақ тілінде сұраулық демеулік ма/ме,ба/бе,па/пе форамаларында қолданылады. Ескерткіштер ішінде Тонйұқұқ пен Ырық бітігте ұшырасады. Мысалы:
Көне түркі тілі : Екі үч бің сүмүз келтечіміз бар му не ? (Тон.14)- екі –үш мың қолмен келмекшіміз мүмкін бе? Қаған му қысайын тідім (Тон.5)- Хан қылайын ба ? – дедім. Жалпы ескерткіштер тілінде аз қолданылса да, контексте қолданылу ретіне қарай әр қилы грамматикалық формадағы әр түрлі сөз топтарына қатысты сөздерімен тіркесе беретіндігімен ерекшеленеді. Дегенмен қазақ тілінде қолданылу аясы өте кең түрде болатындығы белгілі мысалдардан көріп отырғанымыздай  ба/му  сұраулық демеулік бар, қаған, қатығды деген сөздер мен әр түрлі шепте тіркесіп келген. Яғни орын тәртібі жағынан да ерекшелігі байқалады. Қазақ тілінің ауыз екі сөйлеу мәнісінде бұндай қолданыстардың бары анық. Тілдік нормада да айтылатын ойға байланысты барлық сөйлем мүшелерінің қызметінде көріне алады. Жалпы кез-келген сөйлем мүшесі мен тіркеске түсуі - өзіндік синтаксистік еркешелігі. Негізгі сұраулық мағынасымен бірген күдіктік, қалау мәнін де білдіреді. Атылмыш форма тілдік жүйедегі мағынасын жоғалпайды. Ма/ме сұраулық демеуліктер жіктік жалғаулық сөздерге тіркеседі. Олар жіктік жалғауынан бұрын келгенде мы/мі болып өзгереді, сонан соң жіктік жалғауын қабылдайды . Әрине, бұл құбылыс барлық жағдайда бола бермейді. Егер ма/ме жалпы осы шақта айтылған сөсздермен, келер шақ етістіктермен, бар,жоқ модаль сөздерімен келгенде және бұлар екінші жаққа қаратылып айтылғанда аффикстік элементке айналады.
Қазақ тілі: Үйден шықсаң, адасып кетемін деп қорқамысың ? (Ғ.М.) Суға кетіп барамысың, жармаспашы ! (Ғ.М.) Орхон жазбаларында бұндай қосымшаға айналу процесі жоқ. Бірақ көне түркі ескерткіштер тілінде ба/му сұраулық демеуліктің мағынасында ғұ/гу тұлғасы көріне алған: Азу бу сабымда ігіт бар ғу?(КТк.10) - әлде бұл сөзімде жалғандық барма ? Бұндай қолданыс сөйлеу қарқынының әсерінен ғу (ғой) демеулігі сұраулық мағынасында жұмсалған. Бұл қазіргі қазақ тілінде де ұшырасады: Манағы бақшаны көрдіңіз ғой (бе) ? – деді Маралы (Ә.Т.)
Орхон жазбаларындағы ба/му тұлғалары  әр түрлі дыбыстық варианттармен туыстас тілдердің барлығында қолданылады. Оның бір ерекшелігі кейбір тілдерде дефиспен жазылады.
Қарақалпақ тілі: Алдағыларда болувға джарысасаң ба? Қыз-ба, ул-ба, хав жилли-ми сең, белген соң, елюп қалмай ма? – десе де тыңламады. Қарақалпақ тілінде дефиспен жазылғаны болмаса, мағыналық қызметі және тіркесті негіздеріне байланысты сөйлем мүшелерін атқаруы қазақ тілімен ұқсас болып келеді. С.В.Ястремский якут тіліндегі ма/му демеуліктің  мағынасындағы «нии, дуо/дуу» тұлғаларын сұраулық демеуліктер деп қарастырады: «Вар улени тияқе найлатң нии ? – всю работу ты на меня навалил, не так ли ? Ақаллң дуо ? – принес ли ты ? , ақалла дуу ? – ақалвата дуу ? – принес ли он или нет ?  ». Ғалым якут тілінде сөйлеу темпінің әсерінен ғу тұлғасының    ба/му мағынасында көрінуі сияқты қолданыстардың барын айтады. Сонымен қатар қазаргі қазақ тіліндегідей негізгі мағынасымен бірге қалау, белгісіздік мәндерінің барын көрсетеді. Негізінен, сөйлем аяғындағы сөздердің тұлғаларын талғамай жалғанатын қасиетімен де ерекшеленеді. Түрікмен тілінде ма/ме сұраулық демеулігі сөз құрамында келеді.
Түрікмен тілі: Ә, батыр гыз тора дүшдүңми ? (А. Дурдыев). Шу юрда мени әкеленем сизми ?; басым гелерсиңми? Хий, Огулнәзиге – де олар ялы сөзи айдып бормы?
Жалпы ма/бе сұраулық демеулік шылау сөздің қазіргі қазақ тілінде негізгі мағынанысынан басқа тіркескен сөздердің тұлғысына, лексикалық мәніне, ойдың қатысына,дауыс әсеріне байланысты күмәнділік, мақсаттылық, белгісіздік, қалау тағы басқа осы сияқты қолданыстың мәндері болатындығын Ы.Шақаманова өз ғылыми зерттеу еңбегінде анықтаған болатын[10,б.26].
Ғұ/гү/күк:Ғу/гү/күк тұлғалы демеулік шылаулар  - қазақ тіліндегі нақтылау мәніндегі қой/ғой тұлғаулы демеуліктер. Көне түркі тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары бірдей. Күлтегін ескерткішінде қой/ғой шылауының мағынасы ғұ/гү тұлғаларында келсе, Тонйұқұқта күк формасында қолданылған. Мысалы:
Көне түркі тілі:Бізні өлүртечі күк тіміс (Тон.30) – Бізді өлтірмекші ғой деді.Айғучысы білге ерміс, кач ерсер өлүртечі күк (Тон.21) – Ақылшысы білгір екен, қашсақ егер өлтірмекші ғой. Теңрі йарылқады йандуқ,үгүзке түсді йандук йолта елті күк (Тон.16)  - Тәңірі жарылқады жеңдік, өзенге түсті жеңдік, жолд және өлді ғой. Бұл сөйлемдерде күк демеулігі өлүртечі, өлті етістік сөздермен тіркесіп келген. Салалас құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарында келіп тіркескен сөзіне күдіктік мағынамен қоса нақтылықты білдіреді. Бұл формалардың руникалық жазбаларда сұраулық мәнде болатындығын айтқанбыз: Бөдке көрүг ме беглер гү йаңылтачысыз? (КТк.11) – Таққа құмар бектер жаңылыстыңдар ма? Көне түркі тіліндегі бұл қасиет қазіргі қазақ тілінде де кездеседі.
Қазақ тілі: Әйтпесе елдің есіл еңбегі далаға кетеді ғой – дейді Мералы ойлана кідіріп…(Ә.Т.) Жүрісі бпяу болғанмен бұл күрделі күштің белгісі ғой. Бізге әлі сөз берілген жоқ қой деп едік. (Ғ.М.) Мұндай да тыныш мәшине ғой.(Ғ.М.) Осы сияқты етістіктің ашық рай формасына көсемше, есімше, модаль сөздерге тіркесіп, ңықтау, тұжырымдау, таңырқау, өкіну сияқты мәндерін білдіреді: Манағы бақшаны көрдіңіз ғой? – деді Мералы.(Ә.Т.) Бұл сөйлемді «Манағы бақшаны көрдіңіз бе? – деді Мералы» деп те айтуға болады. Бірақ алғашқысында сұраулық мәнімен бірге нақтылау мағынасы бар да, соңғысында ерекше стиліне байланысты айтсақ, нақтылаудан гөрі сұраулық басым болып келеді. Көне түркі тілінде осы негіз мағынасында көрінуі, әсіресе, бірінші сөйлемнен анық байқалады. Аталмыш демеуліктер қазіргі қазақ тілінде және басқа да жекелеген түркі тілдерінде актив қолданылады және сөз тұлғасын талғамай тіркесе береді.
Қарақалпақ тілі: Палапанларына келип – адам заттың ийиси бар ғой, қайақта- деп сорайды. Соннан батыр астапрулла кёп уйухьлап кеткен екен мен- ғой деп тюрегелди. Қарақалпақ тілінде сөздер соңынан дефиспен жазылады және қой/ғой/ғо варианттарында қолданылған. Бар, жоқ деген модаль сөздермен және етістіктің формаларымен тіркесіп, нақтылық мағынаны білдіреді.
Қына: Орхон – Енисей жазба ескерткіштер тілінде шектік мәнді білдіретін демеулік шылау кездеседі. Ол бір вариантты болып келеді. Қазақ тілінде қына формасының қана/ғана деген тұлғалары бар.Олардың лексика – грамматикалық мағыналары да сөйлем ішінде атқаратын қызметтері де бірдей. Бірақ ескерткіштер тілінде қына демеулігі өте сирек қолданылған. Күлтегін үлкен жазу мен Тонйұқұқ мәтіндерінен ұшырасады.Мысалы:
Көне түркі тілі: Аз қына түрк будун йорыйор ерміс(Тон.9) – Аз ғана түркі халқы көшуші еді. Улығ Іркін аз қына ерін тезіп барды(КТү.35) – Ұлық Іркін аз ғана ерлерімен қашып кетті. Бұдан басқа ескерткіштер тілінде кездеспейді. Қына демеулік шылау мөлшер мәніндегі аз сөзімен тіркесіп шектеу мағынасын үстейді. Қына демеулігін туыстас тілдердегі формаларыммен де салыстыралық:тофалар тілі кыня, башқұрт тілі кына/ғына,кенә/генә, түрік тілі қына/кинә, қараим тілі ғына, қарақалпақ тілі ғана сияқты дыбыс алмасулармен келіп, қана/ғана демеулік шылауының қызметін атқарады.
Қарақалпақ тілі: Бұл тек басланғаны ғана, джалғыз сол ғана кемис кеше ғана еңбеклеген бола едиң ғой. Қарақалпақ тілінде көне түркі тіліндегідей бір вариантта қоданылады. Есім, етістік негізді сөздермен тіркесіп, шектік, тежеу мағынасында жұмсалады.
Өзбек тілі: Хосият хола қуртхонадан ғана олиб чиқаетиб, килинига кузи тушди.
Қазақ тілі: Жәй ғана сөйлеседі. Аздап қана, - деді қызара күлімсіреп.(Ә.Т.) Әбден орта бойлы, ашаңдау, отызға жаңа ғана йек артқан, аз ғана шүңіректеу қара көздері бір нәрсеге қадала қарайтын жіліт еді. (Ғ.М.) Осы сияқты тұйық етістік, есімше, көсемше, зат есім қосымшалы сөздермен тіркесіп келеді. Жалпы қазіргі қазақ тілінде ең актив қолданылатын демеуліктердің бірі болғандықтан, негізгі шектеу мағынасын басқа тежеу, өкіну, аңғармау сияқты қолданыстық мәндерін үстемелеп тұрады.
Аша: Ескерткіштер тілінде өте сирек кездесетін шылаулардың бірі аша/аса тұлғалы септеулік шылау. Орхон-Енисей жазбаларының ішінде Күлтегін, Білге қаған және Тонйұқұқта кездеседі.Мысалы:
Көне түркі тілі: Көгмен аша қырқыз йеріңе тегі сүледіміз(КТү.17) – Көгменнен аса қырғыз жеріне дейін соғыстық Алтын йысығ аса келтіміз (Тон.37) – Алтын қойнауына аса келдік. Білге қаған ескерткішінеде де йышығ сөзімен тіркесіп келген. Жалпы бұл сөйлемдерде аша/аса тұлғалары шығыс септікті зат есім сөздермен тіркесіп, іс - әрекеттің бағыт – мекенін білдіреді. Қазіргі татар, башқұрт, түрік тілдерінде аша тұлғасында қолданылады. Сөйлем ішінде атқаратын қызметі мен тіркестегі мағынасы да көнедегідей.
Түрік тілі: Өмри олсун йүз йылдан аша. Аталмыш септеулік шылау шығыс септігімен тіркесіп, мөлшер мәнін үстемелейді. Сол сияқты Н.К.Дмитриев башқұрт тілінде тау аша, урман аша, телеграф аша есім негізді тіркеспен келетіндігін көрсеткен.Қазіргі қазақ тілінде аша септеулігі басқа шылаулармен салыстырғанда актив қолданылмайды. Алайда көне түркі тілдеріндегідей мағынсында жалғасын табады: Ойға қарай ғана ағуды білетін өзендер қияға шапшып, асқар таулардан аса құлап барады. (Ғ.М.) Қазіргі қазақ тілінде де шығыс септікті зат есім сөздермен тіркесіп, іс - әрекеттің өтетін орнын, мекенін, мөлшерін білдіреді.
Азу: Көне ескерткіштер ішінде Күлтегін кіші жазуында ғана қолданылған азу формалы шылау сөзі кездеседі. Зерттеп қарастырғанымызда аталмыш тұлға тофалар тілі мен тува тілінде ғана сақталған. Оның тұлғасы да, беретін  мағынасы да руникалық жазбасындағы азу тұлғасымен сәйкеседі. Қазақ тілінде азу сөзінің мағынасы мен қызметін әлде тұлғасындағы жалғаулық шылау атқарады. Енді көне түркі тіліндегі қолданысын анықталық. Мысалы:
Көне түркі тілі:Азу бу сабымда ігіт бар ғу?(КТк.10) - Әлде бұл сөзімде жалғандық бар ма? Әлде талғаулықты жалғаулық шылау сөзіне қатысты сөздің алдына келіп қолданылады. Бұл лексема мейлі сөйлемнің ортасына болсын, мейлі соңғы шебінде болсын мағынасын үстейтін сөздің алдына келеді. Көне түркі тіліндегі азу сөзінің сыртқы формасы өзгертілгенмен, синтаксистік қатынас арқылы оның мағынасы мен қызметтері анықталып отыр. Азу жалғаулық шылау бу сөзінің алдына келіп, негізгі талғаулық мағынасымен бірге, ойға қатысты оқиғалар мен іс - әрекеттің шындығына я көмескілігіне күмән келтіру мағынасын білдіреді. Азу жалғаулық шылауын қазіргі тофалар мен тува тіліндігісімен салыстырайық.
Тува тілі: Азы тұлғалы болып келеді: Ховуда бараан көстүр, мал бе азы хараган бе, ылгавайндар мен – В поле что – то виднеется, не различаю: скот или караганник? Сугга дүже бержик ирги бе азы каржы бөрүлер алгаш баржыктар ирги бе ? – Утонул ли он в воде или утащили его волки .Азы тұлғаулы шылауы бұл тілде де талғаулықты жалғаулық қатарынан көрінеді.
Тофалар тілі: Азы алыр мен баан азы албас мен баан? – Или брать мне или не брать?; аң дэскен билбедім чыт алды бе, азы  тыңнады бе? – зверь убежал, не знаю то ли учуял, то ли услышал . Тофалар тілінде де тува тіліндегідей азы формасында қолданылады. Көне түркі тіліндегі азу жалғаулықты шылау аталмыш тілдерде де талғау мағынасымен бірге іс - әркеттің күдіктілігін білдіретіндігі анықталып отыр. Енді қазіргі қазақ тіліндегі азу шылау мағынасында жүрген әлде сөзіне де мысалдар бере кетейік.
Қазақ тілі: Әлде сор, әлде бағы әуреледі.(М.Ә.) Мұның сөзі әлде шын болар, әлде өтірік болар.[45]. Әлде талғаулықты шылау құрмалас сөйлем құрамында да, талғау, күмән мәнін де білдіреді: Кәрілік тұрағы – жақын – жуықтары, өзі күткендей жылы, тыныш бола ма, әлде туысынан мазасыздау жаралған бейбақ ауылға сыймай жүре ме – ол арасы әзір беймағлұм. Мұнда екінші сөйлемнің алдында тұрып, өзінен кейінгі келетін сұраулық шылаумен де мағыналық байланыста болып,іс - әрекеттің күмәнділік мәнін білдіреді. 
Артуқ: Көне ескерткіштер тілінде қазақ тіліндегі артық сөзі артуқ тұлғасында болады.Жазба мәтіндерде сан есімдермен тіркесіп келген. Артуқ шылауы Күлтегін, Тонйұқұқ және Білген қаған ескерткіштерінде қолданылған. Мысалы:
Көне түркі тілі: Йарықынта йалмасынта йүз артуқ окун урты(КТү.33) – Қаруына,сауытына жүзден артық оқ тиді. Бұл мысалда артуқ шылауы шығыс септікті сан есім сөзбен тіркесіп, мөлшер болжалдылық мағынасын білдіреді. Артуқ сөзінің ескерткіштер тілінде екі сан есім ортасында келуі көбірек кездеседі. Қырық артуқы йеті йолы сүлеміс (КТ.15) – Қырық жеті реттен артық соғысқан. Бұл сөйлемді «қырық жетіден артық рет соғысқан» деп немесе сөздің берілуі орын тәртібі бойынша көрсетуге болады. Егер «қырық жеті реттен артық» деп тұрған қалпында беретін болсақ, онда да шығыс септікті меңгеретіндігі байқалады. Сонда мұны екі сан ортасында келетін байланыстырушы аналитикалық формант есебінде санаймыз.Кейбір сөйлем ұғымдық аударып беру нормасына сәйкес артық сөзінсіз беріледі: Отуз артуқы секіз йашына қышын қытан тапа сүледім. (БҚ.ха.9) – Отыз сегіз жасымда қыста қытанға қарсы соғыстым.Контекстік мағынада отыз сегізде асқан соң деген ұғымда емес, нақты отыз сегіз жасында соғысқа аттанғанын білдіреді. Яғни, нақты тікелей жастың мөлшерінде айтылады. Егер неше рет соғысқаны жайлы айтылса, онда артық шылауы тіркеске түсе алады. Бұл әрине, қазіргі тілдік норма бойынша қаралып жатқан мәселе. Алайда көне түркі тілінде сан есімдердің қалыптасуы ерекше мәселе. Мәселен, бунча қазғанып қаным қаған ыт йыл онынч ай алты отузқа уча барды. (БҚ.10) - әкем қаған ит жылы оныншы айдың жиырма алтысы сонша жасты иеленіп қайтыс болды деген сөйлемнен көруге болады. Негізінен, артуқ шылауы есім сөздермен тіркесіп келгенде өз қызметінде тұрады: Табғач атлығ сүсі бір түмен артуқы йеті бің сүг ілкі күн өлүртім (Бқха.1) – Табғачтың бір түменнен артық жеті мың атты әскерін бір күнде өлтірдім. Бұнда артық сөзі шығыс септікті зат есім түмен сөзімен тіркесіп,  мөлшерлік мәнін білдіреді. Артуқ/артық сөзі басқа түркі тіллерінде де шығыс септікті сөздермен тіркесіп келеді де, шылаулық қызмет атқарады.Мысалы:
Түрікмен тілі: Сен мени мұндан артық дузлама. Бұл тілде септеулік шылау түріне қосады.
Башқұрт тілі: hинән артық hүз hөйләмәне. Башқұрт тілінде де шығыс септікті меңгеріп, мөлшер мағынаны үстейді. Жалпы көне түркі тілінде артуқ сөзі септеулік шылау қызметінде қолданылған. Орхон – Енисей ескерткіштер тілінен бүгінгі тілімізге дейін жеткен шылау сөздердің бірі. Оның грамматикалық мағынасы мен қызметі контекстік мағынада анықталынып отыр.
Ру/рү: ру/рү формасы – көне ескерткіштер тілінде барыс септікті меңгеретін бағыт – бағдар, мекен мағынасындағы септеулік шылау. Қазіргі қазақ тілінде оның мағынасы мен қызметін қарай тұлғаулы септеулік шылау атқарады. Аталмыш шылау сөз Күлтегін, Білге қаған және Тонйұқұқ мәтіндерінде жиі қолданылған. Мысалы:
Көне түркі тілі: Қағанға ру ол сабуг ытым(Тон.33) – Қағанға қарай сол сөзді жібердік. Беб ебге ру түсейін тіді.(Тон.30) – Мен үйге қарай қайтайн дедім; баңа ру – маған қарай, йерге ру – жерге қарай тағы басқа осындай есім сөздермен тіркесіп келіп, мекен, бағыт мағынасымен бірге өтініш, қалау мәнін де білдіреді. Моңғол, бурят тілінде де ру – дің мағынасы мен қызметі де өзгермей қолданылады: Уһанда ороо уһа уруу ороо; гэр руу – үйгк қарай, уул уруу – тауға қарай. Қазіргі түркі тілдерінде ру/рү  септеулігінің мағынасы мен қызметін қарай формалы септеулік шылау атқарады. Бұл тұлға ру/рү  формасынан бөлек дүние еместігі жұмысымыздың басында дәлелденген. Сонымен қазіргі түркі тілдерінде ру/рү шылауының қарай тұлғасында берілуінен мысалдар қарастырайық.
Қарақалпақ тілі: Бала қуванып, юйюне қарай джюрдю. Таш терезеге қарай атылып кетті.
Башқұрт тілі: Таңға қарай борсола башланы.
Ноғай тілі: Болат карт эртиси кун авылдағы ханның үйие қарай йөнеди. Мысалдардан көргеніміздей ру/рү формасы қарай тұлғасында келіп, мекен, бағыт мағынасымен бірге өзінен кейінгі келген сөздің грамматикалық мағынасымен де ұштасып жатады.
Өңре: Ескерткіштер тілінде өңре сөзінің негізінен үстеулікқызметі басым. Дегенмен Мойын – Чор ескерткішінде шылау мағынасында қолданылған. Оның мағынасы мен қызметін қазақ тіліндегі шығыс септікті меңгеретін бұрын тұлғасындағы септеулік шылау сөз атқарған. Мысалы:
Көне түркі тілі: Ебі он күн өңре үркүп бармыш(МЧ.31) – Үйі он күн бұрын үркіп қашқан. Бұл сөйлемде есім сөзбен тіркесіп, мезгіл мағынасын білдіреді. Шылау қызметінде өңре тұлғасы бір – ақ жерде көрінеді. Көбіне үстеулік мағынада жұмсалған. Қазақ тілінде өңре – нің орнына бұрын септеулігі жүреді. Бұрын сөзінің де сөйлем ішінде орын тәртібіне және мағынасына байланысты бірде үстеу, бірде шылау қызметін атқарғандығы белгілі.
Қазақ тілі: Сірә, бір іргелі әңгіме болатын секілді колхозда да бір жұмадан бұрын түсіне бестады. Бұрын кеме қаздай қалқып он жеті күн жүретін жолын, енді сүұсырдай сүңгіп төрт – ақ күнде жүзіп өтетін болды. (Ғ.М.) Соңғы сөйлемде бұрын сөзі өз алдына жеке сұраққа жауап беріп, үстеу қызметінде көрінеді. Алғашқы сөйлемде шығыс септікті сөзбен тіркесіп, негізгі мағынасына қоса бір амалдың алдын – ала болатын мәнін үстейді.
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер синтаксистік тұрғыдан кейбір қазіргі түркі тілдермен (қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрік, түрікмен) салыстырылып қарастырылды. Соның нәтижесінде Орхон – Енисей және Талас жазбаларындағы шылаулардың сөз тіркесі және сөйлем аралығындағы грамматикалық мағыналары мен байланысу түрлері айқындалды.


ҚОРЫТЫНДЫ
Шылау сөз табының пайда болу тарихы мен қалыптасу жолдарын айқындауда, зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып, көне түркі тіліндегі шылаулардың  лексика – грамматикалық сипатын сараладым.Шылау сөздердің пайда болып қалыптасуы басқа сөз таптарындай емес. Олардың  шылаулану процесіне түбір мен қосымшасы бірігіп, тұтас бір бөлінбейтін жаңа тұлға болып қалыптасты. Яғни толық лексикалық мағынасы бар сөздерге қосымшалар жалғанып, әуелгі мағыналарынан мүлде айырылып, жартыла лексикалық мағынасы бар лексемалар жасалынған. Жалпы айтқанда бұндай процесс негзінде пайда болатын туынды тұлға кездейсоқ құбылыс емес. Сөз жасауда болатын тарихи заңдылық. Шылаулану – басқа сөз таптарының шылауларға ауысатындығын білдіретін конверсиялық процесс. Түркі тілдеріндегі шылаулану үрдісі – тіл дамуында ежелден келе жатқан құбылыс. Көне тіліндегі шылау сөздер түгелдей өзге сөз таптарынан туындаған тұлғалар болып саналады. Бұл процесс олардың сөз табы ретінде қалыптасып толығуының негізгі көзі болып отыр. Шылау сөздердің мағыналық түрлерін қазіргі жекелеген тілдердегі түрлерімен салыстыру барысында ерекшеліктер мен ұқсастықтары айқындалды. Статистикалық мәлімет бойынша өзара қолданыс дәрежелері де көрсетілді. Соныме қатар бүгінгі күнге дейін шылау деп танылып келген кейбір тілдік единицалар жайлы толық мағлұмат берілді. Шылау сөздердің этимологиясының анықтау олардың қай сөз табы екендігін, оның құрамындағы қосымшалардың даму сатысы тілдің қандай кезеңіне дейін жеткенге дейін және қай дәуірде қолданыстан ығыстырылғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай талдаулар тек шылаулардың ғана емес, өзге сөз таптары мен оның грамматикалық көрсеткіштерінің пайда болу жолдарын айқындауға септігін тигізеді. Әрбір шылау сөзге жеке – жеке талдау жасап, олардың қандай жолмен және қандай формалардан жасалатындығы көрсетіліп отырды. Мағыналық, функциялық жақтан әбден сұрыпталып, ұзақ та күрделі қалыптасу жолынан өткен сөздер ғана шылаулар қатарынан көріне алады. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде етістіктің көсемше формалары жекелеген шылау сөздерді жасауда өнімді болған. Мұндай сөз жасаушылық қасиетінің барын қзіргі тіл жүйесінен де байқауға болады. Негізінен көсемше формаларымен лексикаланған шылаулар сөйлем ішінде тіркескен сөзбен бірге амал, мезгіл, мөлшер пысықтауыш қызметінде кеңінен қолданылады. Бір ерекшелігі көсемше формаларын қабылдаған сөздердің барлығы шылаулар қатарына өте бермеген.Олардың көбі етістікке және үстеулерге тән қасиетін сақтап қалған. Түркологияда құрамды қосымша есебінде танылып келген қару/керу , ғару/геру формаларына өзіндік этимологиялық талдау жасалынды. Сонымен қатар ча/че және бірле тұлғаларына да қатысты жаңа негіздер ұсынылды.
Шылаулардың басты қасиеті синтаксистік қатынаста ғана анықталады деген тұжырым басшылыққа алынды. Жалпы олардың қалыптасуына синтаксистік қатынас ықпал еткен. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі кейбір сөздер бірде шылау, бірде үстеу қызметінде көрінеді. Мұны тек синтаксистік тұрғыдан ғана анықтай аламыз. Түркі тілдеріндегі шылаулар – сөз бен сөз, сөз тіркес және сөйлем аралықтарындағы байланыстырушы қасиеттерімен бірге, тіркес аралығын күрделі оймен ұштастырудағы грамматикалық құбылыс. Негізінен, пысықтауыш пен анықтауыштық қатынаста болуы шылауларды өзге сөз таптарынан даралайтын басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Басқа сөз таптарынан ажыратып тұратын тағы бір белгісі – түрленбейтін, өзгеріске түспейтін сөз табы бола тұра, түрленуші сөздердің барлығымен грамматикалық қатынасқа түсуі.
Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулардың табиғатына қатысты мәселелер бойынша тілдік талдаулар мен мәліметтер берілді. Сөйтіп көне түркі тіліндегі шылау сөздердің ешқайсысы қолданыстан шығып қалмағандығы анықталанып, олардың әрқайсысына жүйелі түрде тарихи – салыстырмалы тұрғыдан зерттеу жүргізіліп, қорытынды жасалынды.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
КТк.            - Күлтегін кіші жазу ескерткіші
КТү.            - Күлтегін үлкен жазу ескерткіші
Тон.            - Тонйұқұқ ескерткіші
БҚ            - Білге қаған ескерткіші
МЧ            - Мойын Чор ескерткіші
КЧ            - Күллі Чор ескерткіші
ЫБ            - Ырық бітік ескерткіші
ТУГ            - Түркістан уәлаяты газеті
ДУГ            - Дала уәлаяты газеті


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1    Байтұрсынов А.Ақ жол/А.Байтұрсынов.–Алматы:Жалын,1991.-493б.
2    Саади А.Тіл, әдебиет, язу әм олардың өсулері/А.Саади.-
Қазан:Татгосизд,1926.-127б.  
3    Жұбанов А.Қ., Куманша - қазақша жиілік сөздік / А.Қ.Жұбанов.,
А.Қ.,Құрышжанов. А.Қ., А.Б.Белботаев. – Алматы:Қаз.ССР ҒА – Тіл
білімі институты,1978. – 277б.
4    Тронский И.М. Учение о частях речи у Аристотеля/ И.М.Тронский. –
Уч.зап.ЛГУ,1941. - 174c.
5    Мұхтаров С.С. Қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру териясының
қалыптасуы/ С.С.Мұхтаров. – Алматы: 1999.- 30б.
6    Базылхан Б.Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы
мәселе/Б.Базылхан //Алматы: ҚР ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет
сериясы. - 1996.-№2. – 32-35б.
7     Оразов М.Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі/М.Оразов // Алматы: ҚР
ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№4. – 23-22б.
8    Нұрмаханова Ә.Н.Түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы/Ә.Н.Нұрмахнова. – Алматы:Мектеп,1971.-290б.
9    Карымшакова А.Т.Семантико – грамматические функции частиц в
киргизском языке/А.Т. Карымшакова. – Бишкек:Дис.канд.фолол.н. –
1992.- 192с.
10    Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық
құрамы.Филол.ғ.канд.дис. авторефераты/Ы.Б.Шақаман.–Алматы:1997.-
26б.
11    Әбілқасымов Б.Дала уәлаяты газет тіліндегі грамматикалық
ерекшеліктері/Б.Әбілқасымов. Алматы: ҚР ҒА хабарлары , қоғам
ғыл.сериясы.1964. - №4.
12    Омарбеков.С.Ауызекі тілдердің дыбыс жүйесі/С.Омарбеков., Н.Жүнісов.-
Алматы:Мектеп,1985.-69б.
13    Мырзабеков С.Қазақ тілінің фонетикасы/С.Мырзабеков. –
Алматы:КазГУ,1993. – 136б.
14    Аманжолов А.Глагольное управление в языке древнетюрских
памятников/А.Аманжолов. – М:Наука,1969. – 104б.
15    Айдаров Г.Служебные части речи в языке надписей Орхонских
памятников. Исследование по тюркологии/Г.Айдаров. – Алматы: Наука
Каз.ССР,1969. – 296б. 
16    Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері/
М.Б.Балақаев. – Алматы:Қазақ мемлекеттік баспасы, 1941. –32б.
17    Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексика дамуының этимологиялық негіздері/
Б.Сағындықұлы. – Алматы:Санат,1994.- 172б.
18    Орысша – қазақша сөздік:Алматы:Инст.языкознсния АН Каз.ССР, 1981.-
2том.585б.
19    Щербак А.М.Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков/А.М.Щербак. – Л:Наука,1987. –104с.
20    Насилов В. Язык Орхон – Енисейских памятников/В.Насилов. – М:Изд-во
вост.лит.,1960. – 87с.
21    Шукюров А.Д. К этимологизации первообразных послелогов в тюркских
языках/А.Д.Шукюров. –Алматы:1990.- 249с.
22    Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология/А.Ысқақов. – Алматы : Ана
тілі, 1991. – 382б.
23    Шерер В.Э. Классификация кетскиз послелогов/В.Э.Шерер. –
Новосибирск:1986. –88с.
24    Ертаев К.Е. Лингвистический статус послелогов в трудах
В.В.Радлова.Автореферат./К.Е.Ертаев.- Алматы: 1992.- 24с.
25    Теория части речи.Теория и типология –М: Наука,1990. – 268с.
26    Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного
языка/А.Н. Кононов. – М-Л: Изд – во АН ССР, 1960. – 446с.
27    Рамстедт Г.И.Введение в Алтайское языкознание/Г.И.Рамстедт. – М: Изд
– во иност.лит, 1957. – 254с.
28    Котвич В. Исследование по алтайским языкам/ В.Котвич. - М: Изд – во
иност.лит, 1962. – 371с.
29    Сравнительно – историческое грамматика тюрских языков. М.: Наука,
1988. – 264с.
30    Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің грамматикасынан
салыстырмалы қысқаша белгілер. Улан – Батыр: 1984.№ 1,807– 886с.
31     Базылхан Б. Қазақша – моңғолша сөздік.Улан – Батыр:МХР ҒА – Тіл мен
әдебиет институты, 1977. – 392б.
32    Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/Қ.Жұбанов. –
Алматы:Ғылым, 1966. – 362б.
33    Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/
С.М.Исаев. – Алматы:Рауан, 1998. – 52б.
34    Қалыбаева А.Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі/А.Қалыбаева,
Н.Оралбаева. – Алматы: Ғалым, 1986. – 190б.
35    Шақаманова Ы.Б.Шылаулардың дамуы және зерттелу тарихы.Қазіргі
қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің
мәселелері/Ы.Б.Шақаманова. – Алматы:АГУ, 1995. – 84б.
36     Соболевский С.И.Древне – гречский язык/C.И.Соболевский. – М:Изд –во
лит. на иност.яз, 1948. – 614с.
37    Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков/А.М.Щербак. – Л:Наука, 1987. – 104с.
38    Кондратьев В.Г. Грамматический строй языка памятников
древнетюркской письменности 8-11вв./В.Г.Кондратьев. – Л:Из – во ЛГУ,
1981. – 190с.
39    Томанов М.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/М.Томанов. – Алматы:
Мектеп, 1988. – 264б.
40    Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар/Р.Әміров. – Алматы:Қаз.мет. оқу
пед.баспасы, 1959. – 70б.
41    Иманалиева Г.Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі/
Г.Иманалиева. – Алматы:1994. – 151б.
42    Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі/Е.Ағманов. – Алматы:
Рауан, 1991. – 238б.
43    Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселесі/ Т.Қордабаев. – Алматы: Ғылым,
1964. – 244б.
44    Кенжебаева Ф.Қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер мен демеуліктер/
Ф.Кенжебаева. – Алматы: 1964. – 200б.
45    Аманжолов С.Қазақ әдебиеті тілі синтаксисінің қысқаша
курсы/С.Аманжолов. – Алматы:Санат, 1994. – 320б.
46    Молгаждаров Қ.К.Шылау сөз табының қалыптасу
тарихы/ Қ.К.Молгаждаров. – Көкшетау:2002. – 135б.



















Яндекс.Метрика