1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


«Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

Өскемен қаласы білім беру басқармасы

КММ  №14 негізгі орта мектебі

Мектепалды даярлық тобы

Өткізген тәрбиеші Алимова Салтанат Айдарбековна

Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік; Интерактивті тақтамен жабдықталған Ана келбеті видеослайд көрсетіледі

Оригами өнерімен балалар жасаған гүлдер мен аналарынын портреттері

Безендірілген зал:

Әуенмен бірге балалар кіреді

Жүргізүші -Қош, келдіңіздер! Аяулы әжелер, күншуақты аналар, қызғалдақтай құлпырған қыздар.

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдызыңыз Көктемдей құлпырыңыз

Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті.Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған өлең шумақтарын оқи отырайық. 8 наурыз мейрамы құтты болсын, ана!

Құттықтау тілектер

Байсултан--Сендерден өскен бабалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті абзал аналар

Кәусәр-  Ана деген көп шығар

Анамдай менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

 

Тамирлан-   Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіне

Мейрімді күнінде

Жанель-Үн қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен!

Жұмбақ-Бала,бала,бала! деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Исін жұпар аңқытқан (Ана)

Жүргізүші Бір қолымен тал бесік тербетсе екінші қолымен әлем тербеткен аналар

«Құыршағым әлдиім» әнін қыздарымыз орындайды

Шуақты көктем келді гүлді алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де, гүлі –АНА

Ана деп бас иеді күллі халық

Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын ашайық. Ән  «Ақ мамам»

Гүл шоқтарын сыйлайды.

Құттықтау тақпақ тілектерге кезек берейік

Ахметсултан-Ақ анашым,аппағым

өзің жайлы тақпағым

өзің жайлы әнім де

арнадым саған бәрінде

Ясмина-  Ай қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

әлпештеген баласын

айналайын анашым

Мәдихан- Сен жалықпай жетектеп

Мен жақсыға жетермін

Айтқанынды екі етпей

Ақ сүтінді өтермін

Інжу-   Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп

Құшақ ашса келші деп

Жүгіреміз күлімдеп

Мадияр-    Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз

Нурайым- Жүзімізге қараныз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күншуақ

Бізге қымбат анамыз

Алмаз -     Бізді өсірген маматай

Енбегінде зор екен

Құтты болсын маматай

Құтты болсын мерекен

Ән «Мамочка милая мама моя» ағылшын орыс тілдерінде орындалады

Ойынға кезек «Таныдым ана келбетіңнен»

Биге кезек берсек ұлдар джентельмен биімен

 

 

 

Бұл адамсыз еш нәрсе бітпейді атамда, әкемде анамда әр қашанда сол адамның көмегіне зәру. –Әкешіммен анашымның анасынбізге кім болады? -(әжеміз)

Әжелеріне арнап   Азамат, Жанель, Кәусәр,Тамирлан бүлдіршіндерінің тақпақтарын ұсынамыз.

Азамат- Әлемдегі ақылды адам

бәріненде жақын маған

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам.

Кәусар -    Менің әжем жыр әжем -

Шуағы мол нұр әжем

әр сүйгені дәрі әжем

аман сау жүр нұр әжем

Жанель-Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған

Тамирлан- Менің әжем, ақ әжем

Ұлмен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десем

Айтып берер тағы әжем

Әжелерге жас ұлан өрендер ән арнайды«Солдат болам мен ертең»

Айлин- Көрсетемін күллі елді

Жарық етем түндерді

Өсіріп мен сыйлаймын

Жұрт көрмеген гүлдерді

Байсултан-  Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып

Ясмина - Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп мені

Құлыншағым күнім дейтін

Нурайым- Мәпелейсін мені анам

Қолындағы құсындай

Құлпыра өсем дем алам

Құшағында қысылмай

Аналарға «Анамның келбеті менің суретімде»

БИ Көктем вальсі

Аналарға  қарап-сіздердің өмірдің гүлі деп кімді санайсыздар?(бала)

«Біз өмірдің гүліміз»әні балалар орындаунда, қарсалыныздар.

Балалар  аналарына гүл сыйлайды жандарына отырып видео-слайд көріп тамашалайды

Құрметті ана-әжелер балаларыныздың сіздер тұралы ойларынан туындаған шағын көріністі назарларынызға ұсынамыз.

Жүргізүші-

-Ардақты ана аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқынды бөліп талай тіл қаттың

өміріме нәрін  берді ақ сүтін

кен құшағын –аясында гүл бақтың

мен өзінмен қайда болсам біргемін.

Аяулы анам, сен деп соғар жүрегім

Қамқорын боп мен қасында жүремін

Бүгінгі күн мереке құтты болсын!

Ұзақ өмір сүре берші –тілегім!

 

 

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Нас считают

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Использование материалов

Использование материалов сайта в печатном, электронном или любом другом доступном виде, разрешается только с указанием источника: "Web-сайт www.kitaphana.kz".

Партнерская программа

Приглашаем сайты библиотек и других заинтересованные организации к участию в Партнерской программе для обмена ссылки, рефераты и регистрации в нашем каталоге.

Реклама на сайте

По поводу размещения рекламы на сайте, обращайтесь по телефонам: +7 7232 25-03-64 или по эл. адресу ukcbs@mail.ru