1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


ЖАҢА БАҒДАРЛАМА-САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарламаны енгізуде әрбір  мұғалімінің алға қойған мақсаты жаңаша оқыту технологиясына бейімделу болып отыр.

Заманауи оқу арқылы оқушы бойында жігерлілік, алғырлық, бейімділік секілді қасиеттер қалыптастыру міндеті тұр . Сонымен қатар «Қазақстандық патриотизм, құрмет, ынтымақтастық, еңбек, шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу» тәрізді құндылықтарды оқушыға дарыту басты назарда тұрады.  Өз іс тәжирбиемде қазақ тілін оқытуда  тілді қадірлейтін, еркін сөйлеп, сауатты жазатын, намысты, рухани бай тұлға қалыптастыру  міндетім деп санаймын.

Қазақ тілі оқыту барысында  мынадай талаптар орын алуы қажет: 1) қазақ тілін  күнделікті өмірде  еркін қолдану; 2)  еркін сөйлеу үшін сөз байлығын арттыру  3)  әртүрліі жағдаятта тілді қолдана  білу; 4) өмір талабына сай кіргізіліп жатқан өзгерістерді  қорқынышсыз қабылдау.

Өзім сабақ беретін жаңартылған оқу бағдарламасымен оқитын 5,7-сыныптардың  оқу мақсаттарында: тыңдалым-айтылым, оқылым, жазылым және қатынас тіл нормаларын сақтауды  қалыпты үрдіске айналды. Тыңдалым,айтылымда болжау, талдау, ақпаратты анықтау, негізгі ойды табу, бағалау және сөйлеу мәдениетін дамыту іске асады. Оқылымда ақпаратты түсіну,  сұрақтар құрастыру,   әртүрлі стратегияларды қолдану,  ақпаратты талдау  жүргізіледі. Жазылым жұмыстарын жасағанда, әсіресе 7-сыныпта  жоспар құру, мәтін құрастыру, жинақы мәтін жазу, мәтіннің негізгі идеясын табу әр сабақта жүргізіліп отырады . Қазақ тілі пәнін оқытуда  оқушылар жас ерекшеліктері мен психологиялық жай–күйі ескеріледі

Оқу  үдерісінде жүйелі жүргізілетін  сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, постерлермен жұмыс істеу, өлеңдер  жаттау, жағдаяттық тілдесімге түсу, сахналық қойылым дайындау,  белсенді әдістерді қолдану барысында, оқушылардың сөздік қоры жетіледі. Қазақ тілі пәнін оқытуда  оқушылар жас ерекшеліктері, жергілікті жер факторы,оқушылардың тілді меңгеру деңгейі ескерілуі қажет.

Өз іс тәжірибемде 7-сыныпта «Үш тілді білу үлкен өнер» тарауындағы тақырыптарды оқыған кезде  Блум таксономиясы бойынша  мәтіндегі негізгі ақпаратты  тыңдау, оқу арқылы,сөздік жұмыстары және алдыңғы білімін қолдану арқылы түсінеді,негізгі идеясын  белгілейді,қарапайым тілмен түсіндіре алады.  Үштілділік тақырыбы бойынша білімдерін  жинақтап, тілдесімде қолдана біледі.   Қорытынды  сабақтарда тарау бойынша алған білімдерін  топпен постер жасап, қорғау арқылы жаңа өнімге айналдырады.Бір топ екінші топтың жұмысын бағалайды.Үштілділіктің қаншалықты маңызды екенін қарапайым,нақтылы сөйлемдермен  айтып пікірін білдіреді. Негізі  сабақты Блум таксономиясы бойынша құру, оқушыларды  шығармашылыққа жетелейді.

Қазіргі заманда тілді оқытудың негізгі мақсаты – тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету болып табылады. Осы орайда білім беру мекемелерінде тілдік білім беру құндылыққа айналып, өзінің үш аксиологиялық блогын қарастыруды алға тартып отыр.

Олар:

-тілдік білім беру мемлекеттік құндылық;

-тілдік білім беру қоғамдық құндылық;

-тілдік білім беру тұлғалық құндылық.

Әрі мемлекеттік тілді оқытуда теориялық білім мен практикалық дағдының бірліктегі болмысы сақталуы маңызды.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.Бұл дегеніміз алдыңғы білімді дұрыс қолдану арқылы үнемі жаңа тақырыптарды меңгеруге қадам жасалынып отырады.Білім жүйелілігін жоғалтпайды.Бұған оқу мақсаттарының жүйесімен танысқанда көз жеткіздім. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің  нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі. Критериалды бағалау анық,сұрақ пен күмән туғызбай,алдыңғы мақсат межені болжауға  үнемі әсер етеді.

Әрине, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.  Өзім дәріс беретін   сыныптарда жаңа үрдіске бірден кірісіп кету үшін сабақтың әр кезеңінің жан жақты ойластырылып,тапсырмаларды оқулық аумағында ғана емес әр оқушының өз көзқарасымен, танымдық деңгейімен, күнделікті өмірмен ұштасуы үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Сыныптарда тек тілдік тақырыптар ғана емес әдебиет тақырыптарына танымдық және тілдік мәтін бар екендігін естен шығармау керек.

Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша келе жатқан 5-сыныпта  «Қызыл кітап» тарауындағы тақырыптарды өткен кезде тілдік мәтінді жаратылыстану пәнімен кіріктіру,өздерінің басқа білім көздерінен алған ақпараттарды пайдалану сабақтың әсерлі өтуіне себеп болды.Табиғатты қорғау, аялау әр адамның міндеті деген сөзді әр баладан естігенім,тақырыптың бала жүрегінде орын алғаны деп түсіндім.

Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманғы оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады. Жаңа білім беру бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізу, баланың танымдық белсенділігін арттырғанын, өз бетінше білім алуға ұмтылыстың  пайда болғанын , шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы бар екенін,  оқушылар  сабақтың  қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігін, әрі тиянақтылығын арттыратындығын  аз уақыт ішінде көрсетіп отыр .  Оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптасады

Келешекте өз тәжірибемде:1.Оқушылардың ішкі үнін сабақ барысында үнемі ескеріп отыру. 2.Оқытуды сапалы ету үшін тиімді  тәсілдерді қолдана отырып,

сабақтарымда оқушыларға  жеңіл,қызыға  жұмыс жасауға жағдай жасау.

3.Әріптестеріммен   кіріктірілген сабақтарды өткізу арқылы өзара тәжірбие алмасып,бірлесе ізденісте болу.

4.Ата–ана, оқушы , мұғалім арасындағы  жаңаша бағыттағы жұмысты

дамытамын.

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында.

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Осы кезде оқушы  оқу үдерісіне  белсенді  қатысқанда  ғана    материалды  терең меңгереді. Басқаша  айтсақ, оқушыға  бағдарланған оқыту ортасында мұғалім  оқушылардың  сыныпқа  келген    кездегі  бастапқы  сенімдерін, білімін және  өзіндік  ойын негізге ала отырып, өз  пайымдарын  жасауға қабілетті екенін түсінеді.

Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін  талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің  нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі  ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында мәселелерді шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.

Егер оқу үдерісі  оқушы мен оқу  материалын  жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда  осы үдерісті  үйлестіретін  мұғалімдер  көпірдің  екі жағын да  қадағалай  білуі тиіс.  Мұғалімдер  оқушылардың  не білетінін  және нені  жасай  алатынын, сондай-ақ  олардың қызығушылықтарын, әр оқушының  нені жақсы көретінін  және  не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Келешекте өз тәжірибемде :

1.Оқушылармен үнемі қарым-қатынаста болуды,

2. Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып,

сабақтарымды түрлендіруді

3. Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды,

4. Ата – ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты

дамытамын.

Бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады. Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін, ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Қорыта айтқанда жаңартылған оқу бағдарламасын қолдану барысында оқушылардың пәнге ынтасы, белсенділігі артып, іздемпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттерін дамытамыз. Сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдыларын одан әрі жетілдіреміз, алған білімдерін өмірде тиімді қолдану  арқылы функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашамыз. Олай болса, білімді дәл осылай қолдану арқылы оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береміз.

 

Қазіргі заманда тілді оқытудың негізгі мақсаты – тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету болып табылады. Осы орайда білім беру мекемелерінде тілдік білім беру құндылыққа айналып, өзінің үш аксиологиялық блогын қарастыруды алға тартып отыр. Олар: - тілдік білім беру мемлекеттік құндылық; - тілдік білім беру қоғамдық құндылық; - тілдік білім беру тұлғалық құндылық  Әрі мемлекеттік тілді оқытуда теориялық білім мен практикалық дағдының бірліктегі болмысы сақталуы маңызды. Сондай-ақ, қазақ тілін оқытудың мынадай әдіснамалық ұстанымдары басымдыққа алынуы қажет: - қазақ тілін оқыту арқылы білім алушылардың қазақша ойлауы мен қазақша тілін дамыту (яғни, өзге тілді ұлттар мен қазақ тілін меңгермеген тұлғалар үшін) үдерісі өзіндік ерекшелігі мол ішкі құрылымға ие жүйе; - қазақ тілін оқыту арқылы қазақша ойлауы мен тілін дамыту - қазақ тілі жүйесіндегі тілдік құбылыстарды меңгерту жолында білім беру мен тәрбие үдерісінің тұтасқан көрінісі. Осының негізінде тілдің философиялық табиғаты, білім алу мен оқытудың философиялық негіздемелері міндетті түрде оқытудың әдіснамалық бастау көздері болып табылады. Қазақ тілін оқыту арқылы білім алушыларды тәрбиелеуге бағытталған оқу үдерісін тану үшін адамгершілік ұстанымдар басты негіз етіп алынуы тиіс [3]. Өз кезегінде тілдің ғылыми негізін меңгеру үшін оның қоғамдық- әлеуметтік мәні мен рухани құндылығы өзара үндескенде ғана жоғары нәтиже беретіндігі белгілі. Сол себептен мектептер мен арнайы орта және жоғары оқу орындарының бағдарламаларында мемлекеттік тілге бөлінген сағат санын көбейтіп, тілді оқыту әдістемесінің сапасын арттыра отырып, оны жаңа технология түрлерімен ұштастырудың мәні ерекше. «Осы орайда болашақта жастарда тілдің өрісі мен пайдалану аясын, өресін дамыту үшін тілдің қоғамдық ортадағы сұранысын қалыптастыру; мемлекетіміз көпэтносты, көптілді болғандықтан тілдік кеңістік тудыру; «Ана тілінің тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» атты тағылымды педагогикалық жүйе құру; әлеуметтік ортада, отбасында т.б. тілдік мәдениет қарым-қатынасын орнату; ақпарат құралдары, телерадио арналарында «Тіл мәдениеті», «Дұрыс сөйлеп, жаза білейік», «Сөз сыры», «Ана тілі – анам тілі», «Менің Отаным», «Мен - Қазақ елінің ұрпағымын» т.б. 5 тақырыптарында және басқа да хабарлар топтамасын ұйымдастыру қажет деп есептейміз» [4]. Мемлекеттік тіл мәселесі – қай уақытта болсын мемлекет тарапынан баса назар аударар басым бағыттардың бірі. Мемлекеттік тіл – халықты біріктіруші басты фактор екенін Елбасы әр жылғы Жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп келеді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет», - деп атап көрсеткен болатын. Бұл ретте мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Демек, «Мәңгілік Ел» мұратына айналған мемлекеттік тілді өз деңгейінде абыройын асыру, мәртебесін биіктету – бәріміздің басты парызымыз. Осылайша, ел халықтарының тұтастығын, өзіндік бітім

Автор: Учитель казахского языка и литературы  КГУ "Средняя школа № 8" Айткалиева Айнаш Айдарбековна
 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Нас считают

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Использование материалов

Использование материалов сайта в печатном, электронном или любом другом доступном виде, разрешается только с указанием источника: "Web-сайт www.kitaphana.kz".

Партнерская программа

Приглашаем сайты библиотек и других заинтересованные организации к участию в Партнерской программе для обмена ссылки, рефераты и регистрации в нашем каталоге.

Реклама на сайте

По поводу размещения рекламы на сайте, обращайтесь по телефонам: +7 7232 25-03-64 или по эл. адресу ukcbs@mail.ru