1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


Мотивациялық- қозғаушылық іс-әрекет (ашық алаң)

Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы КҚМК тәрбиешісі Мармалад Анаргүл

Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы КҚМК бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Науель Кулянда

Мотиватциялық- қозғаушылық іс-әрекет (ашық алаң)

Тәрбиеші балалармен  шеңбержасап тұрады.

Тәрбиеші:

- балалар бүгінгі күн ерекше күн, өйткені сендер бір жасқа өсіп, есейдіңдер. Жыл көлемінде көп білім жинадыңдар. Сондықтан бізге көптеген қонақтар да келіпті. Олай болса сүйікті бақшамыз туралы тақпағымызды айтайық.

Бала-бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз.

Тәрбиеші мен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі  балаларды терезеден далаға бақылау жасауға шақырады.

Тәрбиеші:

- балалар даладан нелерді көріп тұрсыңдар?. Дұрыс үйлер, қашалар.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

- аспанда жылуын шашып, жарқырап не көрінеді?. Күн.

- Жерде не байқалады?. Жасыл шөптер мен ағаштар.

- Ұшқан нелерді байқауға болады?. Құстарды

Тәрбиеші:

- Өте дұрыс балалар. Енді осы ағаштар мен шөптер, құстар мен аңдарды, бізді қошаған ортаны бір сөзбен қалай атауға болады. Олай болса кеңірек ақпараттар алу үшін екі ойын орталықтарында ойнап келейік.

І-ші ойын орталығы

Білім беру саласы:  «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: «Қоршаған орта»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:  Өлі және тірі табиғат

Мақсаты :

шықты»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:  Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту.  Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-  жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: Құм, тас, су, түтікше

Тілдің үштұғырлығын жүзеге асыру: табиғат – природа- nature

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Тәрбиеші:

- табиғат деген не?

- дұрыс айтасыңдар, табиғат деген- бізді қоршаған орта.

- табиғат нешеге бөлінеді?

- өлі және тірі табиғат

- тірі табиғатқа нелер жатады? (адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады). Тірі табиғат  қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді.

- өлі табиғатқа нелер жатады? (тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады). Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді.

- олай болса қазір біз сендермен өлі табиғатқа жататын құм, тас, судың қасиеттерін толығырақ білу үшін  тәжірибелер жасап көрейік.

- балалар, құмды ұстап көріңдерші, айтыңдаршы ол қандай? (

- дұрыс, құм құрғақ, ол төгіледі.Алақандарыңа сеуіп көріңдерші. Қараңдаршы, құм неден құралған?

- дұрыс, құм ұнтақтардан тұрады. Олар кішкентай ақырын ағыс сияқты төгіледі. Бұл құрғақ құм.

Тәжірибе:

1. Ыдыстағы құмды алақанмен ұстау. Ұсақ бір - біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Шырын ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу арқылы құмның жеңіл екеніне көз жеткізу.

2. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады.

3. Тасқа су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Өйткені тас ауыр зат.

Сергіту сәті:

Бала, бала балақан

Қане қайсы алақан,

Саусақтарың әйбат

Былай, былай ойнат,

Топ, топ, топ басайық

Жалаудан күн жасайық,

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн.

Тиым сөздер:

«Көк шөпті жұлма», «ағашты сындырма», «құстың ұясын бұзба», «суға түкірме».

Дидактикалық ойын: «Табиғат құбылыстары».

Мақсаты: Балалардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін тиянақтау. Табиғат құбылыстарын дұрыс атап ажыратуға үйрету.

«Күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп шапалақтау. «Жаңбыр» дегенде саусақтарымен жерді тырсылдату,  «Жел» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)

Рефлекция:

- Балалар бүгін  біз не істедік?

- Сендерге не қызықты болды:

- Сендер бүгін ақылды, тәртіпті болдыңдар. Балаларды мақтап мадақтау.

 

ІІ-ші ойын орталығы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:  «Сурет»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:  «Күн жарқырап, шөп шықты»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:  Балалардың бояумен сурет салуға қызығу шылығын артыру, дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу біліктіліктерін бекіту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күн шығып түрған сурет және демонстрциялық материалдар (Толықтырып салуға арналған  шөптің суреті ,әр балаға), қылқалам, тұғыр, су бояу, сүрткіштер, су құйылған стакан.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ –жауап.

Тілдердің үштұғырлығы:  Шөп – трава

Сөздік жұмыс: Жарқырап, шөп.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Педагог сурет бойынша талдау жұмысын жүргізеді.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

- Балалар қане орнымызға жайғасып отырған болсақ, онда барлығымыз тақтаға көңіл адарыңдар.

- Не көріп тұрсыңдар?

- Күн аспанда ма әлде жерде ме?

- Ал жерде нелер болады екен?. Енді  балалар  алдарыңдағы суретке қараңдаршы, ол жерде нелер жетіспейді?. Ия, дұрыс байқап отырсыңдар, шөптер мен күн жоқ екен. Енді осы екі суретті теңестіру үшін не істеуге болады?

- Дұрыс, суретті толықтырып салуға болады екен?

Педагог  балалармен суреттерге  толық таладау жасап болғаннан кейін, керекті құралдарды атап өтеді.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

- балалар бояу түстерін алмастыру кезінде не істеуші едік, қане есімізге түсіріп алайықшы?

- дұрыс, қылқаламды  суға жуып, одан кейін барып өзімізге керекті түспен жұмыс жасаймыз. Ал енді жұмыстың негізі техникасына тоқалайын, мұқият тыңдап алыңдар.

- ең алдымен қылқаламды жасыл түсті бояуға малып, қағаздың төменгі жағынан  жоғарыға қарай сүйкей жағу тәсілі арқылы бояуды жағамыз.

Педагог қылқаламмен жұмыс жасау барысында шөптің ұшына қарай жіңішкере беретініне балалардың назарын аударады.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

- ары қарай қылқаламды жуып сары түспен шуақты күнді бейнелейміз.

- Балалаар күн аспанда болғандықтан, қағаздың қай бөліген орналастырамыз? Әрине жоғары жағына.

- Бояумен жұмыс жасау барысында өте ұқыпты болыңыздар. Таза жұмыс жасауға үйреніңдер.

Сурет салу барысында әрбір баламен жеке жұмыстар жүргізіп, кеңес береді. Қылқаламмен дұрыс жұмыс жасай білу іскерліктерін бақылайды.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

- Балалар суреттеріңді салып болсаңдар, қане орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық. Аяқталмаған жерлерін содан соң жалғастырарсыңдар.

Сергіту сәті:

Саусаққа арналған жаттығулар:

- Балалар менде он саусақ бар, сендерде барма, көрсетіңдеші?.

- Олар сондай ақылды, менің айтқанымды тыңдайды. Қозғал десем қозғалады (саусақтарды қозғалтады.)

- Ашыл десем ашылады.  (саусақтардың арасын ашады.)

- Жұмыл десем жұмылады. (саусақтарды жұмады.)

- Сұқ саусақ пен басбармақ шық десем шығады. (Сұқ саусақ пен басбармақты көрсетеді.)

- Үстелге жат десем жатады.( Үстелге жатқызады.)

Рефлексия:

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

- балалар біз ненің суретін салдық?

- Қандай түстерді пайдаландыңдар?

Балалар:

- Күннің, шөптің сулетін салдық.

- Сары және жасыл түстерді.

Соңғы жиын:

Педагог балалардың күнді, шөпті қалай  салғандарына тоқталып, суреттің әдемі болып шыққанын айтады. Және көптеген көбелектер қоннаққа келгенін айтады.

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Нас считают

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Использование материалов

Использование материалов сайта в печатном, электронном или любом другом доступном виде, разрешается только с указанием источника: "Web-сайт www.kitaphana.kz".

Партнерская программа

Приглашаем сайты библиотек и других заинтересованные организации к участию в Партнерской программе для обмена ссылки, рефераты и регистрации в нашем каталоге.

Реклама на сайте

По поводу размещения рекламы на сайте, обращайтесь по телефонам: +7 7232 25-03-64 или по эл. адресу ukcbs@mail.ru